Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
aero_praktikum_shpor_toly_1179.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆

26.Шарұшақ бақылауларының аналитикалық әдісін сипаттаңыз.

Мұндай өңдеу әдістері үш түрлі: 1)Таңдамалы әдіс; 2)Сызбалы әдіс; 3)Сызбалы-таңдамалы әдіс. Таңдамалы әдіс. Бұл қарапйым әдістердің бірі. Мұнда мередианальды және зональды құрамалардың шардың барлық кездегі негізіне сүйене отырып, координаталар анқталады. Яғни, жел векторының да өзіне тән құраушылары болады. осы айтылғандардың барлығы айтылған соң нақты желді есептеу қиын болмайды. Cn – 1 және Сп нүктелері – сол кездегі шардың кеңістіктегі проекциялары. 0 – бақылау жүргізілетін орын. Сп – 1 және Сп – белгілі бір уақыт аралығындағы жел әсерінен өткен жол кесіндісі. 0Сп – 1= Hn – 1 ctg B n-1; 0Cn = Hn * ctg Bn; Мұнда, проекциялар х және у осьтерінде шығысқа және солтүстікке бағытталады. Осы әдісте желдің бағытын табу үшін біз келесі қатынасты пайдаланамыз: tg γ = (C1n-1* C1n) / (C11n-1* C11n); Бұл формуладан әрі қарай, Сп-1*Сп= arc (tg γ) ±1800; ±1800 – мәселесі жел бағытына бағытталған болады. Желдің алынған жылдамдығы мен бағытын орташа қабатқа сәйкестендірген үлгімен табамыз. Осылайша берілген формулалар арқылы уақыт пен биіктіктің мәндерін ала отырып, үлкен қабаттағы жел өлшемін анықтаймыз. Бізде қанша қабат болса, формуламен есептеулерде де сонша рет қайталанады. Бұл әдіс бұрыннан белгілі болса да есептеулері ұзақ уақытты алатын есептеулерді қазіргі кезде қолданып жүр. В. Михель таңдамалы әдістің тағы бір түрін ұсынды. Ондағы есептеулер тригонометриялық қарым – қатынастарға сәйкестендіріліп жүргізіледі. Бұл әдіс күрделілігіне қарамастан тәжерибеде біраз қолданыста болды.

27.Шарұшақ бақылауларының графикалық әдісін сипаттаңыз.

Мұндай өңдеу әдістері үш түрлі: 1)Таңдамалы әдіс; 2)Сызбалы әдіс; 3)Сызбалы-таңдамалы әдіс. Сызбалы әдіс. Бұл әдіс сызбалы-таңдамалы әдісті техникалық жағынан аса жете талдап, өңдеу нәтижесәнде пайда болады. Молчанов шеңбері негізінен үш бөліктен тұрады. Олар: жылжитын және жылжымайтын шеңбер, олардың арасындағы сызғыш. Сызғыш бір осьте айналатын Молчанов шеңберінің жылжитын бөлігі мөлдір заттан жасалады. Оның қырында 0-3600 азимут берілген. Бұл әдісте жылжитын бөліктегі номаграмма толықтыра түсті. Оның жанында 0-900 мәндер берілген, бұл мәндер дәлдікті қамтамасыз етеді. Шеңбермен жұмыс істеу өте оңай. Нүкте жасау үшін жылжымалы сызғыштың орын бұрышына тигізеді. Сол жерге азимут әкеледі. Одан әрі ортасынан бастап жылжи отырып, ctg-оид табылады. Және биіктік сәйкестендіріледі. Табылған нүкте қасына сол кездегі уақыт белгіленеді. Осылайша координаттар енгізіліп, горизонтальды кеңістіктегі кескіндер алынады. Ол атмосфера қабатындағы желге сәйкес келеді. Желдің жылдамдығы мен бағытын оңай анықтауға болады. Жылжымалы шеңберді айналдыра отырып, кескінді торға тік және көлденең сызық арқылы параллель етіп қоямыз. Қойылған сызықтағы екі нүкте арасындағы тор көзінің саны жел жылдамдығына сәйкес келеді, ал бағытын анықтағанда уақыттың аз мәндеріне қарай отырып, шеңбердің центрінен өтетін диаметрі бойынша анықтаймыз.

28.Шарұшақ бақылауларының графо-аналитикалық әдісі.

Мұндай өңдеу әдістері үш түрлі: 1)Таңдамалы әдіс; 2)Сызбалы әдіс; 3)Сызбалы-таңдамалы әдіс. Сызбалы – таңдамалы әдіс. Бұл әдісте есептеулердің бір бөлігі аналитикалық, екінші бір бөлігі сызбалы жолмен анықталады. Оның қарапайым мысалы, радиональды тордағы бақылауды өңдеу. Алдымен сызғыш немесе кесте көмегімен алып тастау кескіні есептелінеді. Содан соң сызбалы әдіске көшеді. Арнайы торда немесе милиметрлік қағазда сызықтар жүргізіледі. Оның негізіне азимут мәнін есептеу енеді. Радианды сызықтар азимутты белгілеуді жиілетеді. Ал нүктелер өзара қосылады, қосылған нүктелер шардың жоын, ал ауытқуы желдің әсерін білдіреді. Әр кесіндінің ұзындығын анықтай отырып, әр қабаттағы жел жылдамдығын анықтаймыз. Желдің бағытын транспортир көмегімен анықтаймыз. Радиалды тордағы бақылауды өңдеу әдісі таза графикалық Молчанов шеңбері шыққанша қолданыста болды.

29. Желді зондылау мәліметтерін өңдеуді сипаттаңыз. Желді зондылау мәліметтерін өңдеу. Өңдеудің мазмұны мен тәртібі. Метеорит РКЗ жүйесінің көмегімен бақылау жүргізгенде қиғаш қашықтық, вертикалды (орын бұрышы), горизонталды (азимут) бұрыштар бойынша желдің жылдамдығы мен бағыты анықталады. Азимут дегеніміз – берілген нысан мен солтүстік бағыт арасындағы бұрыш. Орын бұрышы дегеніміз – берілген нысан мен көкжиек арасындағы бұрыш. Қиғаш қашықтық дегеніміз – бақылау орны мен соңғы биіктікті қосатын түзу. Ол ұшақ–шардың ұшу уақыты мен оның вертикалды жылдамдығының көбейтісіне тең болады: ДҚ = t·W; Шар–ұшақ мәліметтерін өңдеу келесі тәртіппен жүргізіледі: 1) Шар–ұшақтың вертикалды жылдамдығын анықтайды; 2) Шар–ұшақтың Жер бетінен және теңіз деңгейінен биіктігін анықтайды; 3) Бұлттардың биіктігін есептейді; 4) А–30 Д планшетіне шардың проекциясын түсіреді; 5) Шар–ұшақ проекциялары аралығындағы желдің жылдамдығы мен бағыты анықталады; 6) Стандартты деңгейлер үшін желдің жылдамдығы мен бағытын есептейді; Өңдеуге келесі уақыттың координаталары енгізіледі: 3 минутқа дейін – әр 0,5 мин бақылаулар; 3–10 минутқа дейін – әр 1 мин бақылаулар; 10–40 минутқа дейін – әр 2 мин бақылаулар; 40 минуттан соңына дейін – әр 4 мин бақылаулар; Тіркеу лентасының сипаттамасы. Атмосфераны зондылау процесінде радиозонд көмегімен жасалынған радиолокациялық бақылаулар температура мен ылғалдылық жиіліктерінің шамалары туралы, тірек жиілік туралы мәліметтер уақыт бойынша қағаз лентаға түсіріледі. Лентадағы 1–ші топтағы цифрлар – радиозондтың ұшырылғаннан бастапқы уақыт. (–) – минуттың бүтін саны; (+) – берілген санға 30 секунд қосу керек. 2–ші топтағы цифрлар – радиозондтың орын бұрышының шамасы. Мұндағы 1–ші сан – ондықтар, 2–ші сан – бұрыш өлшеуіштің үлкен бөлгішінің бірліктері; 3–ші сан – бұрыш өлшеуіштің үлкен бөлгішінің ондықтары; 3–ші топтағы цифрлар – бұрыш өлшеуіш азимут шамасын береді. Ол – орын бұрышы сияқты тіркеледі. 4–ші топтағы цифрлар – қиғаш қашықтық шамасын анықтайды (жүздік метр шамасында). Жел бақылауларын өңдеуге арналған планшеттерді суреттеу. Молчанов шеңбері негізгі 3 бөліктен тұрады: 1–металды қозғалмайтын шеңбер; 2–қозғалмалы шеңбер; 3–қозғалмалы сызғыш; Шеңбердің ортасы радиолокаторлың орналасу орны болып табылады. Қозғалмайтын шеңбер номограммалардын тұрады. Онда орын бұрышы шкаласы 0–15° – қа дейінгі бұрыш өлшеуіш мәнімен берілген. Қозғалмалы шеңбер мөлдір целлулоидтан жасалған және оның шетінде азимут мәндері 0–60 ° – қа дейінгі бұрыш өлшеуіш мәнімен берілген А–30 Д планшетімен жұмыс келесідей жүргізіледі: қозғалмайтын шеңберден орын бұрышының мәнін тауып, сызғышты келтіреміз. Сызғыштың осы шетіне қозғалмалы бөліктен азимут мәндерін тауып келтіреміз. Қиғаш қашықтықтың мәнін алып, қиылысқан жерге тушьпен нүкте салып, сәйкес минутты жазып қоямыз. Осылайша координаттың барлық мәндерін енгізіп, атмосфера қабаттарындағы желге сәйкес горизонталды кеңістікте қималарын аламыз. Желдің жылдамдығы мен бағыты келесідей анықталады: қозғалмалы шеңберді жылжыту арқылы қажетті қиманы қозғалмайтын бөліктегі номограммадағы сызықтарға параллельді етіп орналастыру керек. Бастапқы нүктені қозғалмайтын шеңбер диаметрінің қиылысу орнына сәйкестендіріп, қозғалмалы шеңбердегі азимут шкалалары арқылы желдің бағытын анықтаймыз. Желдің жылдамдығы екі нүкте аралығындағы тор санына сәйкес келеді. 1 тор 1м/с – қа тең. Қиғаш қашықтықтың мәндері 1000 м – ге дейін әр 100 м сайын, 1000–7000 м дейін әр 200 м сайын, 7000–9000 м сайын әр 500 м сайын орналасқан. Жер бетінен биіктік А–63 планшетінің көмегімен жүргізіледі. А–63 планшеті – қозғалатын бөлік, қозғалмайтын бөлік және қозғалмалы сызғыштан тұрады. Шеңбердің қозғалатын бөлігіндегі ішкі шкала қиғаш қашықтықты білдіреді. Қозғалмайтын бөлігіндегі сағат тіліне қарама – қарсы мәндер орын бұрышының мәндері болып табылады. А–63 планшетімен жұмыс келесідей жүргізіледі: 1) Қозғалмалы дискіден қиғаш қашықтық мәндерін сызғышпен келтіреміз. 2) Дискіні айналдыра отырып, орын бұрышының мәніне қиылыстырамыз. 3) Ответ стрелкасындағы мән жер бетінен биіктік болып табылады. Температура, ылғалдылық жиіліктері және тірек жиіліктері туралы мәліметтер лентаның оң жағында беріледі. КАЭ–3 кітапшасының сипаттамасы. Уақыт мәндері КАЭ–3 кітапшасының бірінші графасында берілген. Екінші графаға горизонталды бұрыш, яғни азимут мәндерін лентадан алып жазамыз. Үшінші графаға вертикалды бұрыш, яғни орын бұрышының мәні жазылады. Төртінші графаға лентада берілген қиғаш қашықтық мәндері жазылады. Келесі бесінші графаға жер бетінен биіктік жазылады. Оны біз А–30 Д планшетінің көмегімен анықтаймыз. Алтыншы графаға жердің түзу еместігіне және сәулелердің рефракциясына пропорционалды түзету коэффициент мәндері жазылады. Бұл түзету коэффициенті орын бұрышы мен қиғаш қашықтықтың қиылысқан мәндері бойынша «жердің түзу еместігіне және сәулелердің рефракциясына пропорционалды түзету коэффициент мәндері» кестесінен алынады. Оны биіктік 20000 м-ден жоғары болғанда анықтаймыз. Ол келесі жолмен анықталады: қиғаш қашықтықтың мәнінен одан төмен және жоғары, айырмашылығы 5 км болатын екі деңгей алынады. Осы деңгейлерге сәйкес кестеден коэффициент міндерін аламыз. Алынған мәндерді бір – бірінен азайтамыз. Оны 5 км-ге бөлеміз. Берілген қиғаш қашықтықтың мәнінен одан төмен орналасқан деңгейдің мәнін азайтамыз. Шыққан мәнді ондық дәлдікпен жуықтаймыз. Сосын осы шыққан мәнді 5 км-ге бөлінген мәнге көбейтеміз. Төменгі деңгейге сәйкес келетін коэффициент мәніне шыққан мәнді қосамыз. Оны бүтін санға дейін жуықтаймыз. Осы анықталған мән бізге жердің түзу еместігіне және сәулелердің рефракциясына пропорционалды түзету коэффициентін береді. Мысалы: орын бұрышы – 8,03; қиғаш қашықтық – 20820 болсын.

17 – 11 = 6

6: 5 = 1,2

20820 – 20000 = 820 ~ 0,8

1,2 · 0,8 = 1

11 + 1 = 12

Келесі жетінші графаға теңіз деңгейінен радиопилоттың түзетілген биіктігі, шартты жылдамдығы жазылады. Оны анықтау үшін жердің түзу еместігіне және сәулелердің рефракциясына пропорционалды түзету коэффициент мәніне жер бетінің биіктігі мәнін және станцияның теңіз деңгейінен биіктік мәнін қосамыз. Келесі 2 графада ортаңғы қабаттың биіктігі анықталады. Бірінші теңіз деңгейінін биіктігі анықталады. Оны графиктегі әр минутқа сәйкес түзумен қиылысқан нүктелер бойынша анықтаймыз. Ал жер бетінен биіктікті теңіз деңгейінен анықталған биіктікті гПа – ға айнылдыру арқылы анықтаймыз. Келесі 2 графада жел туралы мәліметтер беріледі. Оны Молчанов шеңберінің көмегімен анықтаймыз. Миллиметрлік қағазға абцисса осьі бойынша уақыт мәндерін, ал ордината оьсі бойынша 200 м сайын биіктік жазылады. Уақыт пен биіктік мәндерін сәйкестендіре отырып қиылыстырамыз. Келесі графикке абцисса осьі бойынша жел сипаттамалары, ал ордината осьі бойынша биіктік мәндері түсіріледі. Сәйкес мәндері арқылы нүктелерді қиылыстырып, түзумен қосамыз. Жел сипаттамаларының ерекше нүктелерін анықтаймыз. Осы мәліметтерді қолдана отырып КН–03 кодын құрастырамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]