Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ебек ораууууу.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183 Кб
Скачать
☆

18. Апатты жағдайда адамның іс-әрекеті.

Апатты жағдай кезінде адамның жағдайы жоғарғы кернеулікпен сипатталады, яғни еңбек қабілеттілігінің төмендеуіне алып келуімен психологиялық фукциясының орнығуымен. Гипермоболизация. Адам белгілі бір қауіптілікке кезіккенде мобилизациялық күш туындайды, ол кезде барлық ағза шиеленіскен жағдайды сезінеді. Бұл әрекеттің дәлдігін жоғалтады, қателіктерге бой алдырып қоюы мүмкін болмаса қате шешім қабылдайды. Бағдар жоғалту – ақпаратты бағалаудағы қателік, басқару үрдісін бұрмалау, және шынайы қателіктің себебін бағалау.Негізгі және екінші деңгейлі әрекеттің байланысын бұзу. Апатты жағдайдан шығу үшін негізгі қауіпті жою немесе азайтуға бағытталған нақты әрекеттер қажет, алайда адам қиындықтарға кезіккенде, нақты жағдайдағы маңызды мәселелерге деген назары төмендейді және ұсақ– түйектермен айналыса бастады. Операция құрылымының ыдырауы барлық технологиялық үрдістер немесе операциялар практикалық тұрғыда нақты анықталған алгоритмге ие болғандықтан, алдынғы фазаның қателіктерінің күшейуі. Қорғаныс реакциясының асқыну және тоқтау. Қиындықтар мен сәтсіздіктер қабаттасып кеткен кезде адам жасанды сылтаулар іздеуге басқа қатысуларды өздерінің міндеттерін орындамайтындығын кінәлауға көп мән бере бастайды. Қиындықтарды жеңіу және ауыр жұмыстарды орындаудың ұзақ немесе қарқынды процесінде күш жұмылдыру апатияға ауысқан кезде тоқтап қалу, жұмыстан бас тарту болуы мүмкін. Апаттық жағдайды ескерту мүмкін болатын жағдайлардың салдарын болжау арқылы қол жеткізіледі. Басқа маңызды шарты болып апаттық жағдайға жақын режімді жұмыс істей алуда сәйкес жаттығулар табылады.

19. Өндірістік санатария және еңбек гигиенасы.

Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы – ол жұмысшыларды қорғау мақсатында зиянды өндірістік факторларды зерттейтін техникалық және гигиеналық іс-шаралар жүйесі, мақсаты қолайлы еңбек жағдайлары мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету.

Еңбек гигиенасы – адамның ағзасына әсер етуі жағынан зиянды ортаны зерттейтін ғылым. Мақсаты салауатты еңбек жағдайларын құруға бағытталған гигиеналық нормативтерді және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырау.Көптеген өндіріс орындарында кездесетін негізгі зиянды факторлар келесілер болып келеді: жұмыс аймағындағы ауа газдылығы мен шаңдылығының артуы; жұмыс аймағындағы ауаның немесе қондырғылардың бетінің температурасының жоғары немесе төмен болуы; жұмыс аймағындағы ауаның ылғалдығы мен жылдамдығының артуы төмендеуі; шу деңгейінің артуы; діріл деңгейінің артуы; әртүрлі электромагниттік сәулелердің деңгейінің артуы; табиғи жарықтыңболмауы немесе жеткіліксіздігі мен жұмыс аймақтарының жарықтандыруының дұрыс болмауы және т.б.Зиянды факторлардың саны мен мөлшері өндірістік үрдістің түріне байланысты. Тиімді еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарында санитарлы-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз етуге сонымен қатар өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруға шалдығу қатерін төмендетуге мүмкіндік беретін өндірістік санитария мәселелерінің маңызы көп. Инженер қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру бойынша өзіне жүктелген қызметтерді жақсы орындау үшін жоғарыда аталған мәселелердің өзектілігін құрайтын негізгі ережелерді білуі керек.