- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қ оздырғыштың таксономиясы:
- •Ферменттік белсенділігі төмен.
- •Зерттеу әдісі: люминесценттық микроскопия
- •Ферменттік белсенділігі төмен.
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
- •Қоздырғыштың таксономиясы:
Қоздырғыштың таксономиясы:
іш сүзегі- salmonella typhi
микробиологиялық қасиеті: дөңгелек,тегіс, жылтыр,қара түсті S-формалы колониялар
зерттеу әдісі: бактериологиялық, дифференциалды диагностикалық тығыз қоректік ортада өсуі.
Морфологиясы мен тинкториалдық қасиеттері. Салмонеллалар оте ұсақ, грам теріс, үшЫ жұмырланған таяқшалар. Жағындыда шашыранды орналасқан. Спора түзбейді, микрокапсуласы ба' перитрихтар.
Дақылдандыру. Салмонеллалар - факультативті анаэробтар, қоректік орталарды талғамайды, 37°С температурада, рН 7,2-7,4 өседі. Элективті ортасы - өт сорпасы. Іш сүзегіне диагноз қою кезінде басқа ішек инфекциялары сияқты Эндо, Левин, висмут-сульфитті агар және т.б. өт қосылған дифференциалды» диагностикалық қоректік орталар қолданады. Тығыз қоректік орталарда К- және S-колониялар түзеді, сұйық қоректік орталарды біркелкі лайландырады.
Патогенділік факторлары. Салмонеллалар энтеротропты, нейротропты және пирогенді әсер беретін цотоксин түзеді. Сыртқы мембрананың ақуызы адгезивтік қасиетті, микрокапсуласы фагоцитозға ақтылығын (фагоцитті жасушаларда көбейеді) қамтамасыз етеді.
Іш сүзегі жедел антропонозды жүйелі инфекция, ағымы циклды, ащы ішектің лимфа аппаратын зақымдайды, бактериемиямен, қызба, бөртпе, организмнің жалпы улануымен сипатталады.
. Инфекция көзі науқас адам және тасымалдаушы, олар қоздырғышты нәжіспен, несеппен, сілекеймен сыртқы ортаға шығарып отырады. Бүл инфекциялардың қоздырғыштары басқа салмонеллалар сияқгы сыртқы орта факторларына төзімді. Олар үшін қолайлы орта болып ас тағамдары (сүт, кілегей, ірімшік, ет фаршы) есеп-теледі, себебі олар ол орталарда көбейе алады. Қоздырғыш алиментарлы су т.б., түрмыстық - қатынас арқылы жұғады. Іш сүзегі мен парасүзек қоздырғыштарына адамдардың сезімталдылығы жоғары.
Іш сүзегі мен парасүзектердің көзі - ауру адамдар мен оларды тасымалдаушылар болып табылады, антропонозды ауру. Инфекцияның жұғу механизмі фекальді-оральді. Су арқылы жұғу жолы басым, тағамдықжәне тұрмыстық-қатынас жолдарымен сиректеу беріледі. Іш сүзегі мен парасүзектер әлемнің түкпір-түкпірінде тіркелетін аурулар. Көбінесе 15 пен 40 жас аралығындағы адамдар ауырады. Ауру әсіресе жаз бен күзде жиі кездеседі.
Аурудың ауыр асқынулары - перитоннт, ащы ішектің лимфатүйіндерінің некрозы нәтижесіндегі ішектік қан кету.
Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу кезінде жеделдетілген, бактериологиялық, серологиялық әдістер қолданылады.
Зерттеу материалы ретінде қан, құсық, асқазанның шайындысы, зәр, нәжіс алынады. Диагноз қоюдың негізгі түрі - қоздыргыштың болінген таза дақылының түрішілік идентификациялаумен аяқталатын, фаговарын анықтайтын бактериологиялыц әдіс болып табылады.
Емдеуі. Антибиотиктер тағайындалады (ципрофлоксацин, доксициклин, ко-тримоксазол т.б.). Сонымен бірге иммундытерапия, фагпен емдеу қолданылады.
Алдын алуы Алдын-алу үшін санитарлық-гигиеналық іс-шаралар жүргізіледі. Сонымен қатар эпидемиологиялық жағдайы нашар аймақтарда вакцинация жүргізіледі. Іш сүзекті химиялық және Vі- антигенмен байытылған іш сүзекті спиртті вакцина қолданылады. Инфекцияның ошағында жедел алдын алу мақсатында іш сүзекті бактериофаг пайдаланылады (қышқылға тұрақты қабықшасы бар таблетка түрінде және сұйық түрінде).
