- •Модуль 1. Археография тарихы
- •Кіріспе. Археография туралы жалпы түсінік. 1- сағат.
- •Археографияның қалыптасу тарихы. Революцияға дейінгі археография.1- сағат.
- •XIX ғасырдың I жартысындағы Археография (1800-1860)
- •XIX ғасырдың II жартысындағы Археография
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Археография
- •Кеңестік кезеңдегі Қазақстан археографиясы. 1- сағат.
- •Тәуелсіз Қазақстан археографиясы 2- сағат.
- •1. Ресей Федерациясы
- •2. Қытай халық республикасы.
- •3. Монғолия.
- •4. Қырғыстан республикасы
- •5. Туркия республикасы Стамбул қаласында жургізілген архе-ографиялық ісспардың атқарған жұмыстары. (11 - 25 желтоқсан 2004 ж.)
- •6. Швейцария
- •Модуль 2. Археографияның теориялық-әдістемелік негіздері
- •Археографияда ғылыми басылым түсінігі 1- сағат.
- •Басылымның функциялары. 1- сағат.
- •Басылымдарды жіктеу. 1- сағат.
- •Құжаттық басылымдарды даярлау әдістемесі. 2-сағат.
- •Құжаттарды анықтау
- •Басылым үшін құжаттарды іріктеу. 1-сағат.
- •Модуль 3. Қолданбалы археография
- •Құжаттардың археографиялық безеңдірілуі. 1-сағат.
- •1509 Г. Февраля 9. – Судная грамота («вырок») вел. Кн. Лит. И кор. Пол. Жигимонта 1...
- •1509 Г. Августа 27. – Уставная подтвердительная грамота («подтверженье») вел. Кн. Лит. И кор. Пол. Жигимонта 1 мещанам г. Плолцка на магдебургское право
- •1892 Ж. 12 мамыр – «Минский листок» газетінің Минск қаласында салтанатты конки ашылуы туралы хабарынан
- •1660 Ж. 4 қазан – 1661 ж. 27 шілде. – Қару-жарақ палатасының кіріс-шығыс кітабынан. – Белорусстық оюшыларға піл сүйегін босату туралы
- •1676 Ж. 9 сәуір – 11 тамыз. – Смоленск қ. Кеден кітабынан. – витебскілік мыташы Провония мен шляхтич а. Кисельге поташ сату туралы жазба
- •1905 Ж., мамырдың 10-ы. – Минск губерниялық жандарм басқармасы бастығы көмекшісінің Полиция департаментіне Речицкий у. Лоев мекенінде 1 мамырға арналған прокламациялардың таратылуы туралы хабарламасы
- •1981 Ж., ақпанның 23-і (10). – Витебск – Орша – Могилев – Гомель шептері бойынша неміс басқыншыларына қарсы қорғанысты ұйымдастыру туралы главкозап бұйрығы
- •Баян (бақылау – анықтамалық мәліметтер)
- •Құжаттардың мәтінін таңдап алу және беру. 2-сағат.
- •Құжаттардың мәтінін берудегі мәтіндік түсініктемелер. 2-сағат
- •Ғылыми – анықтамалық аппарат және оның маңызы. 1-сағат
- •Хроника, оның міңдеттері, құрамы 1-сағат
- •Ескертпелер және түсініктемелер. Көрсеткіштер. 2-сағат
- •Терминологиялық сөздік, оның міңдеттері. Қысқартылған тізім. 2-сағат
- •Археографиялықбелгілер 1-сағат
- •Құжаттарды жүйелеу, оның бағытталуы және маңызы. 1-сағат
- •Құжаттар жинағы қолжазбасының баспаға дайындығы. 1- сағат.
- •Редакциялық–баспалық процесс. 1-сағат
- •1. Дайындық жұмысы
- •1. 1. Библиографиялық тізім құрастыру, әдебиеттерді зерттеу
- •1. 2. Құжаттарды жарыққа шығару көздерін анықтау
- •1. 3. Проспект-жоспар құрастыру
- •1. 4. Құжаттарды іздеп табу
- •2. Кинофотофоноқұжаттарды іздеп табу
- •3. Құжаттарды жарияланымға іріктеу
- •3. 1. Құжаттарды баспаға іріктеудің негізгі қағидалары
- •3. 2. Тұлғаның құжаттарын басылымға іріктеу
- •3. 3. Мерзімді басылымдарда жарияланған құжаттарды іріктеу
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Археографияның қалыптасу тарихы. Революцияға дейінгі археография.1- сағат.
Дәріс мақсаты: Археографияның ғылыми пән ретінде дамуын, оның революцияға дейінгі қалыптасу тарихын көрсету.
Тірек сөздер: Археография ғылыми пән ретінде, археографиялық ой, археографиялық қор, археографиялық экспедициялар, археографиялық мекемелер, Археографиялық комиссия.
Негізгі қарастырылатын мәселелер және қысқаша мазмұны:
1. Археографияның ғылыми пән ретінде қалыптасу кезеңдері
2. Революцияға дейінгі археография
Археография (архео-archaios көне, grapho-жазба) тарихи деректерді зерттеу және жариялау әдістерімен шұғылданатын көмекші пән, ғылыми пән ретінде Батыс Еуропада XVII ғасырда, Шығыс елдерінде XIX ғасырда, Ресейде XVIII ғасырдың II жартысынан бастап дамиды.
Археография ғылыми пән ретінде археографиялық тәжірибенің ортақтастыру негізінде қадымдап құрыла бастайды, және өзінің даму тарихында көптеген өзгерістерге ұшыраған. Ал жекелеген археографиялық дағдылардың қалыптасуы түрлі елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына байланысты жазбаша деректердің пайда болуы мен таралуына қатысты болды.Мысалы көне жылнамашылар өз заманының тарихын жазу үшін басқа да ерте құжаттарға сүйенген және олардың үзінділерін мәтіндеріне қосқан. Жылнамалардың дамуы мен көбеюіне байланысты деректерге көшірме жасау әдістері де қалыптасқан. Ресейде көшірмелер жасау XVI ғасырдың басы мен XVII ғасырда дамиды. Ресейде археографиялық дағдылардың дамуына кітап бастырушылық ісі әсер еткен. Бұндай істің алғашқы кезеңінде діни кітаптар шығарыла бастады. Басылымды дайындау барысында мәтінді дәлме-дәл көшіру және де деректерді жариялау әдістері пайда болып, дамиды.
Археография ғылымының қалыптасу тарихына шолу жасайтын болсақ, ол ХІХ ғасырдан бастау алғанын көреміз. Айталық XIX ғасырда граф Н.П.Румянцев құжаттарды тек қана шығарып қойған жоқ, сонымен қатар Ресейдегі және шетелдегі тарихи материалдарды жинауға атсалысты.
Европада ұлттық қозғалыс ірі мемлекеттерде бірде қоғам (мысалы, Германияда), бірде өкіметтік ұйымдар (мысалы, Франция, сәл кейінірек Англияда) арнайы тарихи құжаттарды шығаратын ұйымдар ашылды. Ресейде тарихи құжаттарды жинау және жариялау мақсатында 1834 жылы Археографиялық комиссия құрылды. Ал XIX ғасырдың 50-60 жылдары революциялық қозғалыстары өрлеген кезде, XVIII ғасырда мәлім болмаған оқиғалардың барлығын енді өкімет өзінің қолына алып, орыс тарихының жаңа кезеңіне тән құжаттарды шығара бастады. 1866 жылы орыс тарихи қоғамы құрылып, 148 томдық дипломатиялық қатынастарға арналған жинақ шығарды.
Ресей зерттеушілері археография ғылымының қалыптасу тарихын төрт кезеңге бөледі:
І. ХІ-ХІІ ғасырлардан бастап – ХҮІІІ ғ. – эвристикалық кезең, яғни, бұл кезеңде құжаттар жинақтала басталды..
ІІ. ХҮІІІ ғ. – археография қосалқы тарихи пәндер ретінде қалыптасты.
ІІІ. ХІХ ғасырдың бірінші ширегі – “археография” терминінің пайда болуы және ғылыми пән ретінде қалыптасуы.
ІҮ. ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басы – археография нақты ғылыми пән ретінде қалыптасты [8,22б].
XVIII ғасырдағы Археография. XVIII ғасырда құжаттарды жариялау кең етек алды. Басында олар саяси және практикалық мақсатта жарияланды. Уақыт келе құжаттар ғылыми зерттеу мақсатында да жариялана бастады.
Орыс тарихнамасы мен археографияның дамуында Татищевтің рөлі үлкен. Өзінің «История Российская с самых древнейших времен» еңбегінде ол қолданылған деректерге әсіресе жылнамаларға назар аудартты. Зерттеудің критикалық және деректерді басылымға шығарудың жолын айқындады.
1760 жылы Ғылым академиясы жылнамалар басылымы: Иван Барков дайындаған- Кенинсбергтік; А.Л. Шлецер мен Семен Башилов дайындаған- Никовловтың 1 бөлімінде екі бағыт айқындалды: критикалық және деректі дәлме-дәл жариялау жолы. Бұл әдістердің өзіндік жақсы және кері жақтары болды.Осындай әдістер тарихи-заңгерлік деректерді жариялаған «Русская правда» және 1550жылғы «Современник» басылымдарында қолданылды.
Басылымға шығатын деректің мәтінін жазуда критикалық әдістің қолданылуы , ескертпелер, алғысөздер, кей кезде жолкөрсеткіштердің құрастырылуы жарияланған құжаттың кең қолданысқа түсуін қамтамассыз етті. Шлецердің Никонов жылнамасын басылымға дайындау барысында қолданған мәтінді дәлме-дәл жариялау әдісі де үлкен қызығушылықты тудырды, өйткені ол мәтінді деректе жазылған сөзбе-сөз түрінде жарыққа шығарды.
XVIII ғасырда деректерді жүйелі түрде іздеу және жинау процессі мына тарихи есімдермен байланысты: Петр I, В.Н. Татищев, Г.Ф. Миллер, М.М. Щербатов, Н.И. Новиков, И.И. Голиков және тағы басқалары. Бұл істе көп жұмысты Г.Ф. Миллер атқарды, ол оң жыл ішінде Берингтің екінші Камчатка экспедициясында көптеген құнды деректер жинады. Оның жұмысына Татищевтің «История Российская», Степен кітабын және де басқа деректерді, Н.Н. Бантыш-Каменскиймен бірігіп шығарған дипломатиялық деректерін жатқызуға болады.
М.В. Ломоносовтың түрлі ғылым салаларына сонымен қатар тарих ғылымына қосқан үлесі зор. Өзінің «Древняя Российская история» еңбегінде ол отан тарихының кейбір жаңа көзқарастарынан асып түсті. Оның отан және шетел деректеріне деген критикалық көзқарасы да маңызды.
Орыс археографиясының даму жолында үлкен орынды Н.И. Новиковтың басылымдық қызметі алуда. Ол даярлаған екі басылымында да «Древняя российская вивлиолики» еңбегінде көптеген құнды және әркилы деректер, соның ішінде акт материалдары да кең қолданысқа енгізілді. Аса назарды көптеген археографтар қолданған оның басылымға даярлау ережелері аудартқан. Бұл археографияның тарихи қосалқы пән болып дамуының айқын көрінісі.
Орыс археографиясының дамуына И.И. Галиков те үлес қосқан. Ол дайындаған құжаттар басылымы «Деяния Петра Великого» құжаттар базасын кеңейтті. Бұл дүниелермен тек қана оның замандастары қолданып қоймай, А.С. Пушкин, В.Г. Белинский зерттеп, олармен қазіргі таңда да қолдануда. Н.И. Новиковтың құжаттарды басылымға даярлау ережелерін қолданған М.И Голиков ереженің жекелеген баптарын дамытты.
Алдыңғы тәжірибені қолдана білген XVIII ғасыр археографтары хабарлама, тарихи-заңгерлік, акт деректерін жариялау әдістерін тануы XIX ғасыр археографиясының дамуына ерекше негіз болды.
