- •Модуль 1. Археография тарихы
- •Кіріспе. Археография туралы жалпы түсінік. 1- сағат.
- •Археографияның қалыптасу тарихы. Революцияға дейінгі археография.1- сағат.
- •XIX ғасырдың I жартысындағы Археография (1800-1860)
- •XIX ғасырдың II жартысындағы Археография
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Археография
- •Кеңестік кезеңдегі Қазақстан археографиясы. 1- сағат.
- •Тәуелсіз Қазақстан археографиясы 2- сағат.
- •1. Ресей Федерациясы
- •2. Қытай халық республикасы.
- •3. Монғолия.
- •4. Қырғыстан республикасы
- •5. Туркия республикасы Стамбул қаласында жургізілген архе-ографиялық ісспардың атқарған жұмыстары. (11 - 25 желтоқсан 2004 ж.)
- •6. Швейцария
- •Модуль 2. Археографияның теориялық-әдістемелік негіздері
- •Археографияда ғылыми басылым түсінігі 1- сағат.
- •Басылымның функциялары. 1- сағат.
- •Басылымдарды жіктеу. 1- сағат.
- •Құжаттық басылымдарды даярлау әдістемесі. 2-сағат.
- •Құжаттарды анықтау
- •Басылым үшін құжаттарды іріктеу. 1-сағат.
- •Модуль 3. Қолданбалы археография
- •Құжаттардың археографиялық безеңдірілуі. 1-сағат.
- •1509 Г. Февраля 9. – Судная грамота («вырок») вел. Кн. Лит. И кор. Пол. Жигимонта 1...
- •1509 Г. Августа 27. – Уставная подтвердительная грамота («подтверженье») вел. Кн. Лит. И кор. Пол. Жигимонта 1 мещанам г. Плолцка на магдебургское право
- •1892 Ж. 12 мамыр – «Минский листок» газетінің Минск қаласында салтанатты конки ашылуы туралы хабарынан
- •1660 Ж. 4 қазан – 1661 ж. 27 шілде. – Қару-жарақ палатасының кіріс-шығыс кітабынан. – Белорусстық оюшыларға піл сүйегін босату туралы
- •1676 Ж. 9 сәуір – 11 тамыз. – Смоленск қ. Кеден кітабынан. – витебскілік мыташы Провония мен шляхтич а. Кисельге поташ сату туралы жазба
- •1905 Ж., мамырдың 10-ы. – Минск губерниялық жандарм басқармасы бастығы көмекшісінің Полиция департаментіне Речицкий у. Лоев мекенінде 1 мамырға арналған прокламациялардың таратылуы туралы хабарламасы
- •1981 Ж., ақпанның 23-і (10). – Витебск – Орша – Могилев – Гомель шептері бойынша неміс басқыншыларына қарсы қорғанысты ұйымдастыру туралы главкозап бұйрығы
- •Баян (бақылау – анықтамалық мәліметтер)
- •Құжаттардың мәтінін таңдап алу және беру. 2-сағат.
- •Құжаттардың мәтінін берудегі мәтіндік түсініктемелер. 2-сағат
- •Ғылыми – анықтамалық аппарат және оның маңызы. 1-сағат
- •Хроника, оның міңдеттері, құрамы 1-сағат
- •Ескертпелер және түсініктемелер. Көрсеткіштер. 2-сағат
- •Терминологиялық сөздік, оның міңдеттері. Қысқартылған тізім. 2-сағат
- •Археографиялықбелгілер 1-сағат
- •Құжаттарды жүйелеу, оның бағытталуы және маңызы. 1-сағат
- •Құжаттар жинағы қолжазбасының баспаға дайындығы. 1- сағат.
- •Редакциялық–баспалық процесс. 1-сағат
- •1. Дайындық жұмысы
- •1. 1. Библиографиялық тізім құрастыру, әдебиеттерді зерттеу
- •1. 2. Құжаттарды жарыққа шығару көздерін анықтау
- •1. 3. Проспект-жоспар құрастыру
- •1. 4. Құжаттарды іздеп табу
- •2. Кинофотофоноқұжаттарды іздеп табу
- •3. Құжаттарды жарияланымға іріктеу
- •3. 1. Құжаттарды баспаға іріктеудің негізгі қағидалары
- •3. 2. Тұлғаның құжаттарын басылымға іріктеу
- •3. 3. Мерзімді басылымдарда жарияланған құжаттарды іріктеу
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Құжаттар жинағы қолжазбасының баспаға дайындығы. 1- сағат.
Дәріс мақсаты: Құжаттардың археографиялық безендірілудің ерешеліктерін ашып көрсету.
Тірек сөздер: Құжаттарды жүйелеу, құжаттарды топтау
Негізгі қарастырылатын мәселелер және қысқаша мазмұны:
1. Құжаттарды жүйелеу, оның бағытталуы және маңызы.
2. Археографиялық басылымның құрылымы.
3. Басылым элементтерінің құрамы.
4. Құжаттарды топтау принциптері.
Деректі басылым құрылымы деректі жарияланым типіне, түріне, нысанына, жарияланып отырған құжаттардың тақырыбы мен сипатына байланысты болады.
Бір томдық ғылыми типтегі басылымдарда алғысөз (тарихи және археграфиялық бөлімдер), құжат мәтіндері, мәтінге не мазмұнына байланысты ескертулер, сілтемелер, қысқартулар тізімі, жарияланып отырған дереккөздер тізімімен бірге мазмұны қамтылады. Оқиғалар хроникасы, библиография және қосымшалардың қосылуы әр жинақ үшін жеке шешіледі.
Көп томды немесе сериялық басылымдар үшін бірінші том барлық басылым үшін ортақ кіріспені қамтиды.
Басылымда арнайы том болған жағдайда серияға енген жекелеген томдардың бөлімдері жинақталады. Бұл жағдайда том алғы сөзден, құжат мәтіндерінен, мәтін мен мазмұнына байланысты ескертулерден, қосымшалардан, қысқартулар тізімінен, сілтемелерден, қысқартылған сөздердің тізімінен, жарияланып отырған құжаттар тізімінен, мазмұнынан құралады.
Ғылыми-көпшілік типтегі деректі жинақтар алғы сөзден, құжат мәтіндерінен, мәтін мен мазмұнына байланысты ескертулерден, сілтемелерден, қысқартылған сөздердің тізімінен, мазмұнынан құралады.
Оқу типтегі деректі жинақтар қысқаша алғы сөзден, бөлімдерге, сабақ тақырыптарына, құжат топтарына немесе жекелеген тарихи дереккөздерге түсініктеме мәтіндерден, құжат мәтіндерінен, мәтін мен мазмұнына байланысты ескертулерден, терминологиялық сөздік пен ұсынылатын библиографиядан, мазмұны және жарияланып отырған дерекөздер тізімінен құралады.
Ғылыми-көпшілік және оқу типтегі жинақтарға ғылыми-ақпараттық аппаратты (көрсеткіштер, хроника) және олардың орналасуы құжаттардың тақырыбы мен сипатына байланысты болады.
Өлкетану мазмұнындағы басылымдар есімдер, географиялық атаулар көрсеткішін, библиографияны қамтуы тиіс.
Құжаттар басылымының жекелеген бөлімдері келесі тәртіпте орналасады: алғы сөз, құжат мәтіндері, қосымшалар, қысқартулар тізімі, мазмұны бойынша ескертулер, хроника, көрсеткіштер, пайдаланылған дереккөздер тізімі, библиография, безендірулер тізімі, жарияланған құжаттар тізімі, мазмұны.
2 параграф. Құжаттарды жүйелеу
Жарияланымда құжаттарды жүйелеу басылым тақырыбы, құжаттар құрамы мен сипатына байланысты жүзеге асады. Құжаттарды жүйелеудің келесі түрлері бар: хоронологиялық, тақырыптық, географиялық, номиналдық (құжат түрлері бойынша), авторлық және тілшілік.
Жинақтағы құжаттарды жүйелеу бірнеше белгілері бойынша жүзеге асуы мүмкін (тақырыптық-хронологиялық, номиналды-хронологиялық тағы сол сияқты)
Құжаттарды жүйелеу принциптері басылымның жоспар-проспектісінде анықталады.
Басылымда құжаттарды орналастыру реттік нөмірмен бекітіледі.
223. Басылымды хронологиялық құру кезінде қатаң хронологиядан ауытқу келесі жағдайларда болуы мүмкін:
құжат кезеңді жалпылау сипатаммасына ие болса, ол кезеңге байланысты құжаттар тобының басында орналасуы мүмкін;
әр түрлі, бірақ хронолиялық жағынан жақын бірнеше құжат бір оқиғаға қатысты болса, олар бір топтық атаумен берілуі мүмкін;
құжаттың құрылуы мен қарастырылу уақыты сәйкес келмесе.
Хронологиядан ауытқудың барлық жағдайлары ескертуде немесе алғы сөзде өрсетілуі керек.
Жинақты тақырыптық құру барысында бірқатар мәселелерге байланысты жалпылама құжаттар кездескен жағдайда, бөлімдерге жіктелуі мүмкін.
Қол қойылу, қабылдау немесе бекіту мерзіміне байланысты уақыты көрсетілген іс жүргізу құжаттары осы уақытына байланысты орналасады.
Қаулыларға материалдар – сөйлеген сөздер мен баяндамалардың стенограммалары, баяндама тезистері, отырыстарда, кеңестерде қарастырылған басқа да құжаттар оларды қарастырған мерзім бойынша беріледі.
Уақыты көрсетілмеген статистикалық кестелерге мазмұнына қарай уақыт белгіленіп, сол уақыт бойынша орналасады.
Мекемеге келіп түскен немесе бекіту уақыты ғана бар статистикалық кестелер сол уақыт бойынша орналасады.
Уақыты белгіленген мұрағаттық құжаттар бойынша дайындалған статистикалық кестелер осы құжаттардың соңғы мерзіміне қарай мерзімделіп, алғашқы күні бойынша орналасады.
Қорытынды статистикалық деректер әр бөлімнің соңында уақытына байланысты орналаса береді.
Қандай бір уақыт аралығында құрастырылған құжаттар басылымда біртұтас құжат болып жинақталған соңғы мерзім бойынша орналасады, егер әр жазба жекелеген мәнге ие болса, онда алғашқы күні бойынша орналасуы мүмкін (мысалы, күнделік, әскери қимылдар журналы, тарихи формулярлар).
Айы немесе жылы ғана көрсетілген құжаттар, уақыттың сәйкес аралығының соңында, нақты мерзімделген құжаттардан кейін орналасады. Егер құжаттың шамамен бірнеше күн, ай немесе жылға сай мерзімі анықталса, мұндай құжаттар бастапқы мерзімі бойынша нақты мерзімделген құжаттардан кейін орналасады.
Шамамен бір күнде мерзімделген құжаттар келесі тәртіпте орналасады: 25 тамыздан бұрын, 25 тамыздан кейін емес, 25 тамыз, 25 тамыздан бұрын емес, 25 тамыздан кейін.
Егер де құжаттар күні жағдаяттың күнімен сәйкес келмесе, онда тақырыптық құжаттар тобы барысында ғылыми-көпшілік және оқу басылымдарда, мүмкін жағдайлар күні бойынша құжаттар, археографиялық алғысөздермен ескертілген болуы керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Құжаттарды жүйелеу, оның бағытталуы және маңызын анықтау.
2. Археографиялық басылымның құрылымын көрсету.
3. Басылым элементтерінің құрамын анықтау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Валк С.Н. Советская археография. Москва.,1948. 243с.
2. Добрушкин Е.М. Основы археографии, Москва., 1992. І раздел. С. 7-26.
3. Козлов В.П. Русская археография конца ХVІІІ-первой четверти ХІХ века //
Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора историчес-
ких наук. С. 3-48.
5. Эпштейн Д.М. История археографии в дореволюционной России.
Москва., 1977.
6. Королев Г.И. Археография. Москва., 1996. 256с.
ДӘРІС- 30
