- •1.Шағын комплектілі мектеп туралы түсінік және оның сипаттамасы.
- •2.Шағын комплектілі мектептердің даму тарихы.
- •3.Шағын комплектілі мектептер ерекшелігі.
- •4.Жалпы және жеке шағын комплектілі мектептер ерекшелігі.
- •5.Орта білім беру жүйесі.
- •6.Шағын комплектілі мектептегі бақылау және бағалау түрлері.
- •8. "Мектеп-балабақша" кешеніне сипаттама
- •9. Өзіндік жұмыстың сипаты, мазмұны және міндеттері
- •11. Қазақстандағы шкм-ң дамуы
- •12. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері
- •13.Шкм тиімді тиімсіз ерекшеліктері
- •14.Сабақтарға қойылатын талаптар
- •15.Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік
- •16.Шағын комплектілі мектептегі оқыту әдістемесі
- •17. Бала құқығы туралы қр Білім туралы заңындағы баптар
- •18.Шағын комплектілі мектептегі сынып комплектілеріне біріктіру
- •19.Мектептің жаңа түрлері.
- •20.Шкм мұғалімнің алдындағы педагогикалық мақсат,міндеттері.
- •21. «Даму», «Дамыта оқыту» ұғымдары
- •22.Шағын комплектілі мектеп жұмысын ұйымдастыру.
- •23.Бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты.
- •24.Шағын комплектілі мектептердегі кадр мәселесі
- •25.Мектептегі білім берудің жаңа мазмұны.
- •31. Қашықтан оқыту маңызы ж/е оның шкм қолданылуы
- •32. Оқушылармен жеке жұмыстар
- •33. Оқушылармен фронтальды жұмыстар
- •35. Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері
- •37. ШкМгі өзіндік жұмысты ұйымдастыру ж/е өткізу жолдары
- •38. ШкМгі сабақтар ерекшеліктері
- •39. Өзіндік жұмыстар түрлері
- •40. Модульдік оқыту технологиясы
- •41. Сыныптан тыс жұмыстар түрлері мен міндеттері
- •42. Оқыту әдістерінің түрлері
- •43. Топтық оқыту технологиясы.
- •44. Озат педагогиқалық тәжірибе және инновация.
- •45. Сабақтың дидактикалық және психологиялық құрылымы.
- •46.Мектептің ата-аналармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары.
- •47.Сабақта саналы тәртіпті орнату жолдары.
- •48. Білім беру мазмұны мен міндеттері.
- •49. Шкм ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануы
- •51. Педагогикалық технология
- •52. Ауылмектептерінің қазіргі жағдайы мен білім берудің жаңа үлгісі
- •53. Мектептегі басқару органдарының құрылымы
- •54. Деңгейлеп оқыту технологиясы
- •55. Ойын технологиясы
- •56. Проблемалық оқыту технологиясы
- •57. Сыни-тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы
- •58. Оқу үрдісіндегі пәнаралық байланыстың маңызы.
- •60. Педагогикалық технологиялардың құрылымы.
- •67. Сабақты бақылау және оны талдау жоспары
- •68. Білім берудегі практикалық психология
- •69. Сабақтың тәрбиелік қызметі
- •70. Шкм ресурстық орталықтары(тірек мектептері)
- •71. Шкм сабақты ұйымдастыру
- •72. Оку багдарламалары
- •73.Оқу бағдарламалары оқулықтар оларға қойылатын талаптар.
- •74.Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мазмұны.
- •76.Сабақ түрлері мен құрылымы.
- •77.Оқушыларға үй тапсырмасын орындаудағы нұсқаулар мен талаптар.
- •78.Педагогикалық менеджмент.
- •79. Шкм білімді бақылау мен бағалау
- •80. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеттері
- •81. Қазіргі сабақ құрылымының моделі
- •82. Мұғалім, сынып жетекшісі.
- •83.Педагогикалық шеберлік
- •84. Оқушылардың психологиялық денсаулығы және оқыту процесі.
- •85. БатысҚазақстандағы шагын комплектілі мектептер
- •86. Батыс Қазақстандағы ресурстық орталықтар
- •87. Мұғалімнің психологиялық денсаулығы және оқыту процесіне ықпалы.
- •88. Мектептегі педагогикалық кенес
- •89. Мектеп жұмысын жоспарлау
- •90. Педагогикалық психалогиялық консилиум
16.Шағын комплектілі мектептегі оқыту әдістемесі
Білім беру проблемаларына байланысты шағын жинақталған мектептердің бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмыстарын дұрыс жолға қою әр уақытта шешімін табуды керек ететін мәселе. ШЖМ- тің қызметін жандандыру үшін, оның жұмысы терең ойланып дұрыс жоспарлануы тиіс. Әдістемеліктер көбінесе оқытудың мазмұны мен әдіс – тәсілдері жақсы жабдықталған қала мектептерінің жағдайына бейімделен, бұл көбіне – көп ауыл мектептерінің жағдайына сәйкес келе бермейді. Қазіргі басшылыққа алынып жүрген оқу-әдістемелік құралдар қала жағдайына немесе оқушылар саны толық сыныптар үшін лайықталып жасалған. Сол себепті,шағын жинақталған мектептер ерекшелігін ескере отырып, бастауыш мектептердегі іс – құжаттар жұмысының әдістемелік жинағын құрастыру жұмысын қолға алыуды қажет ететін өзекті мәселенің бірі. Шағын кешенді мектептер үшін қазақ тіліндегі әдістемеліктер мен оқулықтар жоқ, өйткені толық кешенді мектептерге қарағанда шағын кешенді мектептердің оқу шарттары ерекше. Сондықтан да ондай мектептерде "үлкен" сабақтың құрамындағы "кіші" сабақтарды дұрыс ұйымдастыру керек, оқушының осындай "кіші" сабақтарында алған білімі, тәрбиесі толық мектептегі оқушының біліміне сәйкес болуы шарт. Шағын кешенді мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім дәрежесін төмендететін бірқатар объективтік ерекшеліктер бар: Олар бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін шағын кешенді мектепке арналған оқыту әдістемесінің жасалмауы,өздігінше жұмыс істеу әдісінің кең тарамағандығы, шағын кешенді мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік құралдарының аздығы,мектептегі кітапхана қорының нашарлығы. Мектеп өмірінде кездесетін осындай қиыншылықтарға қарамастан шалғай ауылдардағы ШЖМ- өз жұмысын жалғастырып келеді. Бір мектепте қөп жылдар бойы қызмет еткен ұзтаз өз іс - тәжірибесін жинақтап , ұдайы ізденіс нәтижесінің арқасында оқыту мен тәрбиелеу, бастауыш мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру, ауылдық шағын жинақталған бастауыш мектептердің қызметін жетілдіру үшін жағдай жасап жұмысын жандандырып отырады. ШЖМ- терге қойылатын талаптар орта мектептермен бірдей,оқыту мен тәрбие саласының жұмыстарымен қатар ауылдық шағын бастауыш мектептің құжаттарының топтамасын әзірлеу қажет.
Менің өз іс – тәжірибем бойынша айтар болсам,егер жұмыс барысы төмендегіше дұрыс жоспарлаған мектеп жұмысы өз нәтижесін береді. Бастауыш мектептің жылдық жұмыс жоспарын бір жүйеге келтіру.
ШЖМ –дегі сабақ кестесін бірпәнділік жүйеде құру пайдасы егер 1сыныппен қатар 3 сынып оқытылса,1сыныптағы жаңа сабақ 3 сынып үшін қайталау, бекіту сабағы ретінде жүріп бала үшін өте пайдалы болады. 2 -4 сыныптар үшінде солай. Сабақ жоспарын бірпәнділік жүйеде жазу,екі сынып үшін күнделікті сабақ жоспарын жазатын мұғалім үшін жеңіл болады. Шағын кешенді мектептерде негізгі назар ұйымдастыру жұмыстарына аударылады. •сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы; •көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы; •сабақ тақырыбының өзара байланысы; •сыныптарды комплектіге дұрыс біріктіру;•тиімді оқыту әдістерін таңдау; •сабақтың максатқа сай келетін құрылымын анықтау; • оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен істелетін жұмыстармен ауыстырып отыру; 3- 4 сынып оқушылары үшін өздік жұмыс түрлерінің әр пән бойынша көп болуы шарт. Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығы мұғалімнің түсіндіруі мен өздік жұмысты ұштастыруына байланысты. Түсіндіру нақтыландыратын мысал, қосымша ой-пікірлерсіз қысқа болу керек. Мұғалім тақырыпты түсіндіргеннен кейін өздік жұмысты қалай орындау керектігі туралы қысқаша нұсқау беріп, оқушылардың жұмысқа әзірлігін тексеріп, келесі сыныппен жұмыс істеуге көшеді, тақырыпты түсіндіріп болған соң сыныпқа өздік жұмыс береді. Оқу жұмысының түрлерін ауыстырып, өздік жұмысты орындау процесін бақылап, мұғалім сабақты жүргізіп отырады. Сабақ жүргізу барысында сыныптан келесі сыныпқа ауысарда мұғалім асқан шеберлікпен балаға байқатпай жұмысының бағытын ауыстыруы қажет.
Шағын құрамды бастауыш мектептерде белгілі бір көлемдегі білім,білік, дағдыларды меңгерту, оқушының,қызығушылығын арттыру,шығармашылығын дамыту бүгінгі күннің басты талабы.Осы тұрғыдан алғанда, шағын құрамды бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, педагогикалық жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.Қатар оқылатын екі немесі үш сыныптағы әр жастағы және білім деңгейлері әртүрлі оқушылар бірге отыратындықтан, тапсырмаларды түрлендіріп, бір пәндік, тақырыптық жүйемен оқыту, ортақ проблемаға негізделетін, тақырыптарды топтастырып оқыту шағын құрамды бастауыш мектеп жағдайындағы маңызы ерекше.Бағдарламадағы материалдарды меңгерту барысында сабақ кестесін дұрыс жасау; сыныптарды ауысымдарға дұрыс бөлу, сыныптарға арналған сабақ жоспарының үлгілерін дайындау; көрнекі құралдарды дайындау, әдістемелік жағынан сабақты екі сыныпқа лайықты құру т.б. жұмыстардың нәтижесінде оқушының білім сапасы оң нәтижеге жеткізеді. Шағын құрамды бастауыш мектептерде екі немесе үш сыныпта қатар сабақ өтіп жатқанда ,екіншісіне өздігінен жұмыс орындауға мүмкіндік туып, ұжымдық, топтық жұмыстар жүргізіледі. Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығы мұғалімнің түсіндіруі мен өздік жұмысты ұштастыруына байланысты. Түсіндіру нақтыландыратын мысал, қосымша ой-пікірлерсіз қысқа болу керек.Сыныпты топтастыруда жұмыс жасау оқушыға да қиын, себебі ол тапсырманы орындауға зейінді шоғырландырып, басқа сыныпқа мұғалім түсіндірген сабаққа мән бермеуі, өзіне арналмаған сурет және басқа материалдарға назар аудармауы, басқа сынып оқушыларының жауаптарын тыңдамауы тиіс.Оқушы аталған іскерліктерді үйренуге мәжбүр болады, себебі оқу тиімділігі зейінді шоғырландыруға тікелей байланысты. Сондықтан мұғалім сыныптың топтастыруда әдеттегі сыныптарға қарағанда оқушылардың өздік жұмыстарды жасау іскерлігіне назар аудару керекБастауыш шағын кешенді мектептегі сабаққа қойылатын жалпы талаптар, сабаққа қойылатын талаптармен бірдей. Сабақ негізінен аралас сабақ түрінде өтеді. Жаңа білім, іскерліктерді меңгертудің жетекші түрлері – мұғалім басшылығымен жұмыс, оқушылардың өздік жұмыстары. Бұл жұмыстар сабақ уақытының 80-90% -ын алады. Мұғалімнің материалды терең және жан-жақты түсіндіруге уақыты жоқ, сондықтан кейбір оқу материалдарын мұғалім оқушыға өз беттерімен оқуды ұсынады. Меңгерту процесін ұйымдастырудың мына түрлері кең тараған: 1) мұғалім оқу материалын түсіндіріп, көрнекілікпен бекітеді; 2) оқушылар жаңа білім, іскерліктерді ізденіс іс-әрекеті, эвристикалық әңгіме, бақылау, фактілерді талдау, салыстыру арқылы мұғалім басшылыққа алады; 3) балалар білім, іскерліктердің жаңа түрлерін бағдарламалық оқулық, алгоритм бойынша өз бетімен меңгереді. Шағын кешенді мектепте жұмыс істейтін мұғалім кіші мектеп жасындағы оқушыларға берілетін өздік жұмыстың барлық түрлерін білу керек. Шағын кешенді мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінен сабақ арқылы жүреді. Мұғалім сабақты, бекітілген сабақтың кестесі бойынша өткізеді. Сыныпта әр жастағы оқушылар оқып, бір сабақта бірнеше пәннен алынған ұқсас тақырыптар түсіндіріледі. Сабақтар бір бөлмеде өтеді.Шағын кешенді мектепте оқытудың барлық әдістері қолданылады. Бірақ кең тараған әдістер – сөздік, көрнекілік, тәжірибелік. Бағдарламалық, тәжірибелік, компьютерлік оқыту элементтерін енгізген жақсы.
