- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қ оздырғыштың таксономиясы:
- •Ферменттік белсенділігі төмен.
- •Зерттеу әдісі: люминесценттық микроскопия
- •Ферменттік белсенділігі төмен.
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
Қоздырғыштың таксономиясы:
протеилар -proteus vulgaris
микробиологиялық қасиеті: көмірсуларды қышқыл мен газға дейін ферменттейді
зерттеу әдісі: бактериологиялық,Рессель ортада сахаролиттік қасиетке тән.
Морфологиясы. Жүптасып немесе тізбектәрізді орналасатын таяқшалар. Спора, капсулатүзбейді. Қозғалады.
Дақылды өсіру. Қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Тығыз қоректік орталарда екі түрлі колониялар түзеді. Н-пішінді (немісше, hаuсh - тыныс) колониялары өршіп, тармақталып өседі, бүл өсудің қалыпты пішіні. Қолайсыз жағдайларда О-пішінді (немісше, оhnе hаuсh - тыныссыз) колониялар түзеді, ірі, шеті тегіс емес.
Антигендік қүрылымы. О- және Н антигендерден турады.
Резистенттілігі. Қоршаған ортаның әртүрлі факторларынатүрақты. Дезинфекциялық ертінділерінде өмір сүру қабілеті бар.
Микробиологиялық диагноз қою үшін бактериологиялық әдіс қолданылады. Зерттейтін ериалды қүрамында лактозасы бар дифференциялды-диагностикалық қоректік орталарға және Шукевич йынша түтікшеге жаңа қүйылған ет-пептонды қиғаш агардың төменгі жағындағы тамшы суына себеді. "лінген дақылды биохимиялық қасиеттері бойынша идентификациялайды.
Алдын алуы және емдеуі. Арнайы сақтандыруы жасалмаған. Емдеу үшін коли-протейлік ериофаг және антибиотиктерге сезімталдығы анықталған кейін антибиотикотер тағайындалады.
қоздырғыштың таксономиясы: көкіріңді таяқшалар-pseudomonas aeruginosa
микробиологиялық қасиеті: ұйытылған қан сарысуды, және казеинді ыдыратып,гидролиздейді
зерттеу әдісі: бактериологиялық, жартылай сұйық желатинді ортада протеолиттіқ қасиетке тән.
грам теріс тік немесе сәл иілген таяқша, шеттері жүмырланған, анилин бояуларымен жақсы боялады. Жағынды бір-біреуден, жүптасып немесе қысқа тізбек түрінде орналасады. . Спорасы мен капсуласы жоқ, бірақ микроб жасушасын қаптайтын капсула тәрізді кілегей түзеді.
Дақылды өсіру. Барлық псевдомонадалар - облигатгы аэробтар, тыныс алуға қатысатын фермент бар (цитохром, дегидраза, цитохромоксидаза). Хемоорганотроф, өсу температура диапазоны 6°-45° (қолайлысы 37°С). Қоректік ортаға талғамды емес, ет-пептонды агарда және ет-пептонды сорпада жақ" өседі. Бір тәуліктен кейін сүйық қоректік орта лайланады түбінде түңба және бетінде сүр түсті қабык пайда болады. Көкірің таяқшасының қантты ыдырататын белсенділігі әлсіз: глюкозаны ыдыратады. протеолитикалық белсенділігі басым: желатинді және үйыған қан сары суын ыдыратады, казеин гидролиздейді. Лакмустық суттіірітеді, нитратты нитритке айналдырады. Индол, күкіртті сутектүзбейді, Фогес-Проскауэр реакциясы - теріс. Оксидазаны бөледі.
Патогенділік факторлары. Көкірің таяқшасы тудыратын аурулардың патогенезіне қатысатын ген патогенділік фактолар бар: пилн (фимбриялар), экстрацеллюлярлы кілегей, осының құрамына кіретін гликопротеид, эндотоксин, экзотоксин А, экоэнзим 8 (экзотоксин 8 -жоғары вирулентті штамдарда п.еседі), лейкоцидин, энтеротоксин және өткізуші факторлар, агрессия ферменттері (гемолизин, фолипаза, нейраминидаза, протеаза, эластаза).
Патогенезі және клиникасы. Көкірің таяқшасы адамда түрлі ауру қоздыруы мүмкін: сепсис, менингит, остеомиелит, артрит, отит, пневмония, плеврит, бауыр, ми да абсцестер, зәр шығару жолдарында қабыну үрдістерін тудырады т.б. Маңызды рөлі - операциялық жаралардың және қүйіктердің ірінді-қабыну «сқынулары сияқты қауіпті жағдайлар тудыруы мүмкін.
Мнкробнологиялық диагноз қою. Негізгі зертханалық әдіс - бактериологиялық. Тексерілетін материал әртүрлі болады, дегенмен ірің, экссудат, мүшелерден пунктат, зәр жиі алынады.
Емдеуі. Антибиотиктермен емдеу, тек оларға сезімталдығын анықтаған жағдайда ғана жүргізіледі. Тағамдық токсикоинфекцияда және ішек дисбактериозында белсенді терапия ретінде интестибактериофаг тағайындалады. Созылмалы әлсіз өтетін ауруларда аутовакцина қолдануға болады.
Алдын алуы. Жоспарлы арнайы сақтандыруы қарастырылмаган. Жалпы сақтандыруы қоздыргышты жараға, құйік жара бетіне түсірмеу, яғни қатал санитарлы-гигиеналық ережелерді сақт; Қазіргі кезде қолданылатын вакциналар: қүрамында ЛПС бар вакцина, субкорпускулярлы полисахарщ вакцина, рибосомалық вакцина, қүрамында талшықтық антигені және жасушадан тыс бөлінген кілегейд бөлшектері бар вакцина, сонымен қатар, қүрамында А экзотоксині бар және т.б.
Иммунды тапшылыққа ие адамдарға вакцина қолданылады.
қоздырғыштың таксономиясы: сібір күйдіргісі- Bacillus anthracis
микробиологиялық қасиеті: ірі таяқша, спора және капсула түзуші жасуша
зерттеу әдісі: микроскопиялық, Грам әдісі
Морфологиясы. Тізбектеліп орналасқан, грам-оң, ірі, қозгалмайтын, спора түзетін таяқшалар (32 сурет). Спора таяқша ортасында орналасады, мөлшері микроб жасушасының диаметрінен аспайды.
Қоздырғыштың қоршаған жоғары сезімтал-дығын қамтамасыз ететін фактор - спора түзу қабілеті; суда споралар 10 жылға топырақта - 30 жылдан артық уақыт сақталына алады.
Дақылдандыру. Күйдіргі микробы - факультативті анаэроб, қарапайым қоректік орталарда жақсы оптимальды өсу температурасы 34-37°С, орта рН- 7,2-7,5. Тәулік бойы инкубациялағаннан кейін ЕПА-да немесе Хоттингер агарында ірі, кедір бүдыр, шетгері тегіс емес, иректелген тармақшалары бар, R-пішінді колониялар түзеді.
Ферменттік белсенділігі. Глюкоза, сахароза, фруктоза, мальтозаны қышқылға дейін және крахмал улинді ыдыратады. Протеолиттік және липолитикалық белсенділікке ие. Крахмалды гидролиздейді, тметилкар-бинол түзеді.
Патогенділік факторлары. Күйдіргі микробының патогенділік факторларына экзотоксині мен капсуласы жатады.
Экзотоксин күйдіргі патогенезінде және спецификалық иммунитеттің түзілуінде негізгі орын алады.
Резистенттілігі қоздырғыштың тіршілік ету формасына тікелей байланысты болады. Тірі организмде қоздырғыш вегетативті түрде болады, сыртқы ортада тұрақты спора түзеді. Вегетативтік формаларының түрақтылығы томен: 100°С-та бірден жойылады,*55-60°С-та 30-40 минуттан кейін жойылады, қалыпты Юнцентрациядағы дезинфекциялаушы ерітінділерде бірнеше минуттан кейін жойылады.
Эпидемиологиясы. Күйдіргі қоздырғышына сезімтал болып келетіндер - ірі және үсақ қара жылқылар, түйелер, шошқалар, жабайы жануарлар.Күйдіргі барлық жерде таралған. Қазақстан Республикасында 1500-нан астам қауіпті жерлер (топырақты ошақтар) барлық облыстарда орналасқан Бүл індетке адамдардың жалпыламай сезімталдығы бар, бірақ адам эпидемиялық тізбекте кезде нысана.
Адамдар арасындағы аурудың деңгейі жануарлар, әсіресе үй жануарлары, арасындағы эпизоотия таралуымен байланысты. Инфекцияның көзі - ауру жануарлар. қоздырғыштың топырақта үзақ сақталуы жануарлар арасында түйнеменің эндемиялық ауруының тууына себеп болады. Инфекцияның та жолдары әртүрлі: қатынасты - түрмыстық (жануарларды қарағанда, терісін алғанда, ауру жануарл терісі мен жүнінен өнім жасағанда), аэрогенді (микробы бар шаңды жүтқанда), тағамдық ( жануарлардың шала оңделген етін қолданғанда) және трансмиссиялық (шыбын-шіркейлер қан сорғанда
Клиникалық көріністері. Қазіргі кезде күйдіргінің клиникалық түрлері жайында бірлесе түжырым жоқ. Соңғы шығып жатқа талқылауларда негізгі екі түрі айқындалып көрсетіледі: сыртқы зақымдану (терілік) түрі және ішкі (септикалық) түрі.
Емдеуі. Күйдіргіге қарсы арнайы иммундыглобулин мен патогенетикалық емдеу (аурудың ағымының " ауырлығына байланысты енгізілген сүйықтықтың көлемі күн сайын 0,5 - 1,0л аралығында болуы керек) жүргізіледі. Пенициллиндер, тетрациклиндер және фторхиналондар қатарына жататын антибиотиктер жақсы нәтиже береді.
Алдын алуы. Қазіргі кезде төрт типті вакцина қолданылады: Тірі; бүл Васіііиз апіһгасіз-тің капсуласыз штамдарының лиофильді кептірілген споралары. Химиялық (молекулалық); бүл тиісті заттарға (тасымалдаушыларға) сіңдірілген протективті антиген (бір ақуыздық молекула).
Қосарланған; бүл тірі споралар мен протективті антиген.
Рекомбинантты; сәйкес кеЛетін басқа бактериялардың генетикалық аппаратына қондырылған, макроорганизмнің иммундық жауабын тудыруға қабілетті ДНҚ.
Вакцинация әпидемиялық көрсеткіш бойынша, яғни мал шаруашылығы және мал өнімдерін дайындаумен айналысатындар арасында жүргізіледі. Бейспецификалық сақтандыру ветеринарлық- санитарлық шаралардың кешенімен бірлесіп өткізіледі: инфекцияның ошақтарын анықтап алғаннан соң, сол жерлерде нүсқауларға сәйкес жою жүмыстарын жүргізеді.
қоздырғыштың
таксономиясы:
дизентерия - shigella dysenteriae
микробиологиялық қасиеті:дөңгелек,жылтыр,қызыл түсті S-формалы колониялар
зерттеу әдісі : бактериологиялық, дифференциальды диагностикалық тығыз қоректік ортада өсуі.
Дақылдандыру. Дизентериялық таяқшалар - факультативті анаэробтар. Олар қоректік ортаға талғамсыз, рН 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда 37°С-та жақсы өседі. Тығыз ортада үсақ мөлдір колониялар, ал сүйық ортада диффузды лайлану түзеді. Дизентерияның аса ауыр түрде өтуі экзотоксинге байланысты. Дезинфекциялық заттар (гипохлориттер, хлорамин, лизол т.б.) шигеллаларды тез жояды. Кейбір түрлері, әсіресе Shіgеllа dуsеntеrіае дақылданбайтын түрге ауысып кетуі мүмкін.
Эпидемиологиясы. Дизентерия - антропонозды инфекция: инфекция көзі ауру адам мен тасымалдаушы. Инфекцияның таралу механизмі - фекальді-оральді. Таралу жолдары әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, Зонне шигелласы көбінесе тағамдық жолмен таралады, Флекснер шигелласы - су арқылы, ал Григорьев - Шиг варианты түрмыстық- қатынас жолдары арқылы таралумен сипатталады.
Дизентерия әлемнің көптеген елдерінде кездеседі. Соңғы жылдары бұл инфекциямен ауырушылық күрт өсіп отыр. Бұл аурумен барлық жастағы адамдар ауырады, дегенмен 1 - ден 3 жасқа дейінгі кішкентай балалар дизентерияға көбірек шалдығады. Ауру шілде-қыркүйек айларында жиірек байқалады. Шигеллалардың түрлері жекелеген аймақтарда біркелкі таралмаған.
Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін материал нәжіс, ірің, ас тағамдары т.б.
Диагноз қою жеделдетілген, бактериологиялық, серологиялық әдістер бойынша жүргізіледі, негізі бактериологиялық әдіс болып табылады. Бұл әдіс қоздырғышты идентификациялайды, оның антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды және түрішілік идентификациясын (биохимиялық, серологиялық немесе колициногендік варианттарын анықтау) жүргізуге мүмкіншілік береді
Емдеуі. Көп жағдайда ем симптомды түрде басталады, әсіресе су - тұз баллансын қалпына келтіру мақсатқа алынады. Григорьев-Шиа шигелласы қоздырған дизентерияның ауыр түрлерімен ауырған науқастарды міндетті түрде антибиотикограмманы ескере отырып, кең спектрлі антибиотиктермен (ампициллин, ципрофлоксацин, тетрациклин) емдейді, өйткені шигеллалардың ішінде антибиотиктерге- түрақты түрлері ғана емес, сонымен қатар антибиотикке тәуелді түрлері де кездеседі. Дизентерияның жеңіл түрінде антибиотиктерді пайдаланбайды, себебі оларды қолдану дисбактериозға ұшыратады, бұл патологиялық процесті ауырлатып, тоқ ішектің шырышты қабықшасындағы қалпына келу процестері бүзады.
Алдын алуы. Инфекцияның алдын-алу мақсатында, жылдам жағдайларда пайдаланылатын жалғыз препарат - дизентериялық бактериофаг болып табылады. Негізгі маңызды орынды бейспецификалық алдын- алу алады.
