- •2. Бос тіршілік ететін, қауымдасып тіршілік ететін және симбиотикалық азотфиксаторларға сипаттама беріңіз.
- •3. Табиғаттағы азот айналымындағы микроорганизмдердің рөліне сипаттама беріңіз.
- •4. Минерализация, нитрификация процестерінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •5. Ауыл шаруашылығында қолданылатын вирустық энтомопатогенді препараттар туралы түсінік беріңіз
- •6. Ауыл шаруашылығында қолданылатын микроскоптық саңырауқұлақтар негізіндегі энтомопатогенді препараттарға сипаттама беріңіз
- •7. Түйнек бактериялары негізіндегі бактериялық препараттар, нитрагин және ризоторфин алу технологиясын келтіріңіз
- •8. Түйнек бактерия препараттарын алу технологиясын түсіндіріңіз
- •9. Azotobacter chroococcum топырақ микроорганизмі негізінде жасалған бактериялық тыңайтқыш, азотобактерин препаратын жасау технологиясына тоқталыңыз
- •10. Микроорганизмдердің сыртқы орта факторларына қатысын түсіндіріп беріңіз.
- •11. Микроорганизмдердің ортаның қышқылдығы, су режимі, температура, қысым, химиялық заттар, радиацияға тәуелділігіне жалпы анықтама беріңіз
- •12. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері және ауларымен күресу үшін микроорганизмдерді және микробтық препараттарды пайдалану туралы анықтама беріңіз.
- •13.Прокариоттардың метоболизмі және оның ерекшелігіне тоқталыңыз.
- •14.Өсімдіктердің зиянкестері және аурулармен күресу үшін микроорганизмдерді қолданудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •15.Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын қорғайтын және стимулдайтын әсері бар биопрепараттарды жасау технологиясына тоқталыңыз.
- •16.Аммиактың азотты және азот қышқылына дейін тотығуы. С.Н.Виноградскийдің еңбектері және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •17.Аэробты жағдайда целлюлозаны ыдырататын микроағзаларды атаңыз және оның маңыздылығын атаңыз.
- •18.Күкірт қосылыстарының микроағзалармен айналымын сипаттаңыз.
- •19.Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериялар негізіндегі тыңайтқыштарға сипаттама беріңіз.
- •20.Микроорганизмдердің сыртқы ортаның факторларына қатысы.Микроорганизмдердің ортаның қышқылдығы, су режимі,температура, қысым, химиялық заттар,радиацияға тәуелділігіне тоқталыңыз.
- •21.Аммонификация процесі және оның ерекшелігін сипаттап жазыңыз.
- •22.Азоттың биологиялық жолмен тотықсыздануы кезегіндегі нитрогеназа ферментінің маңызын түсіндіріңіз.
- •23.Заттар айналымындағы темір бактерияларына сипаттама беріңіз.
- •24.Антибиотик терминіне сипаттама беріңіз және олардың түрлерін атаңыз.
- •25.Топырақ микроорганизімдеріне сипаттама беріңіз,олардың ерекшелігіне тоқталыыз.
- •26.Биологиялық белсенді заттармен өсімдіктердің өсуін стимуляциялауды сипаттаңыз.
- •27.Ауыл шаруашылығында өсірілетін өсімдіктер мен дәнді дақылдардың өсуін стимуляциялау жолдарын атап көрсетіңіз.
- •28.Ризоплан мен ризосфера микроағзалары.Микоризаның түрлерін сипаттаңыз.
- •29.Топырақ микроорганизімдерінің құрамын анықтау тәсілдерін көрсетіңіз.
- •30.Заттар мен энергия айналымындағы микробиологиялық топырақтағы процестерді сипаттаңыз.
- •33.Атмосферадағы молекулалық азоттың биологиялық фиксациясы.Күкірт,фосфор,темір және басқа элементтер қосылыстарының микроағзалармен айналымын сипаттап берңіз.
- •34.Бактериальді энтомопатогенді препараттар мен вирустық препараттарды алу технологиясын,айырмашылықтары мен ұқсастықтары түсіндіріңіз.
- •35.Микроорганизімдердің негізгі топтары және топырақтағы микробтық кешен туралы түсіндіріп беріңіз.
- •37. Целлюлозаны ыдыратушы актиномицеттер мен саңырауқұлақтар туралы сипаттама жазыңыз.
- •38. Ақуызды заттар мен органикалық азотқосылыстарының аммонийлануын түсіндіріп беріңіз
- •39. Микроорганизмдердің тірі өсісдіктердің тамыр жүйесі: ризосфера мен ризопланмен қауымдастығын сипатта
- •40. Прокариоттардың клетка қабықшасының ерекшелігін сипаттап, түсіндіріңіз.
- •41. Фирмукаттар мен грациликуттар клетка қабықшасын сипаттап, түсіндіріңіз.
- •45. Антибиотиктер классификациясы және олардың әсер ету механизмдеріне түсінік беріңіз.
- •46. Микробты дақылдауда қолданылатын шикізат көздеріне тоқталыңыз.
- •47. Микробтық иммунобиологиялық препараттар алу технологиясын сипаттаңыз.
38. Ақуызды заттар мен органикалық азотқосылыстарының аммонийлануын түсіндіріп беріңіз
Азот - ең негізгі элементтердің бірі. Ол тірі жасушаның кез - келген негізгі полимерлерінің құрамына - құрылымды ақуыз, ақуызды - ферменттер, нуклеин және аденозинфосфат қышқылдарының құрамына кіредіТопырақтағы азоттың мөлшері өте жоғары болуы мүмкін, ал қара топырақтарда 10 т/га дейін жетеді. Бірақ оның 99%-ға жуығы органикалық қосылыстарға, оның ішінде қарашіріндіге байланысқан, сондықтан ол өсімдікке қол жетімсіз күйінде болады және өсімдіктердің өсуінің шешуші факторы ретінде саналады. Құрамында азоты бар органикалық қосылыстардың аммиак бөле минералдану үдерісін аммонийлану деп атайды. Бұл үдеріске ақуыз және оның туындылары - пептидтер мен аминқышқылдары, нуклеин қышқылдары, пуринді және пиримидинді негіздер, мочевина және зәр қышқылдары, азотты полисахаридтер, хитин мен қарашірінді қышқылдары ұшырайды.
Ақуыздардың аммонийлануы (шіруі). Ол азотты қосылыстар айналымының ең қарқынды кезеңі болып табылады. Жасушадан тыс айналымдардың соңғы өнімі - аминқышқылдары болып табылады. Үдеріске микроағзалардың, сондай-ақ өсімдіктердің протеазасы қатысады. Әрі қарай аминқышқылдары микроағзалар жасушасына түседі немесе топырақтағы химиялық реакцияларға қатысады, немесе топырақ бөлшектеріне сіңіп кетеді. Аминқышқылдардың жасуша ішіндегі айналымы төрт бағытта жүре алады: ақуыз синтезі, қайта аминдену, декарбоксилдену және дезаминдену. Аэробты жағдайда аммонийлану үдерісінде аммиактан басқа СО2 мен күкірт тотығы түзілсе, анаэробты жағдайда - май және аромат қышқылдары (бензой, ферулинді және т.б.), спирттер, жағымсыз иісті өнімдер (индол, скатол, метилмеркаптан) және улы аминдер - кадаверин, путресцин түзіледі. Анаэробиоз кезінде ылғалданған топырақта түзілетін аммонийлану өнімдері улы болады және өсімдіктердің әлсіруін тудырады. Аммонийлану үдерісіне бактериялардан басқа актиномицеттер мен саңырауқұлақтар қатысады. Белсенді қоздырғыштар арасында аэробты және анаэробты бациллалар, мысалы B. putrificus, B. sporogenes белгілі. Ыдырап жатқан субстратта аммонийлану үдерісі кезінде С:N қатынасы үлкен мәнге ие. Бұл қатынас неғұрлым жоғары болса, соғұрлым аммонийлану қарқынды болады, ол жалпы азоттың NH3 ауысқан мөлшерімен анықталады.
39. Микроорганизмдердің тірі өсісдіктердің тамыр жүйесі: ризосфера мен ризопланмен қауымдастығын сипатта
Ризосферадағы микроорганизмдер әртүрлі өсімдікке қажетті субстратты бөліп биологиялық активті заттар шағын организмдері (витаминдер , антибиотиктер т. б.) синтездеп, өсімдікпен симбиотикалық қарым - қатынас орнатып, нәтижесінде фитопатогенді бактерияларға қарсы антагонистік қасиет көрсетеді. Өсімдіктің тамырының жоғарғы бетінде микроорганизмдер (ризоплан микрофлорасы) ризосфераға қарағанда көп . Өсімдіктің жоғарғы тамыры мен саңырауқұлақ мицелиясының симбиозын микориза деп атайды . Микориза өсімдіктің өсуін жақсартады. Өсімдіктің әрбір түріне сәйкес ризосферадағы микрофлораның сандық және сапалық құрамы әртүрлі. Тамырлық микрофлораның негізгі бөлігін спорасыз грам теріс бактериялар құрайды Pseudomonas туысы, микобактериялар және саңырауқұлақтар, негізгілері базидиомицеттер, кейде фикомицеттер, аскомицеттер. Көрсетілген саңырауқұлақтар өсімдік тамырымен симбиозға түсіп дәрілік қасиет береді. Өсімдіктермен саңырауқұлақтардың бірге өмір сүруінің морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты саңырауқұлақтарды эктотрофты және эндотрофты микориздер деп бөлеміз.
Өсімдік тамырларының айналасындағы микроорганизмдерді ризосфералық микроорганизмдер деп атайды. Мүндай жағдайларды бүршақ тұқымдастарынан жиі кездестіруге болады. Ал ризосфера деп тамыр системасына нағыз таяу жатқан аймақты айтамыз. Өсімдік тамыры бүл микроорганизмдерді коректік заттармен камтамасыз етіп қана қоймайды, олардың барлық топтарына белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Сөйтіп тамыр айналасында микробтардың болуына байланысты өсімдіктердің тіршілігіне қолайлы жағдай да асалады. Тамыр айналасындағы топырақта органикалық заттар мол, сонымен қатар микроорганизмдер мен тамырлар бөліп шыға-ратын түрлі химиялық қосылыстар да болады. Бұл аймақта едәуір мөлшерде ферменттер, витаминдер, ауксиндер, кейбір амин қыш-кылдары кездеседі. Ризосфера микроорганизмдері тамыр айналасындағы органика-лық заттарды ыдыратып, өсімдіктердің тіршілігіне қажетті заттарға айналдырады. Тамыр сіңіретін қоректік заттар түгелімен дерлік микробтар тіршілігінің әрекеті нәтижесінде түзіледі. Сөйтіп тамыр мен микроорганизмдер арасында белгілі бір қарым-қатынас пайда болады. Мүның ауыл шаруашылығында зор маңызы бар. Ризосфера екі үлкен секторға бөлінеді:
Шалғай ризосфера — үсақ тамыршалардан бастап радиусы бірнеше миллиметрден 50 см-ге дейінгі аймақты алып жатады.
Таяу ризосфера — деп үсак тамыршалармен түтасып жатқан аймақты айтады. Бүл аймақтағы микроорганизмдердің көптігі соншалық тамыршалар және оның түктері микробтан көрінбейді.Микробтардың бүлай шоғырлануы тамырдан олардың тіршілігіне қажетті заттардың бөлінуіне байланысты.
Тамырға таяу аймақтағы микроорганизмдердің жалпы саны мал азықтық астық тұқымдастарда, техникалық дақылдарда, ағаш тектес өсімдіктерде, шалғай ризосфераға қарағанда (10, 100, 1000-дап) әлдеқайда көп болады. Ризосферадағы микробтардың саны оларДың тамырға таяу және одан шалғай орналасуына бай-ланысты емес, сонымен қатар өсімдіктердің түріне, өсіп дамуы сатысына тікелей байланысты болады.
Өсімдікте тіршілік процесі неғүрлым активті жүрсе, олардың тамырларынан бөлінетін заттардың мөлшері мен сапасы да соғүр-лым артады. Микроорганизмдер өсімдіктердің гүлдеу кезеңінде, гүлдеудің алдында ғана қаулап, дамиды. Өсімдік қурай бастағанда микроорганизмдердің саны да азайып кетеді.Өнімді жинап алғаннан кейін, егер топыракта ылғал жеткілікті болса, тамырға таяу ризосферадағы микроорганизмдердің тіршіліг кенет қаркынды дамиды. Ризосфера микроорганизмдерінің ішін-де кебірек таралғандары спора түзбейтін бактериялар; азотобактериялар, түйнек бактериялары, аммонификациялаушы, денитрификациялаушы т. б. организмдер. Тамырға жуық топырактардың бір грамындағы олардың саны миллиардқа жетеді. Мәселен, шымд-күлгін топырақта еокен бидай ризосферасынан микроорганизмдердің толып жатқан топтарын кездестіруге болады
