- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Ғылым тарихы және филсоофиясы пәні. Предмет истории и философии науки. Subject of the history and philosophy of science.
- •Ғылыми білім дамуының заңдылықтары. Закономерности развития научного знания. Laws of development of scientific knowledge.
- •Ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі бөлшектері. Компоненты науки как социального института.Components of science as a social institution.
- •Мәдениеттегі ғылымның орны және ролі: сциентизм және антисцеинтизм.
- •Ғылым феномені айырықша талдау пәні ретінде: интернализм мен экстернализм.
- •Ғылыми таным ерекшеліктері:
- •Ғылым дамуындағы философияның дүниетанымдық ролі.
- •Ғылым және дін. Наука и религия. Science and Religion.
- •Ғылымның гуманисттік көкжиектері. Гуманистические горизонты науки. Humanistic horizons of science.
- •Ғылым және қазіргі білім беру жүйесі. Наука и современная образовательная система. Science and the modern educational system.
- •Heliocentric system of Copernicus. Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі.
- •Background of the experimental method. Эксперименталды тәсіл туындауының алғышарттары.
- •Эксперименталды әдіс туындауының алғышарттары.
- •Formation of modern science. Жаңа заман ғылымының қалыптасуы.
- •Socialization and institutionalization of science Ғылымның әлеуметтануы және институциализациясы.
- •The problem of method in science Ғылымдағы әдіс мәселесі.
- •The positivist tradition in the philosophy of science. Ғылым философиясындағы позитивисттік дәстүр.
- •The variety of types of scientific knowledge. Ғылыми білім түрлерінің көпбейнелілігі.
- •Science as a profession and a particular type of activity. Ғылым - кәсіп және шығармашылықтың ерекше түрі ретінде.
- •The norms and values of the scientific community Ғылыми қауымдастықтың ережелері мен құндылықтары.
- •2. Энергетика және машинақұрастыру:
- •Historical forms the scientific world Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері.
- •The global evolution as a modern scientific picture of the world Жаһандық эволюционализм қазіргі әлемнің ғылыми бейнесі ретінде.
- •Natural and technological development Жаратылыстану және техниканың дамуы.
- •Mathematical methods and the formation of scientific knowledge Математикалық әдістер және ғылыми білімнің қалыптасуы.
- •Formation of the scientific disciplines of social and humanitarian cycle Әлеуметтік-гуманитарлы топтамадағы ғылыми пәндердің қалыптасуы.
- •The phenomenon of social sciences and humanities and civilizational value.Әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдар феномені және оның өркениеттілік мағынасы.
Historical forms the scientific world Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері.
Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері. Әлем бейнесі жүйелі білім болғандықтан оның өзгерістерін ешбір бірегей ауқымды жаңалыққа теңеуге болмайды. Мәселе басты іргелі ғылымдардағы бір - бірімен байланысқан бірнеше жаңалықтар топтамасы жайлы сөз болып отыр. Бұл жаңалықтар зерттеу тәсілінің қайта құрылуымен бірге, сонымен қатар, ғылымилықтың өзіндегі ережелер мен идеалдардағы ауқымды өзгерістермен байланыса жүреді.
Осындай әлемнің ғылыми бейнесінің ауысуы, ғылыми революциялар үшеу, әдеттегідей оларды үш ғалымдардың атымен байланыстырады.
Аристотельдік (б.з.д. VI-IV) - бұл ғылыми революцияның негізінде ғылымның өзі пайда болды, ғылымның әлемді тану мен игерудің басқа формаларынан бөліну үрдісі басталды, ғылыми білімнің нақты ережелері мен бейнелері айқындалды. Соғұрлым толықтай бұл революция Аристотельдың еңбектерінде көрсетіледі. Ол формальды логиканың негізін салды, яғни дәлел туралы ілім, білімді жүйелендірудің басты құралы, категориалды түсіндіруші аппаратты жасады. Ол өзіндік ғылыми зерттеу ұйымдасуының канонын (сұрақ тарихы, мәселені қою, иа және жоққа қатысты айғақтар, негізделген шешімдер), табиғат және метафизиканы табиғат туралы ғылымдардын бөлді, білімнің өзін жіктеді.
Ньютондық ғылыми революция (XVI-XVIII ғғ.). Мәселенің шыққан жері әлемнің геоцентрлік үлгісінен гелиоцентрлік үлгісіне ауысу саналады. Бұл жаңалық Н.Коперник, Г.Галилей, И.Кеплер, Р.Декарт, И.Ньютон аттарымен байланысты. И.Ньютон олардың зерттеулерін қорытындылап әлемнің ғылыми бейнесін жалпы түрдегі базалық принциптерін құрастырды. Классикалық жаратылыстану доминанты болып механика шығады, ғылыми ізденіс аумағынан құндылықтар, әмбебаптылық, мақсатты болжау секілді түсініктер ысырылып тастады. Таным әрекетінде зерттеудің субъектісі мен объектісінің арасында нақты оппозиция байқалды. Осы өзгерістердің қорытындысы ретінде әлемнің механикалық бейнесі дүниеге келді, оның негізін эксперименталды математикалық жаратылыстану құрды.
Эйнштейндік революция (ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысуы). Ол бірнеше жаңалықтар топтамасына сүйенді (атомның күрделі құрылымын ашу, радиоактивтіліктің көрінісі, электромагнитты сәуленің дискретты сипаты ж.т.б.). Нәтижесінде әлемнің механикалық бейнесінің маңызды алғышарты - қарапайым күштердің көмегімен қозғалыстағы және өзгермейтін объектілер арқылы табиғаттың барлық құбылыстарын түсіндіруге болады деген сенім күмәнға әкеліп тіреді. Соңынан әлемнің жаңа бейнесінің негізінде жеке ғылымдарда революциялар болды: космологияда (тұрақты емес әлем концепциясы), биологияда (генетиканың дамуы) ж.т.б. Осылайша, ХХ ғасырдың бойында жаратылыстану өз бейнесін барлық қырларында да өзгеріске ұшыратты.
The global evolution as a modern scientific picture of the world Жаһандық эволюционализм қазіргі әлемнің ғылыми бейнесі ретінде.
Жаһандық эволюционизм қазіргі әлемнің ғылымы бейнесі ретінде. Жаһандық эволюционизмның қазіргі әлемнің ғылымы бейнесі ретіндегі идеясы қазіргі таңда даму принципін іске асырудың бір түрі болды. Ол философиялық және жаратылыстану ғылыми білімінің ешқайсысына да қосылмай бір көзқараспен қарайды. Оған тән ерекше эволюциялық бейне нақты ғылымдар тіліннің идеясын сипаттайды, дегенмен, эволюциялық түсініктерді жинақтауда екеуінің де аумағынан асып шығады. Бұл жаһандық эволюцияонизм идеясын әлемнің ғылыми бейнесі деңгейіне көтеруге болатынын көрсетеді.
Осы идеяның мәнін интерпретациялауда келесі принципиалды сұрақ туындайды: табиғи ақиқаттың құрылымдық деңгейіне қатысты бола тұра қазіргі даму концепциясының нақты дәлелдеуін сипаттайтын эволюциялық үрдістің жалпы жүйелік заңдары бар ма?
Қойылған сұрақтың актуалдығы қазіргі ғылым үшін антропологиялық немесе антропты принципті талдауда көрініп тұрады.
Жаһандық эволюционизм мәселелерін талқылай отыра біз осы уақытқа дейін барлық жағдайларда да тек біздің әлемдегі үрдістермен шектелген едік. Бірақ, басқа да метагалактикалар немесе әлемдердің болуын жорамалдау жаһандық эволюционизм мәселелерін қою сұрағында ары қарай мүмкіндіктерді қызықты етеді. Егер біздің әлем - квазитұйықталған эволюцияланып отыратын жүйелер ішіндегі тек біреуі ғана болса, онда Метагалактика эволюциясы тек оның ішкі факторларымен анықталады деп айту қате болады. Біздің және басқа да әлемдердің ара қатынасмен келісілген сыртқы факторларды да есепке алу керек болады.
The anthropic principle in cosmology Космологиядағы антропты принцип.
The interaction of tradition and the emergence of new knowledge. Дәстүрлер қарым-қатынасы және жаңа білімнің туындауы.
Ғылыми дәстүрлер және жаңа білімнің тууы. Ғылымдағы дәстүрлер – ғылыми білімді трансляциялау, сақтау және жинақтау механизмы. Дәстүрлер ғылымның толықтай әлеуметтік институт ретіндегі іргелі тірегін құрайды. Дәстүрлермен ғылымда әлемді тануға деген тұрақталған нақты көзқарас байланысты. Ол ғалымдардың ұрпақтарымен өндірілген жаңа ғылыми міндеттерді қою әрекеті еді. Дәстүрлер болуына қарай бөлінеді – олар мәтіндер, монографиялар, оқулықтарда көрсетілген немесе вербалды әрекеттер негізінде нақты сипаты жоқ болып келеді. Вербалды емес (немесе анық емес) білімдер мысалдар ретінде оқытушыдан оқушыға, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп отырады (Майкл Полани «Анық емес білім»).
Ғылымдағы жаңалықтар тек дәстүрлер негізінде мүмкін бола алады.
Scientific Revolution as the restructuring of the foundations of science Ғылыми революциялар ғылым негіздерін қайта қарау.
Problems of typology of scientific revolutions.Ғылыми революциялар типологиясы мәселелері.
Ғылыми революциялар типологиясы мәселелері. Ғылыми революциялардың төмендегі негіздері бар төрт түрін айтады:
Жаңа іргелі теоретикалық концепциялардың туындауы;
Жаңа тәсілдерді жасап шығару;
Зерттеудің жаңа объектілерін ашу;
Жаңа әдістемелік бағдарламаларды қалыптастыру.
Сонымен қатар, басқа да негіздер бойынша ғылыми революциялар түрін ерекшелейді:
- өзгермелі ғылыми білімнің сегменты бойынша: жаңа тәсілдердің ашылуы, жаңа парадигмалардың пайда болуы;
- қамту аумағы бойынша: жаһандық революциялар, жеке (жекеленген ғылымдарда), кешенді (Дарвин теориясы ж.т.б.).
Ғылыми революциялардың қалыптасу механизмі Томас Кунның «Ғылыми революциялар құрылымы» атты еңбегінде сипатталған. Оның көрсеткіштері:
Іс жүзіндегі парадигмаға қанағаттық танытпау;
Парадигмалды теорияның «қатты өзегіне» қол тигізу;
Тексеріліп жатқандардың ізделіп жатқан эксперименттерден асып түсуі;
Ғылым негіздемесіне деген жоғарғы қызығушылық.
Global Revolution and the change in the type of scientific rationality: classical, nonclassical and post-nonclassical science Жаһандық революциялар және ғылыми рационалдылық түрлерінің ауысуы: классикалық, классикалық емес және постклассикалық емес ғылым.
ЖаҺандық революциялар және ғылыми рационалдылық түрлерінің ауысуы. Ғылым тарихы мен философиясында төрт жаһандық ғылыми революцияларды айтады:
классикалық жаратылыстанудың туындауы;
жаратылыыс-ғылыми революциясы;
классикалық емес рационалдылықтың қалыптасуы;
постклассикалық емес рационалдылықтың қалыптасуы.
Әлем бейнесі мен танымның идеалдарын қайта қарастыру олардың табиғатына сын көзбен қараудан басталады. Егер де бұрын олар зерттеліп отырған ақиқаттың өз мәнін бейнелесе, ендігі жерде олардың саналы түрдегі өтпелі сипаты бейнеленеді. Мұндай түсінік әлем бейнесіне деген қатынасты зерттеліп отырған ақиқатқа және таным идеалдарының тарихилығын түсінудегі сұрақтардың қойылуын меңзейді. Философиялық талдау ғылыми ізденістің ескі негіздемесін сынаудың қажетті шарты болып табылады.
Сыни қызметпен қатар, философия конструктивті қызметті де атқарады, жаңа негізгі зерттеулерді өндіруге көмек көрсетеді. Әлемнің бейнесі де, түсіндіру мұраттары мен негіздемелері, ұйымдары да таза күйде жаңа эмпирикалық материалдан индуктивті жол арқылы алына алмайды. Осы материалдың өзі оны бейнесін көрудің кейбір тәсілдеріне сай ұйымдасып түсіндіріледі, ал бұл тәсілдер әлем бейнесін және таным идеалдарын түсіндіреді. Жаңа эмпирикалық материалды тек жаңа ақиқаттың ескі көрінісін түсіну арқылы ғана елестете аламыз, дегенмен бұл көріністің қандай екенін өзі көрсетіп отырмайды.
Әлем бейнесінің және мұраттардың қайта құрылуы ерекше идеяларды қажет етеді, ол ақиқат жайлы ескі түсініктердің элементтерін қайта топтастыруға мүмкіндік жасайды, жинақталған дәйектер мен парадокстарды ассимиляциялауға шешуге кқмектеседі. Осындай идеялар ғылымның танымдық жағдайларындағы философиялық талдау аумағында қалыптасады. Олар зерттеулердің қарқынды дамуын қамтамасыз ететін жалпы эвристика ролін атқарады.
