- •"Еңбек қорғау" пәнінің мақсаты мен мәселелері.
- •2. Келесі түсініктерге анықтама беріңіз: қауіпсіздік техникасы, өндірістік
- •3. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі.
- •4. Еңбек қорғаудың нормативті - құқықтық негіздері. Мемлекеттік
- •5. "Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер
- •6. Еңбек қорғау және қауіпсіздік заңнамаларының орындалуын бақылау
- •7. Еңбек қорғау талаптарының бұзылуына жауапкершілік.
- •8. Еңбек қорғау бойынша мемлекеттік нормативтік талаптар. Қазақстан
- •9. Зиянды және қауіпті жұмыстарды және ауыр жұмыс жасаған үшін
- •10. Еңбек қорғау экономикалық қамтамасыз етеулуі.
- •11. Еңбек қорғау және еңбек ережелерін талапқа сай болуы үшін
- •12. Еңбектің физиологиясымен психологиясы Адам ағзасының функциясы.
- •13. Еңбектің негізгі функциялары. Еңбектің топтық формасы, механикалық
- •14. Еңбек ауырлығын жіктеу.
- •15. Шаршау. Қажу. Еңбек психологиясы өндірістік психологиялық жағдай.
- •16. Қателік жасаудың психологиялық себептері.
- •17. Еңбек пен демалыстың рационалдық режимдері.
- •18. Апатты жағдайда адамның іс-әрекеті.
- •19. Өндірістік санатария және еңбек гигиенасы.
- •20. Жұмыс орнының микроклиматы.
- •21. Желдету.
- •22. Шу. Діріл. Төмендету тәсілдері (амалдары).
- •23. Инфрадыбыс. Ультрадыбыс.
- •24. Электромагниттік толқындарды ұзындығы және жиілігі бойынша жіктеу.
- •25. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік.
- •26. Лазер сәулесінен қорғану.
- •27. Еңбек шарты бойынша өндірістік объектілерді аттестациялау.
- •28. Жұмыс орның еңбек шарты бойынша аттестациялау әдістемелері.
- •29. Еңбек шарттарын бағалау. Жұмыс орнын аттестациялау мерзімдері.
- •30. Еңбек қорғау талаптарына сай келетінін айғақтайтын құжат-сертификат
- •31. Рұқсат етілетін тәуекелдер. Мамандық тәуекелді бағалауды жүргізу және
- •32. Тәуекелді сипаттау және экспозицияны бағалау.
- •33. Тәуекелдің профилактикасы.
- •34. Өндірістік қауіпсіздіктің техникалық регламентизациясы Қазақстан
- •35. Міндетті түрде техникалық регламент неден құралу керек.
- •36. Техникалық регламенттің негізгі мақсаты.
- •37. Техникалық регламенттің субъектілері.
- •38. Қауіпті өндірістік нысандар (қ.Ө.Н.) қауіптілігі жоғары жұмыстарды
- •39. Қауіпті өндірістік нысандар қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізу
- •40. Қауіпті өндірістік нысандар қауіптілігі жоғары жұмыстарда
- •41. Қауіпті өндірістік нысандар қауіпті жұмыстарды орындау
- •42. Қауіпті өндірістік нысандар өндірістік үрдістердің және өндірістік
- •43. Қауіпті өндірістік нысандар өндірістік жабдықтың қауіпсіздік талабын
- •44. Қауіпті өндірістік нысандар өндірістік жабдыққа қойылатын талаптар.
- •45. Қауіпті өндірістік нысандар жүктерді ауыстыру, көтеру және қаптап
- •49. Қауіпті өндірістік нысандар жұмыс орнына қойылатын қауіпсіздік
- •55. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету электр тоғымен зақымданудан
- •67. Өрт сөндіру құралдары.
- •75. Еңбек қорғау меңгерушілерінің уәкілеті.
- •78. Еңбек қорғау шараларын жоспарлау және қаржыландыру.
20. Жұмыс орнының микроклиматы.
Метерологиялық жағдайлар ағзаның қоршаған ортамен жылу алмасуына және оның жылулық күйіне әсер ететін физикалық факторлар жиыны болып табылады. Өндірістік микроклиматтың түзілуіне жергілікті климат пен технологиялық үрдіс едәуір әсерін тигізеді.Микроклимат көрсеткіштері:
температура (°С);
салыстырмалы ылғалдылық ( %);
ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с жәнебарометрлік қысым.
Метеорологиялық өзгерістерге байланысты қоршаған орта мен ағза арасындағы ағзаның физиологиялық жылу алмасу үрдісін реттеу қабілеті, яғни дене температурасын тұрақты күйде сақтау үрдісі термореттеу деп аталады. Ол зат алмасу (химиялық термореттеу) мен жылубөлу (физикалық термореттеу) нәтижесінде жылу түзілу арасындағы белгілі бір қатынасты орнатуды қамтамасыз етеді.
Адамның жылуалмасу үрдістеріндегі негізгі рөл конвекция, сәулелену мен булану арқылы жүзеге асырылатын беттік тіндер арқылы жылу бөлуді реттейтін физиологиялық механизмдерде болады. Адам ағзасындағы физиологиялық үрдістердің қалыпты жағдайда өтуі үшін адам ағзасынан бөлінетін жылу қоршаған ортағы берілуі керек.
Жұмыс орындарындағымикроклимат параметрлерін өлшеу үшін әр түрлі аспаптар қолданылады. Көбінесе:
- ауа температурасы мен ылғалдылығынанықтау үшін – MB- 4M, М-34аспирациялық хрометрлер, электротермометрлер, қарайтылған шарлы термометрлер, психометрлер;
- ауа қозғалысының жылдамдығын анықтау үшін – анемометрлер (қанатшалы АСО-3, АП-1м, табақшалы МС-13), термо анемометрлер ТАМ-1, цилиндрлік және шарлы кататермометрлер;
- жылулық сәулеленуді анықтау үшін – актинометрлер (инспекторлік, ИМО-5), радиометр «Аргус3»
21. Желдету.
Желдету. Жұмыс орындарындағы қалыпты метеорологиялық жағдай мен ауның тазалығын қамтамасыз етудің басым бөлігі дұрыс ұйымдастырылған желдету жүйесіне байланысты.Аэродинамиканың көз карасы бойынша, желдету деген – ҚР СНжЕ 04.02.05 - 2001 «Жылыту, желдету және кондиционерлеу» және МЕСТпенреттелетін ұйымдастырылған желдету.Желдетудің табиғи және механикалық немесе жасанды түрлері бар.Ауаның табиғи қазғалысы жылулық және (немесе) желдік күшарқылы жүзеге асырылады. Ауаның табиғи сорылуын күшейту үшін арнайы қондырғыларды пайдаланады – желдету каналдарының жоғарғы бөлігінде орнатылатын дефлекторлар, насадкалар (6.1-сурет).
6.1-сурет. ЦАГИ дефлекторы
Табиғи желдету ұйымдастырылмаған сипатта болуы мүмкін, яғни ауа ғимараттың сыртқы қоршауларының қуыстары арқылы (инфильтрация), еш бір жүйесіз ашылатын терезелер, форточкалар арқылы берілуі және ұйымдстырылған сипатта болады, яғни ауа алмасу арнайы қондырғылар арқылы жүргізілуі (аэрация). Табиғи желдетудің кемшілігі ішке берілетн ауа алдын ала сүзілмейді және жылытылмайды, ал сыртқа шығарылатын ауа тазартылмайды да қоршаған ортаны ластайды.
22. Шу. Діріл. Төмендету тәсілдері (амалдары).
. Шу деп қажетті дабылдарды қабылдауға кедергі келтіретін адамға жағымсыз дыбыстардың барлығын айтуға болады, яғни әр түрлі қарқындылықта және әр түрлі жиілікте болатын ретсіз дыбыстардың үйлесімі. Адамның құлағы f 16 дан 20000Гц (акустикалықдыбыстар) жиілік аралығындағы дыбыстарды қабылдайды. Адамның құлағы естімейтін дыбыс жиіліктері f < 16 Гц инфрадыбыс деп аталады, ал жиілігі 20 кГц жоғары – ультрадыбыс деп аталады. f < 16 Гц тербелістер есту арқылы емес тербеліп ұрған денеге жанасу кезінде сезу арқылы білінеді. Адам құлағы 1000 мен 3000 Гц дейінгі жиілік диапазонындағы дыбыстарға аса сезімтал. Шуды талдау барысында спектрді (дыбыс жиілігінің диапазоны) 8 октавалық жолақтарға бөледі (16 мен 20000 Гц аралығындағы жиіліктерді жақсы жіктеу үшін), оларды жоғарғы жиілік төменгі жиілікке қарағанда екі есе көп, яғни 63;125;250;500;1000;2000;4000;8000.Өндірістік шудың сипаты оның шығу көзіне байланысты: механикалық, аэрогидро динамикалық, термиялық, кавитациялық. Мезгілдік сипатна байланысты тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді, олар өз кезегінде тербелісті, үзілісті және импульсті болып бөлінеді. Адам үшін ең қауіпті шу ол тонды жоғарғы жиілікті тұрақсыз шу болып табылады. Дыбыстық тербелістер келесідей өлшемдермен сипатталады:
- таралу жылдамдығы (м/с), (ауада- 334м/с);
- жиілігі (f,Гц);
- дыбыс қысымымен (Р, Па)
- белгілі бір нүктедегі дыбыс өрісі мен атмосфералық қысым арасындағы айырмашылық.
Шу деңгейі елді мекендер үшін де және өндірістегі жұмыс орындары үшін де нормаланады.
Шудан, инфрадыбыстан және ультрадыбыстан, діріл мен электромагниттік өрістерден қорғану.Шудың деңгейін азайту үшін келесідей әдістерді қолдануға болады: кешенді және жеке қорғаныс құралдары.Кешенді қорғаныс құралдарына сәулет-жоспарлау арқылы, акустикалық құралдар арқылы және ұйымдастырушылық техникалық әдістер арқылы қол жеткізуге болады (шудан қорғану әдістері мен құралдарын қараңыздар).
Дірілді төмендету шаралары. Дірілдің жұмысшыларға келтіретін әсерін төмендету немсе толықтай жою бойынша негізгі шаралар – автоматтандырылған және жоғары механикаландырылған өндірістерді енгізу, цехтар мен алаңдарды қашықтан басқару. Дірілмен күресудің негізгі шаралары:
технологиялық үрдістер мен машиналардың құрылымдарын жетілдіру (жұдырықшалы және қисық қылқандызамена механизмдерді біркелкі айналмалы сужетектеріне ауыстыру);
резонанс режимдерінен шеттеу (жүйе массасын немесе сұйықтығын өзгерту арқылы);
дірілдік демпфирлеу (діріл жұту) – ішкі үйкелісі жоғары құрылымдық материалдарды пайдалану; дірілдік беткейлерге серпімді тұтқыр материалдар қабатын салу, олар ішкі үйкеліске үлкен шығын келтіреді (пластмасса, ағаш, резеңке). Серпімді тұтқыр материалдар қабатын салу әдісі өте тиімді болып табылады – пластмасса, рубероид, битум, резеңке;
амортизатор құрылғыларының көмегімен дірілді оқшаулау яғни, тербеліс жүйесіне қосалқы серпімді байланыс жүйесін енгізу.
жүйе қатаңдығын өзгерту арқылы машиналардың құрылымдық элементтерін және құрылыс конструкцияларын өзгерту (қатаңдық қырларын енгізу);
белсенді дірілдік қорғаныс – оқшауланған объекттен дірілдік оқшаулау жүйесіне кері байланысты жүзеге асыратын энергияның қосымша көзін енгізу;
