Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
aero_praktikum_shpor_toly_1179.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆

33. Жердің түзу еместігіне және радиотолқындардың рефракциясына түзеті енгізуді түсіндіріңіз.

Бұл түзету коэффициенті орын бұрышы мен қиғаш қашықтықтың қиылысқан мәндері бойынша «жердің түзу еместігіне және сәулелердің рефракциясына пропорционалды түзету коэффициент мәндері» кестесінен алынады. Оны биіктік 20000 м-ден жоғары болғанда анықтаймыз. Ол келесі жолмен анықталады: қиғаш қашықтықтың мәнінен одан төмен және жоғары, айырмашылығы 5 км болатын екі деңгей алынады. Осы деңгейлерге сәйкес кестеден коэффициент міндерін аламыз. Алынған мәндерді бір – бірінен азайтамыз. Оны 5 км-ге бөлеміз. Берілген қиғаш қашықтықтың мәнінен одан төмен орналасқан деңгейдің мәнін азайтамыз. Шыққан мәнді ондық дәлдікпен жуықтаймыз. Сосын осы шыққан мәнді 5 км-ге бөлінген мәнге көбейтеміз. Төменгі деңгейге сәйкес келетін коэффициент мәніне шыққан мәнді қосамыз. Оны бүтін санға дейін жуықтаймыз. Осы анықталған мән бізге жердің түзу еместігіне және сәулелердің рефракциясына пропорционалды түзету коэффициентін береді. Мысалы: орын бұрышы – 8,03; қиғаш қашықтық – 20820 болсын.

17 – 11 = 6

6: 5 = 1,2

20820 – 20000 = 820 ~ 0,8

1,2 · 0,8 = 1

11 + 1 = 12

Алынған мәнді КАЭ-3 кітапшасындағы «жердің түзу еместігіне және сәулелердің рефракциясына пропорционалды түзету коэффициенті» графасына жазамыз.

34.Молчанов шеңберін суреттеңіз.

шеңбері негізгі 3 бөліктен тұрады: 1–металды қозғалмайтын шеңбер; 2–қозғалмалы шеңбер; 3–қозғалмалы сызғыш; Шеңбердің ортасы радиолокаторлың орналасу орны болып табылады. Қозғалмайтын шеңбер номограммалардын тұрады. Онда орын бұрышы шкаласы 0–15° – қа дейінгі бұрыш өлшеуіш мәнімен берілген. Қозғалмалы шеңбер мөлдір целлулоидтан жасалған және оның шетінде азимут мәндері 0–60 ° – қа дейінгі бұрыш өлшеуіш мәнімен берілген А–30 Д планшетімен жұмыс келесідей жүргізіледі: қозғалмайтын шеңберден орын бұрышының мәнін тауып, сызғышты келтіреміз. Сызғыштың осы шетіне қозғалмалы бөліктен азимут мәндерін тауып келтіреміз. Қиғаш қашықтықтың мәнін алып, қиылысқан жерге тушьпен нүкте салып, сәйкес минутты жазып қоямыз. Осылайша координаттың барлық мәндерін енгізіп, атмосфера қабаттарындағы желге сәйкес горизонталды кеңістікте қималарын аламыз. Желдің жылдамдығы мен бағыты келесідей анықталады: қозғалмалы шеңберді жылжыту арқылы қажетті қиманы қозғалмайтын бөліктегі номограммадағы сызықтарға параллельді етіп орналастыру керек. Бастапқы нүктені қозғалмайтын шеңбер диаметрінің қиылысу орнына сәйкестендіріп, қозғалмалы шеңбердегі азимут шкалалары арқылы желдің бағытын анықтаймыз. Желдің жылдамдығы екі нүкте аралығындағы тор санына сәйкес келеді. 1 тор 1м/с – қа тең. Қиғаш қашықтықтың мәндері 1000 м – ге дейін әр 100 м сайын, 1000–7000 м дейін әр 200 м сайын, 7000–9000 м сайын әр 500 м сайын орналасқан.

35. А-63 планшетін суреттеңіз.

Жер бетінен биіктік А–63 планшетінің көмегімен жүргізіледі. А–63 планшеті – қозғалатын бөлік, қозғалмайтын бөлік және қозғалмалы сызғыштан тұрады. Шеңбердің қозғалатын бөлігіндегі ішкі шкала қиғаш қашықтықты білдіреді. Қозғалмайтын бөлігіндегі сағат тіліне қарама – қарсы мәндер орын бұрышының мәндері болып табылады. А–63 планшетімен жұмыс келесідей жүргізіледі: 1) Қозғалмалы дискіден қиғаш қашықтық мәндерін сызғышпен келтіреміз; 2) Дискіні айналдыра отырып, орын бұрышының мәніне қиылыстырамыз; 3) Ответ стрелкасындағы мән жер бетінен биіктік болып табылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]