- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Ғылым тарихы және филсоофиясы пәні. Предмет истории и философии науки. Subject of the history and philosophy of science.
- •Ғылыми білім дамуының заңдылықтары. Закономерности развития научного знания. Laws of development of scientific knowledge.
- •Ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі бөлшектері. Компоненты науки как социального института.Components of science as a social institution.
- •Мәдениеттегі ғылымның орны және ролі: сциентизм және антисцеинтизм.
- •Ғылым феномені айырықша талдау пәні ретінде: интернализм мен экстернализм.
- •Ғылыми таным ерекшеліктері:
- •Ғылым дамуындағы философияның дүниетанымдық ролі.
- •Ғылым және дін. Наука и религия. Science and Religion.
- •Ғылымның гуманисттік көкжиектері. Гуманистические горизонты науки. Humanistic horizons of science.
- •Ғылым және қазіргі білім беру жүйесі. Наука и современная образовательная система. Science and the modern educational system.
- •Heliocentric system of Copernicus. Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі.
- •Background of the experimental method. Эксперименталды тәсіл туындауының алғышарттары.
- •Эксперименталды әдіс туындауының алғышарттары.
- •Formation of modern science. Жаңа заман ғылымының қалыптасуы.
- •Socialization and institutionalization of science Ғылымның әлеуметтануы және институциализациясы.
- •The problem of method in science Ғылымдағы әдіс мәселесі.
- •The positivist tradition in the philosophy of science. Ғылым философиясындағы позитивисттік дәстүр.
- •The variety of types of scientific knowledge. Ғылыми білім түрлерінің көпбейнелілігі.
- •Science as a profession and a particular type of activity. Ғылым - кәсіп және шығармашылықтың ерекше түрі ретінде.
- •The norms and values of the scientific community Ғылыми қауымдастықтың ережелері мен құндылықтары.
- •2. Энергетика және машинақұрастыру:
- •Historical forms the scientific world Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері.
- •The global evolution as a modern scientific picture of the world Жаһандық эволюционализм қазіргі әлемнің ғылыми бейнесі ретінде.
- •Natural and technological development Жаратылыстану және техниканың дамуы.
- •Mathematical methods and the formation of scientific knowledge Математикалық әдістер және ғылыми білімнің қалыптасуы.
- •Formation of the scientific disciplines of social and humanitarian cycle Әлеуметтік-гуманитарлы топтамадағы ғылыми пәндердің қалыптасуы.
- •The phenomenon of social sciences and humanities and civilizational value.Әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдар феномені және оның өркениеттілік мағынасы.
Ғылым және қазіргі білім беру жүйесі. Наука и современная образовательная система. Science and the modern educational system.
Ғылым және қазіргі білім беру жүйесі. Ғылым және қазіргі білім беру жүйесіне келер болсақ, бір маңызды мәселені есте сақтау қажет - қазіргі білім беру үрдісінің негізінде әлемнің ғылыми бейнесі жатыр және білім беру аумағы ғылыми апробацияланған және ұсынылған әдістемелерден құралған. Ғылым білім беру үрдісіне бағытталған әсер етеді және білім беру құрылымының өзгеруін санкциялай алады, өйткені оның барлық құрамдас бөлшектеріне таралған: мақсаты, тәсілі, нәтижелері, принциптері, формалары жәні әдістері. Білім беру үрдісі "бастапқы территория" ретінде алға шығады, дәл осы жерде индивид пенн ғылым қауышады.
Ғылым мен білім берудегі анағұрлым жалпылық - адамзаттың келер ұрпаққа білім жиынтығын трансляциялау арқылы адамзаттың тірі қалуына бағдар жасау.
Features and attitudes toward the world outlook of ancient human and previous-science. Адамзаттың көне мәдениеттегі өмірге қатынасы мен әлемді бейнелеудегі ерекшеліктері және алғығылым. Особенности мироотношения и миросозерцания человека древних культур и преднаука.
Көне әлем алғығылымы біртіндеп, адамның практикалық іс-әрекеті нәтижесінде жаратылыс ғылымдар саласында білімін жинақтаудан бастау алды. Соғұрлым ұйымдасқан мемлекеттік және діни құрылымды қалыптастырған, сонымен қатар жазуды үйренген қоғамдар - Шумер, Вавилон, Египет, Индия, Қытай, Грекия және Римде - жаратылыс білімдер бөлшектері практика аумағынан шығып өзіне өзі жеткілікті әрекеттесу пәніне айнала бастады. Бұл математика, медицина, астрономия және басқа да алғығылыми жүйелерден байқалады.
Ғылым зерттеушілер көзқарасы бойынша шығыс алғығылымының ерекшеліктеріне мыналар жатады:
- синкреттік (ғылым практикалық және дүниеге көзқарастық танымға ие);
- білімнің рецепторлық сипаты (ережелер теориялар мен заңдарға айналмайды);
- білімнің қаисетті болу сипаты, ол құпиялық мөріне ие.
Антикалық алғығылым әлеуметтік мәдени ерекшеліктергі ие, мысалы:
- полистік өркениеттің құрылуы;
-демократиялық басқару;
- шығыс мәдениет элементтерін пайдалану;
- өнер мен дін байланысы.
Research programs of Antiquity.Антикадағы ғылыми-зерттеу бағдарламалары. Научно-исследовательские программы Античности.
Антикалық алғығылым әлеуметтік мәдени ерекшеліктергі ие, мысалы:
- полистік өркениеттің құрылуы;
-демократиялық басқару;
- шығыс мәдениет элементтерін пайдалану;
- өнер мен дін байланысы.
The Arab-Muslim science of the Middle Ages Ортағасырдағы араб-мұсылман ғылымы. Арабо-мусульманская наука средневековья
Шығыс арабтық ортағасыр мәдениеті (V-XVI ғғ.) Арабия мәдениетін және арабизацияға ұшыраған және араб халықтары жиналған елдер - Иран, Сирия, Палестина, Египет және солтүстік Африканың басқа да мемлекеттері. Соңара арабтар өздеріне Волгалық Болгарияны және Орта Азия мемлекеттерін басып алды.
Мықты біріктіруші күшке айналған ислам негізінде халифаттың үлкен территориясында жаңа мәдениет пайда болды, ол ІХ-ХІ ғғ. керемет өркендеді. Тудырушының белгілерін табу негізінде табиғатты зерттеуе жаңа білім білуге шақырған Құранды негізге ала отырып мұсылмандар орта ғасырда әлемнің ғылыми орталығына айналған қоғам құрды.
XII-XIIIғғ. араб математиктері, оптик, дәрігерлері, әуен жазушыларының негізгі еңбектері латын тіліне аударылып ортағасырлық Еуропадағы ғылым мен техниканың негізіне айналды.
Scientific knowledge in the West during the Middle Ages Ортағасырдағы Батыстық ғылыми таным.
Батыс еуропалық ортағасырда ғылым теологияның құрсауында қалып, оның ары қарай дамуы мәнді түрде бәсеңдетеді. Табиғат өз заңдары мен мақсаты бар әлемнің жеке бастауы емес, құдай жаратқан деп түсіндірілді. Табиғат туралы түсініктерді өзгертіп христиан діні оған деген адамның да қатынасын өзгертті. Табиғатқа деген жаратлыстық ғылыми қызығушылық әлсірей бастайды, өйткені ол соңғы себептерді тануға және өзіндік өмір сүру негіздемесіне мүмкіндік бермейді: олар жер бетіндегі адамға зерденің негізінде ашылуы мүмкін емес. Дегенмен, дәл осы кезеңде университеттер дами бастады. Парадокс көрінгенімен ғылым мен білім синтезі дін басым болған заманға келеді. Соңара ғылым орталығына айналған ортағасырлық университеттер секуляризация мәселесінде, мәдениеттің шіркеу авторитарлығынан босауда, философия мен теологияның, ғылым мен схоластиканың бөлінуінде маңызды роль атқарды.
The medieval university as the center of knowledge.Ортағасырлық университеттер білім ордасы ретінде.
Батыс еуропалық орта ғасыр 5-13 ғасырларды қамтиды. Университеттерде оқыту негізі 3 болды.
1. Статуттарда баяндалған бағдарлама бойынша нақты уақыттарда оқытылатын оқу пәнін жүйелі баяндау лестио деп аталады.
2. Репетито- мүмкін болатын күмәндар және қарсылықтарды есепке алып жеке мәтіндерді жан жақты толықтай түсіндіру.
3. Оқытудың ең кең таралған түрі пікір сайыс диспутатио. Оларда алғашқы орынға диалектика қойылды.
XI—XII ғасырдан бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығына айнала бастады. XI ғасырда Италияда Балон құқық мектебінің неғізінде Балон университеті (1038 жылы) ашылды. Жаңа оқу орнының ашылуы рим заңының жандануына, оны тереңдетіп оқуға мүмкіндік туғызды. Міне, сондықтан да болар Еуропаның түпкір-түпкірінен келген тыңдаушылар саны жыл сайын өсе бастады. XII ғасырда Батыс Еуропаның басқа елдерінде де университеттер ашыла бастады. Англияда Оксфорд университеті (1167 жылы), ал одан кейін ілешала Кембридж университеті (1209 жылы) — ортағасырлық білім ордаларына айналды. Мұндай жоғары оқу орындарында дарынды ғалымдар, білікті мамандар еңбек етті. Солардың бірі — белгілі университет галымы, ағылшын Роджер Бэкон (1214—1292) болды. Ол дүниені танып-білудің әдісі — адамның ақыл-ойы мен төжірибесі деген ғылыми қорытынды жасап, бұл мәселедегі шіркеу беделіне күмән келтірді. Франциядағы алғашқы және ең ірі оқу орны — Париж университеті (1160 жылы). Онда жалпы білім беру, медицина, құқық және дінтану факультеттері жұмысс істеді. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын тілінде жүрді.
Орта ғасырлық университеттік ғылымды — схоластика, яғни мектептік ғылым деп атады, Оның негізгі белгілері — шіркеуге және шіркеу қайраткерлеріне сүйену, теологиялық — догматтық алғышарттарды рациональдық принциптермен біріктіру, формалдық — логикалық мәселелерге қызығушылық және танымның негізгі әдісі ретінде төжірибенің рөлін бағаламау болды. Осы жағдайға байланысты шіркеудің ортағасырлық университеттердегі ықпалы өте зор болды. Ақсүйектер білім алатын қала мектебінде де діни білім беру ең басты орынға қойылды. Бірақ, университеттердің саны көбейген сайын (XV ғасырда 65-ке жеткен) діни біліммен қатар медицина, өнер, құқық сияқты басқа да ғылым салалары оқытыла бастады, ал кейіннен оқу бағдарламаларына жаңа ғылым салалары енгізілді. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде Византияда да білім беру саласында Еуропаның батысыңдағы сияқты христиан шіркеуінің ықпалы зор болды. Оған дөлел ретінде ұлы Платонның өзі құрған және бір мың жылдан артық өмір сүрген білімнің алтын ордасы Афины мектебінің жабылып қалғанынын айтсақ та жеткілікті сияқты. Сөйтіп, көне философия діни ілімдермен алмастырылды. Бірақ, IX ғасыр ортасына қарай Константинопольде жоғарғы мектеп ашылып, ондағы білім беру жүйесі көне заманның үлгісімен жүзеге асырыла бастады. Бұл дәуірдегі Византия мәдениетінің көрнекті өкілі — «Мириобиблионаның» (негізінен көне авторлардьщ 280 шығармаларына берілген бага — талдаулардың жинағы) және толып жатқан діни еңбектердің авторы патриарх Фотий (820—890 жылдар) болды.
