- •What is compression? What is the difference between lossless and lossy compression?
- •3. Бағдарламалық қамтамасыз ету (по)
- •4 Какие типы программного обеспечения, целей и характеристик?
- •4 Бағдарламалық қамтамасыз ету, мақсаттары мен сипаттамалары қандай түрлері бар?
- •5. What are the main unit of the personal computer and their functions
- •Компьютер тарихындағы негізгі оқиғалар?
- •10 Адамдық компьютерлік интерфейсінің анықтамасын беріңіз?
- •12 What is a dbms?
- •Деректер қорын басқарудың типтері
- •13. Деректер қорын басқару жүйелері Деректер қорын басқару жүйелері (дқбж).
- •15. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету
- •16 Коммуналдық деген не? Драйвер құрылғы дегеніміз не?
- •20.What is html programming language
- •21. Интернет дегеніміз не?
- •InterNet
- •22 Java тілі. Негіздері.
- •25.31 . Желі арқылы байланыс
- •Территориалды таралуы бойынша:[өңдеу]
- •26. Html арқылы сайт құрау
- •27. Tcp / ip хаттамаларының мақсаты қандай?
- •28 Ip мекенжайлары мен домендік атауларды арасындағы айырмашылық қандай?
- •Клиент-сервер технологиясы.
- •Байланыс құралдары
- •Қазақстандағы байланыс жүйелері
- •34 Неге желілер түрлі топологияларын бар? Әр топологиясы артықшылығы неде?
- •35 What is components of the Network: Devices, media, services.
- •Ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптері
- •39. Параллель және үлестірілген есептеу техникалары.Сымсыз желілік технологиялар.Мобильдік байланыс.
- •40 Cloud Computing дегеніміз не?
- •43. 44 . Мультимедиялық технологиялар
- •45. Растрлық графика. Анықталуы, пайдаланылуы
- •46 Векторлық графика не? Қалай векторлық графика растрлық графика салыстыруға болады?
- •Типы сжатия с потерями[править | править вики-текст]
- •48.What is Smart Technology?
- •51. Электронды оқыту жүйесі. E-Learning
- •52 Кәсіби салаға тән Ақпараттық технологияларға анықтама беріңіз.
- •60. Html тілі туралы жалпы түсінік
- •Html тілінің құрылымы
- •Кестелер
- •Тізімдер.
20.What is html programming language
HTML дегеніміз- ағылшынша Hyper Text Markup Language, яғни гипертексті таңбалау тілі дегенді білдіреді.Осы тіл арқылы сайттың парақтары жазылады. Оны ең бірінші болып ашып, әлемге паш еткен интернеттің атасы - Тим Бернерс-Ли деген азамат.Ол мұндай тілді ашу үшін сол кезде қолданыста жүрген SGML деген тілді пайдаланған. HTML дің ең бірінші нұсқасы 90-шы жылдардың басында пайда болған.Кейін Тим Бернерс тілді әркім өз білгендерінше бұрмалап кетпес үшін, сол тілді белгілі бір стандартқа бағындырмақ ниетпен консорциум-құрылым ашқан.Ол - W3C( World Wide Web Consortium) деп аталады.
1994 жылы гипертексті таңбалау стандарттарының екінші версиясы әзірленіп, ал 1995 жылы HTML3 версиясы CSS тің сүйемелдеуімен бірге жарық көреді.Одан соң 3.2 кейін 4.0 версиялар пайда болады.
Ал қазір біз 1999 жылы пайда болған HTML дің 4.01 версиясын осы күнге дейін пайдаланып келеміз.
HTML ашық- жабық тегтер және сыңар тегтер болып екіге бөлінеді. <html>,</html>,<head></head>,<title>,</title>,<body>,</body> дегендер де HTML тегі деп аталады.
<html> - парақшаның басын , ал </html> аяғын білдіреді.
<head> - бұл жерде парақшаның тақырыбы, қанадай кодировкада(кирилица ма әлде басқа тілде) сипаталатыны, жүктелетін басқа көмекші программалар тізбегі т.с.с. жазылады.Шаблонның бұл бөлігі сайт бетіне шықпайды.</head>
<body> - бұл тег парақшаның денесі деп аталады яғни бұл жерде HTML тегтерімен не жазылса сол сайт бетінен көрініс табады.</body>
Ал title - бұл сіздің web парақшаңыздың тақырыбы.
Оны да өте мұқият таңдау керек, себебі ол кейін сіз сайтыңызды Іздеу сайттары арқылы интернет бетіне шығарғанда адамдардың назарына тек ілігіп қана қоймай оны осы сіздің сайтыңызға кіретіндей қызығушылығын тудыруы керек.
HTML атрибуттары үш топқа бөлінеді:
1. Жалпыға бірдей ортақ атрибуттар.Барлығы алтау, оның тек көбіне төртеуі қолданылады: id, class, title, style.
2. Оқиға (событие) атрибуттары.Бұлар javascript кодында қолданылады.
3. Жеке өзіндік атрибуттары.Мысалы, <a></a> сілтемеге арналған тегте өзінің href атрибуты қатар жүреді.
HTML формалары сайттың ең басты маңызды элементтерінің бірі болып табылады.Формаларды пайдаланушылар енгізген деректерді серверге өңдеуге жіберу үшін пайдаланады.
Формаларға мысал ретінде сайттарға тіркелу, пікірлер жазып жіберу, кері байланыс, сұрақтарға жауап беру болмаса дауыс беру, файлдарды жүктеу сияқтыларды келтіруге болады.
Сонымен, форма HTML дің жұптасқан тегтері <form> </form> арқылы құрылады. Яғни, форманың басы <form>мен басталып, аяғы </form>мен аяқталады. Оcы екі тегтің ортасына форманың қалған элементтері жайғасады.
<form> тегінің параметрлері : 1)action - пайдаланушы енгізген деректерді өңдеуге жіберетін файлдың адресі.Егер ол көрсетілмесе, осы парақша коды сол мәндермен қайта жүктеледі.
2)method - деректерді серверге жіберу әдістерін сипаттайды.Ол 2 әдіс - GET және POST.GET арқылы деректер браузердің адрестік тармағында беріледі.POST арқылы деректер браузердің өз сұранысымен бірге серверге жөнелтіледі және GET ке қарағанда мөлшері көп деректер жібере алады.Сондықтан мұны форумдарда, почта байланысында, дерекқор деректерін өңдеу үшін пайдаланады.
3)target - өңделген форманың нәтижесін көрсететін web-парақша беті браузердің осы окносына немесе жаңа окноға жүктеле ме, соны белгілейді.Оның мәндерінің ішіндегі көп кездесетіні төмендегідей: 1)_blank - парақшаны браузердің жаңа окносына жүктейді. 2)_self - парақша осы окноға жүктеледі.
