- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Ғылым тарихы және филсоофиясы пәні. Предмет истории и философии науки. Subject of the history and philosophy of science.
- •Ғылыми білім дамуының заңдылықтары. Закономерности развития научного знания. Laws of development of scientific knowledge.
- •Ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі бөлшектері. Компоненты науки как социального института.Components of science as a social institution.
- •Мәдениеттегі ғылымның орны және ролі: сциентизм және антисцеинтизм.
- •Ғылым феномені айырықша талдау пәні ретінде: интернализм мен экстернализм.
- •Ғылыми таным ерекшеліктері:
- •Ғылым дамуындағы философияның дүниетанымдық ролі.
- •Ғылым және дін. Наука и религия. Science and Religion.
- •Ғылымның гуманисттік көкжиектері. Гуманистические горизонты науки. Humanistic horizons of science.
- •Ғылым және қазіргі білім беру жүйесі. Наука и современная образовательная система. Science and the modern educational system.
- •Heliocentric system of Copernicus. Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі.
- •Background of the experimental method. Эксперименталды тәсіл туындауының алғышарттары.
- •Эксперименталды әдіс туындауының алғышарттары.
- •Formation of modern science. Жаңа заман ғылымының қалыптасуы.
- •Socialization and institutionalization of science Ғылымның әлеуметтануы және институциализациясы.
- •The problem of method in science Ғылымдағы әдіс мәселесі.
- •The positivist tradition in the philosophy of science. Ғылым философиясындағы позитивисттік дәстүр.
- •The variety of types of scientific knowledge. Ғылыми білім түрлерінің көпбейнелілігі.
- •Science as a profession and a particular type of activity. Ғылым - кәсіп және шығармашылықтың ерекше түрі ретінде.
- •The norms and values of the scientific community Ғылыми қауымдастықтың ережелері мен құндылықтары.
- •2. Энергетика және машинақұрастыру:
- •Historical forms the scientific world Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері.
- •The global evolution as a modern scientific picture of the world Жаһандық эволюционализм қазіргі әлемнің ғылыми бейнесі ретінде.
- •Natural and technological development Жаратылыстану және техниканың дамуы.
- •Mathematical methods and the formation of scientific knowledge Математикалық әдістер және ғылыми білімнің қалыптасуы.
- •Formation of the scientific disciplines of social and humanitarian cycle Әлеуметтік-гуманитарлы топтамадағы ғылыми пәндердің қалыптасуы.
- •The phenomenon of social sciences and humanities and civilizational value.Әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдар феномені және оның өркениеттілік мағынасы.
The positivist tradition in the philosophy of science. Ғылым философиясындағы позитивисттік дәстүр.
Ғылым философиясындағы позитивисттік дәстүр. Позитивизм - (лат. positivus – оң, жағымды) ХІХ-ХХғғ. рухани қызметтің басқа түрлерімен салыстырғандағы оң ғылыми білімнің құндылығын және тұрақтылығын ерекше атап көрсететін бағыт. Ол танымның эмпирикалық тәсілдерінің артықшылықтарын айқындап, барлық теоретикалық құрылыстарының кемшіліктерін көрсетеді. Өз дамуында позитивизм төрт кезеңді басынан кешіреді, дегенмен, философиялық ойдың бірегей бағыты жайлы айтуға мүмкіндік беретін негізгі ерекшеліктерін сақтап қалады.
Позитивизмнің негізін салған Огюст Конт (1798-1857 жж.) өзінің бағдарламалық «Позитивті философия курсы», «Позитивті философия рухы» атты еңбектерінде позитивизмнің негізгі қағидаларын құрастырды. Позитивизмнің алғашқы түрінің кредосы – прогресс және реттілік.
Бұл сипат ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы ғылыми ортада кең атаққа ие болған екінші позитивизмге де тән. Осы кезеңдегі позитивизм көшбасшысы австриялық физик және философ Эрнст Мах және швейцар философы Рихард Авенариус болды. Олар позитивизмге «махизм» немесе «эмпириокритицизм» деп аталған жаңа сипат берді. Бұл кезеңнің алғашқысынан ерекшелігі – философияның негізгі мақсаты – ғылыми білімнің барлығын қамтитын жүйесін құру емес, ғылыми білім теориясын жасауда.
Позитивизмге қызығушылықтың үшінші толқыны ХХ ғасырдың басында басталды. Осы кезде неопозитизм немесе логикалық позитивизм кең танымал болды. Оның айтарлықтай ерекшелігі позитивисттік философияның негізгі қағидаларын сақтай тұра философиялық мәселелерді қоюда және шешуде математикалық логиканың аппаратын кеңінен пайдаланды. Логикалық позитивизмнің атақты өкілдері: Бертран Рассел (1872–1970 жж.) , және «Логико-философиялық трактат» еңбегінің авторы Людвиг Витгенштейн және басқалары – ағылшын философы, логикы, математигы, әрбір философиялық мәселеге математикалық логика тәсілдер арқылы талдау тұрғысынан келу қажет деп санады.
Неопозитивизм әдістемесінің орнына философияда жаңа бағыт – постпозитивизм келеді. Ғылыми таным әдістемесі дамуындағы постпозитивисттік кезең Карл Поппер (1902–1994 гг.), Томас Кун (1922–1996 гг.), Имре Лакатос (1922–1974 гг.) секілді философтар еңбектерінде көрініс тапты. Постпозитивизм аумағында жасалған ғылым философиясы концепциясының көптүрлілігі көптеген жаңа мәселелерді туындатты. Оның нәтижесі ретінде ғылым құрылымы мен дамуын сипаттайтын жалпыға бірдей танылған теорияның дәрменсіздігін сезіну болды. Бұл мәселе позитивизм философиясындағы келесі кезең – постпозитивизмнің аяқталуына әсер етті.
Бүгінгі таңда постпозитивизм көп жағдайда өзінің бастапқы мағынасын жоғалтып алды. Бұл ғылым дамуының жалпыға бірдей теориясының жасалуының тығырыққа тірелгендігімен байланысты болды. Постпозитивизм көлеміндегі қарама-қайшы көзқарастар философиялық білімнің плюралисттік сипатта екенін тағы да бір рет көрсетті.
Positivism, Empiric and neo Positivism. Позитивизм, эмпириокритицизм және неопозитивизм.
The methodological concept of post-Positivism. Постпозитивизмнің әдістемелік концепциялары.
The methodological concept of post-Positivism. Постмодернизм және ғылым.
Постмодернизм және ғылым. ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында қалыптасқан классикалық емес ғылым плстклассикалық емес ғылыммен ауыстырылады. Жаңа заман ғылымы немесе классикалық ғылым деп аталып кеткен түбегейлі жаңа білім туындайды. Ол субъективтіліктің, гуманисттіліктің, өзіндік сынның басымдылығымен және объективтілік пен ақиқат секілді классикалық түсініктердің қайта қарастырылуымен сипатталады.
Ғылымилықтың классикалық түрінде ғылыми таным өлшемі бойынша зерттеуші көңілі субъектінің байланыстының барлығы элиминация бола тұра объект сипатына назар аударылады. Классикалық емес рационалдылық субъект пайдаланатын объект сипаты мен таным тәсілдерінің ара-қатынасын көңілге алады. Постклассикалық емес түр объект жайындағы білімді тек қана тәсілмен емес, сонымен қатар танушы субъекттің мақсаттық құрылғыларымен ұштастырады.
Постмодернизм және қазіргі ғылым корреляциясы мәселесін Ж.-Ф. Лиотар (1979) қойған еді. Қазіргі таңда верификацияланбаған, анықталмаған, толық емес постклассикалық емес ғылым мен постмодернизмнің принципиалды әдістемелік нұсқамасы арасында параллельдердің бар екендігі көзге анық.
«Модерндық» сонымен қатар, әлеуметтік әлемдік детерменизм, әмбебаптылық, нақтылық және дамудың бағыттылығы категорияларын біріктірді. Постмодернисттік әлеуметтік теория анықталмаған, біркелкі емес, көп нұсқасы бар категорияларын пайдалануда. Ол жерде әлемнің мәндік плюралисттік табиғаты мен оның шарасыздық салдары - адам өмірінің амбиваленттілігі және кездейсоқтығы арасында мәмілеге келу жүріп жатыр.
Синергетика постмодернизм идеяларына «табиғи ғылыми» легитимациясын беруде. Олардың жаңғырығы жаңа дүниетанымның қалыптасуына, танымның жаңа әдістемесінің тұрақталуына ықпалын тигізуде, бұл өз кезегінде классикалық тарихтың кезеңдік-линейлі үлгісінің қираюын жеделдетуде, оған деген жаңа принципиалды ашық, вариабельді, альтернативті, "таңдауды" мүмкін қажет ететін үрдіс ретіндегі жаңа бағдарды өндіруге әкелуде.
The ambivalent nature of modern science. Қазіргі ғылымның амбиваленттік сипаты.
Scientific knowledge as a complex developing system Ғылыми білім күрделі дамушы жүйе ретінде.
Дамушы жүйе ретіндегі ғылыми білімнің күрделі құрылымы бар. Ғылыми білімнің маңызды сипаты оның динамикасы болып табылады. Бұл идея антикалық философияда айтылған еді, ал Гегель "ақиқат ол дайын нәтиже емес, үрдіс" деп оның болмысын құрастырған еді. Білімнің дамуы - сапа жағынан әр түрлі нақты кезеңдерден тұратын күрделі диалектикалық үрдіс. Осылайша, бұл үрдісті қозғалыс ретінде қарауға болады: миф - алғығылым - классикалық ғылым - классикалық емес - постклассикалық емес ғылым.
Дамушы жүйе ретіндегі ғылым өз ішіне бірнеше жеке ғылымдарды қосады, олар өз кезегінде көптеген ғылыми пәндерге бөлінеді. Ғылымның осы аспектідегі құрылымын ашу ғылымның жіктелу мәселесін алға қояды.
Табиғат жайлы ғылымдарды пәні мен таным тәсілдері бойынша былай бөледі - жаратылыстану (механика, физика, химия, геология, биология), қоғам туралы ғылым - қоғамтану (әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар) және таным, ойлау туралы ғылымдар (логика, гносеология, эпистемология, когнитология ж.т.б.). Жеке топты техникалық ғылымдар құрады. Қазіргі математика да ерекше ғылымдардың біріне жатады. Кейбір ғалымдардың айтуынша ол жаратылыс ғылымдарына жатпайды, дегенмен, олардың ойлау тәсілінің маңызды элементіне айналған. Өз кезегінде, ғылымның әрбір тобы толықтай бөлшектеуге тұрарлық.
Ғылыми білім құрылымы оның екі басты деңгейлері - эмпирикалық және теоретикалық деңгейлерінің бірлігі ретінде көрініс табады. Бұл деңгейлер бір - бірімен тығыз байланыста және өз даму үрдісінде бір - біріне өтіп жатады.
Осы екі тәсілдің бірін әмбебаптандыру қате болар, дегенмен бұл эмпиризм мен схоластикалық теоретизацияға тән сипат болған еді.
Ғылыми танымның объектісі мен субъектісінің қарым қатынасы жағынан қарастырсақ, мынадай бөлшектерін атауға болады:
- ғылым субъектісі - оның өзекті элементі: жеке зерттеуші, ғылыми қауымдастық, ғылыми ұжым, жалпылама алсақ, толықтай қоғам;
- объект (пән, пәнаралық жағы) - берілген ғылым немесе ғылыми пән зерттейтін нәрсе. Басқаша айтсақ, зерттеушінің ойы бағытталған жер, сипаттауға, қабылдауға, атауға, ойлауда бейнелеуге келетіннің барлығы;
- өз пәнінің ерекшелігімен ескерілген нақты ғылымға немесе ғылыми пәнге тән тәсілдер мен амалдар жүйесі;
- өзіндік ерекше тіл - табиғи болсын, жасанды болсын (белгілер, таңбалар, математикалық амалдар, химиялық формулалар ж.т.б.).
