- •Модуль 1. Археография тарихы
- •Кіріспе. Археография туралы жалпы түсінік. 1- сағат.
- •Археографияның қалыптасу тарихы. Революцияға дейінгі археография.1- сағат.
- •XIX ғасырдың I жартысындағы Археография (1800-1860)
- •XIX ғасырдың II жартысындағы Археография
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Археография
- •Кеңестік кезеңдегі Қазақстан археографиясы. 1- сағат.
- •Тәуелсіз Қазақстан археографиясы 2- сағат.
- •1. Ресей Федерациясы
- •2. Қытай халық республикасы.
- •3. Монғолия.
- •4. Қырғыстан республикасы
- •5. Туркия республикасы Стамбул қаласында жургізілген архе-ографиялық ісспардың атқарған жұмыстары. (11 - 25 желтоқсан 2004 ж.)
- •6. Швейцария
- •Модуль 2. Археографияның теориялық-әдістемелік негіздері
- •Археографияда ғылыми басылым түсінігі 1- сағат.
- •Басылымның функциялары. 1- сағат.
- •Басылымдарды жіктеу. 1- сағат.
- •Құжаттық басылымдарды даярлау әдістемесі. 2-сағат.
- •Құжаттарды анықтау
- •Басылым үшін құжаттарды іріктеу. 1-сағат.
- •Модуль 3. Қолданбалы археография
- •Құжаттардың археографиялық безеңдірілуі. 1-сағат.
- •1509 Г. Февраля 9. – Судная грамота («вырок») вел. Кн. Лит. И кор. Пол. Жигимонта 1...
- •1509 Г. Августа 27. – Уставная подтвердительная грамота («подтверженье») вел. Кн. Лит. И кор. Пол. Жигимонта 1 мещанам г. Плолцка на магдебургское право
- •1892 Ж. 12 мамыр – «Минский листок» газетінің Минск қаласында салтанатты конки ашылуы туралы хабарынан
- •1660 Ж. 4 қазан – 1661 ж. 27 шілде. – Қару-жарақ палатасының кіріс-шығыс кітабынан. – Белорусстық оюшыларға піл сүйегін босату туралы
- •1676 Ж. 9 сәуір – 11 тамыз. – Смоленск қ. Кеден кітабынан. – витебскілік мыташы Провония мен шляхтич а. Кисельге поташ сату туралы жазба
- •1905 Ж., мамырдың 10-ы. – Минск губерниялық жандарм басқармасы бастығы көмекшісінің Полиция департаментіне Речицкий у. Лоев мекенінде 1 мамырға арналған прокламациялардың таратылуы туралы хабарламасы
- •1981 Ж., ақпанның 23-і (10). – Витебск – Орша – Могилев – Гомель шептері бойынша неміс басқыншыларына қарсы қорғанысты ұйымдастыру туралы главкозап бұйрығы
- •Баян (бақылау – анықтамалық мәліметтер)
- •Құжаттардың мәтінін таңдап алу және беру. 2-сағат.
- •Құжаттардың мәтінін берудегі мәтіндік түсініктемелер. 2-сағат
- •Ғылыми – анықтамалық аппарат және оның маңызы. 1-сағат
- •Хроника, оның міңдеттері, құрамы 1-сағат
- •Ескертпелер және түсініктемелер. Көрсеткіштер. 2-сағат
- •Терминологиялық сөздік, оның міңдеттері. Қысқартылған тізім. 2-сағат
- •Археографиялықбелгілер 1-сағат
- •Құжаттарды жүйелеу, оның бағытталуы және маңызы. 1-сағат
- •Құжаттар жинағы қолжазбасының баспаға дайындығы. 1- сағат.
- •Редакциялық–баспалық процесс. 1-сағат
- •1. Дайындық жұмысы
- •1. 1. Библиографиялық тізім құрастыру, әдебиеттерді зерттеу
- •1. 2. Құжаттарды жарыққа шығару көздерін анықтау
- •1. 3. Проспект-жоспар құрастыру
- •1. 4. Құжаттарды іздеп табу
- •2. Кинофотофоноқұжаттарды іздеп табу
- •3. Құжаттарды жарияланымға іріктеу
- •3. 1. Құжаттарды баспаға іріктеудің негізгі қағидалары
- •3. 2. Тұлғаның құжаттарын басылымға іріктеу
- •3. 3. Мерзімді басылымдарда жарияланған құжаттарды іріктеу
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан археографиясы. 1- сағат.
Дәріс мақсаты: Кеңестік кезеңдегі Қазақстан археографиясының ерекшеліктерін көрсету.
Тірек сөздер: Орынбор мұрағаттық ғылыми комиссия, Қазақстан зерттеу қоғамы, Партия тарихы, Орталық мемлекеттік мұрағат, ведомстволық мұрағат, рухани мұра.
Негізгі қарастырылатын мәселелер және қысқаша мазмұны:
1. Кеңестік археографияның даму ерекшеліктері
Кеңестік кезеніңдегі археография. Кеңес өкіметі кезеңінде де археография ғылымына айтарлықтай көңіл бөлінді. 1926 жылы тұрақты мұрағат комиссия археографиялық комиссиямен бірігіп тарихи археографиялық комиссия деп аталып, 1931 жылы тарихи археографиялық институт болып қайта құрылды.
КСРО кезеңінде археографиямен айналысатын негізгі үш орталық болды: КПСС ОК жанындағы марксизм-ленинизм институты, КСРО ҒА Тарих институты, КСРО Министрлер Кеңесінің жанынандағы Бас мұрағат басқармасы жүйесіндегі мұрағат ұйымдары. Мұрағаттар, мұражайлар, басқа да ғылыми мекемелер жылма-жыл көптеген тарихи құжаттарды жариялап отырды. «Исторический архив» журналында құжаттармен бірге методикалық мақалалар да жарияланды.Мәскеудің Тарих- мұрағат институты археограф мамандар әзірлеу ісімен шұғылданды. Археография ісінің кең өріс алуы тарихи деректерді жариялаудың бірыңғай ғылыми әдістерін белгілеуді қажет етті. Кеңес археографтары жинақтаған тәжірибе «Тарихи құжаттарды басып шығару ережелерінде» (1955 жыл) неғұрлым толық бейнеленген.
XX ғасырға қатысты құжаттардың жариялануына байланысты 1990 жылдардағы археографиялық жарылыс ресей қоғамының ашылғанына, ресей мұрағат қорларына жол ашылғаны ресей тарихшылары мен археографтарына өздерінің шығармашылық потенциалын қолдануға мүмкіндік берді. Мұрағат ісі мен басқа да өмір салаларын шарпыған экономикалық кризиске қарамастан бұл мүмкіндіктер барынша қолданылды.
Бірнеше бағыт бойынша ресейлік және шетел археографиясының ара-қатынасы артты. Біріншіден басылым қызметінің ұйымдастырушылық механизмі қолға алынды. Көркемдік басылым дайындықтары көптеген каналдар бойынша қаржыланды, олардың концециясы мен бағдарламасы түрлі мемлекеттердің комиссиясы, кеңестерімен, редколлегияларымен құрастырылып, қаралып, бақыланды. Екіншіден шетел археографтарының көркемдік құжаттарды даярлау мен шетел мұрағат құжаттарын пайдалануға қатысуы қамтамассыз етілді. Үшіншіден қазіргі таңда археографияда қолданылып жүрген микрофильм, микроафиша, компакт-дисклерде сақталған құжаттарға арналған технологияларды қолдану басталды.
Өткен дәрістерімізде айтып өткендей «Советские архивы», «Отечественные архивы» журналдарында 1970 – 2000 жылдары басылып шыққан археографияның тақырыбы және міндеттері жайлы дауларда тарихи дереккөздерді жариялау туралы мәселе мүлдем көтерілген жоқ немесе, басқа сөзбен айтқанда, құжаттық жарияланымдардың барлығын археографиялық жариялауға жатқызуға бола ма? Дегенмен, бұл жағдай қойылып отырған мәселенің әлі де толық анықталмағанын білдіреді. Осы уақытқа дейін, мысалы, археографияда «тарихи дереккөздердік жарияланым» ұғымын анықтауда әр түрлі тәсілдер қолданылуды. Осы күнге дейін тіпті археографияның тарихы жайлы әдебиеттерде де бір тақтаға бір жағынан өткен тарихымызды зерттеу мақсатында алынған «Декреты Советской власти», «Белорускі архіу» және т.б. басылымдар қойылса, екінші жағына тарихи ғылымның қажеттіліктерін қамтамасыз етуден алыс мақсатта алынған «Собрание узаконений и распоряжений Рабочее-крестьянского правительства РСФСР», «Собрание узаконений и распоряжений Рабочее-крестьянского правительства БССР», «Ведомости Верховного Совета БССР», «Национальный реестр правовых актов Республики Белорусь» және т.б. ресми басылымдарда жарияланып жатқан билік және басқару органдарының қаулылары мен жарлықтары қойылады.
Белоруссия археографиясының тарихында басқару немесе басқа мақсаттарда қолданылған жеделдік сипаттағы басылған құжаттармен археографиялық жарияланымдардың араласып кеткен мысалдарын кездестіруге болады. Белоруссиядағы тарихи деректерді жариялауға арналған, ақпараттық – шолу сипатындағы мақалалардың авторы құжаттарды ғылыми жариялау тізбесіне «Буревестник», «Известия Витебского совета рабочих, крестьянских и солдатских депутатаов» газеттерінде жария етілген бірақ жариялау кезінде деректер ретінде зерттеуге жатпаған құжаттарды да қосады.
Мәскеудің тарихи-мұрағаттық институтының көптеген студенттері кеңес археографиясының басында матрос-большевик Н.Г. Маркин тұрды деп тәрбиеленді. Н.Г. Маркиннің редакциясымен 1917 – 1918 жылдары құпия құжаттар жинағының 7 шығарылымы жарық көрді. Н. Г. Маркиннің редакциясымен шыққан Бірінші жарияланым – «Сборник секретных документов из архива бывшего Министерства иностранных дел» В. И. Лениннің тікелей нұсқауымен жарық көрді және жас кеңес археографиясының дамуында маңызы зор болды. Осы жарияланыммен Кеңес үкіметі бүкіл әлем алдында Еуропадағы буржуазиялық мемлекеттердің, соның ішінде Ресейдің самодержавиелік және буржуазиялық уақытша өкіметінің жасырын дипломатиясын әшкерелеп берді. Ол бірінші дүниежүзілік соғыстың империялық негізін ашты оның нағыз айыптыларын көрсетті. Сол кезде айта кету керек немқұрайды жасалған бұл жарияланым тек саяси мақсаттар үшін ғана қолданылды және ғылыми зерттеуге арналмады. Бір жыл өткеннен кейін Ковнода шыққан жарияланымда осы мақсатарды көздеді және де әшкерелеуші сипатта болды. Бұл жерде біз К. Б. Езитовтың «Белорусы и поляки: Документы и факты из истории оккупации Белорусси поляками в 1918 и 1919 гг.» деген кітабында сүйеніп отырмыз.
Археография мәселесінде догматикалық және консервативтік көзқарастың жақтаушысы, 1960 – 1980 жылдардың басына дейін Мәскеу тарихи-мұрағат институтының кафедра меңгерушісі болған профессор М.С. Селезнев осы уақытқы деәін, мысалы, археографияның зерттеу саласына жедел жарилуды да қосуды дұрыс деп есептеді. Осы көзқарасты Росархивтың қазіргі жетекшісі, корр. мүшесі В.П. Козлов та жақтайды. Ол Ресейдегі құжаттық жариланымның жүйелі дайындығының басталуын І Петрдің атымен байланыстырады. Ол археографияның теориялық негізі туралы мақаласында былай дейді: «Осы І Петр кезінде ресми құжаттарды, императордың жарлықтарын, жоғары және жергілікті билік мекемелеріннің нұсқауларын жариялау пайда болды». Бұл жағдай пікірталасқа қатысушы Б.Г: Литвак тарапынан өткір сынға алынды. Ол бұрын кеңестік археографияға тән археографиялық және археографиялық емес жарияланымдардың араласып кетуін көрді.
Сонымен құжаттарды археографиялық жариялау деген не және әртүрлі адамдармен әртүрлі уақыттарда қолданылған басқа құжаттық жарияланымдардан оның айырмашылығы неде?
Бастапқы дәрістерде айтып өткеніміздей, дәстүрлі түрде археография өзінің басты назарын өткенді шолу құжаттарына аударады. Осыны және де жарияланымның мақсатты тағайындауын ескере отырып, жарияланымды археографияның қатарына қосуға мүмкіндік беретін себептерді көрсетуге болады.
Сонымен, таным мақсатында іске асырылатын немесе өткенді тану үшін мүмкіндік туғызатын (басқару және басқа мақсаттар үшін емес) жарияланымды ареографияға жатқызуға болады. Екіншіден, жарияланатын құжат іс қағаздарын жүргізуден емес, мұрағаттан алынады (мұражай, кітапхананың қолжазба бөлімінен, жеке топтама). Үшіншіден, жариялауды тек археограф іске асырады, сонымен қатар дереккөз тек қана жаңғыртылмайды және де археографиялық рәсімдеумен, ғылыми-анықтамалық аппаратпен байытылады.
Археографиялық жарияланымды бұлай анықтау оның зерттеу назарынан осы күнге дейін кеңінен жарық көріп келген өздері өмір сүрген кездегі партия және мемлекет қайраткерлерінің «еңбектерін», «шығармаларын», «мақалалары мен баяндамаларын», сонымен қатар пар тизандардың, соғыс ардагерлері мен революционерлердің көздері тірі кездеріндегі басылған естеліктері, саяси көсемдердің, әскери адмдардың «естеліктері», «ой-толғаулары», «сырлары», әр түрлі ресми және ведомстволық басылымдардағы көптеген жеделдік жарияланымдарды алып тастайды.
Археографиялық жарияланымның басты міндеті оған кірген құжаттардың оқырмандар үшін қол жетерлік болуы.
Құжаттық жарияланымның мәні әр түрлі уақытта қалай қабылданғаны туралы біраз тоқталып кетейік. ХVІІІ ғасырдан бастап Белоруссияда, Польшада, Ресейде, Украинада құжаттарды ғылыми жариялаудың практикалық мән-мағынасын ұғына бастады. Осыны ескере отырып 1758 – 1759 жылдары «Codex diplomaticus Regni Poloniae et Magni Ducatus Lithuaniae...» атты сегіз томдық құжаттар жинағының 1 – 5 томдары жарыққа шықты (құрастырушы Матей Догель (1715–1760); 1761 – 1777 «Historiarum Poloniae et Magni Ducatus Lithuaniae scriptorium…colectio…» атты құжаттың
1 – 5 томдары басылып шықты (құрастырушы – Митцлер де Колофф (1711 – 1778).
Германиядағы таураттық экзегетиканың ірі өкілі Михаэлистің шәкірті, Ресейдегі дереккөзтану мен археографияның негізін қалаушылардың бірі Август Людвиг Шлецер (1735–1809) жылнамаларды басып шығару үшін, «Ресейдің шүбәсіз және дұрыс тарыхын» жасау мақсатында көптеген тізімдерді салыстыру қажет деп есептеген. Оның дайындаған және 1767 жылы басылып шыққан Никонов жылнамасының бірінші бөлімі өте үлкен мұқияттылығымен ерекшеленеді. Оған жазған алғы сөзінде Шлецер былай дейді: «Жылнаманың әрбір беті аз дегенде төрт реттен өзгертілді, түпнұсқамен сөзбе сөз ғана емес, әрбір әрпі салыстырылды».
Орыс археографиясының дамуына үлес қосқан келесі бір көрнекті ресейлік археограф (сонымен қатар ағартушы) Н.И. Новиков (1744 – 1818) «манускриптердің жарыққа шығуының» ғалымдр үшін үлкен пайдасы бар екенін атап көрсеткен. Құжаттарды жариялаудағы практикалық қызметінің арқасында ол Ресей археографиясында алғашқылардың бірі болып мәтіндердің нақты берілуін қажетсінетін, жарияланатын құжатқа көрсеткі, ескерту құрастыру үшін әдістемелік қорытуға көңіл бөлді. 1777 жылы жылы «Санктпетербургские ученые ведомости-дің» № 4 санында жарияланған «Көне ресейлік вивлиофиканың» шығуы туралы мақаласында былай деп жазды: «Впрочем, желали бы мы, чтобы при издании подобных сим записок, каковые составляют Древнюю россискую вивлиофику, наблюдаемо было следующее: чтобы прилагаемые были всякой части алфавитные росписи находяшимся во оной част материям, которые при книгах сего рода весьма нужны для прискивания желаемых вещей; чтобы сколько возможно делаемы были примечания на темные и невразумительные места и слова; чтобы в леточислении всегда прибавляем был год от Р.Х.; чтобы древнее правописание не было изменяемо на новое, а наипаче, чтобы ничего прибавляемо, убавляемо или поправляемо не было, но печатано было бы точно так, как обретается в подлиннике; и, наконец, чтобы означаемо было точно, откуда получен список, где находятся подлинник и каким почерком писан, старинным или новым»
А.Л. Шлецер мен оның жақтастарын мәтінде автордың берген қателерін, қолданыстан шыққан әріптерді қолдануды сақтауын, құжаттарды жариялаудағы «буквалистік» көзқарастары үшін сынай отырып, Ресейдегі археографиялық экспедицияны ұйымдастырушы П.М. Строев (1796–1876) былай деп есептеді: «тарихи қолжазбаларды жариялаудағы нағыз шындық көне әріптерді және қысқартуларды сақтауда емес, сөз бөліктерін дұрыс қолдануда жатыр». Ертедегі жазғыштар сөздерді дұрыс орналастырмай жазған, сондықтан да баспашылар сөздер мен сөйлемдерді дұрыс орналастырып, тыныс белгілері арқылы мәтінге өзіндік мазмұнын берулері керек. Осыған дәлел ретінде көптеген қолжазбалар мен жазба ескерткіштердің мәтінінен кеткен қателерді келтіруге болады. Мысалы, орыс жылнамасында Никонов тізімі бойынша, VІІ бөлім, 219 бетте «и Нагаи бы к Асторохани кочевали» дегеннің орнына «и Нагаи быка Сторохани кочевали...» деп басылып кеткен.
Сондықтан, 1817 жылы Воскресенск шіркеуінен табылған жылнаманы 1820 жылы басылымға дайындап жатып, П.М. Строев (1820–1821 жж. «Софийский временник» деген атпен 2 бөлім болып шықты) ескерткіштің мәтінін беруде Шлецер мен оның жақтастарына қарама-қарсы ғылыми-сыни әдісті қолданды. Басылымның алғысөзінде ол былай деп жазды: «Софийский Временнигін басуда мүмкіндігінше дәлдік байқалды...басылымға нақты дәлдік беру үшін мен түпнұсқаға қарсы мына нәрселерді алып тастауым керек болды: 1) қазіргі азаматтық баспада қолданылмайтын әріптерді алып тастадым, 2) титулдың астында тұрған сөздерді толықтырдым, 3) көп жерлерге тыныс белгілерін қойып шықтым және 4) көне грамматикалық формаларды, түсініксіз архаизмдерді өзгертпей, жылнамашылардың орфографиялық қателерін түзеттім».
Құжаттарды археографиялық жариялаудың мәні мен міндеттерін белорус тархшысы және археографы М.В. Довнар-Запольски (1867–1934) де анық көрсетіп берген. Варшава университетінің профессоры Ф.И. Леонтович дайындағын «Актов Литовской метрикидің» 1-ші томында ғалымның мынандай сөздері берілген: «Түпдеректің археографияға қатысты басылымы біздің пікірімізше үш мақсатты көздеуі керек: біріншіден, басылым түпнұсқаны айна-қатесіз беруі керек; екіншіден, басылым оқырманға түпнұсқаны өзі зерттеп оқи алатындай жағдайлар жасау керек, үшіншіден, басылым – ол әлі зерттелмеген материалды тезірек тануға мүмкіндік беруі керек. Бұл жерде барлық нәрсенің мәні бар, дұрыс пунктуация, жекелеген құжаттардың тақырыбының қонымды болуы, және де археографиялық басылымның маңызды жағы, ол алғысөз, көрсеткі, топтастырылған материал және ескерту».
Археографиялық басылымдардың маңыздылығын белорус археографиясының негізін салушы И. И. Григориевич «Ежелгі грамоталардың белорусь мұрағаты» атты еңбегінің алғысөзінде көрсетеді. Ол «Мемлекеттік грамоталар және шарттардың жинағы» атты құжаттамалық басылымның граф Н. П. Румянцевтың бастамасымен жарыққа шығуы арқылы (4 томдық 1813–1828 жж.) «біздің Отанымыздың тарихы өнер қаламының күшімен жаңа тыныс алды және еңбекқор тарихшыға танымалдылық әкелді» деп көрсетті.
ХVІІІ –ХХ ғасырлардағы ресейлік, белорустық және басқа да тарихшылардың жоғарыда аталған және көптеген өзге де зерттеулерін талдау археографиялық басылым ретінде ғылыми-анықтамалық аппаратпен жабдықталған, түпнұсқа мәтініне ұқсас құжаттарды және жинақтарды танитындығын куәландырады, ол зерттеушілердің аталмыш басылыммен жұмыс істеуін жеңілдетеді.
Әрине, құжатнамалық басылымдардың пайда болуын тек тарихи ғылымның дамуымен байланыстыруға болмайды, ал ол адамзат дамуының соңғы кезеңінде қалыптасқаны белгілі. Оны кітап басу ісімен де байланыстыруға болмайды, дегенмен оның аталған істің кең етек алуына әсері болмай қалған жоқ. Құжаттарды басу ісін, біздіңше, жазудың пайда болуымен байланыстыруға болады. Көне заманнан бізге жеткен аздаған жазбаларды (таста, пергаментте, тағы да басқа материалда) кейін пайда болған, ғылыми қажеттілігін арналған тарихи, археографиялық басылымдардың бастамасы ретінде қарастыруға болады.
Ежелден құжаттарды жариялау тек практикалық мақсаттарда (саяси, идеологиялық, діни т.б.) жүзеге асырылды, бұл іс жиналған қауым алдында құжатты оқу және оларды көшіру арқылы жүргізілді. Мәселен, Полоцк моностырларындағы арнайы шеберхана-скрипторияларда кітаптарды көшіру тәжірибесі болған. ХІІ ғасырда Евфросинья Полоцкая бастамасымен құрылған бұл шеберханалар кітаптарды көшіру орталығына айналды. «Житье преподобной Евфросиньи Полоцкой» атты кітаптың көрсетуінше, Евфросиньяның өзі де кітап көшіру ісімен шұғылданған: «нача книгы писаты своими руками». Скрипториялардан шыққан кітаптар кейін бүкіл Полоцк жері және одан тыс жерлерге де таралды.
Рухани мазмұндағы жәдігерлермен қатар әдеби сипаттағы мәтіндер де көшірілді, азаматтарға таныстыру мақсатында заңнамалық актілерді де көбейтті. Құжаттарды олардың мазмұнын мағлұматқа алу және орындау және өзекті саяси мақсаттарда көшірді: әртүрлі мүліктік, сословиелік құқықтарды дәлелдеу немесе растау үшін, әрекеттерді негіздеу үшін, саяси қарсыластар әрекетін ашу үшін, т.б.
Актілік сипаттағы дереккөздерді зерттеумен айналысатын көптеген зерттеушілер де соңғы жайтқа ерекше назар аударды. Мәселен, ХVғасырдағы мәскеулік ұлы князьдардың шарттық грамоталарының түпнұсқасын және кейінірек дайындалған олардың көшірмелерін салыстырмалы талдау академик Л. В. Черепнинге соңғылардың дайындалу себебін анықтауға мүмкіндік берді: «Бұл іс мына кезде орындалды: ескі құжат соңғы уақыттағы саяси күресте өзектілікке ие болған кезде».
Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсаттында оларға да көшірме жұмыстары жүргізілді. Бұған ХVІ ғасырдың соңы мен ХVІІ ғасырдың басында Ұлы Литва князьдігінің канцлері Лев Сапеганың өкімімен Литва метрикасы ұлы князьдік канцелярияның мұрағатындағы кітаптарды көшіру ісін мысал ретінде атауға болады. Бұл тәжірибе (көне грамоталарды көшіру арқылы жаңарту) орта ғасырларда кеңінен қолданылды.
Құжаттарды басу ісін қолдану біртіндеп кең етек алуда. Ақпараттық мақсаттармен қатар анықтамалық, оқу мақсаттарындағы басылымдар пайда болуда. Соңғыларына «Вильноның орталық мұрағаты мен Вильноның көпшілік кітапханасында сақталған көне грамоталар мен актілер палеографиялық суреттерінің жинағын» (Вильно, 1884) да жатқызуға болады. Оған 1432–1548 жж. Пергаменттік және қағаз грамолардан литография көмегімен жасалған суреттердің бірқатары кірді, олар бұрын басылып шыққан немесе түпнұсқа болуы да мүмкін, сонымен қатар осындай құжаттармен архивариустар, болашақ зерттеушілер, гимназия оқытушылары мен студенттерді, т.б. жұмыс істеуге үйретуге арналды.
Алайда ғалымдарға арналған басылымдардың пайда болуымен қоғамның ретроспективті ақпараттарға деген қажеттілігін қанағаттандыруға арналған құжатнамалық басылымдар жоғалып кетпейді. Осылайша, мақсатына байланысты құжатнамалық басылымдардың екі ағымын айтуға болады, оларды шартты түрде археографиялық және археографиялық емес деп атауға болады. Олар үшін басылым нысаны ортақ, бұл құжат түр, пайда болу мерзімі, орналасу орнына (мұрағатта, ағымдағы іс жүргізуде, тұрмыстық салада т.б.) байланысты емес. Екі ағымға да ортақ тағы бір жайт – құжаттың қайта қалпына келтірілген ақпаратының болуы.
Археографиялық пен археографиялық емес басылымдар арасындағы айырмашылықтар:
Біріншіден, олар мақсатына байланысты ерекшеленеді, бұл айырмашылық құрастырушының құжаттарды басуға дайындау барысындағы жұмыс сипатын анықтайды. Кез келген археографиялық емес басылымның мақсаты – тұтынушыға баспаға берілген құжаттың мазмұнын жеткізу, құжаттың шығуы, авторының жеке басы, құжаттың пайда болу себептерін анықтауға т.б. байланысты мәліметтерге мән бермей, құжаттағы деректермен, оқиғалармен тұтынушыны таныстыру. Мысалы, бүгінгі газетте Белорусь Республикасының Президентінің кешегі сөзін басатын құрастырушының (ол Президент Әкімшілігінің қызметкері немесе газет редакциясының қызметкері де болуы мүмкін) мақсаты біреу –онда айтылған мемлекет басшысының ой-пікірлері мен қағидаларын оқырманға, яғни Белорусь азаматына, шетелдік азаматқа немесе азаматтығ жоқ тұлғаға жеткізу. Мұндай басылымнан көп нәрсені (мысалы, Президент сөзінің себептері, сөйлеген сөзінің өзге нұсқалары, оны дайындаған адамдар, мемлекет басшысының сөйлейтін сөзімен танысу барысында енгізген түзетулері туралы т.б.) білу мүмкін емес және оның мақсатына байланысты қажет те емес.
Құжатты дайындау уақыты бұл жерде үлкен рөл ойнамайды: ежелгі саяси қайраткер сөзі де археографиялық емес тұрғыдан басылуы мүмкін.
Археографиялық емес сипатта сонымен бірге көне және жаңа заңнамалық актілер де басылуы әбден мүмкін. Бірінші жағдайда ол қандай да бір оқу немесе өзге (ғылыммен байланысы жоқ) қажеттіліктерді өтеу мақсатында болса, екінші жағдайда – бұл актілерді қазіргі қоғам өміріне енгізу мақсатында. Екі жағдайда да зерттеушіге (тарихшы, заңгер, саясаттанушы т.б.) аталған басылымдармен жұмыс істеу қиын, өйткені мұнда құжаттардың өз мәтіндерінен басқа ешқандай ақпараттар, атап айтқанда, құжаттардың шығуы, оларды құрылу ерекшеліктері мен кезеңдері, құжаттарды құрастыруға қатысқан тұлғалардың әртүрлі көзқарастары туралы мәліметтер жоқ.
Көне және қазіргі заманғы заңнамалық сипаттағы актілерді баспаға дайындаудан бірнеше мысал келтірейік. 1936 жылы Ленинградта профессор И. И. Яковкин «Ұлы Литва князьдігінің заңнамалық актілері» атты құжаттар жинағын дайындап, басады. Ол тарихшы және заңгер студенттерге арналды және 20 құжаттан тұрады (толық немесе үзінділер); соның ішінде – Ұлы Литва князьдігі Статуттың үш редакциясының үзінділері 1529, 1566, 1588 жж., король Казимир Ягеллонның судебнигі 1468 ж., волок жарғылары 1557 жж. Бар. Өзге басылымдарда бұрын басылған құжаттар мәтінінен басқа аталмыш басылымда қосымша ақпарат жоқ. Алайда аталмыш басылымның мақсатын (оқу мақсатын) есепке алып, оны Белмем университетінің заң факультетінде дайындалған «Дагаворы і граматы як крыніца белорускага федальнага права: Дапаможнік для студэнтау юрыдычнага факультэта» (Мн, 2000) жұмыс сияқты археографиялық басылымдар (оқу түрі) қатарына жатқызуға болады.
1960-80 жылдары БКСР СІМ қызметкерлерінің Белорусь ҒА құқықтық ғылымдар бөлімімен бірге дайындаған екі томдық «Белорусь КСР халықаралық қатынастарда: Белорусь КСР-нің шет елдік мемлекеттермен халықаралық шарттары, конвенциялары және келісімдері (1944-1959)» (Мн, 1960); «Белорусь КСР халықаралық қатынастарда: БКСР-нің жан-жақты халықаралық шарттар, конвенциялары және келісімдері (1960-1980)» (Мн, 1983) атты құжаттар жинақтарының сипаты мүлде өзгеше. Жоғарыда қарастырылған басылыммен салыстырғанда аталған басылым оқу мақсатын көздемейді. Оның мақсаты –республиканың БҰҰ құрамына кіргеннен соң қабылдаған мүмкіндігінше барлық халықаралық шарттарын, келісімдері мен конвенцияларын бір жерге жинастыру, солайша дипломаттардың осыған ұқсас құжаттарды дайындауына көмектесу. Мұнда сонымен бірге тақырыптары бойынша жүйеленген құжаттар мәтінінен басқа оның археографиялық басылым екенін танытатын өзге деректер жоқ. Аталмыш жинаққа енген құжаттардың көпшілігі бүгінгі күні өзінің практикалық мәнін жоғалтып, нақты тарихи дереккөзге айналғанына қарамастан, екі томдық археографиялық басылымға айналмады, себебі ол не оқу, не ғылыми мақсаттарды көздемеді.
Қазіргі уақытта әрекет ететін, 1996 жылғы референдум барысында түзетулері мен қосымшалары енгізілген, республикалық баспалардан (ресми және ресми емес) кітапша түрінде таратылған Белорусь Республикасы Конституциясының басылымы да археографиялық сипатта емес. Археографиялық емес басылымдарға сонымен бірге ХІV ғасырдан басталып, Төртжылдық сеймді қоса есептегенде басылған Речь Посполитой заңдар жинағының 8 томдығының жариялануын жатқызуға болады, оны 1733–1782 жылдары Варшавада пиаралар қабылданған және елге «Volumina Legum» тақырыбымен белгілі болды. (1859-1860жж. Жинақты Петербургте Иосафат Огрызко қайта басады. 1889 жылы Ғылым академиясының заңгерлік комиссиясы Краковте «Volumina Legum» жинағының 9 томын шығарды, оның құрамына 1782, 1784, 1786 және 1788-1792 жж. Сеймдер конституциясы енді.) Мәселе басылымның жеке сипатта болғанында ғана емес, сонымен қатар жарияланған құжаттардың толыққандылығы, мәтіндерді көшіру кезінде кеткен қателіктер, ғылыми-анықтамалық аппараттың құрамы маңызды.
Жоғарыда көрсетілгендей, археографиялық басылымның (ең алдымен ғылыми сипаттағы) мақсаты – тұтынушы назарына тек жарияланатын құжат мәтінін ғана емес, сонымен бірге мүмкіндігінше ол туралы толық ақпарат беру, ол мәтінмен бірге тарихи дереккөзді ғылыми айналымға енгізу сипатын береді. Осыған орай ғылыми (өзге ғылым саласы сияқты) өзге дерекөздерге қарағанда, археографиялық басылымды алуға ұмтылады, бұл құжаттың археографиялық басылымы керісінше сұранысқа ие болмайды. Осыдан аса маңызды, бірақ алдыңғы жарияланымдағы зерттеушілер талабынан шықпаған құжатнамалық жәдігерлерді қайтадан бірнеше рет басу ісі қозғалады. Мәселен, 1649 жылғы «Соборлық уложение» қабылданған жылы екі рет басылғанына қарамастан, ХVІІІ ғасырда он шақты рет және ХІХ мен ХХ ғасырларда да бірнеше рет баспа бетін көрді. Белорусь-литвалық жылнамалар «Орыс жылнамаларының толық жинағы» (бірінші рет – 17 т. (1907); екінші рет – 32 т. (1975), 35 (1980) сериялық басылымында екі рет шықты. Қызықты өңірлік жылнамалардың бірі – Баркулабов жылнамасы он шақты рет басылды, соның ішінде М. В. Довнар-Запольский 1898 және 1908 жылдары, Е.Р. Романов – 1900, 1910, 1916 жылдары, А.Н. Мальцев – 1962 жылы, А.Ф. Коршунов 1975 жылы, Н.Т. Войтович 1977 жылы, В.А. Черемицкий – 1997 жылы жариялады.
Заңнамалық сипаттағы маңызды жәдігер саналатын Ұлы Литва князьдігінің Статуты да бірнеше рет баспа бетін көрді.
Құжаттардың археографиялық басылымына деген қажеттілік осы құжаттардың археографиялық емес басылымдары болған жағдайда және тек көне, орта ғасыр жазба ескерткіштерге байланысты туындайды деген ой қалыптаспас үшін жаңа тарих дереккөздерін ғылыми мақсатта басу мысалдарына жүгінейік. С.Н. Валк бастамасымен және тікелей қатысуымен қабылданған Советтік Ресей билік органдары мен басқару органдарының декреттерін жариялау туралы сөз қозғалмақ. 1939 жылы ғалым арнайы мақала жариялады, онда ол сол уақытқа дейін жарияланған декреттер мен олардың дереккөздерін мұқият талдап, мынандай шешімге келеді: «Қолда бар басылымдардың ешқайсысы тарих ғылымының талаптарын қанағаттандыра алмайды. Осыған байланысты Валк «декреттердің ғылыми басылымы болу» керек деген мәселені көтереді, ол «мәтіннің қолда бар барлық дереккөздерінің негізінде – құжаттың сыни көзқараспен анықталған дұрыс мәтінін» және «әрбір мәтіннің тарихын» анықтауға бағытталған. Валктің бұл мақаласына біз басуға арналған ресми сипаттағы құжаттардың негізгі мәтінін таңдау мәселесіне қатысты қайтып оралатын боламыз.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, археографиялық басылымның мақсаты – тарихи таным барысына жарияланатын құжатты қосу екендігін айта кету керек. Оны тұтынушы жарияланатын құжаттың мәтінімен қарапайым оқырман ретінде емес, ғалым ретінде жұмыс істеуі керек, яғни мәтінді талдап, оның әртүрлі редакциялары мен тізімдерін салыстыру (салыстырмалы текстологиялық талдау оны деректану, палеографиялық, филологиялық сипаттағы маңызды шешімдерге әкелуі мүмкін), құжат туралы мүмкіндігінше бәрін білу (оның шығу тарихы, жасалған уақыты мен орны, авторы, физикалық сақталуы, сыртқы ерекшеліктері т.б.). Бір сөзбен айтқанда, М.В. Довнар-Запольскийдің терминологиясын қолдана отырып айтар болсақ, археографиялық басылым құжатты зерттеуші оған бірінші дереккөз ретінде қарастыруына болатындай қалыпта жариялауды көздейді. Тұтынушы қолында жариялаушының ғылыми жұмысы туралы есебі болу керек, өйткені онсыз оның ғылыми нақтылығы мен сапасын анықтау мүмкін емес.
Сонымен қатар тұтынушы жариялаушы материалдарды баспаға дайындау барысында қолданған әдіс-тәсілдер туралы да білуі керек. Бұл іс жарияланған құжаттың мәтінін түпнұсқа мәтініне балама ретінде қабылдау үшін ғана емес, сонымен бірге практикалық мәселелерді шешуге де көмектеседі. (Алғысөздің археологиялық бөлімінде тұтынушыға жарияланатын құжаттың мәтінін ары қарай қалай беретіндігі туралы хабарлаған жариялаушы кейін әрбір ұқсас жағдайда мәтіндік ескертулер беру қажеттілігінен өзін босатады, бұл жайт жарияланымның көлемін қысқартып, дайындау мен басу бағасын арзандатуға мүмкіндік береді.)
Осылайша, археографиялық басылымның ішкі құрылымын талдау қағидалар қатарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, ал оның сыртқы белгілерімен қатар болуы, ол турасында тарау басында сөз болған (мақсаты, құжатты сақтау орны, басылымды дайындайтын тұлға), оны өзге құжатнамалық басылымдар арасынан ерекшелейді. Сонымен, археографиялық басылымның құрамы ақпараттың үш блогынан тұруы керек: а) құжаттың ақпараты (яғни құжаттың нақты мәтіні); б) құжат туралы ақпарат; в) аталмыш басылымды дайындау барысындда археограф қолданған әдіс-тәсілдер туралы мәліметтер. Бұл блоктардың болуы басылымға деректану бойынша толыққандылық беріп, сыртқы белгілер көмегімен оны археографиялық басылымдар қатарына жатқызуға негіз болады. Бірінші блок болмаса, жарияланым мүлде шықпайды. Қалған екі блоктың болмауы немесе толық болмауы оның ғылыми деңгейін төмендетеді және археографиялық басылымдар қатарына жатқызбайды.
Археографиялық басылым ғылымның ғана емес, сонымен бірге толық бір қоғамның дамуына оң ықпал етеді. Құжаттарды (археографиялық, археографиялық емес) жариялау ісі қоғамның әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған: ғылыми, мәдени, саяси, идеологиялық, анықтама-ақпараттық т.б. Алайда тек археографиялық басылымдар ғана мәдениеттің дамуы мен халық арасына тарихи және жалпы мәдени білімді тарату ісіне әсер ете алады.
Ғылыми тұрғыдан баспа бетін көрген құжатнамалық ескерткіштерді тек кәсіби тарихшылар (немесе ғылымның өзге салаларының өкілдері) ғана емес, сонымен бірге өз елінің тарихын, мәдениетін, әдебиеті мен өнерін тереңірек білуге құмартқан «қатардағы» оқырмандар да қолданады. Осымен, біздіңше, әлемдік және отандық тарих пен жәдігерлерінің академиялық сипаттағы басылымдарына деген үлкен сұранысты түсіндіруге болады. Мұндай басылымдарды қолданатын, бірақ ғалымдар санатына жатпайтын тұтынушылар жарияланатын мәтіндерге қоса берілетін әртүрлі тарихнамалық-текстологиялық ізденстерді назарға ілмейді. Осы соңғы мәселе олар үшін басты нысан ретінде алынады, олар қысқартылған купюралар емес, түпнұсқа мәтінмен жұмыс істейтіндігіне кәміл сенеді. Бір сөзбен айтқанда, басылымның ғылыми сипаты мәтінді қысқартулар, әсіресе жасандылықтан қорғау үшін кепіл болады.
Сонымен бірге археографиялық басылымдар дәл сол ескерткіштердің археографиялық емес басылымдар дайындау ісіне негіз болуы мүмкін. Бұл іс құжаттар мәтінін тек ғалымдар ғана емес, сонымен бірге студенттер, оқушылар да оқу құралы ретінде пайдалануын жеңілдету мақсатында жүргізіледі. Археографиялық басылымдардың болуы жарияланушылардың қателігінен сақтау кепілі болады.
Археографиялық басылымдар орындайтын маңызды қызметтер қатарына құжатнамалық ескерткіштерді сақтау мүмкіндігін де жатқызуға болады. Осыған орай археография мәселелеріне арналған ғылыми конференцияға қатысушылардың бірі (Минск, 1976 ж.) өз пікірін нақты білдірді: «Жарияланған дереккөздер өмір сүреді, ал жарияланбағандары із-түссіз жоғалып кетеді». Бұл тезиске дәлел ретінде ол түпнұсқасы сақталмаған құжаттар мәтіні революцияға дейін жарияланған («Витеб және материалдар», «Минск губерниясы актілері мен грамоталарының жинағы» т.б.) басылымдар негізінде қазіргі оқырмандарға (зерттеушілерге де) жеткендігін атап өтеді.
Қазіргі ресейлік зерттеушінің «құжаттарды сақтаудың ең белгілі формаларының ішінде жариялау үздік болып табылады» деген пікірімен келіспеу мүмкін емес. Адамзат қаншама құжатнамалық басылымдарға жоғалған көптеген жазба ескерткіштер мазмұнымен танысқаны үшін қарыздар болды.
Археографиялық басылымдардың аталмыш сақтау қызметі екі жағдайда көрініс табады. Біріншіден, жоғарыда айтылып кеткендей, құжатнамалық ескерткіштер мәтінін көбейтуің өзі олардың түпнұсқасы жоғалып кеткен жағдайда да сақталуын қамтамасыз етеді. Осыдан археографтың үлкен жауапкершілігі көрініс табады, ол ұрпақтарға жарияланатын құжаттардың мазмұнын жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар басылымға оның сыртқы кейпі, мәтіннің ерекшеліктері, материалдары, көлемі т.б. туралы мейлінше толық ақпарат береді.
Екіншіден, құжаттың ғылыми басылымы белгілі бір дәрежеде зерттеушіні түпнұсқаны қарау қажеттілігінен босатады, ал бұл жайт өздігінен оның жақсы сақталуын қамтамасыз етеді. Құжаттар неғұрлым сапалы басылса, соғұрлым түпнұсқаны қарау қажеттілігі төмендейді. Бұл жайт құжаттардың сақталуына қолайлы жағдай туғызады. Түпнұсқаға еш зиян келтірмей қарағанмен, оны сақтау орнынан алып шығу, тасымалдау, температуралық-ылғалдылық режімінің өзгеруіне әкеледі.
Археографиялық және археографиялық емес басылымдардың арасындағы айырмашылықтарға қарамастан, практика оларды бір басылымға қосуға әрекет жасалуда. Бұл археографиялық теориялық мәселелерін немесе олардың тәжірибесіздігін жариялаушылардың кемсітуінен болатын жағдай емес, көп жағдайда тек өзіне ғана тән қасиеттерге байланысты себептер әсер етеді.
1950-ші жылдардың аяғында басталған сериялық жарияланымдардың көптомдық «Алтын ғасыры», осы уақытта іс жүзінде аяқталды. Енді «не жариялау керек?» деген сұрақтан «қайда жариялау керек?» деген сұрақ көп туындайтын болды деп қазіргі замандағы ресейлік тарихшы өте дұрыс атап көрсетті.
Дегенмен, қазіргі замандағы күрделі экономикалық жағдайда да практикалық археографиялық аумағын кеңейту жарияланымның ғылыми деңгейін түсіру есебінен болмау керек. Сирек кездесетін құжаттық басылымдарда ғылыми және танымал жарияланымдарды біріктіру мүмкіндігінің орын алуы екі есе ысырап пен өзін өзі ақтамау екені сөзсіз. Жүзеге асырылғалы отырған мәселе оқырмандардың санын және таралым санын көбейту мақсатында игілікті іс, ал ондай басылымдар кәсіби ғалымдардың да, қарапайым оқырмандардың да талаптарына жауап бере алмайды. Сонымен бірге тұтынушының мүддесін қорғауды декларациялау астарында құжаттарды үгіт-насихаттау және идеологиялық цензура жасырынып жатуы мүмкін.
Қорытындылай келе археографиялық басылым, оның қызметі мен міндеттерін, сонымен бірге басқа құжаттардың өзге басылымдары арасында алатын орынын анықтаудың тек ғылыми ғана емес, сонымен бірге қолданбалы сипатта екендігін атап өткіміз келеді. Археографиялық басылым кез келген қалыпта қалыптасуы мүмкін; бастысы – онда жоғарыда сөз болған ішкі және сыртқы белгілер болуы тиіс. Сонымен бірге археографиялық емес басылымға жылдам ауысатын формалар бар. Бұл жерде сөз қазіргі уақытта белгілі себептермен кең тараған «басылымның кіші формалары» (яғни баспасөзде жарияланатын құжаттар) турасында.
Басылымның кіші формаларының кітаптық формалармен салыстырғандағы артықшылықтарына (жеделдік, үнемділік, оқырмандарының көп болуы) қарамастан, олар бізге мәжбүрлі шара ретінде танылады, бұған олардың «бір сәттілік» сипаты ғана себеп емес. (Журналдың да, газеттің де «өмірі» ұзақ емес екені белгілі.) Жазушылар санын көбейту, таралым санын ұлғайту сияқты мәселелер үнемі мазалайтындықтан, күнделікті баспасөзді жариялаушылар (әсіресе кәсіби дайындығы жоқтар) жаңалықтар артында жүріп, күмәнді, тіпті жалған құжаттарды жариялауы да мүмкін. (Мәселен, 1980 жылдардың соңында «Знамя» журналының редакциясына келген антисемиттік сипаттағы (үнпараққа) байланысты оқиғаны еске түсірейік. Листовканы жариялаған соң ғана оны жіберген адамның ұлты еврей (провокатор) екені анықталды.)
Мұндай басылымдарға құжатнамалық жарияланымдарды дайындау барысында дерекнамалық сынның қандай да бір элементтері бар деуге келмейді. Мұнда сонымен бірге жарияланатын құжаттар мәтінін беруде, олардың археографиялық рәсімделуі, ғылыми-анықтамалық аппаратының құрамында «ережелер мәдениетімен» бірге «дәстүрлер мәдениетінің» де элементтері жоқ. Дилетант-жариялаушылар қарапайым оқырмандар тұрмақ, кәсіби археографтар мен текстологтарға қиындық тудыратын құжаттар мәтінін көбейтіп жариялайды.
Практикалық археография саласында оң өзгерістер тарихшылар арасындағы құжаттарды басу ісі оңай қолжетімді деген пікірді жойған жағдайда ғана болуы мүмкін. Республикада тарихи құжаттарды жариялау ережелерін дайындау бойынша басталған жұмыс олар қабылданған соң практикалық археография саласындағы археографиялық түсінбеушіліктер жойылып, бүгінгі күні археографияның теориясы мен әдістемесіне, оның зерттеу нысанына байланысты өзекті мәселелеріне көбірек көңіл бөлінетіндігіне сенім ұялатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Кеңестік археографияның қалыптасу ерекшеліктерін көрсетіңіз?
2. Кеңестік кезеңдегі археографияның ұтымды тұстарын анықтаңыз?
ДӘРІС -4.
ХХ ғ. 20-40 жж. ғылыми мекемелерінің археографиялық қызметі
1- сағат.
Дәріс мақсаты: ХХ ғ. 20-40 жж. ғылыми мекемелерінің археографиялық қызметін көрсету.
Тірек сөздер: Қазақстан зерттеу қоғамы, Партия тарихы, Орталық мемлекеттік мұрағат, ведомстволық мұрағат, рухани мұра.
Негізгі қарастырылатын мәселелер және қысқаша мазмұны:
1 Партия тарихының археографиялық қызметі.
2. Орталық мұрағаттың, Ғылым академиясының, Қазақстанды зерттеу қоғамының археографиялық қызметі.
Қазақ халқының рухани құндылықтары - мәдени тарихи мұраларын жинау, зерттеу, ғылыми айналымға енгізу, жариялау, оларды қалың көпшілікке таныту және халық игілігіне айналдыру қазіргі таңдағы өзекті және аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осы орайда археография ғылымының алатын орны ерекше.
Үшінші мыңжылдықтың басталуы, бізді өмірдің барлық салаларына, соның ішінде мұрағат саласына қорытындылар жасауды талап етуде. Осы тұрғыда «өзгерістер заманында» археографиялық қызметінің тәжірибесін зерттеу маңызды болып отыр.
Археография ғылымы қазақ халқының тарихын ұлттық мүдде тұрғысында жазуда, Қазақстанның ұлттық идеологиясын қалыптастыру мен жастарды
Отан сүйгіштікке тәрбиелеуде маңызы зор.
Қазақстанда археография ғылымының бастауын 1887 жылы құрылған Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының қызметімен байланыстыруға болады. Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы “Губерниялық ғылыми мұрағат комиссиялары құрылу жөніндегі” 1884 жылғы 13 сәуір айындағы Ереже негізінде құрылды. 1896 жылдан бастап комиссияның қызметі жаңданып, 1889 жылдан бастап Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының “Еңбектері” (труды Оренбургской ученой архивной комиссии) жариялана бастады. Жалпы, комиссия “Еңбектерінің” 35 басылымы жарық көрді. Мұнда тек қазан төңкерісіне дейінгі құжаттар жарияланып тұрды [12].
1920 жылдың қазан айында Қазақ АКСР мен Халықағарту комиссариаты құрылып, ғылымға, әдебиет пен өнерге, мұражай мен мұрағатқа қатысты мәселелерді осы комиссариаттың ішінде құрылған Ғылыми бөлім басшылыққа алды. Осы жылы (1920 ж. — С.А.) Халық ағарту қызметкерлерінің съезі өткізіліп, Ахмет Байтұрсынов ағарту саласының нақты міндеттерін атап, оны іске асыру тетіктерін нактылап берді.
Ахмет Байтұрсынов 1921 жылы құрылған Академиялық орталықтың жанынан халық поэзиясының, музыкасының үлгілерін және этнографиялық мәліметтерді жинау жөнінде арнаулы комиссия кұрады. Комиссия құруда Қазақстанды зерттеу қоғамы да үлкен үлес қосты. Осы аталған істерге сол кездегі республикадағы белгілі тарихшылар, музыка мен фольклордың білгірлері — Ә. Диваев, А.П. Чулошников, А.В. Затаевич, А.Д. Кастальский, Н.Н. Миронов, А.Л. Мелков, Н.В. Мелкова, А.А. Четыркина сияқты т.б. оқыған зиялы қауым тартынды. Бұл комиссия жұмысымен қатар испарттар (партия тарихы) мен 20-жылдары ірі қалаларда, облыстар мен ұлттық республикаларда құрылған жергілікті испарт бюролары (партия тарихы бюролары) Коммунистік партия мен Қазан революциясы тарихын жинастыру және осы тақырыптағы ғылыми зерттеу мен материалдарды басып шығарумен айналысты
1921 жылдың желтоқсанынан испарт РКП(б) Орталық Комитетінің құрылымына бөлім ретіңде кіретін болды. Испарттың бөлімдері 1921-1923 жылдары бұкіл ел көлемінде барлық республика, облыстарда құрылды.
1920-жылдардың бірінші жартысыңдағы өлкенің ғылыми өміріңде басты рөл атқарған ерікті ғылыми қоғамдар еді. Қазақстанда Қазан революциясынан кейін құрылған ерікті қоғамдардың бірі: Ғылыми бөлімнен өзіндік жеке құрылым ретінде бөлініп шыққан "Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамы" болды. Оны құруға тарихшы-өлкетанушы А.П. Чулошников, Орынбор өлкесінің байырғы зерттеушісі, бұрынғы Орынбор мұрағаты комиссиясының құрметті мүшесі А.П. Гра, тарихшы-этнограф Ә.Ә. Диваев, С.М. Петров, А.Л. Мелков, Й.В. Мелкова, А.А. Четыркина, И.М. Расторгуев, Н.А. Чулошникова, топырактанушы-биологтар Л.П. Лошкарев, М.И. Рожанец, К.К. Саковский, В.Е. Тележников және басқалар белсенділік танытты. Құрылтайшы мүшелерінің қатарында Қаз ОАК (КазЦИК) төрағасы С. Мендешев, Казвоенкомат штабының бастығы А.Н. Турский де бар еді.
Ғылыми комиссия Қоғам құрылмай тұрып, оған мүше болатындардың тізімін жасады. 1920 жылдың 23 қыркүйегінде Ғылыми комиссияның бұйрығы бойьшша қоғамға 35 адам лайықты деп шешіліп, оның құрамына ғылым және ағарту салаларында еңбек етіп жүрген азаматтар енгізілді.
Қоғамның жарғысы бойынша үш ірі тарихи-археологиялық, этнографиялық және географиялық бөлімдер қүрылды. Тарихи-археологиялық бөлімге 24 адам, оның ішінде қазақ зиялыларынан Ә.Бөкейханов, Б.Каратаевтар мүше болса, этнографиялық бөлімге 30 адам, ал географиялық бөлімге 17 адам мүше болған [29,7б].
Қазақстандағы зерттеу қоғамының бастапқы он екі жылын орналасқан жеріне ғана емес, әрекет ету сипатына карай Орынборлық (1920-1925 жылдар), Қызылордалық (1925-1929 жылдар) және Алматылық (1929-1932 жылдар) деп үш кезеңге бөлуге болады.
Қазақ АКСР-нің 1921 жылы Бас мұрағатының кұрылуы, 1922 жылы Республиканың Орталық мұрағаты деп өзгертілуі мұрағат материалдарының ауқымды қорын жинақтауға, өңдеуге, орталықтандыру және жүйелеу жұмысына бастама беріп, өлкенің тарихын зерттеуде жергілікті өлкетанушылар мен ғылыми қызметкерлерге көмек болды. Қазақстанды зерттеу қоғамы өзінің жұмысын Бас мұрағат пен Бас мұражаймен тығыз байланыста жүргізді. Олар ғылыми бөлімнің, кейіннен Халық ағарту комиссариаты Академиялық орталығының басшылығында болды. Қоғамның төрағасы 1922 жылы Халық ағарту комиссариатының Академиялық орталығының коллегиясы мен орталық өлкетану мұражайы кеңесінің құрамына енді, ал мұражайдың меңгерушісі қоғам басқармасының құрамына кіргізілді. Мұрағат ісіне жоғарғы оқу орындарының студенттерді көмектесті.
1923 жылы Ақмола, Ақтөбе, Бөкейде, Қостанай мен Орал губернияларында облыстық мүрағаттар құрылды.
Республиканың территориясында 20-жылдары құрылған физика-медициналық, ғьлыми-педагогикалық, осы жылы өз қызметін жандандырған Орыс географиялық қоғамының Семей және Жетісу бөлімшелері және тағы басқалардың іс-әрекетімен салыстырғанда, республиканың білікті ғылыми күштері бас қосқан Қазакстанды зерттеу қоғамының кызметі аса жемісті болды.
Сонымен, 20 жылдардың басында Қырғыз (қазақ - С.А) өлкесін зерттеу қоғамы кұрылып, өзінің мақсаты мен негізгі міндеттерін анықтағаннан кейін, жер-жерлерде өз бөлімшелерін құрып, кітапхана және мұрағат орындарын ашуға атсалысты. Ғылыми зерттеу, ағартушылық мәдени және өлкетанушылық бағыттарда жұмыстар жүргізді. Алда жүзеге асатын игі шараларды талқылаулардан өткізді.
Қоғам 1923-1924 жылдар аралығында бірнеше игі шараларды жүзеге асырды. Атап айтсақ, біріншіден тұрақты түрде баспалармен айырбас жасау үшін мекемелер мен жеке тұлғалардың тізімін жасап, осы тізімдер бойы қоғамның "Еңбектерін" жіберді, екіншіден қазақ өлкесін зерттеу қоғамының Бөкей ордасы бөлімшесімен байланыс орнатты, үшіншіден, Қазақ КСР Орталық өлкелік ғылыми мұражайымен тығыз байланыста болу үшін мұражай меңгерушісі қоғам Басқармасы құрамына енгізілді, төртіншіден, ҚКСР Халық комиссариаты мен қоғамның қызметі арасындағы байланысты нығайту және ғалымдарды Қазақстанды зерттеу қоғамы айналасыңда топтастыру үшін нақты кадамдар жасалды, бесіншіден, Орынбор Губерниялық халықтық оқыту бөлімінің (ГубОНО) көрнекі құралдар мұражайымен тұрақты байланыс орнатты [29,9б].
Басқарманың келесі бір атқарған маңызды ісі — қоғамның "Еңбектерін" баспадан шығаруға қаржы іздестіру болды. Бұл салада мынадай нәтижелерге қол жеткізді: 1) Затаевич жинақтап жазып алған қазақтардың 1000 өлеңі енгізілген "Еңбектің" Г/-басылымының шығарылымына Қырғыз (қазақ) Халық ағарту комиссариатының өлкелік қорынан 6048 сом қаржыны толығымен Қоғамның қарамағына берілуіне күш салынды. 2) "Еңбектердің" VI шығарылымының баспа шығынын өтеуге Қырғыз (қазақ) Жер Халкомы (Кирнаркомзем) мен Мемлекеттік баспа (Госиздат) қатысты.
Баспа ісін дұрыс жолға қою үшін Басқарма қоғам мүшелері арасынан ерекше редакциялық комиссия құрды. Сол жылдары еңбек мектептерінің (трудовые школы) жаңа бағдарламаға көшуіне байланысты қоғам олардағы оқу ісін өлкетанушылықпен ұштастыру үшін бірқатар жұмыстар атқарды. Қазақстанды зерттеу қоғамы осы еңбек мектептерінде өлкетану бөлімін құру үшін құрамы 3 адамнан тұратын ерекше комиссия құрып, өлкетану материалдарын мектептің өлкетану бағдарламасымен сейкестендіріп, өлкетану ісіне мүғалімдер мен оқушыларды тартуды міндеттеді [29,10б].
1923-1924 жылдары қоғамның тарих жөне этнология бөлімі табысты еңбек етті. "Еңбектің" бірінші басылымында А.П. Чулошниковтың "Казақ-қырғыз халқының басқа да түркі тайпаларымен тағдырлас тарихы" деген еңбегі жарияланса, ал томның екінші басылымында И.М. Крашенниковтін "Қырғыз өлкесінің өсімдік қабаты (карталарымен және суреттерімен)", С.Е. Рожанец-Кучеровскаяның "Семей губерниясы өсімдіктері. 1 бөлім. Зерттелу тарихы", П.А. Воронцовскийдің "Асridodea биологиясына" және "Ұсақ хабарлары", А.Ф. Рязановтың "Хиуалықтардың 1818 жылғы қырғыз даласына шабуылы",Гр. Сербариновтың "Исатай Тайманов (1737-1738 жылдардағы Бекей ордасындағы халыққозғалысының очеркі)", Ал. Мелков "Қырғыз этнографиясы бойынша материалдар" мен Қырғыз өлкесін зерттеу коғамының 1923 жылға арналған есебі жарияланды.
М. Дулатов, Т. Шонанов және М.Д. Жолдыбаев сынды зиялылар Халық ағарту комиссариатының Ғылыми Кеңесінде жұмыс істей жүріп, бірнеше еңбектерін жариялады. Мәселен, М. Дулатов қазақ тілінде үш бөлімнен тұратын есеп кітабын құрастырып, "Қырғыз (қазақ - С.А) тарихын" жазып шықса, М.Д. Жолдыбаев қазақ тіліне Коваленконың "Полиграмотасын", К. Маркстің "Коммунистік манифесін", Л. Троцкийдің "Октябрь революциясы" және Бухариннің "Тарихи материализм теориясы" сияқты еңбектерін аударды. Ал Т. Шонанов казақ тілінде "Қырғыздардағы (қазақ) жер мәселесінің тарихы очеркі" атты кітабын жазды.
Геолог К.В.Поляков Ор уезіндегі Суандық пен Қумақу өзендері бойындағы алтынды аудандарды зерттеп, алтын кварцтың, диабаз, гранит және сланецтің қабаттарымен қатар жатқандығын анықтады және ол КСРО-ның тау-кен өндірісі мен пайдалы қазбалары жайында очерк жазды, КСРО-нің пайдалы қазбаларының картасын жасау ісін қолға алса, ал топырақтанушы М.И. Рожанец Е.М. Овсянныковамен біріге отырып, Ор уезінің Орал-Тобыл суайрығының аймағындағы топырақ құрамын зерттеді. Казақстанды зерттеу коғамының жұмысына белсенді атсалысқаңдардың бірі, Кеңестік Қазақстандағы мәдениет пен тарих ғылымында өзіндік орны бар Санжар Жафарүлы Асфендияров (1889-1937) болды. Ол Қазақстан тарихын дайындауға зор еңбек сіңірді [29,12б].
1921 жылдың қазан айынан бастап Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясының төрағалығына Халел Досмүхамедов тағайындалады. Білім Комиссиясының басшысы ретінде Х.Досмүхамедов бірден қазақ-қырғыз мектептері мен жоғары оқу орындарында оқылатың пәндердің бағдарламасын жасауға, түрлі саладағы оқулық кітаптар жазуға, ғылыми терминалогияны қалыптастыру, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, жүйелеу, бастыру жұмыстарына белсенді түрде ат салысты.
1921 жылдың өзінде Білім Комиссиясы А. Байтүрсыновтың "Әліппе", "Баяншы", "Тіл-құралы" (1 жөне 2 бөлімдерін), Міржақып Дулатұлының "Оқу қүралы", "Есеп құралы", Иса Токтыбайұлының "Жалпы жағырапия", "Түркістан жағырапиясы", Халел Досмүхамедұлының "Табиғат тану", "Жануарлар" (1 бөлім) атты кітаптарын баспаға тапсырды.
1921 жылдары Білім Комиссиясы баспаға дайындалған Әбубәкір Диваевтың "Бекет батыр ", "Мырза Едіге", "Алпамыс", "Нәрікұлы Шора", "Шора батыр", "Қобыланды", "Тарту" жинағын, Сұлтанбек Қожанұлының "Арифметика" (1 бөлім), К. Жәленұлының "Арифметика" (2 бөлім), X. Досмүхамедұлының "Жануарлар" (2 бөлім), "Адамның тән тірлігі", Табынбайұлының "Педагогика", "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі", "Қыз Жібек", "Кенесары - Наурызбай", Ә. Бөкейхановтың "Сұлтан Кенесары тарихына қосымша материал" (орыс тілінде), "Абай өлендерінің таңдамалы жинағын" (Алғы сөз, түсініктемелерімен) жеке - жеке кітап қылып шығарды. Оның сыртында қазақтың халық әндерін нотаға түсіру, мектепте өтілетін пәндердің бағдарламасын, қазақ тіліндегі тұңғыш жағырапиялық карталар, күнтізбелер шығару, қазақша - орысша, орысша - қазақша екі тілдік сөздіктің түзілуі, ғылыми конференцияларда баяндама жасау, қысқасы, мәдени -рухани өмірдегі жаңалық біткеннің бәрінен Білім Комиссиясы мен Қазақстанды зерттеу қоғамы шет қалмайтын.
М. Тынышпаев қазақ даласында орын алған далалық өркениет пен қалалық тұрмыс-тіршіліктің, мал шаруашылығы мен егіншілік мәдениеттің арақатынасын зерттеу объектісі ете білді. Казақстанды зерттеу қоғамы сонымен қатар, мәдениеттің таралу ошағының бірі болды. Казақ халқының салт-дәстүрін және этнографиясын, мәдениеті мен тарихын зерттей отыра, қоғам мүшелері жергілікті жерлерде бұқаралық мәдени шаралар өткізді, дәрістер оқыды, баяндамалар жасады, кітапханалар, экспонаттар жинастырып мұражайлар ашты, көне ескерткіштер мен өнер туындыларын қалпына келтіріп, сақтауды жолға қойды.
Қазақстанды зерттеу қоғамы аясында қазақ зиялыларының топтасуы мен қалыптасуы орын алды. Ғылыми және мәдени-ағарту саласындағы маман кадрлардың қалыптасуына, окулықтар мен оқу құралдарының дайындалуына әсер етті. Оның қызметі Қазақстан республикасының қалыптасу кезеңіндегі қиыншылықтармен қатар жүрсе де, сол кез үшін зор маңызы бар істерді қоғам мүшелері мойымастан атқара білді [29,13б].
Қоғамның “Еңбектері” беттерінде жарияланған материалдар қазақ халқының тарихына қатысты мол құнды мәліметтер береді.
Кеңес өкіметі тұсында Орталық мемлекеттік мұрағаты, Партия тарихы институты, жоғары оқу орындары, ғылыми зертеу мекемелері археография саласында көп жұмыстар жүргізді. Қазақстанда құжаттық жинақтарды шығару 1940 жылдың аяғынан бастап жаңа белесте зерттеліп, жарық көріп, насихаттала бастады [33,17б].
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында бұл іспен негізінен партиялық кеңес органдары, статистикалық басқармалар айналысқан. Басылым жариялымдары саяси және басқарма мақсаттағы мемлекеттік құжаттар басылымдары болды. Бұл Еңбек Кеңесі мен Қорғаныс есептері, экономикалық жиналыс есептері, аудандық және шаруашылық даму туралы құжаттары, Қазақстан 5,10,15 жыл жинақтары және тағы басқалар болып табылады. Бұл жұмыстардың атқарылуы 1933 жылы ғана басталады, Қазақстан Орталық мұрағат қызметкері Г.А. Тимченкомен дайындаған көлемі жағынан кішігірім басылымдар шығарылды [14].
Қазақстан мұрағаттары дербес археографиялық жұмысына Ұлы Отан соғысы жылдарында кіріседі. КСРО Ішкі Істер Министрлігінің мұрағат басқармасы Кеңес Одағында бірінші болып 1944 жылғы «Письма с фронта» атты жинақ басылымын шығарды. Кеңес өкіметі тұсында Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мұрағат,жоғары оқу орындары және ғылыми зерттеу институттарымен бірге Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріне қатысты 100-ден астам құжаттық жинақтар шығарды. Мысалы: «17-жыл Қазақстанда» атты жинақты редактор Жангельдин М.О. 1972 жылы шығарды [16,48б].
«Қазақстандық кеңес одағының батырлары» атты жинақ 1945жылы жарық көрді. «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты жинақтарының 1-2 томы, 1945,1967 жылдары жарық көрді. 1967 жылы «Қазақстанның ауыл шаруашылығын коллективтендіру 1926-41ж.» деген тақырыпта жинақ шықса, 1985 жылы «Қаазақстандағы кооперативтік колхоздық құрылыс 1917-27ж.», Алаш мирас (құжаттар жинағы) 1995 және 1997 жылдарда, т.б. жарық көрді. Тарихнамадағы елеулі оқиғалар тек Қазақстан үшін ғана емес бүкіл Одақ көлемінде құнды революцияға дейінгі мұрағат құжаттарын жариялау маңызды болды: «Материалы по казахскому обычному праву», «Материалы по истории политического строя Казахстана» және аса құндысы қазақстандық тарихшылармен дайындалған 2 томдық еңбек «Казахско-русские отношения в XVI-XIX веках». Бұл еңбек археография тұрғысынан теңдесі жоқ және ғылыми типтегі бірінші қазақстандық құжаттар мен материалдар жинағы болды.
Аталғандай қазақстандық тарихшы мен мұрағатшылардың бірлесуімен кеңестік серияға кірген дербес басылымдармен қатар, құжаттар жинақтары бар бай археографиялық фонд құрылды.
Құжаттық басылымдардың жоғары деңгейі мұрағатшылардың тарихшы- ғалымдармен, басқа республикалардағы әріптестерімен тығыз байланыс нәтижесінде, ұзақ уақыттық жоспар негізіндегі жұмыс ұйымдастырушылықпен, тек археографиялық қызметпен айналысатын мемлекеттік мұрағаттардағы қызметкерлердің бар болуымен байланысты және осының арқасы. Бұл істе аса көңілді жұмыстың ғылыми- методологиялық қамтылуына арналды, яғни ол тақырып таңдаудағы ғылыми негізділіктен басталды, ғылыми кеңестердің тематикалық жоспар-көрсеткіштердің құрылуы мен қарастыруымен, түрлі жинақтардың ерекшелігін көрсететін жекелеген методикалық құралдың жазылуымен, құжаттарды іздеу, мәтін жарияланудың әдісі, ҒАА құруына арналды. Нәтижесінде тәжірибе жинақталып, өзіндік методика қалыптасты. Айтылғанның барлығы Қазақстанда қолданбалы археография мектебінің болғанына дәлел.
Бұған қарамастан бұл кезеңде археографтың жұмысы тек белгілі идеологиялық сызық бойынша қызмет атқарды. Демек, археографтардың деректерге деген өзіндік көзқарастары мен жеке көркемдік жұмысқа талпынысы қолдау таппады [16,50б].
Қазақстанның тәуелсіздік алу мен қоғамның демократиялануынан кейін бұндай кедергілер мен бөгеттер жойылды, тарихи оқиғаларды ғылыми және әрқилы сыннан өткізуге және оларды көпшілік бұқараға жеткізуге жол ашылды. Елдегі қоғамдық өзгерістер өткенді біліп, тануға байланысты қызығушылықтан туындады. Мұрағаттар мен мұрағаттық құжаттар көпшілік назардың көңілінде болды.
Тәуелсіздікке қол жеткізумен халқымыздың мәдени мұраларын жинақтап, зерттеудің оңтайлы мүмкіндігіне ие болып отырғанымыз шындық.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2004 жылы қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы тарихи жәдігерлеріміз бен өткен тарихымызды жаңғыртуға ерекше серпін берді. Осы бағытта біздің халқымыздың тарихи – мәдени құндылықтарын дамыту мен сақтау жөнінде шаралар әзірлеуге ірі қадамдар жасалды [20].
Сондай – ақ “Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы”[18] заңның қабылдануы археография ғылымына да жаңа серпіліс алып келді. Заңның 5-ші тарауының 3 – бөлімінде “Тарихи және мәдени құнды құжаттарды сақтау, қорғау және пайдалануды ұйымдастыру республиканың басқарушы органдарына жүктеледі” – делінсе, осы тараудың 4-ші бөлімінде “Шет елдердегі Қазақстан Республикасының тарихына қатысты құжаттарды анықтау және қайтару міңдеттін” белгілеу арқылы археографияның негізгі функцияларының бірі эвристиканы жетілдіру мәселесі көтеріледі.
Сондай – ақ осы бағдарлама аясында Франция астанасы Париждегі “Жаңа Сорбонна” университетінен Мұстафа Шоқайдың құжаттық мұраларын іздеп тауып, жинақтау іске асты. 2001 жылы сегіз мың парақтан тұратын М. Шоқай мұралары Қазақстанға алындырылды. Қазіргі кезде “СD” дисклеріне түсірілген құжаттар көшірмесі Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік қорында сақталған.
Мұрағат қорларындағы игерілмей жатқан тың материалдармен және құжаттардан жинақталған жинақтардың зерттеушілер арасында алар орны ерекше. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат мекемелерінің дайындауымен 1998-2005 жылдар аралығында 79 құжаттық жарияланым, 42 мұрағаттық анықтамалықтар, жөнсілтемелер жарық көрді. Осы жылдары археографиялық талаптарға сай дайындалған “1937-1938 жж. Қазақстандағы саяси қуғын - сүргіндер”[23] (1998 ж.), “1931-1933 жж. қазақ халқының ұлы қасіреті тарихынан” (2005 ж.), “1931-1933 жж. Қазақстандағы күштеп қоныс аудару және аштық”[24] (1998 ж.), “1932-1933 жж. қазақ халқының ұлы қасіреті тарихынан (2005 ж.)” құжаттар жинақтары республикамыздың әкімшіл - әміршіл жүйе кезіндегі әлеуметтік – экономикалық және саяси ахуалы, байларды тәркілеу, ұжымдастыру, халықтың босқыншлыққа ұшырауы, ашаршылық туралы құнды құжаттар ғылыми айналымға енді және көпшілік назарына ұсынылды [30].
ХІХ ғ. бірінші жартысында Еділ мен Жайық аралығын мекендеген қазақтардың этносаяси бірігуінің тарихы бойынша “Бөкей хандығының тарихы (1801-1852 жж.)” (2002 ж.) құжаттар жинағы жарық көрді [25].
Демек, бүгінгі таңда археография ғылымы қоғамның сұранысына ие болып отырғанын байқаймыз.
“2001-2005 мұрағат ісін жетілдіру бағдаламасына”[19] сай археография ғылымын дамытуға бағытталған біршама мәселелер көтеріледі. Яғни әр жылдың желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының тарихына және мәдениетіне қатысты құнды құжаттарды шетелдердің мұрағатынан іздестіру және жинақтау шараларын іске асыру көзделген. Бірақ, археография тек эвристикамен ғана шектелмейді, деректерді басылымдарда жариялауға әзірлеуде, археография ғылымының әдіс – тәсілдерін, деректерді іздестіру мен іріктеп алу принциптерін, басылымдардағы дерек материалдарды жүйелеу, мәтінтану принциптерін игеру, яғни құжаттарды міндетті түрде археографиялық өңдеуден өткізумен айналысады. Бұл тұста археография ғылымының қызметін бір жүйеге салатын әдістемелік нұсқаулар қажет. Осындай әдістемелік нұсқаудың жоқтығына байланысты, қазіргі кезеңде ғылыми мекемелер құжаттарды жариялауда 1990 жылы Мәскеуден шыққан “Правила издания исторических документов в СССР” [38] негізге алып отыр.
Сонымен көріп отырғанымыздай, Қазақстанда археография ғылымы әлі де болса арнайы зерттеуді талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанда археография ғылымының алдында мынандай мәселелерді шешу қажет:
-Қазақстан археография ғылымын қалыптастыруда ең алдымен оның негізін құрайтын теориялық-методологиялық базасы даярлануы тиіс.
-Қазақстанда тарихи құжаттарды жариялау принциптеріне арналған ғылыми дәйектелген әдістемелік нұсқаулар шығару керек.
-Қазақ халқының тарихына қатысты деректік қорын кеңейту мақсатында археографиялық экспедицияларды ұйымдастыру қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Партия тарихы институтының тарихи деректерді жариялаудағы қызметіне баға беріңіз?
2. Қазақстанды зерттеу қоғамының тарихи деректерді жариялаудағы қызметіне баға беріңіз?
3. Мұрағат мекемелерінің археографиялық қызметіне баға беріңіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Добрушкин Е.М. Основы археографии: Учеб.пособие. М., 1992.
2. Добрушкин Е.М. История отечественной археографии. Современные проблемы и задачи изучения. Учеб.пособие. М., 1989.
3. Королев Г.И. Археография: Учеб. пособие. –М.: РГГУ, 1996.
ДӘРІС -5-6
