- •Аэрология пәнінің мақсатын айтыңыз
- •Аэрологияда қолданылатын әдістерді түсіндіріңіз
- •Аэрологиялық станция үшін орын таңдауға түсініктеме беріңіз
- •Аэрологиялық станциядағы жұмысты ұйымдастыруды сипаттаңыз
- •Бірпункті шарұшақ бақылауларын ұйымдастыруды сипаттаңыз
- •Түнгі уақытта шарұшақ бақылауларын жүргізуге түсініктеме беріңіз
- •Шарұшақ бақылауларының қателіктерін түсіндіріңіз
- •Шарұшақтың қабықшасы, қабықшаларды толтыруды сипаттаңыз
- •Базистік бақылау әдісіне түсініктеме беріңіз
- •Базистік бақылау әдістерінде базаның көтерілуіне түсініктеме беріңіз
- •Радиопелинг әдісіне түсініктеме беріңіз
- •Радиолокация әдісіне түсініктеме беріңіз
- •Аэрологиялық теодолиттерге анықтама беріңіз
- •Шарұшыру әдістері: аналитикалық,графикалық,графо-аналитикалық әдістерді салыстырыңыз
- •Аэрологиялық теодолиттерге қойылатын талаптарды атаңыз
- •Теодолиттерді нивелирлеу және бағдарлауға сипаттама беріңіз
- •17. Теодолиттерді тексеру жұмыстарының жүргізілуін түсіндіріңіз
- •Поляр жұлдызы бойынша теодолитті бағдарлауды сипаттаңыз
- •19. Мира бойынша теодолитті бағдарлауды сипаттаңыз
- •Мира азимутын буссоль бойынша анықтауды түсіндіріңіз
- •Мира азимутын Күн бойынша «тең бұрыштар» әдісімен анықтауды түсіндіріңіз
- •22. Теодолиттерді түнгі уақытта қолдануды сипаттаңыз
- •23.Шарұшақтың вертикалды жылдамдығына әсер ететін факторларды атаңыз.
- •24. Шарұшақтың толық және еркін көтерілу күштерін сипаттаңыз.
- •25.Шардың қозғалыс теңдеуін көрсетіңіз және түсіндірме беріңіз.
- •26.Шарұшақ бақылауларының аналитикалық әдісін сипаттаңыз.
- •27.Шарұшақ бақылауларының графикалық әдісін сипаттаңыз.
- •28.Шарұшақ бақылауларының графо-аналитикалық әдісі.
- •30.Жел бақылауларын графиктік өңдеуге арналған планшеттерді суреттеңіз.
- •31.Тіркеу лентасын суреттеңіз.
- •32. Ортаңғы қабат биіктігінде желдің жылдамдығы мен бағытын анықтауға сипаттама беріңіз.
- •33. Жердің түзу еместігіне және радиотолқындардың рефракциясына түзеті енгізуді түсіндіріңіз.
- •34.Молчанов шеңберін суреттеңіз.
- •36.Шарұшақ бақылауларында бақыланатын параметрлерге сипаттама беріңіз.
- •37. Стандартты изобарикалық беткейлер және олардың биіктіктерін анықтаңыз.
- •38. Желдік зондылау мәліметтерін өңдеу тәртібін түсіндіріңіз.
- •39. Ортаңғы қабаттың жер бетінен биіктігі мен теңіз деңгейінен биіктігін анықтау тәсілдерін салыстырыңыз.
- •41. Желдік бақылауларды графикалық өңдеу үшін қолданылатын планшеттерді суреттеңіз.
22. Теодолиттерді түнгі уақытта қолдануды сипаттаңыз
Ұшақ– шардың бұрыштық координаттарын анықтау үшін арнайы аэрологиялық және ұшақ шарға арналған теодолиттер тағайындалған. Соңғы жылдарда бұл теодолиттер басқа да кейбір аэрологиялық объектілердің координаттарын анықтау, РЛС – ке қорытынды және салыстырмалы бақылаулар жүргізу, желдік – температуралық зондылаулар, РЛС – ті бағдарлау және т.б жұмыстар үшін қолданылады. Мұнымен байланысты, аэрологиялық теодолиттер айтарлықтай қолданыстарға ие. Барлық аэрологиялық теодолиттерде сынық дүрбі болады. Мұндай құрылғы болған жағдайда объективтің кез – келген жағдайында да оның окулярлы бөлігі бірдей биіктікте және горизонтальды орналасады. Бұл жағдайдағы шардың орын бұрышының аз өзгеруін анықтау оңай болғаны сияқты зенитте де анықтау қиындық туғызбайды. Шардың орын бұрышы мен азимут мәндері оптикалық жүйе көмегімен окулярда айқасқан сызық астында орналасқан арнайы шкалаларда үздіксіз бақыланып отырады. Сонымен қатар, окулярдағы айқасқан сызықтар астындағы шкалаларда горизонтальды және вертикальды шеңбер бойынша есеп алынады. Ескі модельді теодолиттерде (мысалы, ШТ теодолті) есеп алудың икемділігі мен жылдамдығы құралдың қарапайымдылығымен және бір уақытта екі құралмен бақылау жүргізу арқылы жүзегі асырылады. Орын бұрышы мен азимут бойынша теодолит дүрбісін қолмен тез жылжытумен қоса, оны арнайы микрометрлік бұранда (винт) көмегімен шарға дәл дәлдеуді жүзеге асырады. Шарды ұшырғандағы алғашқы минуттарда шарды табуды жеңілдету мен шар қозғалысы арқылы қозғалу үшін қазіргі уақыттағы теодолиттер үлкен көру бұрышы аумақты аз ұлғайтпалы нысанадан жасалған. Шар үлкен қашықтыққа кетерілгенде арнайы тетік көмегімен қосымша объективтен негізгі объективке бақылауға оңай көшеді. Ол үшін осы объектив жарығының жолындағы призманы арнайы рычаг арқылы алып тастайды. Теодолит дүрбісінің ұлғаюы 20х тең және көру бұрышы 20 шамасында, ал нысананың ұлғаюы 4х тең және көру бұрышы 120 шамасында. Түнгі уақыттарда жұмыс жасау үшін теодолит шкаласына жарық беруші жасалған. Теодолитті нивелирлеу үшін, онда шеңбер дәне цилиндр тәрізді деңгейлер бар, кейбір модельді теодолиттерде екі цилиндрлі деңгейлер болады (олар бір-біріне 900 бұрышпен орналастырылады). Барлық теодолиттерде буссоль болады және оның көмегімен жарықты бағыттау жүзеге асырылады. Аэрологиялық теодолиттің салмағы 8 кг аспайды. Теодолит арнайы ағаш немесе металл жәшікте жинақталады және оны кез – келген арақашықтықта тасымалдауға болады. Алқаптық жағдайда теодолит арнайы үш аяқты тағанда қондырылады. Түнгі уақыттағы теодолитпен жұмыс жасау үшін теодолит шкаласын жарықтандыру керек.
Түнгі уақытта шарұшақ бақылауларын жүргізу. Ұшақ – шарды қараңғы кезде бақылау үшін оған арнайы шам байлап қою қажет. Қазіргі кезде айналмалы электронды шамдар қолданылады. Шам белгілі бір формада ақ қағаздан жасалынады. Қағаздың төменгі жағы бүктеліп, қалақ түрінде жасалынады. Бұл бүктелген қағаз бөлігі шағылдырғыш ролін атқарады. Бұндай шам кернеуі 2,3 – 6 В болуы керек. Шам қағаздың сыртқы жағына ілінген батареялардан қуат алады. Шар көтерілгенде ауа ағындары қалақтарға әсер етуі арқылы шамды айналдыра бастайды. Шамның бұл айналуын жер бетінен бақылайтын болсақ, ол оның өшіп – жануы сияқты көрінеді. Шам массасы едәуір үлкен болады. Шамамен 80гр. Сондықтан, оны N30 қабықшасына іледі. Шардың вертикальды жылдамдығын есептеу кезінде шамның салмағын есептеп, еркін көтерілу күшін есептеу қажет. Сонымен қатар, шам ауа ағынына кедергі жасап, қабықшаның жылдамдығын 6%-ға дейін азайтады. Демек, шардың ұшақ – шарға ілінуі кезінде жоғарыда аталған екі түрі де ескерілуі қажет және оның салмағын жүк кқтерімділігінен алып тастау қажет. Сонымен қатар, алынған вертикғальды жылдамдықты 6%-ға кеміту керек. Түнгі уақытта бақылау жүргізу үшін теодолитті де дайындау қажет, яғни есептегіш шкалаларға және бақылау мәліметтерін жазатын кітапшаға жарық түсірілуін қамтамасыз ету қажет.
