- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Ғылым тарихы және филсоофиясы пәні. Предмет истории и философии науки. Subject of the history and philosophy of science.
- •Ғылыми білім дамуының заңдылықтары. Закономерности развития научного знания. Laws of development of scientific knowledge.
- •Ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі бөлшектері. Компоненты науки как социального института.Components of science as a social institution.
- •Мәдениеттегі ғылымның орны және ролі: сциентизм және антисцеинтизм.
- •Ғылым феномені айырықша талдау пәні ретінде: интернализм мен экстернализм.
- •Ғылыми таным ерекшеліктері:
- •Ғылым дамуындағы философияның дүниетанымдық ролі.
- •Ғылым және дін. Наука и религия. Science and Religion.
- •Ғылымның гуманисттік көкжиектері. Гуманистические горизонты науки. Humanistic horizons of science.
- •Ғылым және қазіргі білім беру жүйесі. Наука и современная образовательная система. Science and the modern educational system.
- •Heliocentric system of Copernicus. Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі.
- •Background of the experimental method. Эксперименталды тәсіл туындауының алғышарттары.
- •Эксперименталды әдіс туындауының алғышарттары.
- •Formation of modern science. Жаңа заман ғылымының қалыптасуы.
- •Socialization and institutionalization of science Ғылымның әлеуметтануы және институциализациясы.
- •The problem of method in science Ғылымдағы әдіс мәселесі.
- •The positivist tradition in the philosophy of science. Ғылым философиясындағы позитивисттік дәстүр.
- •The variety of types of scientific knowledge. Ғылыми білім түрлерінің көпбейнелілігі.
- •Science as a profession and a particular type of activity. Ғылым - кәсіп және шығармашылықтың ерекше түрі ретінде.
- •The norms and values of the scientific community Ғылыми қауымдастықтың ережелері мен құндылықтары.
- •2. Энергетика және машинақұрастыру:
- •Historical forms the scientific world Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері.
- •The global evolution as a modern scientific picture of the world Жаһандық эволюционализм қазіргі әлемнің ғылыми бейнесі ретінде.
- •Natural and technological development Жаратылыстану және техниканың дамуы.
- •Mathematical methods and the formation of scientific knowledge Математикалық әдістер және ғылыми білімнің қалыптасуы.
- •Formation of the scientific disciplines of social and humanitarian cycle Әлеуметтік-гуманитарлы топтамадағы ғылыми пәндердің қалыптасуы.
- •The phenomenon of social sciences and humanities and civilizational value.Әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдар феномені және оның өркениеттілік мағынасы.
Mathematical methods and the formation of scientific knowledge Математикалық әдістер және ғылыми білімнің қалыптасуы.
Математикалық тәсілдер және ғылыми білімнің қалыптасуы. Классикалық жаратылыстану эксперименталды-математикалық тәсілдерді қолдану негізінде алға шықты. Кез келген табиғи объектілердің заңдылықтарын сипаттау байланысы мен қатынасында математиканы пайдалану білімнің ғылымилығы (ақиқаттылығы, нақтылығы) оның математизацияланғанымен анықталады деген тұжырымды мүмкін етті.
Г. Галилей «Табиғат кітабы математика тілінде жазылған» деген еді.
«Әрбір білімде математика қанша болса ақиқат та сонша» деп И.Кант айтқан екен.
Логикалық түзулік, қатаң дедуктивті сипат, математиканың жалпыға міндетті шешімдері оған ғылыми білімнің үлгісі деген атақ сыйлады.
Дегенмен, математиканың жаратылыстану ғылымдарының зерттеушілері үшін басты жетістігі – оның жаратылыстану ғылымын құрайтын қатынастар мен үрдістердің, алгоритмдік кестелер мен байланыстардың, үлгілердің көзі бола алатын мүмкіндігінде еді.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап адам қызметінің әр саласында ЭЕМ және математикалық тәсілдер кеңінен қолданыла бастады. «Математикалық экономика», «математикалық химия», «математикалық лингвистика» ж.т.б. секілді объектілер мен құбылыстардың математикалық үлгісін және осы үлгілердің зерттеу тәсілін зерттейтін пәндер пайда болды.
Математикалық үлгілеу – қандай да бір құбылыс немесе объектіні математика тіліне жақын етіп сипаттау. Үлгілеудің басты мақсаты – осы объектілерді зерттеп болашақ бақылау қорытындыларына болжам жасау. Дегенмен, үлгілеу басқаруға мүмкіндік беретін қоршаған ортаны тану тәсілі.
Математикалық үлгілеу және онымен байланысты компьютерлік эксперимент табиғи эксперимент мүмкін болмаған жағдайда немесе оны жасау қиынға соққанда әлде тағы да басқа себептер болғанда пайдасы өте зор. Мысалы, тарихқа табиғи эксперимент жасауға келмейді. Қандай да бір космологиялық теорияның дұрыстығын тексеру мүмкін емес. Негізінен болуы мүмкін, дегенмен, мысалы алсақ, қандай да бір ауруды тарату және оған қарсы ем жасау секілді экспериментті жасау қате. Дегенмен, мұның бәрін зерттеліп отырған құбылыстың алдын ала математикалық үлгісін құрау арқылы компьютерде жасауға болады.
Қазіргі техника философиясының негізгі мәселелері. Техника философиясы – техника, технология, инженерлі және техникалық қызметтердің жалпылама даму заңдылықтарын және олардың адамзат мәдениетіндегі және қазіргі қоғамдағы орнын зерттеуге арналған қазіргі философияның бағыты. Техника философиясы біріншіден, техника феноменін толықтай зерттейді, екіншіден, оның тек имманентті дамуын емес, сонымен қатар, толықтай қоғамдық дамудағы орнын және үшіншіден, тарихи болжамды да ескереді.
Техника философиясы техника, қоғам және табиғат қарым қатынастарын талдау негізінде этикалық мәселелерді көтереді. Техника философиясының дамуындағы серпіліс ғылыми-техникалық прогресстың екіұшқырлығын сезінуден шыққан. Бір жағынан, қазіргі әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу тек ғылым мен техниканың еншісінде.
Басқа жағынан, экономикалық және техникалық өсудің шектері айқындалып келе жатыр. Шексіз ғылыми-техникалық үрдіске деген сенім табиғи және әлеуметтік қорлардың шектігін сезіндіріп отыр. Техника филсоофиясында этика мәселесі басты мәселелердің бірі болып табылады. Бірнеше қатар авторлар «техника демонизмы» («техника сайтандығы») сөзін қолданып жүр. Техникада шексіз пайдалы мүмкіндіктермен қоса қауіп те бар – адам, табиғат, қоғам үшін техниканы пайдаланудың жоюшы салдары. Бұл адамды машинаның бөлшегі ретінде қарау, ойлау қабілетінің кедейлігі, жан «технизациясы»; материалдының руханилықтан жоғарылауы және ең бастысы табиғаттың жойылу қаупі.
Соынмен, техника философиясы ғылыми философиялық зерттеу, оның басты мәселесі – қазіргі өркениеттің динамикалық қайшылықтық феноменінің күрделі, бүтіндей техникасын жан - жақты философиялық-әдістемелік және әлеуметтік мәдени талдау.
Қазіргі кезде жаратылыс, қоғамдық, техникалық ғылымдар арасында нақты шек қоюға болмайды, өйткені кешенді ғылымдар арасында әрдайым аралық орынды алатын көптеген пәндер жатыр.
Осылайша, қазіргі жаратылыстану табиғат жайындағы дамушы кең кешені бар сипатқа ие, ол бір жағынан ғылыми дифференциация үрдісімен және ғылыми білім интеграциясына бағытталған синтетикалық пәндерді жасау сипатымен бейнеленетін кешенді дамып келе жатқан табиғат туралы ғылым.
Провести четкую грань между естественными, общественными и техническими науками на современном уровне их развития нельзя, поскольку существует целый ряд дисциплин, занимающих промежуточное положение или являющихся комплексными.
The main problems of contemporary philosophy of technology Қазіргі техника философиясының негізгі мәселелері.
Philosophy as an integrated form of scientific knowledge Философия ғылыми білімдердің интегралды түрі ретінде.
Философия ғылыми білімнің интегралды түрі ретінде. Философия ғылыми білімнің, соның ішінде қоғам, мәдениет, тарих, адамтанудың интегралды түрі болып табылады. Әлеуметтік философия, мәдениет философиясы, тарих философиясы, антропология философиясы әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдардың әдістемесі және жаңартылған түрі болып шығады. Әлеуметтік-гуманитарлық танымның әдістемесінің дамуы ғылыми рационалдылық түріне тәуелді. Осылайша, классикалық ғылымның аумағында адамды қоса әлеуметтік феномендер және мәдениет құбылыстарын логикалық танымдық бағдар (рационалисттік) қалыптаса бастады. ХХғ. Әлеуметтік-гуманитарлық танымның әдістемесінің өзі өзгерді. Бірінші орынға адам мәні мен әлеуметтік үрдістердің тәуелділігін тану емес, адамның әлемге және өз өзіне деген қатынасын ашу жатыр. Осылайша, классикалық емес ғылым үлгісі негізінде философиялық-антропологиялық бағдар қалыптасады, ол онтология, антропология, аксиология мәселелеріне көңіл бөлді.
Дәстүрлерді таратуда адам, қоғам, мәдениет– рух, зерде, табиғат, материя секілді абсолютті бастамаларға нақты тәуелді болса, антропологизм тұрғысынан адам адам өмірінің саласы мен дәйектеріне тән ішкі контекстте қарастырылады. Рационалисттік дәстүр көзқарасы бойынша әлем өзіндік заңдар арқылы дамиды, философиялық антропология көзқарасы бойынша адам өз болмысын, түрін және мәнді түрлерін қалыптастырады. Рационалисттік философия пәні – болмыс, сана, таным, тілдесу. Философиялық антропология пәні – болмыс, түсіну, тілдесу мәні. Әлеуметтік философияда күнделіктілік феноменын зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді. Күнделікті өмір – білімнің болып жатқанына, жинақтылығына, прагматикалығымен сипатталатын күнделікті жалпыға мәлім жағдайлардағы адамдардың өмірі. Мәдениет, қоғам және адам құнды және жан жақты болады. Мәдениет, қоғам, адам құбылыстарын зерттеуде басты принциптері болып микроанализ және көпдеңгейлік болып табылады. Адам туралы қандай да бір білім, әрбір өмірлік жағдай – бірегей бүтіндіктің көрінісі.
Бөлшектелген ғылыми мәліметтердің көптігі адам бірлігін теріске шығармайды, қайта оны ерекше бейне ретінде көрсетеді. Бүгінгі адам кіріп отырған болмыстың барлық контексттерінің тілдесуін кеңейту қажет, яғни, мақсаттар, міндеттер, әр түрлі зерттеулер, тәсілдерді келістіру үшін әлеуметтік және гуманитарлы ғылымдардың ерекше тілдесу алағын ашу қажет.
ХХІ ғасыр әдістемесінде жаңа постантропологиялық парадигма қалыптасады, ол адамнығ қоршаған ортаға әсерін бере алатын қабілетіне негізделген.
