- •2. Бос тіршілік ететін, қауымдасып тіршілік ететін және симбиотикалық азотфиксаторларға сипаттама беріңіз.
- •3. Табиғаттағы азот айналымындағы микроорганизмдердің рөліне сипаттама беріңіз.
- •4. Минерализация, нитрификация процестерінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •5. Ауыл шаруашылығында қолданылатын вирустық энтомопатогенді препараттар туралы түсінік беріңіз
- •6. Ауыл шаруашылығында қолданылатын микроскоптық саңырауқұлақтар негізіндегі энтомопатогенді препараттарға сипаттама беріңіз
- •7. Түйнек бактериялары негізіндегі бактериялық препараттар, нитрагин және ризоторфин алу технологиясын келтіріңіз
- •8. Түйнек бактерия препараттарын алу технологиясын түсіндіріңіз
- •9. Azotobacter chroococcum топырақ микроорганизмі негізінде жасалған бактериялық тыңайтқыш, азотобактерин препаратын жасау технологиясына тоқталыңыз
- •10. Микроорганизмдердің сыртқы орта факторларына қатысын түсіндіріп беріңіз.
- •11. Микроорганизмдердің ортаның қышқылдығы, су режимі, температура, қысым, химиялық заттар, радиацияға тәуелділігіне жалпы анықтама беріңіз
- •12. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері және ауларымен күресу үшін микроорганизмдерді және микробтық препараттарды пайдалану туралы анықтама беріңіз.
- •13.Прокариоттардың метоболизмі және оның ерекшелігіне тоқталыңыз.
- •14.Өсімдіктердің зиянкестері және аурулармен күресу үшін микроорганизмдерді қолданудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •15.Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын қорғайтын және стимулдайтын әсері бар биопрепараттарды жасау технологиясына тоқталыңыз.
- •16.Аммиактың азотты және азот қышқылына дейін тотығуы. С.Н.Виноградскийдің еңбектері және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •17.Аэробты жағдайда целлюлозаны ыдырататын микроағзаларды атаңыз және оның маңыздылығын атаңыз.
- •18.Күкірт қосылыстарының микроағзалармен айналымын сипаттаңыз.
- •19.Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериялар негізіндегі тыңайтқыштарға сипаттама беріңіз.
- •20.Микроорганизмдердің сыртқы ортаның факторларына қатысы.Микроорганизмдердің ортаның қышқылдығы, су режимі,температура, қысым, химиялық заттар,радиацияға тәуелділігіне тоқталыңыз.
- •21.Аммонификация процесі және оның ерекшелігін сипаттап жазыңыз.
- •22.Азоттың биологиялық жолмен тотықсыздануы кезегіндегі нитрогеназа ферментінің маңызын түсіндіріңіз.
- •23.Заттар айналымындағы темір бактерияларына сипаттама беріңіз.
- •24.Антибиотик терминіне сипаттама беріңіз және олардың түрлерін атаңыз.
- •25.Топырақ микроорганизімдеріне сипаттама беріңіз,олардың ерекшелігіне тоқталыыз.
- •26.Биологиялық белсенді заттармен өсімдіктердің өсуін стимуляциялауды сипаттаңыз.
- •27.Ауыл шаруашылығында өсірілетін өсімдіктер мен дәнді дақылдардың өсуін стимуляциялау жолдарын атап көрсетіңіз.
- •28.Ризоплан мен ризосфера микроағзалары.Микоризаның түрлерін сипаттаңыз.
- •29.Топырақ микроорганизімдерінің құрамын анықтау тәсілдерін көрсетіңіз.
- •30.Заттар мен энергия айналымындағы микробиологиялық топырақтағы процестерді сипаттаңыз.
- •33.Атмосферадағы молекулалық азоттың биологиялық фиксациясы.Күкірт,фосфор,темір және басқа элементтер қосылыстарының микроағзалармен айналымын сипаттап берңіз.
- •34.Бактериальді энтомопатогенді препараттар мен вирустық препараттарды алу технологиясын,айырмашылықтары мен ұқсастықтары түсіндіріңіз.
- •35.Микроорганизімдердің негізгі топтары және топырақтағы микробтық кешен туралы түсіндіріп беріңіз.
- •37. Целлюлозаны ыдыратушы актиномицеттер мен саңырауқұлақтар туралы сипаттама жазыңыз.
- •38. Ақуызды заттар мен органикалық азотқосылыстарының аммонийлануын түсіндіріп беріңіз
- •39. Микроорганизмдердің тірі өсісдіктердің тамыр жүйесі: ризосфера мен ризопланмен қауымдастығын сипатта
- •40. Прокариоттардың клетка қабықшасының ерекшелігін сипаттап, түсіндіріңіз.
- •41. Фирмукаттар мен грациликуттар клетка қабықшасын сипаттап, түсіндіріңіз.
- •45. Антибиотиктер классификациясы және олардың әсер ету механизмдеріне түсінік беріңіз.
- •46. Микробты дақылдауда қолданылатын шикізат көздеріне тоқталыңыз.
- •47. Микробтық иммунобиологиялық препараттар алу технологиясын сипаттаңыз.
13.Прокариоттардың метоболизмі және оның ерекшелігіне тоқталыңыз.
Биосферада элементтердің айналымында прокариоттардың басты рөл атқаруының себебі микроорганизмдердің санының көптігіне, олардың табиғатта кеңінен таралуына, кез келген заттарды ыдыратуға қабілеті бар микроб клеткаларының әмбебап ферментативті аппаратының болуына байланысты. Көбінесе, субстраттағы белгілі бір затты физиологиялық функциялары жағынан ұқсас микроорганизмдер тобы өңдейді. Мұндай микроорганизмдер тобын физиологиялық топ деп атайды. Биологиялық айналымға барлық химиялық элементтер атомы қатысады, әсіресе негізгі органогендер айналымдары, яғни көміртегі және азот, сонымен қатар тірі организмдер үшін маңызды фосфор, күкірт сияқты минералды элементтердің айналымы ерекше қызығушылық тудырады.
Топырақ, өсімдік, жануарлар мен микроорганизмдер ара- сындағы заттардың айналымы биологиялық заттар айналымын құрайды, олар Жердегі тіршілікті қамтамасыз етеді. Өлі денелер микроорганизмдер көмегімен минерализацияланып (ыдырап), Ә.Т.Қанаев, С.Т.Түлеуханов, З.Қ.Қанаева 372 пайда болатын элементтер қайтадан заттар айналымына оралады. Биосфераның кез келген компонентінен органикалық және минералды заттардың қоры жасақталады. Олардың сақталу ұзақтығы қозғалыс жылдамдығы мен мөлшеріне байланысты. Соған орай резервті фонд – баяу қозғалатын заттардың үлкен массасы (қарашірік, торф, тау жыныстары, т.б.) және қозғалмалы фонд-көлемі бойынша аз алмасу үрдістеріне оңай түсетін масса (Одум, 1986). Қорлардың қалыптасуы мен олардың қолданылуы, ең алдымен микроорганизмдердің геохимиялық әрекеттеріне байланысты. Микроорганизмдер көмегімен жүретін биогеохимиялық үрдістерді былай жіктейді:
1. Органикалық заттардың бейорганикалық қосылыстарға дейін минерализациялануы;
2. Бейорганикалық элементтердің клетка протоплазмасы- ның органикалық заттарына айналуы;
3.Элементтерді энергия көзі ретінде қолдана отырып, тотығуы;
4. Энергетикалық метаболизммен байланысты болатын тотықсыздану;
5. Газ күйдегі элементтердің (фотосинтез, N2 фикациясы, H2S тотығуы) газ емес элементтерге айналуы мен сіңірілуі;
6. Геологиялық шөгінділердің қалыптасуы. Рудалардың түзілуі (күкіртті, сульфидті, темір, марганецті), әк пен торф, т.б.
7. Ерімейтін заттарды ерітетін не оларды еріген күйде ұстап тұратын комплексті немесе органикалық хелатотүзуші қосылыстардың бөлінуі;
8. Микроб клеткаларына бейорганикалық заттардың Fe, Mn (шөгінділер) енуі;
9. Күкірт, көміртегі және басқа да элементтердің сульфат тотықтырушы, тионды және метантүзуші бактериялармен фракциялануы.
14.Өсімдіктердің зиянкестері және аурулармен күресу үшін микроорганизмдерді қолданудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
Өндірістік жағдайда микробтық патогендерден кең таралғандары бактериальды препараттар болып саналады. Олардың ерекше қасиеті: зиянкес-жәндіктерге қарсы жоғары вируленттілігі, қоршаған ортаға соның ішінде флора мен фаунаға қауіпсіздігі, зиянкестерге қарсы әсерінің қарқындылығы болып табылады. Қазіргі кезде жәндіктерге қарсы 160-тан астам препараттар шығарылады.Барлық энтомопатогенді бактериялар ішінен кең ауқымда зерттелінгені грам оң бактериялар Бациллус турингиенсис болып саналады.Ол ішке енгеннен кейін жәндікті жою мен қатар, бірқатар токсикалық өнімдер шығарады.
Бациллус турингиенсис бактериялары 130 түрлі жәндіктерге антагонистті болады. Ең жоғарғы тиімділігі жапырақ кеміргіш зиянкестерге қарсы осы топтағы препаратты қолдану кезінде байқалады. Әртүрлі вариациядағы Бациллус турингиенсис негізіндегі ең кең таралған препараттар:энтобактерин,инсектин,алестин,экзотоксин,токсобактерин,дендробациллин,битоксибациллин.
Препарат бау-бақшаны зиянкестермен күресуде пайдаланылады. 60 түрлі зиянкестерге қарсы тиімді. Зиянкестің белсенді өсуі кезінде өсімдікке сулы эмульсияны себу арқылы қолданады.Зиянкестердің негізгі массасы 2-10 күнде жойылады. 1 га шығындайды: көкөністік дақылдарға-1-3кг;бақтарға-3-5кг. Бактериялық препараттардың ерекшелігі,олардың ішекке әсері мен және олардың тиімділігі жәндіктердің 13С жоғары температурада белсенді қоректенуінде жүзеге асады.Осыған сай, өсімдік жапырағының екі жағын препаратпен өңдеу қажет.Ескеретін жағдай,жұлдызқұрттардың бактериялық препараттарға сезімталдығы уақыт өте келе бәсеңдейді,жасы кіші жұлдызқұрттарға қолданған жөн,ал тиімдісі-пайда болып келе жатқан зиянкестерге қарсы қолдану.
жемісті дақылдар зиянкестеріне ,I-III жастағы жұлдызқұрттарға қарсы 3-5кг/га, басқа жапырақ кеміргіштерге 2-3кг/га 1-2 өңдеуден 7-8 күн.
Сүтқоректілерге,адамдарға,құстар,балық,қалыпты көлемдегі пайдалы жәндіктерге қауіпсіз. Емен және тұт жұлдызқұрттарына токсинді. Титрі 1 г препаратта 60млрд спора бар дымқылдандырғыш дендробациллин препараты титрі препаратта 30млрд тірі жасушалар бар құрғақ ұнтақпен бірлесіп 2 рет қолданып зиянкестерге қарсы әсер етеді. Лепидоцид- бактериялардың споралы-криссталды кешені негізіндегі микробты инсектицидті препарат.
Титрі 100млрд спора/г болатын концентрленген құрғаұ формалы препарат.Сақтау мерзімі30-40С құрғақ, атмосфералық жауын-шашын жоқ жерде 1,5 жыл.
Препарат күресуде қолданылады: орамжапырақ зиянкестеріне қарсы:орамжапырақ пен шалқан жұлдызқұрттарына қарсы орта шығынмен 0,5-1кг/га,1-2 өңдеуден 7-8 күн аралығында;
-қабыршаққанатты жемісті дақылдар зиянкестеріне қарсы(I-III жастағы жұлдызқұрттар); қан көбелектеріне орта есеппен 0,5-1кг/га;американдық ақ көбелекке-1кг/га 1-2 өңдеуден 7-8 күн.
Сүтқоректілерге,адамдарға,құстар,балық,қалыпты көлемдегі пайдалы жәндіктерге,араларға,энтомофагтарға қауіпсіз. Емен және тұт жұлдызқұрттарына токсинді.
Энтобактерин- бактериялардың споралы-криссталды кешені негізіндегі микробты инсектицидті препарат.
Екі түрде шығарылады:титрі 30млрд.спора/г құрғақ ұнтақ және титрі 20млрд.спора/г паста.Құрғақ препаратты сақтау мерзімі-30С-та 1 жыл, пастаны-30-20С атмосфералықжауын-шашыннан қорғаулы жерде 1,5 жыл.
Препараттың екі түрі қолдануға негізделген:
-орамжапырақ зиянкестеріне қарсы:орамжапырақ пен шалқан жұлдызқұрттарына(I-III жастағы қарсы орта шығынмен 1-3кг/га,1-2 өңдеуден 7-8 күн аралығында барлық зиянкес ұрпақтары үшін;
-жеміс дақылдарындағы жұлдызқұрттармен күресте(I-III жастан кіші), қабыршаққанатты жәндіктерге,американдық ақ көбелекке қарсы орта шығынмен 3-5кг/га,1-2 өңдеуден 7-8 күн өңдеубарлық ұрпақтарына қарсы;
Сүтқоректілерге,адамдарға,құстар,балық,қалыпты көлемдегі пайдалы жәндіктерге,араларға,энтомофагтарға қауіпсіз. Емен және тұт жұлдызқұрттарына токсинді.
