Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
полный.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

3Технологиялық материалдардың шығыны.

Қазіргі кезде аз шығын жұмсап өндіріс көлемін арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін істеп тұрған объектілерді қайта конструкциялауға айрықша көңіл бөлінеді. Ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатып, дамудың интенсивті жолына тезірек өту үшін қайта конструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бөлінетін қаржының үлесін жоқ дегенде жартысына дейін арттыру керек.

Жұмыс бұйым үшін таңдап алынғаан материалдың физикалық механикалық қасиеттерін екі, үш болат маркасымен салыстыра отырып, тиімдісін тағдау керек. Таңдап алынған материалдың маркасы термиялық өңдеудің техникалық талаптарына сай болуы керек. Сонымен қатар таңдап алынған материалдың маркасы арзан, экономикалық жағынан тиімді, технологиялы (жақсы штампталушылығы, жылуға төзімділігі, кесуге төзімділігі және т.б.) болу қажет. Барлық осы аталған қасиеттер график бұйымның цехтар арасындағы, яғни бастапқы (құятын және соғу цехы) қалпынан және соңғы дайын техникалық өңдеуге дейін көрсету қажет.

Термиялық өңдеудің режимін таңдағаннан кейін, яғни температурасын, қыздыру уақытын, ұстау және суыту уақытын есептегеннен кейін технологиялық процестің тиімділігін анықтау керек. Бұл үшін бұйымның өзіндік құны қосымша күрделі шығындардың үнемі, яғни қосымша капиталдың өзін-өзі ақтап шығу мерзімі нормалы мерзімнен жоғары болмауын салыстыру қажет.

Термиялық өңдеудің технологиялық процесін техникалық-экономикалық негізінде мыналар болуы тиіс:

  1. таңдап алынған болат маркасы үшін термиялық өңдеу технологиясы ғылыми негізде сәйкес болу керек;

  2. өндірістің сипатын және специализациясын массалық, сериалы және жекелеген, уақыт бірлігімен шығарылған өнімнің салмағы мен саны, сонымен қатар өнімнің техникалық талаптары;

  3. механикаландырылған агрегаттар мен автоматты желілердің және стандартты технологиялық процестердің комплексті технологиясының мүмкіншілігіне талдау жасау керек;

  4. таңдап алынған термиялық өңдеу процесінің бағасын анықтау.

23билет

1Ауа алмасуының орташа ұзақтылығы.

Артық жылуды жою үшін келесі желдетуауасы ажет:

:

Мұндағы W – жылушығарғыш, ккал/час;

0,237 – ауаның орташа меншікті жылусыйымдылығы ккал/кг град;

te- ауа шығу кезіндегі температура;

tн – цехта ауаның кіру кезіндегі температурасы (цехтағы ауасынан 5 – 8 °төмен алынады);

γ – цехта кіретін ауаның көлемді салмағы, кг/м3.

Келетін вентиляциясын сану үшін бөлменің ауданын есептейді, оған ағымды арналады және ауаның сағатына ауысу еселігі анықталады.

Ауа ауысуы L – Vn м3/сағ

Мұнда V – цехтің көлемі м3

n- сағатына ауаның ауысу еселігі.

Осыдан көлемнің еселігін анықтайды:

Ауысудың орташа еселігі 10 тең, минимальді еселігі 5 деп алынады, ол қондырғылары кең орналасқан жағдайда және жылушығарғыш пен зиянды газ аз болғанда. Егер ауысу еселгі көп болған жағдайда аэрацияны қолданады. Аэрациялық уа терезелерден кіреді, ал фонарьлардан шығады.

Егер сыртқы ауаның температурасы tн = 20°, онда бөлмедегі ауаның температурасы еденнен 2 м биіктігінде сыртқы аудан 5° жоғары болу тиіс, яғни 25° . екінші қабаттын температурасы 0,5°жоғарлайды бөлменің биіктік метріне, яғни цехтын биіктігі 8м.

Жылушығарғыштарды қорыту үшін вентиляциялық ауаның анықталған саны мынандай болады:

2Отқа қарсы қауіпсіздік және оның шаралары.

Жанғыш газдармен жұмыс істеген кездегі негізгі қауіпсіздік ережелерінің бірі, олардың ауамен араласуына жол бермеу болып табылады, өйткені мұндай кезде жарылғыш қоспа пайда болады. Жарылысқа қауіпті атмосфера деп құрамындағы компоненттері жануға жеткілікті атмосфераны айтады, яғни егер мұндай атмосфера ауада жанатын болса, онда ол жарылғыш қоспа жасай алады. Егер атмосферада жанғыш компоненттер аз ғана, 55% мөлшерінде болса, онда мұндай атмосфера жанбайды және ауамен жарылғыш қоспа құрмайды. Кестеде кейбір жанғыш газдардың ауа – газ қоспасында тұтану шегі көрсетілген.

Құрамында 40% Н2 және 20% СО бар сутек пен эндотермиялық газ анағұрлым жарылыс қаупі бар атмосфера болып табылады.

Атмосфераны пешке енгізбес бұрын қандай да бір инертті (жанбайтын) газдың көмегімен ауаны алып тастау керек. Егер пештің жұмыс кеңістігін жанбайтын газды бес еселенген көлемде пеште 1%-тен аз оттек қалғанға дейін үрлесе, оған қол жеткізуге болатынын практика көрсетіп тұр. Төрт еселенген алмастыру пештегі отегін 3% дейін төмендетеді, бұл атмосфераны қауіпсіз енгізуге жеткілікті.

Пешті үрлеу инертті газ ретінде балоннан немесе оттегі станцияларынан шыққан техникалық азот, сондай-ақ α=0,9-1,0 жұтқан экзотермиялық газ пайдаланылуы мүмкін.

Тұтандыру көздері жанудың алғы шарты болып табылады да олар ашық жалын, қыздырғыш элементтер мен приборлар жылуы, электр энергиясы, механикалық ұшқын энергиясы, статикалық және найзағай разряды, заттардың өздігінен жану энергиясы т.б.

Өздігінен жану жылулық, химиялық және биологиялық болып бірнеше түрге бөлінеді. Жылулық өздігінен жану жылу энергиясын жинаумен түсіндіріледі де, бұл үрдіс нәтижесінде заттардың өздігінен түтанып жануы басталады. Мұндай жағдайда заттардың өздігінен тұтану температурасы өрт қауіпсіздігінде маңызды орын алады да, ондай температура 80 – 150 °С аралығында жатады.

Химиялық өздігінен жану бірден жалындап жанып, анорганикалық заттар, мәселен натрий гидросульфаты суланғанда өздігінен жанады да, ал органикалық заттар қышқылмен жанасқан кезде ғана заттардың өздігінен жануы басталады.

Микробиологиялық өздігінен жану микроағзалардың тіршілігі барысында қоректік ортада жылу шығаруымен байланысты (сұлы, торф, ағаш жаңқасы т.б.).