- •Модуль 1. Археография тарихы
- •Кіріспе. Археография туралы жалпы түсінік. 1- сағат.
- •Археографияның қалыптасу тарихы. Революцияға дейінгі археография.1- сағат.
- •XIX ғасырдың I жартысындағы Археография (1800-1860)
- •XIX ғасырдың II жартысындағы Археография
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Археография
- •Кеңестік кезеңдегі Қазақстан археографиясы. 1- сағат.
- •Тәуелсіз Қазақстан археографиясы 2- сағат.
- •1. Ресей Федерациясы
- •2. Қытай халық республикасы.
- •3. Монғолия.
- •4. Қырғыстан республикасы
- •5. Туркия республикасы Стамбул қаласында жургізілген архе-ографиялық ісспардың атқарған жұмыстары. (11 - 25 желтоқсан 2004 ж.)
- •6. Швейцария
- •Модуль 2. Археографияның теориялық-әдістемелік негіздері
- •Археографияда ғылыми басылым түсінігі 1- сағат.
- •Басылымның функциялары. 1- сағат.
- •Басылымдарды жіктеу. 1- сағат.
- •Құжаттық басылымдарды даярлау әдістемесі. 2-сағат.
- •Құжаттарды анықтау
- •Басылым үшін құжаттарды іріктеу. 1-сағат.
- •Модуль 3. Қолданбалы археография
- •Құжаттардың археографиялық безеңдірілуі. 1-сағат.
- •1509 Г. Февраля 9. – Судная грамота («вырок») вел. Кн. Лит. И кор. Пол. Жигимонта 1...
- •1509 Г. Августа 27. – Уставная подтвердительная грамота («подтверженье») вел. Кн. Лит. И кор. Пол. Жигимонта 1 мещанам г. Плолцка на магдебургское право
- •1892 Ж. 12 мамыр – «Минский листок» газетінің Минск қаласында салтанатты конки ашылуы туралы хабарынан
- •1660 Ж. 4 қазан – 1661 ж. 27 шілде. – Қару-жарақ палатасының кіріс-шығыс кітабынан. – Белорусстық оюшыларға піл сүйегін босату туралы
- •1676 Ж. 9 сәуір – 11 тамыз. – Смоленск қ. Кеден кітабынан. – витебскілік мыташы Провония мен шляхтич а. Кисельге поташ сату туралы жазба
- •1905 Ж., мамырдың 10-ы. – Минск губерниялық жандарм басқармасы бастығы көмекшісінің Полиция департаментіне Речицкий у. Лоев мекенінде 1 мамырға арналған прокламациялардың таратылуы туралы хабарламасы
- •1981 Ж., ақпанның 23-і (10). – Витебск – Орша – Могилев – Гомель шептері бойынша неміс басқыншыларына қарсы қорғанысты ұйымдастыру туралы главкозап бұйрығы
- •Баян (бақылау – анықтамалық мәліметтер)
- •Құжаттардың мәтінін таңдап алу және беру. 2-сағат.
- •Құжаттардың мәтінін берудегі мәтіндік түсініктемелер. 2-сағат
- •Ғылыми – анықтамалық аппарат және оның маңызы. 1-сағат
- •Хроника, оның міңдеттері, құрамы 1-сағат
- •Ескертпелер және түсініктемелер. Көрсеткіштер. 2-сағат
- •Терминологиялық сөздік, оның міңдеттері. Қысқартылған тізім. 2-сағат
- •Археографиялықбелгілер 1-сағат
- •Құжаттарды жүйелеу, оның бағытталуы және маңызы. 1-сағат
- •Құжаттар жинағы қолжазбасының баспаға дайындығы. 1- сағат.
- •Редакциялық–баспалық процесс. 1-сағат
- •1. Дайындық жұмысы
- •1. 1. Библиографиялық тізім құрастыру, әдебиеттерді зерттеу
- •1. 2. Құжаттарды жарыққа шығару көздерін анықтау
- •1. 3. Проспект-жоспар құрастыру
- •1. 4. Құжаттарды іздеп табу
- •2. Кинофотофоноқұжаттарды іздеп табу
- •3. Құжаттарды жарияланымға іріктеу
- •3. 1. Құжаттарды баспаға іріктеудің негізгі қағидалары
- •3. 2. Тұлғаның құжаттарын басылымға іріктеу
- •3. 3. Мерзімді басылымдарда жарияланған құжаттарды іріктеу
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Ресей Федерациясы
Новосибирск, Абакан, Минусинск, Кызыл қалаларында жұргізілген археографиялық экспедициялардың атқарған жұмыстары. (14 шілде - 07 тамыз 2004 ж.)
Қазақтың байырғы ата-бабалары Түрік елі дәуірінің тарихы мен мәдениетіне тиесілі мұраларды зерттеу, олардың біртұтас тарихи-деректанулық қорын құру мақсатында, оның ғылыми танымдық айналымын, колданыс өрісін кенейту үшін арнайы археографиялық экспедиция жасақталды.
Осы бағдарламаны нақты жүзеге асырудың ең қарымды қадамдарының бірі ретінде қазіргі Ресей Федерациясының Новосибирск, Абакан, Минусинск, Кызыл қалаларында және басқа да жерлерде сақтаулы тұрған көне түрік өркениетінің кайталанбас артефактілері болып табылатын Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне байланысты бітіктас, ескерткіш-кешен, тас мүсін, балбал, қала қорған, т. б. құндылықтары туралы ғылыми-академиялық жинағын дайындап, жарыққа шығару көзделіп отыр.
Ресей Федерациясындағы аталмыш материалдар тарихи хронологиялық тұрғыдан Түрік елі, Ұйғыр, Қырғыз қағандығы дәуірін қамтиды. Олардың Қазақстанның тарихы мен мәдениетін ғылыми зерде деңгейінде сараптауда, отандық түркітану саласын әлемдік озық үлгімен жандандыра түсуде де танымдық тағылымы мен практикалық маңызы айырықша. Енисей көне түрік бітіктас, ескерткіштері жайында қажетті материалдарды жинастыру, көне түрік дәуірлеріндегі ескерткіштерді археографиялық тұрғыдан саралап тексеру, палеографиялық, мәтіндік талдау жасау, тас мүсіндер мен қорған кешендерді зерттеу Ресей Федерациясында жүргізілген археографиялық экспедицияның негізгі мақсаты болды.
"Енисей ескерткіштері" археографиялық экспедицияның жол бағыты Ресей Федерациясының Новосибирск қаласы - Хакасия Республикасының Абакан қаласы — Красноярск өлкесінің Минусинск қаласы - Тува Республикасының Қызыл қаласы бойынша жүргізілді. Зерттеушілер Новосибирск қаласындағы Археология және этнография институтының арнайы мұражайы, Минусинск қаласындағы Н.М. Мартьянов атындағы өлкетану мұражайы, Алдан-Маадыр атындағы Тува республикалық мұражайы және Тува мен Хакасияның далалы аймақтарында ашық аспан астында сақталынған бітіктастардағы мәтін жазбаларды көшіру, эстампаждық нұсқаларын алу, калькалау, фотосуретке түсіру, архитектуралық өлшемін жасау және ескерткіштердің сақталу уақыты мен дәрежесін зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл ретте жүргізілген археографиялық экспедиция барысында Енисей көне түрік бітіктас ескерткіштеріне байланысты 796 экспонат пен ескерткіштер зерттеліп, 1400 фотокадр түсірілді, 500 дана фотоцифрлық сурет алынды, 510 архитектуралық сызба суреттер салынды, 180 минуттық бейнематериал түсірілді. Енисей өзені бойындағы 185 дана көне түрік бітіктас, ескерткіштеріндегі мәтіндерінің археографиялық әдістемелерге негізделген графикалық, таңбальқ көшірмелері жасалынды, мәтіндердің кейбір күнгірт тұстары жаңаша айқындалды.
Қазан қаласында жүргізілген археографиялық іссапардың атқарған жұмыстары (22 қараша - 4 желтоқсан 2004 ж.)
Осы ғылыми іссапардың мақсаты Қазан қаласындағы кітапханалардың қолжазба және сирек кітаптар бөлімдерінде сақталған түрік тілді қолжазбаларын кешенді түрде зерттеу, деректанулық материалдарды жинастыру, археографиялық талдау жасау болды.
Қазан Университетінің жанындағы Н. И. Лобачевский атыңдағы ғылыми кітапхананың қол-жазбалар мен сирек кітаптар бөлімі.
Аталмыш ғылыми кітапхана-200 жыл болған ірі ғылыми ошақтардың бірі. Кітап қоры бойынша бұрынғы Кеңес одағы көлемінде 4-орын алады. Осы уақытқа дейін кітапхана қорына дүние жүзінен ерекше бағалы сирек кітаптар мен қолжазба байлықтары жиналған.
Қолжазбалар мен сирек кітаптар бөлімінде 15000-нан астам дүние жүзі тілдеріндегі қолжазбалар, сонымен қатар, сирек кітаптардың 3000-нан астам нұсқасы сақталынып келеді. Қолжазбалардың көпшілігі XVI "ғасырдың аяғы XVII ғасырдың басында хатталып жазылған, мазмұндық жағынан тарих, әдебиет, фольклор, рухани саладағы шығармалар. Қолжазба корының азда-ған бөлігі жекелеген ізденушілердің макалаларында көрініс тапқанымен, кешенді түрде зерттеліп каталог-кітап ретінде жарияланбаған.
Татарстан Республикасы Ұлттык кітапханасының колжазбалар мен сирек кітаптар бөлімі.
Бұл бөлім 1992 жылы кітапханадағы "Сирек кітаптар" қоры негізінде құрылған. Қор кызметкерлері жыл сайын ел арасына шығып, шығыс тілдеріндегі колжазбаларды анықтап жинақтау жұмысының арқасында, қордың жұмыс істеген аздаған уакытында 3000-нан астам колжазба жинақтаған.
Кітаптардың инвентарлық тізімін карағанда қазақ тарихынан мәлімет берер қолжазба нұскасы анықталмады, тек бір татар ақсақалының медреседе оқып жүрген баласы қазақ даласына мұсылманша бала оқытуға кетерінде ақыл айтқан хаты бар, шифры 500 т., аталуы- "Қазақ балаларын укытучы шәкерт углына атасынан хат", көшіруші - Мулла Хасан углы. 1877 март. Форматы - 11x18. 2 кгз. Казан. М. Бакировтан алынған, 1991 ж. июль.
Бөкей хан ұлы Жәңгір ханның мөрі басылған араб әрпімен жазылған қолжазбалардың бір түпнұсқасы табылды. Ол 2000 жылы Татарстан Республикасы Буй ауданынан Кәмил хазрат Бикчентаевтан табылған, шифры 401 г. (334), аталуы - "Төрле китаплардан (хәдис) кучөрма-лар", діни тақырыптағы жинақтың алғашқы және соңғы беттеріне (26, 6а, 332 беттерінде) басылыпты. 1а бетінде Печерин деген кісінің мөрі басылған.
Татарстан Ғылым академиясы Тіл білімі, әдебиет және өнер институты жанындағы қолжазбалар мен сирек кітаптар бөлімі.
Бұл бөлімде шығыс тіддерінде жазылған барлығы 6500-дей қолжазба сақтаулы түр. Қазіргі уақытта қор бірнеше фондтарға бөлінген: 39 фонд - татар (турік тілді), араб, парсы тілдеріндегі көне қолжазбалар қоры; 99 - қолжазба шежірелер; 125 - муфти, тарихшы Риза Фахретдиновтың жеке қоры; 132-араб графикасында жазылған сирек кітаптар қоры; 137- кириллицада жазылған сирек кітаптар коры.
Осы археографиялық іссапардың нәтижесінде Қазан қаласының "Қолжазба және сирек кітаптар қорлары жинақтарымен" танысып, оларда сақталған қолжазбалар туралы мәлімет беретін жекелеген мақалалардың ксерокөшірмелері алынды, патша өкіметінің қазақ хан-сұлтандарына берген бұйрьқ, жарлықтарьның цифрлық көшірмелері алынды. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы бойынша кажетті ғылыми басылымдар мен ғылыми мақалалардын ксерокөшірмелері алынды (50 дана).
