- •2. Бос тіршілік ететін, қауымдасып тіршілік ететін және симбиотикалық азотфиксаторларға сипаттама беріңіз.
- •3. Табиғаттағы азот айналымындағы микроорганизмдердің рөліне сипаттама беріңіз.
- •4. Минерализация, нитрификация процестерінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •5. Ауыл шаруашылығында қолданылатын вирустық энтомопатогенді препараттар туралы түсінік беріңіз
- •6. Ауыл шаруашылығында қолданылатын микроскоптық саңырауқұлақтар негізіндегі энтомопатогенді препараттарға сипаттама беріңіз
- •7. Түйнек бактериялары негізіндегі бактериялық препараттар, нитрагин және ризоторфин алу технологиясын келтіріңіз
- •8. Түйнек бактерия препараттарын алу технологиясын түсіндіріңіз
- •9. Azotobacter chroococcum топырақ микроорганизмі негізінде жасалған бактериялық тыңайтқыш, азотобактерин препаратын жасау технологиясына тоқталыңыз
- •10. Микроорганизмдердің сыртқы орта факторларына қатысын түсіндіріп беріңіз.
- •11. Микроорганизмдердің ортаның қышқылдығы, су режимі, температура, қысым, химиялық заттар, радиацияға тәуелділігіне жалпы анықтама беріңіз
- •12. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері және ауларымен күресу үшін микроорганизмдерді және микробтық препараттарды пайдалану туралы анықтама беріңіз.
- •13.Прокариоттардың метоболизмі және оның ерекшелігіне тоқталыңыз.
- •14.Өсімдіктердің зиянкестері және аурулармен күресу үшін микроорганизмдерді қолданудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •15.Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын қорғайтын және стимулдайтын әсері бар биопрепараттарды жасау технологиясына тоқталыңыз.
- •16.Аммиактың азотты және азот қышқылына дейін тотығуы. С.Н.Виноградскийдің еңбектері және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •17.Аэробты жағдайда целлюлозаны ыдырататын микроағзаларды атаңыз және оның маңыздылығын атаңыз.
- •18.Күкірт қосылыстарының микроағзалармен айналымын сипаттаңыз.
- •19.Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериялар негізіндегі тыңайтқыштарға сипаттама беріңіз.
- •20.Микроорганизмдердің сыртқы ортаның факторларына қатысы.Микроорганизмдердің ортаның қышқылдығы, су режимі,температура, қысым, химиялық заттар,радиацияға тәуелділігіне тоқталыңыз.
- •21.Аммонификация процесі және оның ерекшелігін сипаттап жазыңыз.
- •22.Азоттың биологиялық жолмен тотықсыздануы кезегіндегі нитрогеназа ферментінің маңызын түсіндіріңіз.
- •23.Заттар айналымындағы темір бактерияларына сипаттама беріңіз.
- •24.Антибиотик терминіне сипаттама беріңіз және олардың түрлерін атаңыз.
- •25.Топырақ микроорганизімдеріне сипаттама беріңіз,олардың ерекшелігіне тоқталыыз.
- •26.Биологиялық белсенді заттармен өсімдіктердің өсуін стимуляциялауды сипаттаңыз.
- •27.Ауыл шаруашылығында өсірілетін өсімдіктер мен дәнді дақылдардың өсуін стимуляциялау жолдарын атап көрсетіңіз.
- •28.Ризоплан мен ризосфера микроағзалары.Микоризаның түрлерін сипаттаңыз.
- •29.Топырақ микроорганизімдерінің құрамын анықтау тәсілдерін көрсетіңіз.
- •30.Заттар мен энергия айналымындағы микробиологиялық топырақтағы процестерді сипаттаңыз.
- •33.Атмосферадағы молекулалық азоттың биологиялық фиксациясы.Күкірт,фосфор,темір және басқа элементтер қосылыстарының микроағзалармен айналымын сипаттап берңіз.
- •34.Бактериальді энтомопатогенді препараттар мен вирустық препараттарды алу технологиясын,айырмашылықтары мен ұқсастықтары түсіндіріңіз.
- •35.Микроорганизімдердің негізгі топтары және топырақтағы микробтық кешен туралы түсіндіріп беріңіз.
- •37. Целлюлозаны ыдыратушы актиномицеттер мен саңырауқұлақтар туралы сипаттама жазыңыз.
- •38. Ақуызды заттар мен органикалық азотқосылыстарының аммонийлануын түсіндіріп беріңіз
- •39. Микроорганизмдердің тірі өсісдіктердің тамыр жүйесі: ризосфера мен ризопланмен қауымдастығын сипатта
- •40. Прокариоттардың клетка қабықшасының ерекшелігін сипаттап, түсіндіріңіз.
- •41. Фирмукаттар мен грациликуттар клетка қабықшасын сипаттап, түсіндіріңіз.
- •45. Антибиотиктер классификациясы және олардың әсер ету механизмдеріне түсінік беріңіз.
- •46. Микробты дақылдауда қолданылатын шикізат көздеріне тоқталыңыз.
- •47. Микробтық иммунобиологиялық препараттар алу технологиясын сипаттаңыз.
18.Күкірт қосылыстарының микроағзалармен айналымын сипаттаңыз.
Күкірт – тіршілікке қажетті биогенді элемент. Ақуызда күкірт кейбір аминқышқылдар түрінде кездеседі, дәрумендер, коферменттер молекуласы құрамына кіреді, өсімдіктердің эфир майларында болады. Күкірт қосылыстары тірі жасушада өте маңызды метаболиттік үдерістерге қатысады (мысалы, азот айналымы – оның сіңірілуі мен тотықсыздануына жауап беретін нитрагеназа және нитратредуктаза ферменттерінің құрамына кіреді). Топырақта күкірт әртүрлі химиялық және биологиялық айналымдарға ұшырайды, бейорганикалық қосылыстардан органикалық қосылыстарға ауысады және керісінше. Топырақта күкірт бейорганикалық қосылыстар түрінен тотыққан (сульфаттар, политионаттар), тотықсызданған (сульфиттер) және сирек молекулалық түрінде кездеседі. Жануарлар, өсімдіктер және микроағзалар қалдықтары ыдырағанда күкірт тотықсызданған күйінде болатын құрамында күкірті бар аминқышқылдардан, тиоспирттерден, тиофенолдардан, тиоэфирлерден, гетероциклді қосылыстардан (мысалы, тиофен) босап шығады. Аэробты жағдайда тотығу үдерістерін хемоавтотрофты прокариоттар – түссіз күкірт бактериялары, тионды, термоацидофилді архебактериялар, сондай-ақ Bacillus, Pseudomonas және т.б. гетеротрофты бактерия туыстарының өкілдері жүзеге асырады. Анаэробты жағдайдағы үдерістерге оттегінсіз фотосинтезді жүзеге асыратын қызыл қошқыл және жасыл фототрофты күкірт бактериялары қатысады. Фотосинтездеуші күкірт бактерияларының жасушаларында бактериохлорофилдердің болуы, оларға қызыл немесе жасыл түс береді, осыған байланысты оларды сәйкесінше қызыл қошқыл (Rhodospirillales) және жасыл (Chlorobiales) деп бөледі. Олардың барлығы анаэробты жағдайда электрондардың доноры ретінде тотықсызданған күкірт қосылыстарын қолдана отырып, жарықта хлорофилдеріне байланысты оттегінсіз фотосинтезді жүзеге асырады. Анаэробты жағдайда қатаң анаэробтар тобына жататын арнайы бактериялар көмегімен сульфаттар күкіртсутекке дейін тотықсызданады. Бұлар анаэробты тыныс алу – диссимиляциялық сульфатредукция үдерісінде органикалық қосылыстардың тотықтырғышы ретінде сульфаттарды пайдаланатын мамандаған сульфатредукциялайтын бактериялар. Сульфатредукция үдерісінің қоздырғыштары қатаң анаэробты бактериялардың әр түрлі туыстарына жатқызылады: Desulfovibrio – спора түзбейтін иілген қозғалғыш таяқшалар, Desulfotomaculum – споралы таяқшалар. Бірінші туыс өкілдерінің ішінде галофилдер кездеседі, екіншілерінің арасында – термофилдер. Соңғы жылдары көптеген жаңа сульфатредукциялаушы бактериялар бөлініп алынған: Desulfonema, Desulfosarcina, Desulfococcus. Сульфатредукциялаушы бактериялар ұзақ анаробиозға әкеп соқтыратын режимдегі топырақтарда: мысалы, күріш егістігінің су шайған топырақтарында, сондай – ақ батпақтарда, лайда, лиман балшықтарында, мұнай-кен орындарындағы суларда таралады. Күлгін топырақтарда сульфаттар аз және оларда биогенді жолмен сульфиттер жиналмайды. Сілтілі және бейтарап топырақтарда ерімейтін сульфиттер түзіледі. Күшті бейорганикалық қышқылдарды нитрификаторлар (азотты) және тион бактериялар (күкіртті) түзеді.
