Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ебек ораууууу.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183 Кб
Скачать
☆

23. Инфрадыбыс. Ультрадыбыс.

Инфрадыбыс. Инфрадыбыстың негізгі көздеріне іштен жану қозғалтқыштары, желдеткіштер, поршенді компрессорлар және басқа да дыбысы шықпайтын машиналар жатады. Деңгейі 100 –120 дБ инфрадыбыс әсер еткен кезде бастың ауыруын туындатады, жұмыс қабілеттілігі төмендейді, қорқыныш сезімі туындайды, вестибулярлық апараттың (есту, көру, сезіну) қызметі бұзылады, ал жиілігі 5 – 10Гц болғанда – ішкі ағзалардың дірілдегенін сезеді. 2,4,8 және 16 Гц орташа геометриялық жиіліктік октавалық жолақтарда дыбыс қысымының деңгейі 105 дБ аспауы керек, ал 32 Гц жиіліктік жолағында –102 дБ аспауы керек.Инфрадыбыспен күресу бойынша негізгі шараларға үлкен өлшемді заттардың қатаңдығын арттыратын, есту жиілігі аясындағы сәулеленулерді максималды түрде ауыстыратын машиналардың жылдам жүруін арттыру; жиілігі төмен дірілдерді болдырмау; реактивті түрдегі глушительдерді орнату (шыққын энергияны шығу көзіне қарай шағылдыратын).

Ультрадыбыс. Ультрадыбыс кең қолданысқа ие (пісіру, дәнекерлеу, өте әлсіз және өте қатты заттарды өңдеуде, дефектоскопияда, медицинада, латанған ауаны тазартуда және т.б.). Ульрадыбыстық технологиялық қондырғылар мен аспаптар ультрадыбыс генераторлары болып табылады. Олардың 20 – 70 кГц жиілігінде жұмыс істеу барысында құлаққа естілмейтін 100 – 120 дБ шу шығарылады. Ульрадыбыстық тербелістері қозып тұрған заттармен және қатты денелермен жанасуы кезінде қауіпті байланысқан сәулелену орын алады. Осындай ультрадыбыстық қондырғыларда жұмыс істеу барысында арнайы қорғаныс құралдарын (резеңке қолбақ және мақтамата салмасын) пайдалану керек.Ультрадыбыс адам ағзасына кері әсерін тигізеді, әсіресе: жүйке жүйесінің әр-түрлі ауытқулары; қан қысымы өзгереді; қан құрамы мен қасиетін өзгертеді; есту сезімталдығы жоғалады. Ультрадыбыс адамға ауа ортасы арқылы және сұйық пен қатты орта арқылы да әсер етеді (қолға жанасу арқылы әсер етеді). МЕСТқа сай 11 – 20 кГц жиілік диапазонындағы дыбыс қысымының деңгейі сәйкесінше 75 - 110 дБ, ал 20 - 100 кГц жиілік диапазонындағы жалпы дыбыс қысымының деңгейі 110 дБ астам болуы керек. Ауа арқылы әсер ететін ультрадыбыстан қорғану келесі іс-шаралар арқылы қамтамасыз етіледі:

  • қондырғылар үшін жоғарғы дыбыс қысым деңгейі рұқсат етілетін жұмыс жиілігін қолдану;

  • болатты, дюралюминді (қалыңдығы мм) және гетинакс (5 мм) жалпақ беттерінен жасалған қаптамаларды немесе резеңке мен рубиройдтан жасалған жапсырмаларды қолдану;

  • жұмысшылар мен қондырғының арасына экрандар орнату;

  • арнайы бөлмелерге немесе кабинеттерге ультрадыбыстық қондырғыларды орнату.

24. Электромагниттік толқындарды ұзындығы және жиілігі бойынша жіктеу.

. Элекктромагнит өрісі (ЭМӨ) мен электромагнитті сәуле (ЭМС) көздері электр тогын тұтыынатын кез-келген қондырғылар мен құралдар болып табылаы. ЭМӨ мен ЭМС ұзақ уақыт әсер ету нәтижесінде шаршау, ұйқышылдық, қажу, ұйқының бұзылуы, бастың ауруы, шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы, жүрек қызметінің бұзылуы туындайды.МЕСТқа сай 11 – 20 кГц жиілік диапазонындағы дыбыс қысымының деңгейі сәйкесінше 75 - 110 дБ, ал 20 - 100 кГц жиілік диапазонындағы жалпы дыбыс қысымының деңгейі 110 дБ астам болуы керек.