Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
aero_praktikum_shpor_toly_1179.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆
  1. Аэрологиялық теодолиттерге анықтама беріңіз

Ұшақ– шардың бұрыштық координаттарын анықтау үшін арнайы аэрологиялық және ұшақ шарға арналған теодолиттер тағайындалған. Соңғы жылдарда бұл теодолиттер басқа да кейбір аэрологиялық объектілердің координаттарын анықтау, РЛС – ке қорытынды және салыстырмалы бақылаулар жүргізу, желдік – температуралық зондылаулар, РЛС – ті бағдарлау және т.б жұмыстар үшін қолданылады. Мұнымен байланысты, аэрологиялық теодолиттер айтарлықтай қолданыстарға ие. Теодолиттердің ірі модельдерінің көптігіне қарамастан, барлық теодолиттерге ортақ талаптар бар. Ол талаптар теодолиттің аэрологиялық бақылауларға жарамды болуына негізделген.

Ол талаптар төмендегідей:

1) барлық теодолиттер шардың кез – келген жаңдайында, оның зенитте орналасуымен қоса, ыңғайлы және кедергісіз бақылау жүргізуді қамтамасыз ету керек;

2) шардың қозғалуында бұрыштық координаттардаң тез өзгеруіне қарамастан,оның мәнін анықтауға мүмкіндігі жоғары болу керек;

3) теодолиттің оптикалық жүйесі жақсы жарытық пен үлкен көру аумағын айтарлықтай үлғайту керек;

4) бұрышты анықтау дәлдігі 0,10 төмен болмау керек, бірақ мүмкіндігінше координаттарды анықтау дәлдігі 0,010 немесе 1' дәлдігімен болу керек;

5) теодолит түнгі жұмыстарды жүргізу үшін ыңғайлы болу керек;

6) теодолит жылдам әрі қарапайым нивелирлеу мен бағыттауды қамтамасыз ету керек;

7) теодолиттің құрылысы берік болу керек, салмағы жеңіл және тасымалдауға икемді болу керек;

8) теодолит шардың бұрыштық координаттары бойынша өзінің көру дүрбісін, әсіресе, шарды ұшырғандағы алғашқы минуттарда тез қозғалта алатын болу керек. Және сол уақыттардағы шардың айқасқан сызықтарда анықталуын қамтамасыз ету керек. Ендігі кезекте, осы талаптардың практика барысында жүзеге асырылуын қарастырайық. Барлық аэрологиялық теодолиттерде сынық дүрбі болады. Мұндай құрылғы болған жағдайда объективтің кез – келген жағдайында да оның окулярлы бөлігі бірдей биіктікте және горизонтальды орналасады. Бұл жағдайдағы шардың орын бұрышының аз өзгеруін анықтау оңай болғаны сияқты зенитте де анықтау қиындық туғызбайды. Шардың орын бұрышы мен азимут мәндері оптикалық жүйе көмегімен окулярда айқасқан сызық астында орналасқан арнайы шкалаларда үздіксіз бақыланып отырады. Сонымен қатар, окулярдағы айқасқан сызықтар астындағы шкалаларда горизонтальды және вертикальды шеңбер бойынша есеп алынады. Ескі модельді теодолиттерде (мысалы, ШТ теодолті) есеп алудың икемділігі мен жылдамдығы құралдың қарапайымдылығымен және бір уақытта екі құралмен бақылау жүргізу арқылы жүзегі асырылады. Орын бұрышы мен азимут бойынша теодолит дүрбісін қолмен тез жылжытумен қоса, оны арнайы микрометрлік бұранда (винт) көмегімен шарға дәл дәлдеуді жүзеге асырады. Шарды ұшырғандағы алғашқы минуттарда шарды табуды жеңілдету мен шар қозғалысы арқылы қозғалу үшін қазіргі уақыттағы теодолиттер үлкен көру бұрышы аумақты аз ұлғайтпалы нысанадан жасалған. Шар үлкен қашықтыққа кетерілгенде арнайы тетік көмегімен қосымша объективтен негізгі объективке бақылауға оңай көшеді. Ол үшін осы объектив жарығының жолындағы призманы арнайы рычаг арқылы алып тастайды. Теодолит дүрбісінің ұлғаюы 20х тең және көру бұрышы 20 шамасында, ал нысананың ұлғаюы 4х тең және көру бұрышы 120 шамасында. Түнгі уақыттарда жұмыс жасау үшін теодолит шкаласына жарық беруші жасалған. Теодолитті нивелирлеу үшін, онда шеңбер дәне цилиндр тәрізді деңгейлер бар, кейбір модельді теодолиттерде екі цилиндрлі деңгейлер болады (олар бір- біріне 900 бұрышпен орналастырылады). Барлық теодолиттерде буссоль болады және оның көмегімен жарықты бағыттау жүзеге асырылады. Аэрологиялық теодолиттің салмағы 8 кг аспайды. Теодолит арнайы ағаш немесе металл жәшікте жинақталады және оны кез – келген арақашықтықта тасымалдауға болады. Алқаптық жағдайда теодолит арнайы үш аяқты тағанда қондырылады. Түнгі уақыттағы бақылауға арналып жинақталып орналастырылған теодолит келтірілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]