Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ак.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13 Мб
Скачать
☆

Қоздырғыштың таксономиясы:

іріңді стрептококк–streptococcus pyogenes

микробиологиялық қасиеті: коктар, моншақ тәрізді орналасқан жасуша

зерттеу әдісі : микроскопиялық, Грам әдісі

Морфологиясы. Стрептококтар ұсақ, шар тәрізді жасушалар, тізбектеліп немесе жұптас орналасады, грам оң, спора түзбейді, қозғалмайды .Стрептококтардың көптеғен штамдары ғиалурон қышқылынан түратын капсула түзеді.

Дақылдандыру. Факультативті анаэробтар, капнофилдер, кейбір түрлері микроаэрофилдер. Көптеге түрлері анаэробты жағдайды талғайды. Көмірсу, қан, сарысу, асцит сүйықтығымен байытылған қорек орталарда өседі. Тығыз қоректік ортада үсақ, сұр түсті колониялар түзеді. Сұйық қоректік орта стрептококтар түбінде тұнба беріп өседі. Стрептококтар - факультативті анаэробтар.

Патогенділік факторлары. Стрептококтар - шартты-патогенді микроорганизмдер. Патогенділік '"акторлары - микрокапсула, жасуша қабырғасының компоненттері, агрессия ферменттері және |оксиндер.Фимбрия ақуызы немесе М ақуыз - негізгі патогенділік фактор. Маңыздылығы бойынша стрептококтардың екінші патогенділік факторы - капсула, ол фагоцитоздан қорғайды және эпителиге жабысуын жеңілдетеді; капсула гиалурон қышқылынан қүралғандықтан оның ногенді белсенділігі төмен.

Эпидемиологиясы. Стрептококтар адамдар мен жануарлардың қалыпты микрофлорасының өкілі. тобының стрептококтары адамдарда тері және шырышты қабықта; В тобы мүрын - жүтқыншақ, асқазан иек жолдары және қынапта мекендейді.

Инфекция көзі - науқас адамдар немесе тасымалдаушылар, өте сирек жағдайда ауру жану пневмококты инфекция кезінде - науқас адамдар мен тасымалдаушылар. Стрептококгар, басқа ШПМ иммунитеті төмен науқастарда, мысалы жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялынан кейін, стрептококтық инфекция тудырады.

Патогенезі және клиникасы. Стрептококтар басқа ШПМ сияқты оппортунистік инфек тудырады. Патогенезі бактерияның көптеген патогенді факторлар әсерімен байланысты.

Микробиологиялық диагноз қою. Зертханалық диагноз қою үшін экспресс әдіс, бактериология және серологиялық әдістер қолданады.

Емдеуі. А тобының стрептококтары бөлінгенде емдеу препараты - пеннцнллин. Пснициллинге зистентгі штамдарын басқа сезімтал антибиотикгермен емдейді (левомицетин, цефтриаксон, ванкомицин, ифампицин және басқалары). Стрептококтарға қарсы емдік иммундыбиологиялық препараттар жоқ.

Алдын алуы. Арнайы сақтандыру шаралары жоқ, себебі иммунитет типтік спецификалық. невмоктық инфекцияның алдын алуы үшін әртүрлі 23 полисахаридті антигендердің серологиялық врианттары кіретін поливалентті вакцина үсынылған.

Егу сезімталдылықтары жоғары топтарға, 5-10 жыл аралығынды жасалып отырады.

Қоздырғыштың таксономиясы:

мерез- treponema pallidіum

микробиологиялық қасиеті: бозғылт түсті иілген жасуша

зерттеу әдісі: микроскопиялық, Романовский-Гимзе әдісі

Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері. «Бозғылт трепонема» атауы анилинді бояулармен боялу қабілетініңтөмен болуына байланысты. Басқада патогенді трепонемалар бар, олар тудыратын аурула көбінесе ыстық және ылғалды климатты аймақта кездеседі. Бозғылт трепонема - спираль пішінді жіңішке бактерия, біркелкі ұсақ бұрамалары бар, бұрамаларының саны 8-12. Романовский-Гимзе әдісімен бояға ерекше солғын-қызғылт түске боялады.

Дақылдандыруы. Бозғылт трепонема - облигатты анаэроб, арнайы қоректік орталарда өсуі қиын. Қолайлы қоректік орта құрамына ми немесе бүйрек тіндері қосылады. Тауықтардың үрықтарының хорионаллантоистық тіндерінде, қоянның қан сарысуына ми тіндерін қосып, вазелин майының астына сепкенде жақсы өсу танытады. Қоректік ортада өсетін трепонема - дақылдық спирохета – патогенді түрімен вируленттілігінің төмендігімен ерекшеленеді, дегенмен антигендері ұқсас, сондықтан мерезге іық диагноз қоюда қолданылады. Өсу температурасы 34 - 40°С (анаэробты жағдайда)

Эпидемиологиясы. Мерез тек антропонозды инфекция. Инфекция көзі - ауру адам. Неғұрлым жиі негізгі жүғу жолы - жыныстық қарым-қатынас арқылы. Сау адамға жұғу үшін жұқтырушы адамның шырышты қабаттарында немесе терісінде эрозиялы, жаралы элементтер байқалу керек деген түсінік бар. Қоздырғыш ену үшін кіші - гірім жарақаттар болуы керек деп саналады. Ондай жарақаттар жыныстық қатынас кезінде өте жиі кездеседі.

Патогенезі және клиникалық белгілері. Мерез қоздырғышы организмге тері және шырышты қабық арқылы түседі, ағзалар мен тіндерді зақымдай отырып таралады. Жасырын кезеңі орташа 3-4 аптаға созылады

Емдеуі. Анағұрлым тиімді антимикробты препараттарға пенициллин қатары жатады. Сонымен қатар дюрантты (ретарпен, экстенциллин), орта дюрантты (перкаин - пенициллин), суда еритін препараттар (натрий тұзы), висмут, йод т.б. қолданылады. Бензилпенициллинді организмі қабылдамайтын болса, оның орнына доксициклин, тетрациклин, эритромицин, ампициллин, оксациллин және цефтриаксон пайдаланылады.

Емдеу аяқталғаннан соң науқас 3 айдан -3 жылға дейінгі мерзім аралығында клиникалық - серологиялық бақылауда болады.

Алдын алуы. Арнайы сақтандыруы жоқ. Бейспецификалық сақтандыру жеке гигиенаны сақтауға, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы санитарлы-гигиеналық шаралар кешенін жүргізуге негізделген: мерез ауруларын тіркеу, жұқпалы түрдегі барл ық науқастарды ауруханада емдеу, науқастың жанүясындағы барлық адамдарды тексеру, қауіп тондіретін топтарды (нашақорлар, жезөкшелер, гемосексуалистер, донорлар) жүйелі түрде зерттеу, түрғындардың арасында санитарлық-ағарту жүмыстарын жүргізу т.б.

қоздырғыштың таксономиясы: алтын түсті стафилококк- staphylococcus aureus

микробиологиялық қасиеті: қиғаш агарда өсуі, пигмент түзу, тұнбаға түсуі

зерттеу әдісі: бактериологиялық, тығыз әмбебап қоректік орта

Морфологиясы. Стафилококтардың барлық түрлері шар тәрізді, дұрыс пішінді диаметрі 0,5 - 1,5 мкм жасушалар, грам оң боялады, кеңістікте дұрыс емес бөлініп жүзім шоғырына ұқсас шоқтық түзеді (18,19,20- сурет). Жалғыз және қосақталған жасушалар да кездеседі. Спора түзбейді, талшықгары жоқ.

Дақылдандыру. Стафилококтар қарапайым ортада (рН 7,0-7,5) өседі және факультативті анаэробтар, оорганотрофтар. Каталазасы бар, оксидазасы жоқ. Аэробты жағдайда өсіргенде амин қышқылдар және аминдерді, анаэробты жағдайда - қосымша урацил және көмірсуларды қажет етеді.

Патогенділік факторлары микрокапсула, жасуша қабығының компоненттері, агрессия ферменттері таза, гиалуронидаза, липаза, плазмокоагулаза, лецетиназа, фибринолоизин, в лактамаза, гемолизин- в, г, ө) мен токсиндері (лейкоцидин, эксфолиатин, токсикалық шок синдромының токсині, энтеротоксиндер А, В, С, D, Е, F.Стафилококтар өте бейімделгіш болып келеді: ибактериалды препараттарға тұрақтылығы жылдам пайда болады.

Эпидемиологиясы. Стафилококтар адамның және жануарлардың қалыпты микрофлора өкілдері ып келеді. Соған байланысты ағзаның әртүрлі биотоптарында орналасады, көп мөлшерде теріде кендейді (S.еріdеrmіdіs).

Таралу көзі - науқас және тасымалдаушылар. Аса эпидемиологиялық қауіп төндіретіндер - медицина леткерлері, олар госпиталды стафилококк штамдарыныңтасымалдаушылары.

Патогенезі және клиникасы. Стафилококтар басқа ШПМ секілді оппортунисттік аурулар тудырады. Стафилококтар этиологиялық фактор ретінде келесі нозологиялық аурулар тудырады: тері және теріасты жасушаларының аурулары (пиодермия, везикулопустулез, пемфигус, абсцесс, фурункул, карбункул, гидро- адениттер); тьіныс алу мушелерінің аурулары (баспа, плеврит, пневмония); жүйке жүйесі және сезіну мүшелерінің аурулары (менингит, отит, конъюнктивит ж.т.б.); ауыз қуысы және асқорыту ағзаларының аурулары (стоматит, перитонит, парапроктит, энтерит, энтероколит, астан улану); сүйек-бүлшық ет жүйесі мен дәнекер тіннің аурулары (артриттер, периоститгер, остеомиелиттер ж.т.б.); қан айналымы жүйесінің

пары (эндокардит, перикардит, флебитж.т.б.); зәр шығаружыныс мүшелерініңаурулары (пиелит, цистит, рит, мастит, әндометрит, орхит ж.т.б.); стафилококтық сепсис.

ізделген.

Емдеуі. Стафилококтық инфекцияларды антибиотиктер және сульфани-ламидті препараттармен емдейді. Соңғы жылдары науқастардан бөлінген стафилококтар көптеген химиотерапиялық препараттарға тұрақты екені белгілі болды. Бұндай жағдайда емдеу үшін стафилококтық анатоксинімен иммуниза- цияланған донор қанынан алынған стафилококтарға қарсы антитоксикалық плазма немесе .иммундыглобулинді қолданады. Белсенді иммунитет қалыптастыру үшін (жоспарлы хирургиялық науқастар, жүкті әйелдер) адсорбцияланған стафилококк анатоксинін қолдану мүмкін.

Көбінесе стафилококтық инфекциялармен иммунды компромисты науқастар ауыратындықтан, иммунитетті белсендіретін препараттар қолдануға болады.

Алдын алуы. Жалпы сақтандыру кешендері бірнеше бағыттардан түрады: науқастар мен тасымалдаушыларды анықтап, емдеу; медицина қызметкерлерін тексеру (әсіресе, перзентхана, нимациялық, хирургиялық бөлімдердің); жоспарлы түрде медицина қызметкерлері арасында стафилококк тасымалдаушыларының резиденттік түрлерін анықтау және оларды емдеу (стафилококгық риофаг, хлорфиллит, эктерицид, лизоцим); ауруханаларда, емханаларда санитариялық-гигиеналық елерді қатал қадағалау (асептика, антисептика, дезинфекция, стерилизация); жүре пайда болған "сенді иммунитет қалыптастыру үшін стафилококтық анатоксин қолдану; пассивті иммунитет қалыптастыру- үшін стафилококтық иммунды глобулин немесе стафилококқа қарсы донорлық гипериммунды азма қолдану.

қоздырғыштың таксономиясы: ботулизм- clostridium botulinum

микробиологиялық қасиеті: спорасы субтерминальды орналасқан таяқша пішінді жасуша

зерттеу әдісі: микроскопиялық, Грам әдісі

Морфологиясы. Грам оң таяқшалар, спора түзеді, перитрихтары бар. Субтерминальды спо- бар таяқшаның тұрі тенис ракеткасына ұқсайды. Ботулизм таяқшасының физиологиялық ерекшелі

  1. Облигатты анаэроб

  2. Сапрофит.

Дақылдандандыру. СІ.botulinum - қатаң анаэроб. Өсу үшін қолайлы температура 28°-37°С, ор рН 7,2-7,4 болуы қажет. Қанды агарда майда мөлдір, гемолизбен қоршалған колониялар түзеді. бағаналы қант агарында ұлпа немесе жасымық дәндері түрінде өседі. Алдын ала сұйық қоректік ортал" 15-20 мин қайнатып, жылдам салқындатып тексеретін материалды сепкенде жақсы оседі.

Патогенділік факторлары. СІ.botulinum патогенділік факторы - нейротоксиндік және гемаглютинациялаушы әсер ететін термостабильді экзотоксин.

Эпидемиологиясы. Ботулизм қоздырғышы табиғатта кең таралған. Табиғи иесінде ботул қоздырғышының вегетативті түрлерінің орналасатын жері -жануарлар, балықтар, шаянтәрізділердің і Ботулизм қоздырғыштарының споралары мен вегетативті түрлерінің табиғи тіршілік ету ортасы - топы су.

Топырақ арқылы ботулизм таяқшасы тағамға түсіп, экзотоксин бөледі. Инфекцияның таралу жолы - тағамдық. Инфекция таралуына консервілер (саңы- қ, жеміс-жидек, ет, балық консервілері) жиі себепкер болады. Адамнан адамға ауру берілмейді. Патоғенезі. Ботулизмнің берілу факторлары: тамақ өнімдері, үйде жасалынған консервілер жиі себепкер болады. Адамнан адамға ауру берілмейді.

Патогенезі. Ботулизмнің берілу факторлары яның берілу жолы: тамақ арқылы (алиментарлы жол). Ботулизм патоғенезінің ерекшеліктері: • Инкубациялык кезеңі өте қысқа (сағаттар) астан улану.

Клиникалық көріністері. Инкубациялық кезеңі 6-24 сағаттан 2-6 тәулікке дейін созылуы мүмкін. эациялық кезең аз болған сайын, ауру ағымы ауырлайды. Ботулизмнің ерте клиникалық белгілері: лодацияның бүзылуы, көзге қосарланып көріну, қарашықтың үлғаюы, жүтудың бүзылуы, афония. Ауру жедел басталады, бірақ дене қызбасы қалыпта болады.

Емдеуі. Ботулизмнің арнайы емі: А, В, Е токсиндеріне әсер ететін ботулинге қарсы сарысуларне гомологиялы иммундыглобулин.

Алдын алуы. Ботулизмнің алдын алу шарасы - үй жағдайында консервілер және тағамдар дайы технологиясын дүрыс сақтау. Ботулизмнің жүғу көзі болған тағамдар жеген, бірақ әлі ауырмаған адамдар жедел профилактикасы үшін қолданылатын препарат: А, В, Е ботулинтоксиндеріне қарсы моновале сарысулардың қоспасы. Ботулизмнің арнайы белсенді алдын алу үшін қоданылатын препарат Трианатоксин. Қүрамында А, В, Е, ботулиндік анатоксиндері бар және Тетраанатоксин. Қүрамына А,В ботулиндік анатоксиндері және сіреспе анатоксині кіреді. Жедел алдын алу - ботулизмге қарсы сар көмегімен іске асырылады.

қоздырғыштың таксономиясы: тырысқақ - vibrio cholerae

микробиологиялық қасиеті: Грам теріс иілген таяқша пішінді жасуша

зерттеу әдісі : микроскопиялық, Грам әдісі

Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері. Тырысқақ вибрионы полиморфты - үсақтау, грам теріс, иілген немесе тік таяқша, спора түзбейді, капсуласы жоқ, монотрих, өте қозғалғыш. ;

Дақылдандыру. V. сhоlеrае - факультативті анаэроб, бірақ аэробты қасиеті басым болғандықтан сүйық қоректік орта бетінде үлбір түзеді. Оптимальды өсу температурасы 37°С, басқа микроорганизмдердені ерекшелігі - олар ортаның рН - 8,5-9,0 жағдайда жақсы өседі. Тырысқақ вибрионы - талғамсыз микроорганизм: қарапайым қоректік орталарда өседі, мысалы 1% сілтілі пептонды суда, сілтілі агарда. Бүл қоректік орталар тырысқақ вибрионына элективті болып келеді. Vibrio. сhоlеrае -ның бір ерекшелігі сол олар өте жылдам өседі - сұйық қоректік орта бетінде 6-8 сағатта үлбір пайда болады. Тығыз қоректік орталарда ұсақ, аспан көк түсті колониялар түзеді.

Патогенділік факторлары. Тырысқақ вибрионы эндотоксин түзеді, сонымен қатар ол бірнеше ракциядан қүралған экзотоксин бөледі. Олардың арасында ең маңыздысы термолабильді ақуызды эксин - холероген.

бірнеше апта сақталады

Эпидемиологиясы. Тырысқақ қоздырғышынажануарлар сезімтал емес. Тырысқақ- көне заманнан белгілі ауру, дегенмен XIX ғасырдың басына дейін, ол тек Үндістанда кездескен, онда инфекцияныңтүрақгы ошағы болып қазіргі уақытқа дейін сақталады. Инфекцияның таралу механизмдері: фекалды-оралды, түрмыстық қатынаста су және тамақ арқылы таралады.

Патогенезі. Ауыз арқылы асқазанға түскен вибриондар, түз қышқылының әсерінен жойылып қалуы мүмкін. Бірақ қоздырғыш көп мөлшерде түскен жағдайда және асқазан сөлі қүрамының қышқылдығы төмендегенде (тамақпен, сумен араласуы, төмен қышқылды гастрит) вибриондар аш ішекке өтіп кетеді, оныңэпителиіне жабысып, көбейеді жэне экзотоксин бөледі.

Клиникалық көріністері. Инкубациялық кезеңі 1-6 күнғе дейін созылады. Ауру жедел дамиды дене қызуы көтеріледі, құсу, нәжістің бұзылуы байқалады (нәжіс пен күсықтың түсі қайнатылған күріштің суына ұқсас, иісі - тәтгі балыққа ұқсас). Бүл кезең 1 -3 тәул ік созылып, ауру аяқталуы мүмкін (тырысқа жеңіл түрі) немесе келесі кезеңғе өтеді - гастроэнтерит кезеңі (ағымы орташа ауырлау).

Микробиологиялықдиагноз қою. Зерттелінетін материал: құсық, нәжіс, тағамдар, су, өт, секцияль материал. Тасымалдау ортасы ретінде 1% пептонды су, рН 8,2-8,4 қолданады. Алғашқы болжам ретінде бактериоскопиялық әдісті қолдануға болады. Негізінде бактериологиялық әдіс қолданылады, о қоздырғышты идентификациялауға(У.сһо1егае 01 немесе 0139 анықтайды), антибиотиктерге сезімталдығь анықтау, түрішілік идентификацияны жүргізу, биовар және серологиялық варианттарын анықтауға мүмкіншілік береді.

Емдеуі. Емдеуі ек. бағытга жүргізіледі: 1. Патогенетикалық - регидратация (жойылған сүйықтар іенэлектрол итерд і изотоникалық апирогенді түз ергінділері және плазма сүйықгарымен қалпына келтіру) 2.Этиотропты кең спекторлы антибиотиктер қолдану (тетрациклиндер, хлорамфеникол, фторхинолондар ципрофлоксацин, офлоксаин, пефлоксацин, ломефлоксацин).

Алдын алуы. Алдын алудың негізгі санитарлық гигиеналық және карантиндық бейспецификалық шаралар жүргізу. Эпидемия аралық алдын алу шараларына кіреді: ашық су қоймаларын тырысқақ ибрионына эпидемио-логиялық мониторинг жүргізу; қадағалайтын аймақта ішек инфекция ауруларына уақтылы талдау жасау транспорттық қатынас пен миграциялық ағындарды талдау; аймақтың және ғамдық кэс.п орындарының санитарлық - гигиеналық жағдайын қадағалау; емдеу-алдын алу мекемелерінің тырысқаққа күмәнді ауруларды анықтай білуін және эпидемияға қарсы алғашқы шаралар жүргізуін қамтамасыз ету.