Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орытынды баылау сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131 Кб
Скачать
☆
  1. Ғылымның гуманисттік көкжиектері. Гуманистические горизонты науки. Humanistic horizons of science.

Ғылымның гуманисттік көкжиегі. Қазіргі постмодернизм философиясы ғылымды жалпы адамзат мәдениеті мен дүниетаным жүйесіндегі орнын сезінуі керек деп шешеді. Постмодернизм мәжбүрлі түрде адам қызметінің аумағы немесе дүниетанымның бір қырын ғана басты деп санаудан алшақ. Адамзат тудырғанның барлығы оның мәдениетінің бір бөлшегі болып саналады және адам үшін маңызды, әрі қажет, ол өз міндетін орындауда. Дәл осыны постклассикалық емес ғылым жасауы қажет - өз тиімділігінің және нәтижелігінің шегін сезіну, адам қызметтерінің мәдениет, дін, философия, өнер секілді аумақтарының теңдігін, болмысты игеру тәсілдеріне қатынасында рационалды емес тәсілдерінің мүмкін болуын және нәтижелігін мойындауы тиіс. Сонымен қатар, постмодернисттік ғылым өзінің әлеуметтік мәдени ақиқат ретіндегі бейнесіне өте тәнті, объективті шынайы білімде субъективтілік элементтерін мүмкін етіп өз ішіне адамды қосады.

Бұл ғылым гуманизациясының қазіргі кездегі бағыты. Алынған бейне қатып қалған, соңғы емес, ол үздіксіз жаңаруға бағытталған, инновацияларға ашық. Постмодернизмде байқаушы өзін зерттеп жатқан әлемнің бөлшегі ретінде санайды, ол бақылаушы объектпен белсенді түрде қарым-қатынас жасайды, постклассикалық емес ғылымды тану - диалогтық.

Постмодерн негізінде жаһандық эволюционизм идеясы жатыр - барлығын қамтитын, біркелкі емес, өзара өзгеріп тұратын, өзін - өзі ұйымдастыратын, өзін - өзі реттейтін жүйе, оның өне бойында физикалық дене мен элементарлы бөлшектер бүтіндігінен бастап биосфера мен одан да күрделі жүйелерге дейін тұтастықтар туындап жойылады. Бұл түсінікке, сонымен қатар, біркелкілік емес идеясы да, сонымен қатар, әлем дамуының вариациялығы, кері әсер бере алатын мүмкіндігі идеясы да кіреді. Біздің әлем кірпіштер - элементарлы бөлшектерде ғана емес, үрдістер жиынтығы - құйын, толқын, турбулентты қозғалыстардан құралған. Осы әлем кері байланысы бар өзара әрекеттесетін әр түрлі шексіз ашық жүйелермен байланысуда. Бұл әлем ендігі жерде объект емес, субъект.

Постклассикалық емес ғылымның маңызды қыры кешенділік болуы тиіс - жаратылыс, қоғамдық және техникалық ғылымдар арасындағы дәстүрлі оқшауланған шекаралар мен бөлгіштерді жою, пәнаралық зерттеулерді интенсификациялау, басқа ғылымдар мәліметтерінсіз ғылыми мәселелерді шешу мүмкіндігінің болмауы қажет.

Сонымен қатар, ғылыми әрекет математиканың ролін арттыру мақсатында білімдерді алу және сақтау тәсілдерінің революциясымен байланыста (ғылымды өндіруші өнеркәсіпке жақындататын ғылымды компьютеризациялау, қымбат әрі күрделі аспаптарды пайдалану). Жаңа заман ғылымы таным субъектісін дайындау алғышарты және іс жүзіндегі өндіруші қызметтің алғышарты болды. Қазіргі таңдағы білім - адамды тарихи үрдіс субъектісі, тұлға ретінде, индивидуалдылық ретінде жасау және қайта жасау алғышарты, бұл маңызды түрде ғылымның гуманисттік көкжиектерін мәнді тұғырда кеңейтеді.

  1. Шынайы білімді өндіру мен көбейту - ғылымның басты қызметі ретінде. Производство и умножение достоверного знания как главная функция науки. Production and multiplication of certain knowledge as the main function of science

Ғылым қызметтері. Ғылымның маңызды қызметі қоршаған ортаның заңдылықтарын түсіндіретін және ашуға мүмкіндік беретін шынайы білімді тудыру және көбейту болып табылады. Бұл қызметті танымдық, білім беру, технологиялық, адам әрекетінің рационализациясы ж.т.б. секілді өзара тығыз байланысқан жеке қызметтер арқылы нақтылауға болады.

Қазіргі замандағы ғылым жайлы оның адам және қоғам өмірінің басқа да аумақтарымен ара-қатынасында орындайтын әлеуметтік қызметтердің үш тобын бөліп қарастыруға болады. Бұл, біріншіден, мәдени-дүниетанымдық, екіншіден, ғылымның тікелей өндіруші күш ретіндегі қызметі, үшіншіден, әлеуметтік күш ретіндегі қызметі (ғылыми білімдер және тәсілдер қазіргі таңда қоғамның даму барысында туындайтын сан алуан мәселелерді шешуде кеңінен қолданылады).

Ғылымның қазіргі таңдағы жаһандық мәселелерді шешудегі әлеуметтік күш ретіндегі қызметі өте маңызды.

  1. Ғылымның жалпы қызметтері. Общие функции науки. General functions of science.

  1. Ғылымның әлеуметтік қызметтері. Социальные функции науки. Social functions of science.

Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады: 1)мәдени-көзқарастық; 2)өндіргіш күштер функциясы; 3) әлеуметтік күштер функциясы. Ғылымның генезисі және негізгі даму кезеңдері. Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі және дамуының қозғаушы күштері мәселесі бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар. Интернализм ғылымның пайда болуы мен дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ешқандай байланыс болуы мүмкін емес деген пікірді ұстанып, ғылымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады. Экстернализм бұл концепцияға қарсы. Оның өкілдерінің пікірі бойынша, ғылымға сыртқы факторлардың әсері мықты. Позитивизм; ғылым нақты, тәжірибеден өткен, дәлеледенген фактілерге сүйене отырып дами алады, абстрактылық ойлау мен метафизикалық түсініктер ғылым үшін пайдасыз. Біздің ойымызша, ғылымның пайда болуына, эволюциясына, қоғамда атқаратын қызметіне жоғарыда аталған факторлардың бәрі де белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді және ол әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан оларды бір-біріне қарсы қойып, немесе бір-бірінен бөліп алып, белгілі бір факторларды абсолютке айналдыру дұрыс емес. Зерттеуші ғалымдар ғылымның даму кезеңдері туралы әр түрлі пікірлер айтады. Олардың бір тобы ғылым көне заманда қалыптасты десе, енді бір ғалымдар ғылым қоғамның ерекше саласы ретінде Жаңа Дәуірде пайда болды деп тұжырымдайды. Біздің пікірімізше, ғылымның даму кезеңдері туралы мейлінше дұрыс пікірді ұсынған қазіргі заманғы Ресей ғалымы В.В.Ильин. Ол ғылымның дамуын классикалық, классикалық емес және неоклассикалық емес деп жіктейді. Бұл жіктеуді ғылымның классикалыққа Дейінгі кезеңімен толықтырған дүрыс секілді деп ойлаймыз. Себебі, классикалық ғылым кезеңіне дейін ғылым ұзақ уақытқа созылған «нағыз ғы- лымға» дейінгі қалыптасу кезеңінен өтті.

  1. Ғылымның қоғам қажеттілігіне тигізетін әсері. Воздействие науки на потребности общества. The impact of science on society's needs

  1. Ғылым және қазіргі заманның жаһандық мәселелері. Наука и глобальные проблемы современности. Science and global issues of our time.

Ғылым және қазіргі жаһандық мәселелер. Техногенды өркениет тудырған адамзат өмір сүру қаупіне әкелген жаһандық мәселелердің арасынан үш басты мәселені алып қарастыруға болады1.

Алғашқысы - адамзаттың барлығын талқандау қаруының үздіксіз әмбебаптандырылуы жағдайындағы тірі қалу мәселесі. Қазіргі заманның екінші мәселесі жаһандық көлемде экологиялық дағдарыстың ұлғаюы. Үшінші мәселе жатсыну үрдісінің жан жақты және өсіп келе жатқан жағдайында адамның биоәлеуметтік құрылым ретіндегі тұлғалық сипатын сақтап қалу қажеттілігі.

Ғылымның дамуы ғылым мен техниканың жетілмегенімен байланысты келеңсіз нәтижелерге әкеледі деген көзқарас кеңінен тарауда. Басқа көзқарас бойынша, жаһандық көлемдегі негативты салдар - бұл ғылыми жетістіктерді жауапсыз тұрғыда пайдалану. Осыған байланысты ғылым философиясында ғалымның тек теоретик емес, практик ретіндегі жауапкершілігі мәселесі қойылуда.

Қазіргі ғылым философиясында ғылым феноменін жаңа мағынада түсінуде қажеттілік туындап отыр, ғылымның өмір сүруінің қазіргі формасын бастапқымен немесе ғылымның идеясымен ара қатынасын белгілеу қажеттілігі жатыр. Бұл ғылымның құндылықты-мәндік мазмұнын, оның мақсатын және мәнін талдауға әкеледі. Ғылым философтары ғылымды дәйек және идея ретіндегі осылардың арасындағы сәйкессіздікті ашық айтады.

Жаһандық мәселелерді шешу ғылыми-техникалық дамудан бас тарту емес, оған гуманисттік өлшем беру, бұл, өз кезегінде гуманисттік бағдарлар мен құндылықтарды ендіретін ғылыми рационалдылықтың жаңа түрінің келу мәселесін алға қояды.

Қазіргі жаһандық мәселелерді шешуде ғылым философтары мына мәселелерге көңіл аударғанды жөн көреді.

Ғылыми-техникалық прогресс жаһандық мәселелердің пайда болуының көзі болып табылғандықтан, демек, осы мәселелерді шешу жолы тек техниканың әмбебаптандырылуы негізінде мүмкін болады.

Жаһандық мәселелердің ушығуының негізгі себебінің бірі ретінде мәдениеттің дегуманизациясын айтуға болады, сондықтан дағдарыстан шығудың жолы гуманизмге толықтай қайта келу, яғни адамның өз болмысы үшін жауапкершілігінің туындауынан басталады.

Жаһандық мәселелер қоғам мен табиғат ара-қатынасының алауыздығы нәтижесінен болғандықтан, жаһандық мәселелерді шешу жаратылыс ғылымдарының жаңа жетістіктерін бірге қосуды мүмкін етеді, бұл техникалық прогресстың антропогенды нәтижелерін жоюға мүмкіндік туғызады.