- •Құрылыс сызбалары. Оларды талдау.
- •Цехтың жұмыс режимі.
- •Жаппай өндіріс түрі
- •Жұмыс істейтін объектілердің қайта құрылуы.
- •Технологияларды өңдеу.
- •Жылулық энергия көздерін таңдау.
- •Өндірістің сыныптық категориялары.
- •Жаппай өндіріс түрі.
- •4.1.Жобалау сатылары, оларды талдау.
- •4.2.Қатаң тiрегіш қабырғалар және олардың атқаратын міндеттері.
- •Колонна аралықтары мен қадамдары.
- •5.1.Жоба тапсырмалары.
- •5.2.Жабдықты таңдау.
- •5.3.Өнеркәсіптік ғимарат жабындары.
- •6.1.Техникалық жобалар. Мазмұны мен мәні.
- •6.2.Өндірістің түрі және сипаттамасы.
- •6.3.Колонна қимасының жекеленген өлшемдері.
- •3 Ғимараттардың фермалары мен колонналары.
- •10Билет
- •2Жабдықты сақтау және пайдалануға тапсыру
- •2Өнімді тиеу коэффициентін есептеу.
- •11Билет
- •1.Жабдық санын есептеу.
- •12Билет
- •1.Жекеленген типтік секциялар.
- •2.Қосымша жабдықтарда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
- •13 Билет
- •14 Билет
- •1.Аэрациялық шамдардың түрлері
- •2.Негізгі жабдықта жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •3.Цехтың өндірістік ауданы және есептелуі
- •1.Суды шығарып тастау конструкциялары
- •2.Шамдардың конструкциясы
- •3.Тұрмыстық қажеттілікке кететін электр энергияны есептеу
- •1.Өнеркәсіптік ғимараттардың іргетас түрлері
- •2.Жабдықты жобалау
- •3.Жылына жанатын сағаттың саны
- •1 Жүк тасымалдау және оны ұйымдастыру.
- •2 Бір уақытта жану коэффициенті.
- •3 Желдеткіш ауаның саны.
- •1 Аэрациялық цехтың схемасы.
- •2 Ойылған орынның (проемы) жылулық пердесі.
- •3 Газдың, мазуттың шығыны.
- •1 Ағымды механикалық желдету.
- •2 Тұрмыстық орындар.
- •3 Жоғары қысымды ауаның шығыны
- •22Билет
- •3Технологиялық материалдардың шығыны.
- •3Технологиялық аудан.
- •24Билет
- •1Калориферлер. Оны қолдану.
- •25Билет
- •26Билет
- •1.Өндірістің сыныптық категориялары.
- •27Билет
- •1.Құрылыс сызбалары. Оларды талдау.
- •2.Жаппай өндіріс түрі.
- •3.Өнімді тиеу коэффициентін есептеу.
- •28 Билет
- •1 Өтпелдер мен жүру және тасымалдау жолдары.
- •2Қосалқы жабдықтарда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
- •3. Цехтың жалпы ауданы және оны есептеу.
- •29 Билет
- •Технологияларды өңдеу.
- •3 Цехтың қосымша ауданы
- •30 Билет
- •1. Жобалау сатылары, оларды талдау.
- •2) Колонналарды қатарлар осі және кесе көлденең осіне бөлу.
- •3. Өндірістік цехтардың едендері
3Технологиялық аудан.
Технологиялық аудан өнеркәсіптік және коммерциялық бағыттағы обьектілерге қызмет кқрсету үшін арналған функционалды конструкциялық элемент болып табылады. Осындай қосымаш конструкцияларды өндіретн материал ретінде тиімді берік салыстырмалы қымбат емес, жоғары эксплуатациялық сипаттамаларға ие металл қолданылады. Технологиялық типті металлды жасалған барлық тетік бқлшектер қолданыстағы нормативті құжатттамаға сәйкес өндіріледі. Және эксплуатацияға дейінгі өңдеулер – құм ағынды техника арқылы тазарту, жемірілуге қарсы тегістеу, бояу сырлау не мырыштауға шалдығады. Технологиялық ауданының негізгі конструкциясы келесі элементтердің бар болуымен байланысты:
Күш түсетін металл тіректер
Қоршалған баспалдақ жүйесі
Берік табақ металлдан не ұсақ ұяшықты тордан жасал,ған жаяу жүрушілер аймағы
Технологиялық аудан жасайтын материалды таңдау параметрлері келесі сипаттамаларымен анықталады: обьекттің қолданыну бағыты, оның биіктігі, жаяу жүргіншілер аймағының ұзындығы, климаттық және атмосфералық жағдай, эксплуатация қарқындылығы, және де сыртқы ортаның жемірілушілігі
Металл технологиялық аудандардың келесі артықшылықтары бар:
Салмағының аз болуы, қызмет көрсетуінің талап етілмеуі, көп функционалдылық сенімділігі, монтаж қарапайымдылығы, жарық өткізгіштігі, жұмыс істеуінің ұзақ мерзімділігі.
Баспалдақтардың және жаяу жүргіншілер аймағының жасалу материалына да көңіл бөлген жөн. Жобалау кезінде тиімдіілігі мен экономиялылық жағынан қарастырғанда кез келген горизонтал жазықтықты технологиялық аудандарды жайластыру кезінде ұяшықты торды қолданған тиімді, себебі, осы типті конструкциялар ашық кеңістік жағдайнда эксплуатацияланады, яғни торларда отыру кеуектері пайда болмайды.
24Билет
1Калориферлер. Оны қолдану.
Калориферлер жылу, желдету және кондиционирлеу жүйелерінде ауаны қыздыру үшін қолданылады. Осындай жылулық құрылғылардың эксплуатациясы кезіндегі кеңестердің бірі ауаның құрамындағы агрессивті химиялық компоненттердің мөлшері шектен аспауы керек. Калориферлер жылуалмастырғышқа байланысты сыныпталады. Калориферлер сулы, булы және электрлік болады. Сулы калориферлер аралық жылусақтағышы бар жылу-утилизаторы ретінде қолдануы мүмкін. Егер де булы калориферді қарастыратын болсақ, ол жылыту жүйелерінде ауаны қыздыру үшін пайдаланылады. Теплотехникалық және аэродинамикалық көрсеткіштерге қатысты калоферлер үш ядролы және төрт ядролы деп бөлінеді.
Калориферлер жылулық құрылғылардың танымал түрлерінің біріне жатады. Осындай жылытқыштарды таңдау кезінде келесі маңызды параметрлерді білу қажет: қуат, қысым, кіру мен шығу кезінде жылусақтағыш температурасы, сонымен қатар, қыздыру керек аймақтың ауданы. Калориферлер өндірістік кеңістіктерде қолданылатын болғандықтан оны таңдаған кезде ұқыпты болу керек. Әдетте калиферлер қабырғаға белгілі биіктікте кронштейнға бекітіледі. Сонымен қатар калориферлер өлшемдері бойынша таңдалады.Калорифердің жұмыс істеу принциптері туралы айтатын болсақ, салқын ауа құбырлары арқылы өтіп, қыздырылады. Оның конструкциясындағы бос аймақтың ені 0,5мм. Тегіс құбырлы калориферлерді қыздырылатын ауаның көлемі аз мөлшерде және қыздыру дәрежесі аз болған кезде қолданады. Калориферлерді орнату олардан өтетін ауаға байланысты паралель және тізбекі болып бөлінеді. Бірінші жағдайда ауа өзінің жолына тек бір калорифердің қарсыласумен салыстырмалы үлкен емес жылдамдықта кездеседі. Ал екінші жағдайда ауа өзжолында бірнеше тізбекте орналасқан үлкен жылдамдықтағы калориферлермен кездеседі. Калориферлерді параледь орнату ауанң көп мөлшерін қыздыру қажеттілігі туған кезде қолданылады. Ал тізбекті орнату қыздырудың жоғары дәрежесі керек кезде қолданылады.
2Ғимараттардың фермалары мен колонналары.
Көлденең қимасына байланысты бағандар тетікбұрышты, таңбалы пішінді және екібұтақты болады. Көлденең қима көлемі әрекеттегі жүктемеге байланысты. Мынадай біріңғайланған бағандар қиамсының көлемдері қолданылады: тікбұрыштылар үшін – 400х400, 400х600, 400х800, 500х500, 500х600, 500х800 мм;
Таңбалылар үшін – 400х600, 400х800 мм;
Екібұтақтылар үшін – 400х1000, 500х1000, 500х1300, 500х1400, 500х15000, 600х1400, 600х1900, 600х2400 мм.
Бағандар құрылыс алаңында жиналатын бірнеше бөліктен тұруы мүмкін.
Консольдері бар бағандарға кранның үстінен және атсынан жүретін бұтақтар енгізіледі. Кран үстінен жүретін бұтақтардың қимасы көбінесе квадрат немесе тікбұрышты – 400х400 немесе 500х500 мм.
Бағандар ұзындығын цехтын биіктігімен іргетастағы бітеу тереңдігін қоса санап қабылдайды, олар көпір крансыз тікбұрышты қимасы бар бағандар үшін 750 мм, көпір крандары бар тікбұрышты және қостанбалы қимасы бар бағандар үшін 850 мм, екібұтақты бағандар үшін 900-1200 мм.
Болат бағандардағы қималар биіктігі бойынша тұрақты және ауыспалы болады. Оларды болат конструкциялар зауытында өзара пісіру немесе шегелеумен құрастырылатын илектеу профилінен дайындайды. Бағаннан іргетасын көлемді аумағына салмақ жіберу үшін бағанның төменгі басына табан жасалады.
Фермалар сегменттік аркалы, параллель белдемелермен болулары мүмкін. Үшбұрышты және т.б. фермалардың төменгі және жоғарғы белдемелері арасына тіреу және қиғаш тіреулер жүйесін орналастырады.
Ферма жабының көтергіш конструкциялары – бұл үйдің маңызды конструктивті элементі. Жұмыс сипаты бойынша олар жазық және кеңістікті, ал материалы бойынша темірбетон, металл және құрастырылған болып бөлінеді.
Темірбнтон фермаларды үйлердегі аралықтар 18, 24, 30 және 36 м болған жағдайда қолданады.
Фермалардың ұстынға бұрандамалармен және бекіту элементтерін пісіру арқылы бекітеді.
Жабынның ең нәтижелі көтергіш конструкциялары болып болат фермалар табылады.
Фермалардың белдемелері мен керегеторын бұрыштықтардан немесе құбырлардан құрастырады және оларды өзара пісіру арқылы біріктіреді.
Фермалардың ұстындармен түйіндесуін негізінен топсалы қылып жасайды.
3Жылулық энергия көздерін таңдау.
Жылу энергиясын таңдау жағдайы.Жылу энергиясының таңдауы жергілікті оттың ресурстарына байланысты болады. Бұл жылу энергиясын таңдауының бастысы болып табылады. Бірақ бұндай принцип әрдайым болуы мүмкін емес.
Қатты отын қоры көп болған аймақтарда газгенераторлы станцияларын жобалауға болады көмірді газдандыру үшін, және алынған газды пештердің отыны ретінде қолдануға болады немесе жылу энергиясы ретінде электроэнергияны қолдануға болады.
Цехтардың басты энергиялары болып газ бен энергия болып табылады. Пештерде газды қолдану арзан болып түседі, бірақ электрэнергиясын қолдану процессі жақсы автоматтандырылады және гигиена жағынан өте тиімді. Газды және электр пештерінде қыздыруды бақылау атмосферасында жүргізуге болады. Газды пештерде бұл жағдайда радиациялық трубаларды қолданады газды жандыру үшін немесе муфельді металды қыздыру үшін.
Цехты жобалау үшін негізі болып жылдық программа табылады. Технологиялық процесті және жабдықтарды таңдауға негізделе отырып программа құрылады.
