- •Модуль 1. Археография тарихы
- •Кіріспе. Археография туралы жалпы түсінік. 1- сағат.
- •Археографияның қалыптасу тарихы. Революцияға дейінгі археография.1- сағат.
- •XIX ғасырдың I жартысындағы Археография (1800-1860)
- •XIX ғасырдың II жартысындағы Археография
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Археография
- •Кеңестік кезеңдегі Қазақстан археографиясы. 1- сағат.
- •Тәуелсіз Қазақстан археографиясы 2- сағат.
- •1. Ресей Федерациясы
- •2. Қытай халық республикасы.
- •3. Монғолия.
- •4. Қырғыстан республикасы
- •5. Туркия республикасы Стамбул қаласында жургізілген архе-ографиялық ісспардың атқарған жұмыстары. (11 - 25 желтоқсан 2004 ж.)
- •6. Швейцария
- •Модуль 2. Археографияның теориялық-әдістемелік негіздері
- •Археографияда ғылыми басылым түсінігі 1- сағат.
- •Басылымның функциялары. 1- сағат.
- •Басылымдарды жіктеу. 1- сағат.
- •Құжаттық басылымдарды даярлау әдістемесі. 2-сағат.
- •Құжаттарды анықтау
- •Басылым үшін құжаттарды іріктеу. 1-сағат.
- •Модуль 3. Қолданбалы археография
- •Құжаттардың археографиялық безеңдірілуі. 1-сағат.
- •1509 Г. Февраля 9. – Судная грамота («вырок») вел. Кн. Лит. И кор. Пол. Жигимонта 1...
- •1509 Г. Августа 27. – Уставная подтвердительная грамота («подтверженье») вел. Кн. Лит. И кор. Пол. Жигимонта 1 мещанам г. Плолцка на магдебургское право
- •1892 Ж. 12 мамыр – «Минский листок» газетінің Минск қаласында салтанатты конки ашылуы туралы хабарынан
- •1660 Ж. 4 қазан – 1661 ж. 27 шілде. – Қару-жарақ палатасының кіріс-шығыс кітабынан. – Белорусстық оюшыларға піл сүйегін босату туралы
- •1676 Ж. 9 сәуір – 11 тамыз. – Смоленск қ. Кеден кітабынан. – витебскілік мыташы Провония мен шляхтич а. Кисельге поташ сату туралы жазба
- •1905 Ж., мамырдың 10-ы. – Минск губерниялық жандарм басқармасы бастығы көмекшісінің Полиция департаментіне Речицкий у. Лоев мекенінде 1 мамырға арналған прокламациялардың таратылуы туралы хабарламасы
- •1981 Ж., ақпанның 23-і (10). – Витебск – Орша – Могилев – Гомель шептері бойынша неміс басқыншыларына қарсы қорғанысты ұйымдастыру туралы главкозап бұйрығы
- •Баян (бақылау – анықтамалық мәліметтер)
- •Құжаттардың мәтінін таңдап алу және беру. 2-сағат.
- •Құжаттардың мәтінін берудегі мәтіндік түсініктемелер. 2-сағат
- •Ғылыми – анықтамалық аппарат және оның маңызы. 1-сағат
- •Хроника, оның міңдеттері, құрамы 1-сағат
- •Ескертпелер және түсініктемелер. Көрсеткіштер. 2-сағат
- •Терминологиялық сөздік, оның міңдеттері. Қысқартылған тізім. 2-сағат
- •Археографиялықбелгілер 1-сағат
- •Құжаттарды жүйелеу, оның бағытталуы және маңызы. 1-сағат
- •Құжаттар жинағы қолжазбасының баспаға дайындығы. 1- сағат.
- •Редакциялық–баспалық процесс. 1-сағат
- •1. Дайындық жұмысы
- •1. 1. Библиографиялық тізім құрастыру, әдебиеттерді зерттеу
- •1. 2. Құжаттарды жарыққа шығару көздерін анықтау
- •1. 3. Проспект-жоспар құрастыру
- •1. 4. Құжаттарды іздеп табу
- •2. Кинофотофоноқұжаттарды іздеп табу
- •3. Құжаттарды жарияланымға іріктеу
- •3. 1. Құжаттарды баспаға іріктеудің негізгі қағидалары
- •3. 2. Тұлғаның құжаттарын басылымға іріктеу
- •3. 3. Мерзімді басылымдарда жарияланған құжаттарды іріктеу
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1981 Ж., ақпанның 23-і (10). – Витебск – Орша – Могилев – Гомель шептері бойынша неміс басқыншыларына қарсы қорғанысты ұйымдастыру туралы главкозап бұйрығы
(Из истории установления Советской власти в Белоруссии и образования БССР: Документы и материалы по истории Белоруссии. Мн., 1954. Т. ІУ. С. 382)
Құжаттардың датасы болмаған жағдайда археограф оны дереккөзтанушылық талдау жолымен: мазмұнына, жауап хатқа, осы құжат аталатын басқа да деректерді қатыстыра қарап, конвертіндегі мөртаңбасы бойынша және басқа тәсілдермен белгілейді. Құжат датасын нақты анықтау мүмкін болмаған жағдайда дата жобамен көрсетіледі: «ертерек», «ерте емес», «кейінірек», «кейін емес», «шамамен», «ерте емес – кейін емес», т.б. Даталауды негіздеу мәтінге түсініктемеде, кейде – датаны белгілеу үшін пайдаланылған құжаттарды іздеу дерегі көрсетіліп мазмұны бойынша түсініктемеде беріледі:
1506 ж., желтоқсанның 30-ы. – Королева Елизавета Иоанновнаның Ильиничтегі могилевтік боярларға: оларды панцыр қызметінен басқа барлық міндеткерліктер мен салықтардан босататыны туралы грамотасы (растау)
[түсініктеме]: ХVП ғасыр тізіміндегі бұл грамота Могилев семинариясының кітапханасында сақтаулы тұр. Осы кезеңде князь Михаил Глинскийдің әлі де Литвада болғанын ескерсек, ол сөзсіз тоғызыншы индикт болған 1506 жылы жазылуы мүмкін: өйткені оның Ресейге қазіргі жыл санау бойынша келесі, 1507 жылдың басында ауысқаны белгілі.
(Белорусский архив древних грамот. М., 1824. Ч. 1. С. 7–8)
[ХVП ғ. І жартысы]* – Могилев воевод. Старокоты с. шаруаларының кн. Л. Сапегеге осы село лавнигінің өздеріне жасаған қаталдығына шағымы
* Кн. Л. Сапеги қайтыс болған жыл бойынша даталанып отыр.
(Социально-политическая борьба народных масс Белоруссии. Конец ХІV в. – 1648 г. Мн., 1988. Т. 1. С. 277)
«Змаганне» белорус шаруа-жұмысшы елшіліктер клубының елшісі И. Дворчаниннің үкіметтің белорус баспасөзін қудалайтыны туралы сеймде сөйлеген сөзі
1929 ж. 27 желтоқсанына дейін*
* Виленск воеводалық басқармасы қауіпсіздік бөлімінің Виленск аймақтық сотына И. С. Дворчанин сөзінің мәтінін тапқандары жайлы жолдаған қатынасы негізінде даталанды.
(Борьба трудящихся Западной Белоруссии за социальное и национальное освобождение и воссоединение с БССР. Т. 2. С. 66)
Даталанбаған үнпарақтар (листовкалар) олардың таралу мерзімі немесе билік органдары және басқарманың (егер сөз жасырын жағдайда шығарылған үнпарақ жайлы болса) қолына түскен мерзімі бойынша даталануы мүмкін.
Құжат жазылған орын тақырыптың астында, сол жағынан датамен бір қатарда көрсетіледі. Ресми емес құжаттарда ол құжат мәтінінде келтірілген-келтірілмегеніне қарамастан, тақырыпта көрсетіледі. Егер автордың жазуында оның тұрақты мекенжайы көрсетілген болса (мысалы, минскілік губернатор, т.б.), бұл жағдайда тақырыпта құжаттың жасалған орынын көрсетпесе де болады. Географиялық атаулар тақырыпта өздерінің тақырыптық формасында келтіріледі: Вильна, Вильня, Вильно (1939 ж. дейін); Вильнюс (1939 ж. кейін); Менск, Менеск (ХVШ ғ. аяғына дейін), Минск (ХІХ – ХХ ғғ.), Менск (1920-жылдары), т.б.
БК(б)П ОК-не БК(б)П Полесье жасырын обкомының хатшысы И. Д. Ветровтың партизан кадрларын, әскери әрекеттерді таңдап алу және 1943 ж. 1 тамызынан 1 қарашаға дейін партизандар арасында көпшілік-саяси жұмыстардың жүргізілуі туралы баяндаухатынан
Полесье 5 қараша 1943 ж.
(Всенародное партизанское движение в Белоруссии в годы Великой Отечественной войны. Т. 2. Кн. 2. С. 407)
Ғылыми типтегі басылымдардың тақырыптарында, егер бар болса құжаттың іс қағаздарын тіркеу нөмірі көрсетіледі. Қор бойынша жарияланымдар мен басылымдарда іс қағаздарын жүргізу нөмірінің көрсетілуі міндетті болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Археографиялық безендірілудің кезеңдерін анықтаңыз?
2. Жарияланатын құжаттың тақырыпшасы, оның міңдеттері, элементтер құрамы, орналастыру тәртібін көрсетіңіз?
3. Қысқартылған және топтастырылған тақырыпшалардың ерекшеліктерін анықтаңыз?
4. Авторлық тақырыпша ерекшелігін көрсетіңіз?
5. Баян (бақылау – анықтамалық мәліметтер), оның міңдеттері, құрамы, орналастыру жерін анықтау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Валк С.Н. Советская археография. Москва.,1948. 243с.
2. Добрушкин Е.М. Основы археографии, Москва., 1992. І раздел. С. 7-26.
3. Козлов В.П. Русская археография конца ХVІІІ-первой четверти ХІХ века //
Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора историчес-
ких наук. С. 3-48.
5. Эпштейн Д.М. История археографии в дореволюционной России.
Москва., 1977.
6. Королев Г.И. Археография. Москва., 1996. 256с.
ДӘРІС-16
