Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ак.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13 Мб
Скачать
☆

Ферменттік белсенділігі төмен.

Инфекциялық қасиеттері: Антигендік қасиеті және патогенділік факторлары. Антигендік қүрылымы күрделі, соматикалық және капсулалық антигендері бар. ЛПС күшті иммуногенділік көрсетеді. Негізгі антигендік жүк пилил мен сыртқы мембрананың беткей ақуыздарында болады. Пилилер ақуыздық суббірліктердің тізбегіне қанттардың қалдықтарынан және фосфорлық қышқылдан түрады. Сыртқы мембрана протеиндерде түрады.

Гонококк антропонозды инфекция. Табиғи және тәжірибелік жағдайда гонококтарға бір де бір жануар сезімта емес. Қоздырғыштың негізгі таралу жолы - жыныстық қатынас. Бленнорея кезінде қоздырғыш (гонококк) ананың туу жолы арқылы нәрестеге жүғады. Сирек жағдайда түрмыстық заттар арқылы таралуы мүмкін.

Гонококтар ағзаға ене отырып, зәр жолының әпителиіне және жыныс жолдарының шырышты қабығына жабысып жасуша ішіне өтеді. Шырышты қабаттарда көбейіп, жасушалары бүзылғаннан кейін эндотоксин бөлінеді, лейкоциттердің көптеп көшуімен белгіленетін қабыну процестерін тудырады. Гонорея, бедеулік,бленнорея.

зерттеу әдісі: микроскопиялық, Грам әдісі

Диагностикасы, алдын алуы және емдеуі: Жедел созға және бленнореяға диагноз қоюдың негізгі әдісі - ірінді бөліндінің жағындысын Грам бойынша, метилен көгінің 1% ерітіндісімен және эозиннің 1% спиртгі ерітіндісімен бояп, бактериоскопиялық зерттеу. Нәтижесі теріс болса бактериологиялық әдісті қолдана

Бактериологиялық әдіс: зертгеу материалын (ірінді бөлінділер) қүрамында сарысу, қан немесе асцитті сұйық бар арнайы қоректік орталарға себеді; асцитсіз орта да қолданылады (мысалы, казеині, ашытқылы лизат, сарысуы бар КДС-1); өсу оптимумы-ауада 10-20% көмірқышқыл газының болуы, рН 7,2-7,4 не 37°С температура.

Серологиялық әдіс: науқастың қан сарысуымен қойылған КБР (Борде-Жангу реакциясы) немесе

АР.

Жеделдетілген әдіс: Молекулярлы-генетикалық әдіс - ДНҚ зонд арқылы тест, ПТР, ИФР.

Емдеуі. Антибиотиктер (цефалоспориндер, фторхинолондар, макролидтер, спектиномицин) мен иопрепараттар қолданылады. Иммунды терапия мақсатында созылмалы соз кезінде олі гонококктық наны енгізеді.

Алдын алуы. Арнайы сақтандыруы жоқ. Негізгі сақтандыру әдісі жыныстық қатынас кезінде рватив пайдалану. Созбен күресу шаралары инфекция козі болып табылатын адамдарды табу және

еу.

Бленнореяның алдын алу үшін туылған сәтте нәрестелердің козін 1% күміс нитраты немесе биотиктер ерітіндісін тамызып өңдеу әдісін жүргізеді.

Зерттеу әдісі: микроскопиялық, метиленкөкпен боялған

№ 5

қоздырғыштың таксономиясы: сібір күйдіргісінің бацилласы –Васillus anthracis

микробиологиялық қасиеті: грам оң жіп тәрізді таяқшалар, мазоктың ішіндегі бірінен кейін бірі орналасқан – стрептобациллалар. Иесінің ағзасында қоздырғыш капсула түзеді. Капсуласы шіріту микрофлораның әсеріне түрақты, сондықтан шіріген мәйіттен дайындаған жағындыда бос капсулаларды анықтауға болады (микробтардың «көлеңкесі»), Жағындыда капсуланы анықтау үшін Леффлер әдісімен метилен көгімен бояйды (жасушалар - аспан көк түске капсулалары - қызыл түске боялады). Күйдіргі бациллаларының споралары сопақша, тірі ағзада және ашылмаған мәйітте споралар түзе алмайды. Спора түзу үшін бос оттегі мен арнайы температура (12-42°С) қажет. Қоздырғыштың қоршаған жоғары сезімтал-дығын қамтамасыз ететін фактор - спора түзу қабілеті; суда споралар 10 жылға топырақта - 30 жылдан артық уақыт сақталына алады.

Дақылдық қасиеттері: Күйдіргі микробы - факультативті анаэроб, қарапайым қоректік орталарда жақсы оптимальды өсу температурасы 34-37°С, орта рН- 7,2-7,5. Тәулік бойы инкубациялағаннан кейін ЕПА-да немесе Хоттингер агарында ірі, кедір бүдыр, шетгері тегіс емес, иректелген тармақшалары бар, R-пішінді колониялар түзеді. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда, «медузаның басы» немесе

арыстанның жалына» үқсайды. Бацилланың К-пішіні вирулентті штамдарына тән болып келеді. Сүйық қоректік орталарда мақта түйіршігі секілді өседі, сілкіген кезде ыдырап кетпейді де орта мөлдір түрінде қалады.

Пенициллин қосылған қоректік орталарда 3-6 сағат инкубациялағаннан кейін бациллалар пласттарға айналып, тізбектеліп орналасады. Жағындыда «маржан алқасына» үқсас болып асады («маржан алқа» тесті).

Ферментативті қасиеттері: Глюкоза, сахароза, фруктоза, мальтозаны қышқылға дейін және крахмал улинді ыдыратады. Сүтті 3-5 тәулікте үйытады, содан кейін бәсеңдеп пеПТОНИЗацИЯЛаЙДЫ ЖӘНе ыдратады, нәтижесінде аммиак бөлініп қоңыр пигмент жинақталады.

Инфекциялық қасиеттері: Күйдіргі микробының негізгі екі антигені болады. Жасуша қабырғасында соматикалық, полисахаридтік антигені бар, температураға түрақты, бүған қарсы антиденелер бөлінбейді, дақылдарда және мәйітте үзақ сақталынады. Асколидің приципитациялық реакциясымен анықталады. капсулалық протейндік антиген фагоцитарлық әсерге қарсы түрады. Күйдіргі микробының патогенділік факторларына экзотоксині мен капсуласы жатады. Микроб капсуласы олардың макрофагтарға адсорбциялануынан және фагоцитоздан сақтандырып, организмнің ағзалары мен тіндерінде еш бөгетсіз көбейіп таралуына мүмкіндік береді. Күйдіргі қоздырғышына сезімтал болып келетіндер - ірі және үсақ қара жылқылар, түйелер, шошқалар, жабайы жануарлар.Күйдіргі барлық жерде таралған. Адамдар арасындағы аурудың деңгейі жануарлар, әсіресе үй жануарлары, арасындағы эпизоотия таралуымен байланысты. Инфекцияның көзі - ауру жануарлар. қоздырғыштың топырақта үзақ сақталуы жануарлар арасында түйнеменің эндемиялық ауруының тууына себеп болады. Инфекцияның та жолдары әртүрлі: қатынасты - түрмыстық (жануарларды қарағанда, терісін алғанда, ауру жануарл терісі мен жүнінен өнім жасағанда), аэрогенді (микробы бар шаңды жүтқанда), тағамдық ( жануарлардың шала оңделген етін қолданғанда) және трансмиссиялық (шыбын-шіркейлер қан сорғанда)

Диагностикасы, алдын алуы және емдеуі: Негізгі зерттеу әдістері: бактериоскопиялық, бактериологиялық, биологиялық, аллергиялық, Асколи бойынша термоприцепитация реакциясы. Зерттеуге алынатын заттар:

везикула және карбункула бөлінділері, сыдырылып түскен қабыршақ (струп) (терілік түрінде); қақырық (өкпелік түрінде); нәжіс (ішектік түрінде); қан (барлық түрлерінде);

мәйіт материалдары (зақымданған ағзалар мен тіндер, қан мен көк бауыр);

топырақ, тері, жануарлардың жүні, жемі, су, қоршаған орта объектілерінен шайындылар және т.б.

Емдеуі. Күйдіргіге қарсы арнайы иммундыглобулин мен патогенетикалық емдеу (аурудың ағымының " ауырлығына байланысты енгізілген сүйықтықтың көлемі күн сайын 0,5 - 1,0л аралығында болуы керек) жүргізіледі. Пенициллиндер, тетрациклиндер және фторхиналондар қатарына жататын антибиотиктер жақсы нәтиже береді.

Алдын алуы. Қазіргі кезде төрт типті вакцина қолданылады: Тірі; бүл Васіііиз апіһгасіз-тің капсуласыз штамдарының лиофильді кептірілген споралары. Химиялық (молекулалық); бүл тиісті заттарға (тасымалдаушыларға) сіңдірілген протективті антиген (бір ақуыздық молекула).

Қосарланған; бүл тірі споралар мен протективті антиген.

Рекомбинантты; сәйкес кеЛетін басқа бактериялардың генетикалық аппаратына қондырылған, макроорганизмнің иммундық жауабын тудыруға қабілетті ДНҚ.

Вакцинация әпидемиялық көрсеткіш бойынша, яғни мал шаруашылығы және мал өнімдерін дайындаумен айналысатындар арасында жүргізіледі. Бейспецификалық сақтандыру ветеринарлық- санитарлық шаралардың кешенімен бірлесіп өткізіледі: инфекцияның ошақтарын анықтап алғаннан соң, сол жерлерде нүсқауларға сәйкес жою жүмыстарын жүргізеді.

Зерттеу әдісі: микроскопиялық, мазок Грам әдісі бойынша боялған

№ 6

қоздырғыштың таксономиясы: мерез -Treponema pallidum

микробиологиялық қасиеті: cпираль тәрізді, бірқалыпты, майда 12-14 иірілген. Циста түзу кезінде иірімдері бұралып, шеңберленіп, сыртынан көп қабатты қорғаушы қабық пен капсула тәрізді қоймалжыңмен қапталады. Тинкториалдық қасиеті: Романовский-Гимзе әдісімен бояға ерекше солғын-қызғылт түске боялады.

Дақылдық қасиеттері: Бозғылт трепонема - облигатты анаэроб, арнайы қоректік орталарда өсуі қиын. Қолайлы қоректік орта құрамына ми немесе бүйрек тіндері қосылады. Тауықтардың үрықтарының хорионаллантоистық тіндерінде, қоянның қан сарысуына ми тіндерін қосып, вазелин майының астына сепкенде жақсы өсу танытады. Өсу температурасы 34 - 40°С (анаэробты жағдайда).

Ферментативті қасиеттері: Кейбір штамдары глюкозаны, галактозаны, сахарозаны, мальтозаны, маннитті газ түзіп ыдыратады, индол, күкіртті сутек түзеді, желатинді сұйылтады.

Инфекциялық қасиеттері: Мерез тек антропонозды инфекция. Инфекция көзі - ауру адам. Неғұрлым жиі негізгі жүғу жолы - жыныстық қарым-қатынас арқылы. Сау адамға жұғу үшін жұқтырушы адамның шырышты қабаттарында немесе терісінде эрозиялы, жаралы элементтер байқалу керек деген түсінік бар. Қоздырғыш ену үшін кіші - гірім жарақаттар болуы керек деп саналады. Ондай жарақаттар жыныстық қатынас кезінде өте жиі кездеседі. Бозғылт трепонема аса вирулентті микроорганизм. Қоздырғышты жұқтыру үшін адам организміне 10-100трепонема енсе жеткілікті. Транспланцетарлы жұғу жолы - науқас анадан ұрыққа плацента арқылы ірғыштың отуі, яғни туа біткен мерез. Трансфузионды жол. Мерезбен ауыратын науқастың қанын құю кезінде жұғады, онда аурудың кез келген сатыда, тіпті жасырын кезеңде болуы да реципиент үшін қауіптіті, әсіресе екіншілік кезендегі донор қаны. Тұрмыстық қатынас (стакан, тіс щеткасы т.б.), сүйісу, ана сүті арқылы жүғуы мүмкін (тұрмыстық мерез). Қазіргі кезде бұндай жұғу жолы сирек кездеседі. Кәсіптік. қоздыр-ғышпен жұмыс жасайтын қызметкерлерге зертханалық жағдайда, жануарларға жұқтыру барысында, мерезбен ауыратын науқастың қаны арқылы манипуляциялар кезінде хирургтер, акушер - гинекологтар, стоматологтар және патологанатомдар жұқтыруы мүмкін. Бұл кезде біріншілік көрініс қолдарында байқалады. Мерезбен науқастанған адамдардың физиологиялық сұйықтықтарының жұққыштығы болады. Бала емізетін ананың сүті, сперма, сілекей (әсіресе ауыз қуысында әр түрлі жарақаттар немесе бөртпелер болған жағдайда) арқылы жұғу қаупі болуы мүмкін. Науқастың тері мен зәрі қауіпсіз. Жануарларға сезімталдығын тәжірибе жүзінде патологиялық жағдайды орқоянның терісі мен аталық безінен, адам тәрізді маймылдардың терісінен көруге болады.

Антигендік қасиеті. Бозғылт трепонема басқа трепонемалармен қатар адам мен жануарлар тіндерінің липоидты байланыстарымен антигендік жақындығымен сипатталады. Қоздырғыштың бірнеше антигені , оның ішінде протеиндер, полисахаридтер, липидтер кешені жасуша қүрлымына кіреді. Липо- протеидтері адам мен ірі қара мүйізді малдардың антигендеріне ұқсас, өте сезімтал антиген. Бозғылт трепонемалардың ақуыздық антигендік құрлымы күрделі. Спецификалық антиденелері бактерияларға иммобилизацияланып, антидене тәуелді цитотоксиндік қалыптастырады. Ауру барысында реагиндік типтік бейспецификалық өнімдер (вассермандық АД) түзіледі.

Патогенділік факторлары. Т.раllidum-ның негізгі патогендік факторы микроорганизмнің микрооганизм жасушаларына фибронектиннің көмегімен жабысуы. Трепонемалар көбейген кезде тамырлардың айналасындағы мукоидтық затты бұзады, ол тамырлардың қабырғаларының бұзылуына, кейіннен тромбозға, өлі еттенуге және тіндердің ыдырауына әкеледі. Вируленттілік факторлары улылық ие ЛПС пен жасуша қабығының белоктары. Иммунды патологиялық үрдістің дамуына еиндер қатысады. Зертханалық штамдар вируленттілік қасиеттерін біртіндеп жоғалтады, оны йге пассаж жасау арқылы сақтауға болады. Ол үшін қояндардың аталық безіне жұқтырып, орхит ауруын қоздырады және көздің мүйізді қабығына жұқтырады. Бірақ маймылдан басқа жануарларға Т.раllidum аз патогенді.

Диагностикасы, алдын алуы және емдеуі: Зерттеу материалы: шанкр боліндісі (I кезең); бөртпе бөліндісі. лимфа түйіндерінен пунктат (II кезең); қан (II, III, III кезең); жұлын сұйықтығы (IV кезең). Микробиологиялық диагностика әдістері: Бактериоскопиялық, жеделдетілген әдіс, бактерологиялық әдіс

Емдеуі. Анағұрлым тиімді антимикробты препараттарға пенициллин қатары жатады. Сонымен қатар дюрантты (ретарпен, экстенциллин), орта дюрантты (перкаин - пенициллин), суда еритін препараттар (натрий тұзы), висмут, йод т.б. қолданылады. Бензилпенициллинді организмі қабылдамайтын болса, оның орнына доксициклин, тетрациклин, эритромицин, ампициллин, оксациллин және цефтриаксон пайдаланылады.

Емдеу аяқталғаннан соң науқас 3 айдан -3 жылға дейінгі мерзім аралығында клиникалық - серологиялық бақылауда болады.

Алдын алуы. Арнайы сақтандыруы жоқ. Бейспецификалық сақтандыру жеке гигиенаны сақтауға, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы санитарлы-гигиеналық шаралар кешенін жүргізуге негізделген: мерез ауруларын тіркеу, жұқпалы түрдегі барл ық науқастарды ауруханада емдеу, науқастың жанүясындағы барлық адамдарды тексеру, қауіп тондіретін топтарды (нашақорлар, жезөкшелер, гемосексуалистер, донорлар) жүйелі түрде зерттеу, түрғындардың арасында санитарлық-ағарту жүмыстарын жүргізу т.б