- •Аэрология пәнінің мақсатын айтыңыз
- •Аэрологияда қолданылатын әдістерді түсіндіріңіз
- •Аэрологиялық станция үшін орын таңдауға түсініктеме беріңіз
- •Аэрологиялық станциядағы жұмысты ұйымдастыруды сипаттаңыз
- •Бірпункті шарұшақ бақылауларын ұйымдастыруды сипаттаңыз
- •Түнгі уақытта шарұшақ бақылауларын жүргізуге түсініктеме беріңіз
- •Шарұшақ бақылауларының қателіктерін түсіндіріңіз
- •Шарұшақтың қабықшасы, қабықшаларды толтыруды сипаттаңыз
- •Базистік бақылау әдісіне түсініктеме беріңіз
- •Базистік бақылау әдістерінде базаның көтерілуіне түсініктеме беріңіз
- •Радиопелинг әдісіне түсініктеме беріңіз
- •Радиолокация әдісіне түсініктеме беріңіз
- •Аэрологиялық теодолиттерге анықтама беріңіз
- •Шарұшыру әдістері: аналитикалық,графикалық,графо-аналитикалық әдістерді салыстырыңыз
- •Аэрологиялық теодолиттерге қойылатын талаптарды атаңыз
- •Теодолиттерді нивелирлеу және бағдарлауға сипаттама беріңіз
- •17. Теодолиттерді тексеру жұмыстарының жүргізілуін түсіндіріңіз
- •Поляр жұлдызы бойынша теодолитті бағдарлауды сипаттаңыз
- •19. Мира бойынша теодолитті бағдарлауды сипаттаңыз
- •Мира азимутын буссоль бойынша анықтауды түсіндіріңіз
- •Мира азимутын Күн бойынша «тең бұрыштар» әдісімен анықтауды түсіндіріңіз
- •22. Теодолиттерді түнгі уақытта қолдануды сипаттаңыз
- •23.Шарұшақтың вертикалды жылдамдығына әсер ететін факторларды атаңыз.
- •24. Шарұшақтың толық және еркін көтерілу күштерін сипаттаңыз.
- •25.Шардың қозғалыс теңдеуін көрсетіңіз және түсіндірме беріңіз.
- •26.Шарұшақ бақылауларының аналитикалық әдісін сипаттаңыз.
- •27.Шарұшақ бақылауларының графикалық әдісін сипаттаңыз.
- •28.Шарұшақ бақылауларының графо-аналитикалық әдісі.
- •30.Жел бақылауларын графиктік өңдеуге арналған планшеттерді суреттеңіз.
- •31.Тіркеу лентасын суреттеңіз.
- •32. Ортаңғы қабат биіктігінде желдің жылдамдығы мен бағытын анықтауға сипаттама беріңіз.
- •33. Жердің түзу еместігіне және радиотолқындардың рефракциясына түзеті енгізуді түсіндіріңіз.
- •34.Молчанов шеңберін суреттеңіз.
- •36.Шарұшақ бақылауларында бақыланатын параметрлерге сипаттама беріңіз.
- •37. Стандартты изобарикалық беткейлер және олардың биіктіктерін анықтаңыз.
- •38. Желдік зондылау мәліметтерін өңдеу тәртібін түсіндіріңіз.
- •39. Ортаңғы қабаттың жер бетінен биіктігі мен теңіз деңгейінен биіктігін анықтау тәсілдерін салыстырыңыз.
- •41. Желдік бақылауларды графикалық өңдеу үшін қолданылатын планшеттерді суреттеңіз.
39. Ортаңғы қабаттың жер бетінен биіктігі мен теңіз деңгейінен биіктігін анықтау тәсілдерін салыстырыңыз.
Бірінші теңіз деңгейінен биіктігі анықталады. Оны графиктегі әр минутқа сәйкес түзу мен қиылысқан нүктелер бойынша анықтамыз.
Ал жер бетінен биіктікті теңіз деңгейінен алынған биіктікті гПа айналдыру арқылы анықтаймыз. Оның 2 әдісі бар: интерполяциялық әдіс және графиктік әдіс.
40.КАЭ-3 кестесін толтырудың қалай жүргізілетінін түсіндіріңіз.
Уақыт мәндері КАЭ–3 кітапшасының бірінші графасында берілген. Екінші графаға горизонталды бұрыш, яғни азимут мәндерін лентадан алып жазамыз. Үшінші графаға вертикалды бұрыш, яғни орын бұрышының мәні жазылады. Төртінші графаға лентада берілген қиғаш қашықтық мәндері жазылады. Келесі бесінші графаға жер бетінен биіктік жазылады. Оны біз А–30 Д планшетінің көмегімен анықтаймыз. Алтыншы графаға жердің түзу еместігіне және сәулелердің рефракциясына пропорционалды түзету коэффициент мәндері жазылады. Бұл түзету коэффициенті орын бұрышы мен қиғаш қашықтықтың қиылысқан мәндері бойынша «жердің түзу еместігіне және сәулелердің рефракциясына пропорционалды түзету коэффициент мәндері» кестесінен алынады. Оны биіктік 20000 м-ден жоғары болғанда анықтаймыз. Ол келесі жолмен анықталады: қиғаш қашықтықтың мәнінен одан төмен және жоғары, айырмашылығы 5 км болатын екі деңгей алынады. Осы деңгейлерге сәйкес кестеден коэффициент міндерін аламыз. Алынған мәндерді бір – бірінен азайтамыз. Оны 5 км-ге бөлеміз. Берілген қиғаш қашықтықтың мәнінен одан төмен орналасқан деңгейдің мәнін азайтамыз. Шыққан мәнді ондық дәлдікпен жуықтаймыз. Сосын осы шыққан мәнді 5 км-ге бөлінген мәнге көбейтеміз. Төменгі деңгейге сәйкес келетін коэффициент мәніне шыққан мәнді қосамыз. Оны бүтін санға дейін жуықтаймыз. Осы анықталған мән бізге жердің түзу еместігіне және сәулелердің рефракциясына пропорционалды түзету коэффициентін береді. Мысалы: орын бұрышы – 8,03; қиғаш қашықтық – 20820 болсын.
17 – 11 = 6
6: 5 = 1,2
20820 – 20000 = 820 ~ 0,8
1,2 · 0,8 = 1
11 + 1 = 12
Келесі жетінші графаға теңіз деңгейінен радиопилоттың түзетілген биіктігі, шартты жылдамдығы жазылады. Оны анықтау үшін жердің түзу еместігіне және сәулелердің рефракциясына пропорционалды түзету коэффициент мәніне жер бетінің биіктігі мәнін және станцияның теңіз деңгейінен биіктік мәнін қосамыз. Келесі 2 графада ортаңғы қабаттың биіктігі анықталады. Бірінші теңіз деңгейінін биіктігі анықталады. Оны графиктегі әр минутқа сәйкес түзумен қиылысқан нүктелер бойынша анықтаймыз. Ал жер бетінен биіктікті теңіз деңгейінен анықталған биіктікті гПа – ға айнылдыру арқылы анықтаймыз. Келесі 2 графада жел туралы мәліметтер беріледі. Оны Молчанов шеңберінің көмегімен анықтаймыз. Миллиметрлік қағазға абцисса осьі бойынша уақыт мәндерін, ал ордината оьсі бойынша 200 м сайын биіктік жазылады. Уақыт пен биіктік мәндерін сәйкестендіре отырып қиылыстырамыз. Келесі графикке абцисса осьі бойынша жел сипаттамалары, ал ордината осьі бойынша биіктік мәндері түсіріледі. Сәйкес мәндері арқылы нүктелерді қиылыстырып, түзумен қосамыз. Жел сипаттамаларының ерекше нүктелерін анықтаймыз.
