- •What is compression? What is the difference between lossless and lossy compression?
- •3. Бағдарламалық қамтамасыз ету (по)
- •4 Какие типы программного обеспечения, целей и характеристик?
- •4 Бағдарламалық қамтамасыз ету, мақсаттары мен сипаттамалары қандай түрлері бар?
- •5. What are the main unit of the personal computer and their functions
- •Компьютер тарихындағы негізгі оқиғалар?
- •10 Адамдық компьютерлік интерфейсінің анықтамасын беріңіз?
- •12 What is a dbms?
- •Деректер қорын басқарудың типтері
- •13. Деректер қорын басқару жүйелері Деректер қорын басқару жүйелері (дқбж).
- •15. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету
- •16 Коммуналдық деген не? Драйвер құрылғы дегеніміз не?
- •20.What is html programming language
- •21. Интернет дегеніміз не?
- •InterNet
- •22 Java тілі. Негіздері.
- •25.31 . Желі арқылы байланыс
- •Территориалды таралуы бойынша:[өңдеу]
- •26. Html арқылы сайт құрау
- •27. Tcp / ip хаттамаларының мақсаты қандай?
- •28 Ip мекенжайлары мен домендік атауларды арасындағы айырмашылық қандай?
- •Клиент-сервер технологиясы.
- •Байланыс құралдары
- •Қазақстандағы байланыс жүйелері
- •34 Неге желілер түрлі топологияларын бар? Әр топологиясы артықшылығы неде?
- •35 What is components of the Network: Devices, media, services.
- •Ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптері
- •39. Параллель және үлестірілген есептеу техникалары.Сымсыз желілік технологиялар.Мобильдік байланыс.
- •40 Cloud Computing дегеніміз не?
- •43. 44 . Мультимедиялық технологиялар
- •45. Растрлық графика. Анықталуы, пайдаланылуы
- •46 Векторлық графика не? Қалай векторлық графика растрлық графика салыстыруға болады?
- •Типы сжатия с потерями[править | править вики-текст]
- •48.What is Smart Technology?
- •51. Электронды оқыту жүйесі. E-Learning
- •52 Кәсіби салаға тән Ақпараттық технологияларға анықтама беріңіз.
- •60. Html тілі туралы жалпы түсінік
- •Html тілінің құрылымы
- •Кестелер
- •Тізімдер.
25.31 . Желі арқылы байланыс
Компьютерлік желі (ағылш.сomputer network) — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.
Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.
Территориалды таралуы бойынша:[өңдеу]
PAN (Personal Area Network) — персоналды желі, бір иегерге тиісілі түрлі құрылғылардың өзара әрекеттесуі үшін қажет.
LAN (Local Area Network) — жергілікті желі, қызмет көрсетушілеріне шығуына дейін тұйық инфрақұрылымы болады. «LAN» термині кішкене офистік желіні де, жүздеген гектар аймақты алатын үлкен зауыт деңгейіндегі желіні анықтай алады. Шетелдік негіздерде тіпті жуықталған бағалау береді — радиусы алты милге жуық (10 км) болатын желілер. Жергілікті желілер жабық типті желілер болып табылады, бұл желіде өздерінің кәсібіне байланысты жұмыс істейтін, тек қолданушылардың шектелген тобы ғана рұқсатты ала алады.
CAN (Campus Area Network — кампустық желі) — жақын орналасқан ғимараттардың жергілікті желілерін біріктіреді.
MAN (Metropolitan Area Network) — бір немесе бірнеше қала шегіндегі мекемелер арасындағы қалалық желілер, көптеген жергілікті есептеуіш желілерді байланыстырады.
WAN (Wide Area Network) — глобалды желі, үлкен географиялық аймақтарды алатын, ішіне жергілікті желілермен қоса, телекоммуникациондық желілер мен құрылғылар да кіреді. WAN мысалы — пакеттер коммутациясы бар желілер (Frame relay), олар арқылы түрлі компьютерлік желілер өзара "сөйлесе" алады. Глобалды желілер ашық және барлық қолданушыларға қызмет көрсетуге бағытталған болып табылады.
«Корпоративті желі» термині әдебиетте сонымен қатар бірнеше желілерді біріктіруді анықтау үшін қолданылуы мүмкін, ал ішкі желінің әрқайсысы түрлі техникалық, бағдарламалық және ақпараттық принциптерге негізделіп құрылған болуы мүмкін.
26. Html арқылы сайт құрау
HTML тегтерін қолданып текстіні редакторға жазу, оны браузерден көру кезінде интернетке қосылудың қажеті жоқ. Себебі біздің файлымыз интернетте емес компьютер дискісінде сақтаулы. Сондықтан ол әзір интернетсіз де жұмыстай береді. HTML тілінде тегтер бас әріпте ме, әлде кіші әріпте ме браузердің көбі оны талғамайды. Алайда кіші әріптермен жазу қолайлы болады. Кодыларды редакторда жазу барысында кейбір тұстарында түсініктемелер қалдырады. Ол мына түрде жазылады:<!—Комментарии—>. Үш бұрышты жақша ішіндегі комментарий текстімен бірге экранда көрінбейді. Уақыт өте келе кейбір кодылар не қызмет атқарып тұрғанын ұмытып қалуымыз ықтимал. Соны еске түсіру үшін комментарий керек. Алдымен документ тақырыбынан бастайық: Веб парақтағы ең алғашқы тақырып, ол жоғарыда; <!DOCTYPE html>.Ол браузерге құжаттың, документтің қай типтен екенін көрсетеді. HTML 4.01 және XHTML 1.0. HTML 5.0 сияқты әрбір html документ типтерінің түріне жеке-жеке көрсеткіш, нұсқаулық ретінде html документтің ең басында тұрады. DOCTYPE арқылы веб парақ html тілінің қай түріне жататынын білеміз. Бұдан кейін келетін html Документтің басталуына жол ашады да, head тегтері басталады. Сонымен қатар документтің атауы жазылатын title тегін ішіне кірістіреді.
Біздің барлық жазатын документтеріміз body тегтерінің арасында болуға тиісті. body тегтері құжаттың денесі деп аталады. Мұнда оның тақырыптары үлкенінен кішісіне қарай бірден алтыға дейінгі дәрежеде болады, Олар: <h1></h1> ден <h6></h6> ға дейінгі тегтер. Алтауының ішінде ең үлкен шрифтімен: h1, бұдан да кішірек: h2, ең кішкене шрифтімен: h6 шығатын болады.
<h1>Негізгі басты тақырып</h1> <h2>Қосымша кіші тақырып</h2> <h3>Қосалқы аралық тақырып</h3>
Бұл экранда үлкенді-кішілі, ірі, қарайтылған шрифтімен жазылған тақырыптар болып шығады. Осылайша <h4>, <h5>, <h6> тегтерінде цифрлар реті қосылған сайын, әріптер мөлшері кішірейе береді. Мұнымен қатар жабылмайтын тегтер де бар. Олар: <br />, <hr /> т,б. Бұлар сыңар тегтер. <br /> тегінің міндеті қойылған жерінен текстіні үзіп, келесі жолға бастама ашады. <hr /> экран бойының ұзындығымен бірдей сызық түсіреді. Бұған сызықтың қалыңдығы мен ұзындығын және өңін реттейтін мәндер беріледі. Осы мәндерді align атрибутімен бірге қолданып, <hr /> тегінің өң-түсін, ұзындығын қалауымызша өзгерте аламыз. Құжат текстерден, параграфтардан құралады. Ал параграфтар <p>…</p> тегтерімен қоршалады.
<strong>…</strong> мен <b>…</b> тегтері әріптерді қалыңдатып, қарайтып береді. <em>…</em> мен <i>…</i> тегтері әріптерді курсивпен береді. <big> Арасында шрифтерің мөлшері ұлғаяды. <tt> Текст телетайп шрифтісімен беріледі. <u> Текст астын сызады. <s> және <strike> Белінен сызылған текст береді. <address> ке құжат авторы жазылады. <blockquote>Цитатты бөлектейді.
HTML дың жазу тәсілінде синтаксис атты қатаң ұстанатын өзіндік тәртібі бар. Егерде жазған кодыларда бір точка немесе бір қос қайырма қойылмай қалса, онда ол дұрыс жұмыс жасамайды. Кейде бірнеше тег бірінен соң бірі тек бір ғана сөзге, не бір ғана сөйлемге бірігіп әсер етуі ықтимал. Мысалы: <p><b><i>Тегтердің жабылу тәртібі..</i></b></p> Мұнда алдымен берілген тег соңынан жабылады, соңында берілген тег алдымен жабылады. Тегтердің берген әсері ішіндегі сөз тіркестерінен көрінеді.
Осында келтірілген тегтер мәтіндер мен шрифтердің қалып-күйін өзгертіп, әр түрмен форматтауға арналған. Төменде визуальды түрде емес, жай редакторда кодылар арқылы жазылған, әр түрлі тегтермен қоршалған текстілер берілді. Тегке title атрибуты қойылған болса, тінтуірді текст үстіне апарғанда қалқыма тексті көрінеді. Соны пайдаланып әрбір текст қандай тегпен қоршалғанын тінтуір көмегімен көре аласыз.
Егер көрінбей қалса, тінтуірді жолдан тайдырып барып, қайта қою керек. Мысалы: «Текст толықтанады» деген сөз тіркесіне тінтуірді апарсақ <b> тегі көрінеді. Демек, ашатын тег берілсе оны жабатын тег те бар. Сондықтан оны <b>мен</b> тегі қоршап тұр деп түсіну керек. Сонымен қатар браузерде экранның орта тұсында тышқанның оң жақ кнопкасын шертіп, «Просмотреть код страницы» командасын таңдап, кодылар ішінен де тауып көре аласыз.
