- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Ғылым тарихы және филсоофиясы пәні. Предмет истории и философии науки. Subject of the history and philosophy of science.
- •Ғылыми білім дамуының заңдылықтары. Закономерности развития научного знания. Laws of development of scientific knowledge.
- •Ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі бөлшектері. Компоненты науки как социального института.Components of science as a social institution.
- •Мәдениеттегі ғылымның орны және ролі: сциентизм және антисцеинтизм.
- •Ғылым феномені айырықша талдау пәні ретінде: интернализм мен экстернализм.
- •Ғылыми таным ерекшеліктері:
- •Ғылым дамуындағы философияның дүниетанымдық ролі.
- •Ғылым және дін. Наука и религия. Science and Religion.
- •Ғылымның гуманисттік көкжиектері. Гуманистические горизонты науки. Humanistic horizons of science.
- •Ғылым және қазіргі білім беру жүйесі. Наука и современная образовательная система. Science and the modern educational system.
- •Heliocentric system of Copernicus. Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі.
- •Background of the experimental method. Эксперименталды тәсіл туындауының алғышарттары.
- •Эксперименталды әдіс туындауының алғышарттары.
- •Formation of modern science. Жаңа заман ғылымының қалыптасуы.
- •Socialization and institutionalization of science Ғылымның әлеуметтануы және институциализациясы.
- •The problem of method in science Ғылымдағы әдіс мәселесі.
- •The positivist tradition in the philosophy of science. Ғылым философиясындағы позитивисттік дәстүр.
- •The variety of types of scientific knowledge. Ғылыми білім түрлерінің көпбейнелілігі.
- •Science as a profession and a particular type of activity. Ғылым - кәсіп және шығармашылықтың ерекше түрі ретінде.
- •The norms and values of the scientific community Ғылыми қауымдастықтың ережелері мен құндылықтары.
- •2. Энергетика және машинақұрастыру:
- •Historical forms the scientific world Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері.
- •The global evolution as a modern scientific picture of the world Жаһандық эволюционализм қазіргі әлемнің ғылыми бейнесі ретінде.
- •Natural and technological development Жаратылыстану және техниканың дамуы.
- •Mathematical methods and the formation of scientific knowledge Математикалық әдістер және ғылыми білімнің қалыптасуы.
- •Formation of the scientific disciplines of social and humanitarian cycle Әлеуметтік-гуманитарлы топтамадағы ғылыми пәндердің қалыптасуы.
- •The phenomenon of social sciences and humanities and civilizational value.Әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдар феномені және оның өркениеттілік мағынасы.
Socialization and institutionalization of science Ғылымның әлеуметтануы және институциализациясы.
Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.
Институционализа́ция (также институциализация; лат. institutum — установление, обычай, учреждение) — процесс превращения каких-либо социальных отношений в социальный институт, то есть в форму социальных отношений с установленными (письменно или устно) правилами, нормами, санкциями.
The problem of method in science Ғылымдағы әдіс мәселесі.
Әдіс ертедегі грек сөзі мақсатқа жетудеген мағынаны білдіреді. Ол ғылыми нәтижелерге қол жеткізу барысында пратикалық және теориялық деңгейде қолданылатын ұйымдасқан ретті тәсілдер болып табылады. Кейіннен ғылыми мақсатта қолданылатын, нәижелер алу мен зерттеу бағытын анықтап, жйелеп отыру үшін әдістер қолданыла бастады. Ғылми тұрғыдан әдістерді қолдану алғаш рет көне грекияда пайда болды. Аристотель өзінің фрмальді логикасында алғаш рет әдістерді барынша жүйелеп крсеткен болатын. Мәселен, дедукциялық дәлелдеу формасығылыми әдіс ретінде арнайы қолданылды. Жаңа заманда бұл әдістерді жетілдіру мақсатында іс шаралар атқарылды. Ф. Бэкон мен Р. Декарт өзінің әдісер жөніндегі еңбектерін жазды. Ф. Бэкон елестер деп атаған танымдағы адасумен қателіктердің көріністерін ұсынуы, осы әдістерді дұрыс қолдануды, ғылыми идеялардағы қателіктерді таба білуде зор маңызы болды. Декарт интуитивті танымды жатап, интеллектуальді интуицияны басымдылыққа шығарды, бұл шындығында, әдіснама болатын.
Әдіс (грекше. μέθοδος = зерттеу жолы, теория, ілім деген мағыналарда қоданылған.) — белгілі бір мақсатқа жету, нақты міндеттерді шешу, практикалық және теориялық қызметтердің операцияларының немесе тәсілдерінің жиынтығы.
Методология — әрекетті логикалық тұрғыдан ұйымдастырудың құралдары мен әдістері туралы ілім. Әдіс белгілі бір нәтижеге жету үшін нақты бір міндетті шешуге бағытталады, ол зерттеу процесін рационалдандырады, тәртіпке келтіреді, оның әсерлілігі мен тездігін қамтамасыз етеді, құралдар мен күштерді, уақытты үнемдейді. Әдістің негізгі қызметі танымдық қызметті реттейді. Әрбір нақты қызметте әдіс нақтыланады, зерттеу барысында сол нәрсеге сәйкес келуді нақтылайды. Таным әдісі мен әрекеті қызметтің пәнінен байланып қалмайды, оның саласына сәйкес келуіне бейімдейді. Әдіс нәрсеге сәйкес болуы тиіс. Сондықтан әдістің обьективтілігі, біржағынан субьектіден туындайтындықтан түпкілікті обьективті еместігі қамтамасыз етіледі. Адамдар ғылыми зерттеу аймағында саналы және саналы емес түрде әр түрлі әдістерді қолданады. Саналы қолданылған әдістер рационалды және әсерлі қызмет етугежетелейді. Адам қызметі көптүрлі болғандықтан, әр түрлі әдістер де болуы тиіс. Сондықтан әдістер әр түрлі негіздерді басшылыққа алып жіктелуі керек: жалпы логикалық және ғылымиәдістер. Жалпы логикалық адам танымына тән болғандықтан, оған күнделікті және ғылыми білімдер сүйенеді: анализ, синтез, индукцию, дедукцию, абстракциялау, жалпылау т.б.
Анализ — тұтас нәрсені оның құрылымдық бөліктері бойынша жіктеу, бөлу.
Синтез — бұрын бөлшектенген нәрсенің элементтерін біртұтас қылып біріктіру. Бұлар қарапайыме, әрі әмбебап тәсілдер болып таблады.
Абстракциялау— зерттеліп отырған құбылыстан қызықтыратын жеке қасиеттерді, қатынастарды ойша бөліп алу.
Жалпылау — нәрсенің жалпы белгілері бойынша абстракцияның жоғары деңгейіне өту.
Индукция— жеке ұстанымдар негізінде жалпы қорытынды шығаратын зерттеу тәсілі.
Дедукция — жалпы тұжырымдардан жеке қорытынды тудыратын ойтолғамның тәсілі.
Аналогия — обьектілердің ұқсас қасиеттері бойынша басқа да қасиеттердің ұқсастығын туындататын танымның тәсілі.
Модельдеу— обьектіні алмастыратын көшірмесін жасап, соны зерттеу нысанына айналдыру. Оны материалдық (табиғи заңдылықтар аясындағы) және идеялдық (логика заңдары бойынша қызмет ететін бегілік құрылымдар) деп екіге бөледі. Қазіргі кезде компьютерлерарқылы идеялық модельдеу жиі қолданылады.
Методологиялық білімнің көпдеңгейлі тұжырымдамасына сәйкес, әдістерді былайша ажыратады.
1. Философиялық әдістер: диалектикалық, метафизикалық, аналитикалық, интуитивтік, феноменологиялық, герменевтикалық т.б. Олар абстракциялау деңгейінде әмбебап сипат алады. Олар математикаландыруға, формальдандыруға келмейді, логика мен тәжірибенің қатан терминдері аясына сыйғыздырылмайды. Олар жалпы реттеушілікті тудырады,түп стратегиясын айқындап береді, нақты соңғы нәтижені анықтамайды. Мысал ретінде, нақты көрсететін карта емес, жалпы бағдарды айқындайтын компас қызметінде сияқты болып тұрады.
Диалектикалық қағиданың жалпы әдістері мыналар:
— Объективтілік. Айғақтар мен олардың тұтастығынан, практикадан туындауды талап етеді.
— Жан жақтылық. Шындық құбылыстардың байланысын бейнелей келе, нәрсені жан жақты, тұтастай, көп қырлар бойынша қарастыруды талап етеді.
— Нақтылық. Орын, уақыт сияқты басқа да нақты жағдайларды есепке алып отыруды талап ететін қағида.
— Тарихилық. Нәрсенің өзгеруі мен дамуын басшылыққа алып қарастыруды көздейді.
— Қарама қайшылық қағидасы даму мен өзгерудегі қарама қарсылықтарды және олардың бірлігін тұтас қарастыруды негізге алады.
2. Жалпы ғылыми әдістер. Философиялық және іргелі ғылыми жағдайлар аралығындағы әдістер болып табылады да, информация, модель, структура, функция, система, элемент, оптимальділік т.б. ұғымдармен байланысты болып келеді. Олардың философиялық тәсілдерден айырмашылығы формальдандыруға, математикалық теория бойынша нақтыландыруға келетіндігінді. Сондықтан оған: жүйелілік, құрылымдық-функционалдық, кибернетикалық, ықтималдық принципы мен тұрғылары, моделдеу, формалдандыру т.б. жатқызуға болады.
3. Жеке ғылыми әдістер механика, физика, химия, биология т.б. ғылымдарда арнайы қолданылатын әдістер.
4. Пәндік әдістер белгілі бір пәндер бойынша құрылады.
5. Пәнаралық тәсілдер — синтетикалық, интегративті тәсілдер, олар ғылымдардың тоғысқан сәттерінде қолданылады.
The rational and empirical science methodology (Rene Descartes and Francis Bacon). Ғылымның рационалды және эмпирикалық әдіснамалары (Рене Декарт және Френсис Бэкон).
Жаңа заман ғылымының қалыптасуы. Жаңа заман философиясының дамуы ғылыми танымның жаңа тәсілін жасау қажеттігі сұрағын қоюдан басталады. Дәлірек айтсақ, барлық ғалымдарға бірдей және әлем туралы нақты, дәлелді білім бере алатын тәсіл болуы қажет еді. Философияның Жаңа заман ғылымына әсері ең алдымен, екі маңызды философиялық-әдістемелік концепциялардың - рационализм мен эмпиризмнің дүниеге келуімен анықталды.
Рационализм - Жаңа заман философиясындағы ақиқатты тәжірибеден тыс ойлау принципі негізінде тануға болады деп тұжырымдады. Классикалық рационализмнің негізін салушы Рене Декарт. Декарт әдістемесіндегі басты орын интеллектуалды интуиция - классикалық рационализм шоғырлану принципі алды. Ақиқаттың басты критерийі - зерде; тек зерде арқылы анық және нақты ойланатынның барлығы ақиқат және бұл нағыз болмыс болып табылады. «Cogito ergo sum» - «Ойлаймын, демек өмір сүремін» - Декартың атақты анықтамасы.
Эмпиризм - Жаңа заман философиясындағы таным негізі ретінде тәжірибені алатын бағыт. Эмпиризм бағытының негізін салушы - Френсис Бэкон. Бэкон эксперименталды индукция тәсілін дамытты, ол адамзаттың құдіреттілігін көрсететін ғылыми-техникалық жетістіктердің барлығын қамтитын бағдарлама өзегі болды. Бэкон - нағыз "көріпкел", қазіргі ғылыми-техникалық өркениет көшбасшысы. Оның атақты афоризмы - "Білім күш".
The mechanical worldview of Isaac Newton. Исаак Ньютонның әлемнің механикалық бейнесі.
Исаак Ньютондағы әлемнің механикалық бейнесі. Өзінің "Жаратылыс философиясының математикалық бастаулары" атты іргелі еңбегінде механика заңдар жүйесін, әлемдік тартылыс заңын көрсетті, "принциптер тәсілі" негізінде әр түрлі құбылыстарды зерттеудің жалпы бағдарын берді. Ньютон үшін оның ізашарларының мұрасы өте маңызды еді: "Егер мен басқаларынан ары көрсем, ол менің алыптардың иығында тұруымның салдарынан". Осы алыптардың арасынан ең алдымен Галилей мен Кеплерді атап өту қажет.
Әлемнің механикалық бейнесі келесі төрт принципке негізделген.
1. Әлем бір іргетаста – Ньютон механикасы заңы негізінде құрылды. Табиғаттағы бақылап жүрген өзгерістер, сонымен қатар, микроқұбылыс деңгейіндегі жылу құбылыстары атомдар мен молекулалар механикасына, ауысуларына, қақтығыстарына, бөлінуіне, қосылуына тірелді. ХІХғ. ортасындағы энергияны сақтау және өзгеріс заңы әлемнің механикалық бірлігін дәлелдеді.
2. Әлемнің механикалық бейнесінде барлық себепті-салдарлы байланыстар бір мәнді, бұл жерде лапластық детерменизм билік етеді. Әлемде болашақты болжау мүмкіндігінің нақтылығы бар.
3. Әлемнің механикалық бейнесінде даму жоқ - әлем бұрын қалай болса қазір де сондай. Әлемнің механикалық бейнесі барлығын таза сандық өзгерістерге тіреп, сапалық өзгерістерді теріске шығарды.
4. Әлемнің механикалық бейнесі бойынша микроәлем макроәлемге ұқсас. Микроәлем механикасы атомдар мен молекулалардың әрекеттесу заңдылығын түсіндірді.
Өз мәнінде әлемнің бұл механикалық бейнесі метафизикалық болды, әлемнің барлық көптүрлілігі механикаға келіп тірелді, әлемде болып жатқан сапалық даму қатаң түрде анықталған және біркелкі болып көрінді.
Ғылым тарихында классикалық механика жаратылыстың теоретикалық тұрғыда дамыған жаңа аумағы болды, ол әлемнің механикалық бейнесінің негізі болды. Әлемнің механикалық бейнесі жаһандық эволюционализм идеясы немесе синергетиканың жетістігіне негізделген әлемнің басқа бейнелерінің тірегіне айналды.
German classical philosophy and classical science. Неміс классикалық философиясы және классикалық ғылым.
Неміс классикалық философиясы және классикалық ғылым. Неміс классикалық философиясының негізін салушы - Иммануил Кант өзінің "Таза зердеге сын", "Практикалық зердеге сын", "Ойлау қабілетіне сын" атты атақты еңбектерінде трансценденталды философия жүйесін және идеясын мазмұндайды. Кант трансценденталды зерттеулер деп тәжірибеге дейін немесе кейін де заттарды тану мүмкіндігінің шарттарын орнату деп атайды (a priori). Осы сұрақты шешу барысында Кант философияда коперникандық төңкеріс деп аталған жаңалық ашады: жалпы априорлы сана және оның ішінде метафизика таным заттармен сәйкестенбейді, заттардың өзі біздің танымдық мүмкіндіктерімізбен сәйкестенуі арқылы мүмкін бола алады.
Канттан кейінгі атақты неміс ойшылдары оның дуализмін (құбылыс және "өзіндік зат") және сонымен байланысты агностицизмді ("өзіндік заттың" тануға мүмкін еместігі) аттап өтуге тырысты. Субъекттің өзі өзіндік белсенді-кездейсоқ қызметтің жемісі болуы керек, оның ішкі жағынан және сол арқылы әлемнің материалды және рухани көпбейнелілігі "ережесі" болуы тиіс - Канттан кейінгі Фихте айтқан және жан-жақты Гегель құрастырған диалектикалық идеализмның негізгі идеясы.
Классикалық ғылым нақты критерийлер жиынтығымен анықталады:
- ғылымилық объективті болып табылады, яғни тәжірибе арқылы жетуге болатын нақты объект;
- ғылым білімнің тәжірибелі сипатына ие. Алынған білімдерді алу үшін және бекіту үшін қолданылатын негізгі тәсілдер бақылау, өлшеу, эксперимент болып табылады. Сондықтан, ғылыми экспериментке әрдайым қайталау мен қайта өңделудің жоғарғы талабы қойылады;
- классикалық ғылым нақты болу керек және ғылыми танымның жалпы мағынасы мен әмбебаптылығына ие болуы шарт, яғни интерсубъективті болуы керек. Демек, ғылыми тұжырым нақтырақ болған сайын оның ішіндегі субъективті жақтары соғұрлым аз.
Неміс классикалық философиясы классикалық ғылымның негізгі түйіндерін құрастырды, ол субъектілі-объективті қатынастардың гносеологиялық принциптеріне, ғылымилықтың онто-гносеологиялық аспектілеріне, диалектикалық логика әідстемелері принциптеріне және эпистемологияның басқа да жақтарына негізделді, бұл өз жалғасын неокантиандық мектепте тапты.
The concept of science: the main approaches in the philosophy and methodology of science.Ғылым концепциясы: ғылым философиясы мен әдістемесіндегі негізгі бағыттар.
Epistemology of neo-Kantianism: Baden and Marburg schools. Неокантшылдық эпистемологиясы: Баден және Марбург мектептері.
Неокантшылдық – XIX ғ. еінші жартысы XX ғасырдың басындағы неміс философиясындағы бағыт. Неокантшылдықтардың орталық ұраны («Кантқа қарай!») Отто Либманның «Кант және эпигондар» (1865) еңбегінде философия сыны және материализмға үлгісінде құрастырылды.
Неокантшылдықта гуманитарлы циклдағы ғылымдар әдістемесі және құндылықтар мәселелеріне көңіл аударған Баден мектебі (Фрайбург, Оңтүстік-батыс) және жаратылыс ғылымдарының логико-әдістемелік мәселелерімен айналысқан Марбург мектебіне бөледі.
Неокантшылдықтың Бадендік мектебі Вильгельм Виндельбанд (1948–1915 жж.) пен Генрих Риккерт (1863–1939 жж.) аттарымен байланысты. Негізінен гуманитарлы ғылымдар әдістемесіне қатысты сұрақтарды құрастырды.
Г.Риккерт пен В.Виндельбанд идеялары М.Вебердің түсіндіруші әлеуметтануына, қазіргі американдық әлеуметтік ойларға, тарихи ғылымдардың әдістемесінің жалпы эволюциясына үлкен ықпал жасады.
Толықтай он жылдықтарға әр түрлі мемлекеттер философтарының тартылыс орнына арналған марбургтық неокантшылдық мектептің негізін салған Марбург университетінің профессоры Гермен Коген болды. Марбург мектебінің өзекті тезисы бойынша ғылымда жасалған соңғы жылдардағы жаңалықтар және қазіргі ғылыми-зерттеу қызметтер сипаты адам зердесінің өмірдің барлық аумақтарындағы конструктивті ролін айқындады деген тезис.
Адамдағы зерде әлемді бейнелеймейді, керісінше, оны тудырады. Байланыссыз және хаостық болмысқа ол байланыс пен тұрақтылық кіргізеді. Оның көрнекі реттеуші әрекетінсіз әлем түкке тұрғысыз, қараңғы және үнсіз болмыс емеске айналады. Зерде адамның имманентті жарығы, ол қоршаған ортадағы заттар мен үрдістерге логика мен мән беріп отырады. «Тек ойлаудың өзі болмыс ретінде белгіленгенді тудыра алады» деген марбург мектебінің негізін салушы Герман Коген.
Неокантшылдықтың тарихи және белсенді-эвристикалық мағынасы оның қазіргі эпистемологияға, ғылым философиясына, әлеуметтік гуманитарлық білімдердің әдістемесіне, әлем философиясына, мәдениет философиясына елеулі үлесін қосты.
