- •2. Бос тіршілік ететін, қауымдасып тіршілік ететін және симбиотикалық азотфиксаторларға сипаттама беріңіз.
- •3. Табиғаттағы азот айналымындағы микроорганизмдердің рөліне сипаттама беріңіз.
- •4. Минерализация, нитрификация процестерінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •5. Ауыл шаруашылығында қолданылатын вирустық энтомопатогенді препараттар туралы түсінік беріңіз
- •6. Ауыл шаруашылығында қолданылатын микроскоптық саңырауқұлақтар негізіндегі энтомопатогенді препараттарға сипаттама беріңіз
- •7. Түйнек бактериялары негізіндегі бактериялық препараттар, нитрагин және ризоторфин алу технологиясын келтіріңіз
- •8. Түйнек бактерия препараттарын алу технологиясын түсіндіріңіз
- •9. Azotobacter chroococcum топырақ микроорганизмі негізінде жасалған бактериялық тыңайтқыш, азотобактерин препаратын жасау технологиясына тоқталыңыз
- •10. Микроорганизмдердің сыртқы орта факторларына қатысын түсіндіріп беріңіз.
- •11. Микроорганизмдердің ортаның қышқылдығы, су режимі, температура, қысым, химиялық заттар, радиацияға тәуелділігіне жалпы анықтама беріңіз
- •12. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері және ауларымен күресу үшін микроорганизмдерді және микробтық препараттарды пайдалану туралы анықтама беріңіз.
- •13.Прокариоттардың метоболизмі және оның ерекшелігіне тоқталыңыз.
- •14.Өсімдіктердің зиянкестері және аурулармен күресу үшін микроорганизмдерді қолданудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •15.Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын қорғайтын және стимулдайтын әсері бар биопрепараттарды жасау технологиясына тоқталыңыз.
- •16.Аммиактың азотты және азот қышқылына дейін тотығуы. С.Н.Виноградскийдің еңбектері және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •17.Аэробты жағдайда целлюлозаны ыдырататын микроағзаларды атаңыз және оның маңыздылығын атаңыз.
- •18.Күкірт қосылыстарының микроағзалармен айналымын сипаттаңыз.
- •19.Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериялар негізіндегі тыңайтқыштарға сипаттама беріңіз.
- •20.Микроорганизмдердің сыртқы ортаның факторларына қатысы.Микроорганизмдердің ортаның қышқылдығы, су режимі,температура, қысым, химиялық заттар,радиацияға тәуелділігіне тоқталыңыз.
- •21.Аммонификация процесі және оның ерекшелігін сипаттап жазыңыз.
- •22.Азоттың биологиялық жолмен тотықсыздануы кезегіндегі нитрогеназа ферментінің маңызын түсіндіріңіз.
- •23.Заттар айналымындағы темір бактерияларына сипаттама беріңіз.
- •24.Антибиотик терминіне сипаттама беріңіз және олардың түрлерін атаңыз.
- •25.Топырақ микроорганизімдеріне сипаттама беріңіз,олардың ерекшелігіне тоқталыыз.
- •26.Биологиялық белсенді заттармен өсімдіктердің өсуін стимуляциялауды сипаттаңыз.
- •27.Ауыл шаруашылығында өсірілетін өсімдіктер мен дәнді дақылдардың өсуін стимуляциялау жолдарын атап көрсетіңіз.
- •28.Ризоплан мен ризосфера микроағзалары.Микоризаның түрлерін сипаттаңыз.
- •29.Топырақ микроорганизімдерінің құрамын анықтау тәсілдерін көрсетіңіз.
- •30.Заттар мен энергия айналымындағы микробиологиялық топырақтағы процестерді сипаттаңыз.
- •33.Атмосферадағы молекулалық азоттың биологиялық фиксациясы.Күкірт,фосфор,темір және басқа элементтер қосылыстарының микроағзалармен айналымын сипаттап берңіз.
- •34.Бактериальді энтомопатогенді препараттар мен вирустық препараттарды алу технологиясын,айырмашылықтары мен ұқсастықтары түсіндіріңіз.
- •35.Микроорганизімдердің негізгі топтары және топырақтағы микробтық кешен туралы түсіндіріп беріңіз.
- •37. Целлюлозаны ыдыратушы актиномицеттер мен саңырауқұлақтар туралы сипаттама жазыңыз.
- •38. Ақуызды заттар мен органикалық азотқосылыстарының аммонийлануын түсіндіріп беріңіз
- •39. Микроорганизмдердің тірі өсісдіктердің тамыр жүйесі: ризосфера мен ризопланмен қауымдастығын сипатта
- •40. Прокариоттардың клетка қабықшасының ерекшелігін сипаттап, түсіндіріңіз.
- •41. Фирмукаттар мен грациликуттар клетка қабықшасын сипаттап, түсіндіріңіз.
- •45. Антибиотиктер классификациясы және олардың әсер ету механизмдеріне түсінік беріңіз.
- •46. Микробты дақылдауда қолданылатын шикізат көздеріне тоқталыңыз.
- •47. Микробтық иммунобиологиялық препараттар алу технологиясын сипаттаңыз.
22.Азоттың биологиялық жолмен тотықсыздануы кезегіндегі нитрогеназа ферментінің маңызын түсіндіріңіз.
Азоттың биологиялық жолмен тотықсыздану үдерісі ферментативті реакциялар тізбегінен тұрады, ең басты рөлді нитрогеназа ферменті атқарады. Микроағзаларда нитрогеназа ферментінің түзілуі ядролық ДНҚ-да емес, осы арнайы ферменттік ақуыздың синтезіне жауап беретін nif – плазмида деп аталатын ерекше гендердің болуымен байланысты. Азотсіңіруші микроағзаларда метаболизмнің барлық белгілі типтері кездеседі. Олардың ішінде аэробтар, ашуды жүзеге асыратын анаэробтар, хемоорганотрофтар, автотрофтар – фотосинтетиктер және хемолитоавтотрофтар бар. Олар үшін молекулалық азотты сіңіру міндетті үдеріс болып табылмайды, себебі олар минералды немесе органикалық түрінде азоттың қатысуында өздерінің байланған азотқа деген қажеттілігін қамтамасыз етеді. Азотсіңірудің белсенділігі үшін оттегінің бар-жоғы үлкен рөл атқарады. Себебі нитрогеназа ферментінің жұмысы молекулалық оттегімен тежеледі. Азотсіңіруші микроағзаларды өсімдіктермен байланысуына қарай еркін тіршілік ететіндер және селбесіп тіршілік ететіндер деп бөледі. Бірінші топқа өсімдіктердің тамыр жүйелерімен байланыспаған, еркін тіршілік ететін бактериялар және өсімдік тамырының айналасындағы топырақта мекен етіп, өсімдіктерге тікелей әсер ететін, тамыр мен жапырақтардың бетінде тіршілік ететін ассоциативті бактериялар жатады. Селбесіп тіршілік ететін микроағзаларға өсімдік ұлпаларында өмір сүретін, тамыр немесе жапырақтарында түйнек немесе түйін тәрізді пішін түзетіндер жатқызылады. Еркін тіршілік ететін азотсіңірушілер барлық жерлерде таралған және олардың ішінде хемотрофтарға, фототрофтарға, аэробтарға және анаэробтарға жататын әртүрлі таксономиялық топтардың бактериялары кездеседі. Ассоциативті азотсіңіру деп органикалық заттардың алғашқы продуценттері - өсімдіктер, балдырлар немесе көк-жасыл балдырлармен ассоциация құрып тіршілік ететін микроағзалармен азоттың жиналуын айтады. Мұндай ассоциацияларда жоғары нитрогеназалық белсенділіктің тиімділігі көміртегі мен энергияның жеңіл қол жетімді көздері жапырақ және тамыр экссудаттары, цианобактериялардың жасушадан тыс шырыштары, тамырдың қалдықтары түрінде фототрофтардан бактерияларға жеткілікті мөлшерде түсуімен байланысты. Тамыр арқылы топыраққа түсетін органикалық заттар арқылы тек диазотрофтардың ғана емес, сондай-ақ қарашіріндіні ыдыратушы гетеротрофтардың іс-әрекетін белсендіреді. Осылай, «топырақ - микроағзалар - өсімдік» жүйесінде азоттың жылжуы екі арна бойынша – азоттың атмосферадан байлануы және қарашірінді заттарынан бөлінуі арқылы жүзеге асырылады. Үдерістің іске қосылуы мен олардың тиімділігі топырақтағы жеңіл азоттың болуымен анықталады. Топыраққа азот тыңайтқыштарын енгізгенде микроағзалар атмосфералық азотты сіңіруден гөрі, азоттың еріген түрін (иммобилденген) байлауға көшеді де, молекулалық N2 денитрлену есебінен біртіндеп атмосфераға жоғалтады. Ортадағы көміртегі мен азот қатынасының арту мөлшеріне қарай азотсіңіру үдерісі белсендіріледі, өсімдіктердің фотосинтездік әрекетінің күшеюі қарашіріндінің минералдану дәрежесін арттырады. Селбескен азотсіңіру – топырақтағы биологиялық азоттың маңызды қоры. Түйнек бактериялары өсімдік ұлпасына ене отырып, тамырда түйнек тәрізді ісіктің өсуін немесе сабақ пен жапырақтарда түйнектер немесе түйіндердің пайда болуын тудырады. Ең белсенді және жақсы зерттелген диазотрофты симбионаттар – бұршақ өсімдіктерінің түйнек бактериялары. Бұршақ өсімдіктерінің симбионттарының 1300 түрі белгілі, олардың ішінде 200 түрі ауыл шаруашылығында қолданылады. Түйнектер мәдени және жабайы өсімдіктерде кездеседі. Азотсіңіруші симбионттардың арқасында бұршақ өсімдіктері топырақты азотпен байытады. Өсімдіктердің өсу жағдайларына байланысты олар жылына гектарына 60-тан 300 кг дейін азот жинайды. Бұршақ өсімдіктерінің азотты жинауында түйнек бактерияларының рөлі анықталған соң, көп ұзамай себу алдында бұршақ өсімдіктерінің тұқымдарын осы бактериялармен өңдеуге талпыныс жасалды. Түйнек бактерияларының негізінде дайындалған препараттар әртүрлі елдерде өздеріне сәйкес атқа ие болды. Нитрагиннің дайындалу тәсіліне қарай әртүрлі типтері бар: тұқымдарды өңдеуге арналған құрғақ толықтырғыштар мен бактериялар қоспасы; бүркуге арналған бактериялардың сулы суспензиясы; вакуумды инфильтрация әдісімен тұқымдарды инокуляциялауға арналған препараттар. Бұршақ тұқымдас өсімдіктерді түйнек бактерияларымен инокуляциялау бұршақ дақылы өсірілмеген және топырақта сәйкесінше жоғары да аталған бактериялар кездеспейтін аудандарда ерекше тиімді болып келеді.
