Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
полный.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

1.Өнеркәсіптік ғимараттардың іргетас түрлері

Өндірістік үйдің жалпы көлемінде,іргетас құрылысының еңбек сыйымдылығы 6-8 % құрайды.

Іргетас ғимаратың немесе құрылыстың түсірілген салмақты жердің негізгі қабатына беретін ғимараттың немесе құрылыстың жер не су астындағы бөлігі;ғимараттың топыраққа түсіретін салмағын көтеріп тұратын жер асты немесе су астындағы бөлігі.

Құру тәсілі бойынша іргетастар,құрастырмалы және монолитті болады.Ұстындардың астына,стакан типті ұстынастылық,жеке іргетастар қарастырылған.

Әдетте іргетас темір-бетоннан,бетоннан жасалып,таспалы(қабырға және тіреу астына);тақта түрінде тұтас;иілгіш және қатты;монолитті және құрама болып ажыратылады.Іргетас түрі құрылыс алаңының геол. Және гидрогеол. Жағдайларына байланысты табылады.

Бағаналы іргетас бағаналардың барлық бұрышынан қабырғалар мен басқа да күш көп түскен орындардың бекітілуі.Ол үнемді және сенімді гидро изоляция бойынша қосымша жұмыстарды қажет етпейді бірақта жеңіл үйлер үшін қолданылады.Бағандар арасындағы қашықтық 1,5-2,5 м, олар бетоннан,буто бетоннан,тастан,кірпіштен болуы мүмкін.Бағаналы іргетас арасындағы бос орындар ірі түйірлі құммен толтырылады,одан кейін темір бетонның қалың қабаты жүреді.Еденнің жылулығын сақтау үшін оны ауа ылғалдығынан қорғау керек.

2.Жабдықты жобалау

Бұйымның формасына,өлшеміне,процесіне және өндірістің мінезіне байланысты әр цехтың өзіне сай жабдықтары болады.

Жобаланып жатқан цехтың жабдықтары жасалған технология мен жабдықтың мінездемесіне негізделеді.Жасалған технологиялық процестің негізінде жабдықтардың түрлері таңдалып алады,ал пештердің негізгі өлшемдері өндірістің түріне қарай және өндірілетің бұйымның түріне қарай таңдалып алынады.

Жабдықтарды операцияны жүргізу параметріне қарай таңдайды.

Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау үш кезеңде жүргізілуі мүмкін:

1.Мақсаты цех құрылысының техникалық мүмкіндігі мен экономикалық мақсатқа сәйкестігін орнықтыру,қажетті алаңның,жұмыс күші мен энергетиканың болжамды есебін жүргізу болып табылатын жобалық тапсырма.Бұл тапсырма цех құрылысына кететін шығынға,жабдықтар алуға және жабдықтауға және техникалық-экономикалық көрсеткіштер құруға смета жасаумен аяқталады.

2.Техникалық жоба құрылыс бөлімінің және әсіресе технологиялық бөлімнің,яғни технологиялық процестің неғұрлым толық сиаттамасын жасаудан тұрады.

3.Жұмыс сызбалары бекітілген жобалық тапсырманың негізінде жасалады.Жұмыс құжаттамасының құрамына маршруттық,операциялық карталар және термиялық өңдеуге ведомостар,жабдықтарды дәл орнату орны көрсетілген цехты жоспарлаудың сызбасы,жүк тасқының бағыты және т.б.

3.Жылына жанатын сағаттың саны

Келесі жобалаудың сатысы жабдықтардың жылдық уақыт фондын анықтау болып таюылады. Жабдықтардың жылдық уақыт фонды деп. Жыл юойы жабдықтардың жұмыс істеу уақытын атайды, ол салат пен өлшенеді. Цехтардың бір жылдағы жұмыс күндері былай есептеледі: толық жылдың календарлық күндерінен демалысы және мейрам күндері алынады. Ал жабдықтардың ремонт тау мен жөндеу уақыты алынады. Уақыттың жоғалуы екі смена жағдайында 4-6* және үш сменада 6-11* құрайды. Машинажасау заводтарында цехтарды жоблау кезінде келесі жұмыс істеу уақыты фондтары бар : календарлық,номиналдық және растық. Жабдықтардың жылдық календар фонды бір тәулік пен бір жылдың календары күндеріне тең яғни 24*365һ 8750сағ Жабдықтардың жылдық календар фонды бір тәулік пен бір жылыдн календар фондынан демалыс, мейрам алдындағы күндерді алып тастайды.Номиналдық фонд толық пайдаланбайды, өйткні пештердің режимі ремонт пен жөндеу уақытында жоғалады.

19-билет