- •1.Шағын комплектілі мектеп туралы түсінік және оның сипаттамасы.
- •2.Шағын комплектілі мектептердің даму тарихы.
- •3.Шағын комплектілі мектептер ерекшелігі.
- •4.Жалпы және жеке шағын комплектілі мектептер ерекшелігі.
- •5.Орта білім беру жүйесі.
- •6.Шағын комплектілі мектептегі бақылау және бағалау түрлері.
- •8. "Мектеп-балабақша" кешеніне сипаттама
- •9. Өзіндік жұмыстың сипаты, мазмұны және міндеттері
- •11. Қазақстандағы шкм-ң дамуы
- •12. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері
- •13.Шкм тиімді тиімсіз ерекшеліктері
- •14.Сабақтарға қойылатын талаптар
- •15.Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік
- •16.Шағын комплектілі мектептегі оқыту әдістемесі
- •17. Бала құқығы туралы қр Білім туралы заңындағы баптар
- •18.Шағын комплектілі мектептегі сынып комплектілеріне біріктіру
- •19.Мектептің жаңа түрлері.
- •20.Шкм мұғалімнің алдындағы педагогикалық мақсат,міндеттері.
- •21. «Даму», «Дамыта оқыту» ұғымдары
- •22.Шағын комплектілі мектеп жұмысын ұйымдастыру.
- •23.Бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты.
- •24.Шағын комплектілі мектептердегі кадр мәселесі
- •25.Мектептегі білім берудің жаңа мазмұны.
- •31. Қашықтан оқыту маңызы ж/е оның шкм қолданылуы
- •32. Оқушылармен жеке жұмыстар
- •33. Оқушылармен фронтальды жұмыстар
- •35. Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері
- •37. ШкМгі өзіндік жұмысты ұйымдастыру ж/е өткізу жолдары
- •38. ШкМгі сабақтар ерекшеліктері
- •39. Өзіндік жұмыстар түрлері
- •40. Модульдік оқыту технологиясы
- •41. Сыныптан тыс жұмыстар түрлері мен міндеттері
- •42. Оқыту әдістерінің түрлері
- •43. Топтық оқыту технологиясы.
- •44. Озат педагогиқалық тәжірибе және инновация.
- •45. Сабақтың дидактикалық және психологиялық құрылымы.
- •46.Мектептің ата-аналармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары.
- •47.Сабақта саналы тәртіпті орнату жолдары.
- •48. Білім беру мазмұны мен міндеттері.
- •49. Шкм ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануы
- •51. Педагогикалық технология
- •52. Ауылмектептерінің қазіргі жағдайы мен білім берудің жаңа үлгісі
- •53. Мектептегі басқару органдарының құрылымы
- •54. Деңгейлеп оқыту технологиясы
- •55. Ойын технологиясы
- •56. Проблемалық оқыту технологиясы
- •57. Сыни-тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы
- •58. Оқу үрдісіндегі пәнаралық байланыстың маңызы.
- •60. Педагогикалық технологиялардың құрылымы.
- •67. Сабақты бақылау және оны талдау жоспары
- •68. Білім берудегі практикалық психология
- •69. Сабақтың тәрбиелік қызметі
- •70. Шкм ресурстық орталықтары(тірек мектептері)
- •71. Шкм сабақты ұйымдастыру
- •72. Оку багдарламалары
- •73.Оқу бағдарламалары оқулықтар оларға қойылатын талаптар.
- •74.Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мазмұны.
- •76.Сабақ түрлері мен құрылымы.
- •77.Оқушыларға үй тапсырмасын орындаудағы нұсқаулар мен талаптар.
- •78.Педагогикалық менеджмент.
- •79. Шкм білімді бақылау мен бағалау
- •80. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеттері
- •81. Қазіргі сабақ құрылымының моделі
- •82. Мұғалім, сынып жетекшісі.
- •83.Педагогикалық шеберлік
- •84. Оқушылардың психологиялық денсаулығы және оқыту процесі.
- •85. БатысҚазақстандағы шагын комплектілі мектептер
- •86. Батыс Қазақстандағы ресурстық орталықтар
- •87. Мұғалімнің психологиялық денсаулығы және оқыту процесіне ықпалы.
- •88. Мектептегі педагогикалық кенес
- •89. Мектеп жұмысын жоспарлау
- •90. Педагогикалық психалогиялық консилиум
68. Білім берудегі практикалық психология
Практикалық психология - психологиялық қасиеттердің көрініс беруін, даму ерекшеліктерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеп, дамуында ауытқуы бар қасиеттерді өңдеу жолдарын анықтайтын психологиялық ғылымдардың бір саласы. Психологиялық қасиеттерді зерттеу өте күрделі процесс. Оның барысында көптеген психодиагностикалық әдіс-тәсілдер қолданылып, әр адамның психикалық қасиеттерін, күй-жағдайларын, таным процесстерін зерттеп, олардыің даму деңгейін бағалауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге психикалық қасиеттердің нормадан ауытқуларының алдын алу, коррекциялау, кеңес беру т.б. жәрдемді ұйымдастыру да осы ғылым саласының міндеттеріне енеді. Психолог-парктиктердің айтуы бойынша, психоз ауруына ұшырағандардың психикалық қасиеттері дені саулармен бірдей, тек кейбір қасиеттері ерекше дамып, анычқ байқалатын ауытқуға ұшыраған. Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсетті. Сондай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу де оңай болатындықтан психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жүргізілді. практикалық психология саласының дамуындағы бұл кезең клиникалық деп аталады. 19 ғасырдың екінші жартысында жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктері анықталуы, жүйке жүйесінің функциялары мен психикалық қасиеттердің байланыстылығы дәлелденгенімен байланысты тип темпераментке жан жақты сипаттама берілді. Соченов, Павлов жүргізілген зертеулер нәтижесінде оолар екінші сигналдық жүйенің нағыз адамдық қасиеттердің қалыптасуына негіз болатыны анықталды. Бұл кезде, тәжірибелік психологияның дамуына физиологтардың қосқан үлесін еске ре отырып, психофизиологиялық кезең деп атауға болады. 50-60 жылдары психологиялық зерттеулерге қызығушылық күшейіп, психодиагностикалық зерттеулер саны және диагностикалық әдістер көбейе түседі. Көптеген мемлекеттерде психологиялық зерттеу орталықтары мамандыққа баулу кабинеттері, мамандыққа жарамдылықты анықтау қызметін көрсететін кеңселер, жеке адамды мазасыздану жағдайынан шығару шамаларын ұйымдастыратын орталықтар ашылды. Психология бойынша практикум саласының дамуындағы бұл кезеңді психодиагностикалық деп атаймыз.
69. Сабақтың тәрбиелік қызметі
Қоғам дамуы процесінде тәрбие мазмұны өзгереді, алайда педагогика тәрбие субъектісі ретінде үнемі адамды қарастырады, ал тәрбие әсері оны жетілдіруге бағытталады. Бұл педагог-тәрбиешілердің тұлғаның сапалы өсуіне және жетілуіне ықпал ететін санасын, психологиясын, құндылықты бағдарын, білімі мен қызметінің әдістерін өзгертуіне мүмкіндік беретін тәрбие феноменін түрлендіретін іс-әрекеті ретінде анықтауына негіз береді. Демек, барлық білім беру процесін екі компонент ретінде көрсетуге болады: оқыту және тәрбиелеу. Өз кезегінде оқыту да, тәрбиелеу де белгілі бір аяқталған және құрастырылған процесті білдіреді. Біздің пікірімізше, оқыту мен тәрбиелеу процестерінің мәнін төмендегіше ұсынуға болады: – Оқыту деп шығармашылық қабылдау мен практикалық қызметтер, мәдени және моральдық-этикалық идеялардың түрлі тәсілдері мен деңгейлері арқылы білім, білік және дағдыға ие болу түсіндіріледі. – Бұл жағдайда тәрбие этностық, эстетикалық, моральдық, әлеуметтік және т.б. түрлі қарым-қатынастардың, сол сияқты мінез-құлық, дағдылар мен сезімдердің әртүрлі деңгейлерінің туындау және қалыптасу процесін білдіреді. Оқыту және тәрбие процестерінің өзара ортақ және бір-бірінен ерекшеленетін қасиеттері бар. Келесі кестеде оқыту және тәрбие процестеріне ортақ және бөлек қасиеттерді көрсетуге болады (1-кесте). Оқу процесі – бұл тек белгілі бір білім, білік және дағдыларды меңгеру ғана емес, оқушы тұлғасының жан-жақты дамуы мен қалыптасуы. Оқушылардың оқу процесі барысында меңгерген білімі олардың дүниетанымы қалыптасуының негізін қалайды, түрлі табиғи, қоғамдық, техникалық және мәдени құбылыстар мен оқиғаларды дайындаудың маңызды құралы болады. Оқушылардың танымдық қызметі олардың интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік дамуын ескереді. Оқу процесінің тәрбиелік мәні – оқыту барысында оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеруі мен оларда әлемге, бір біріне, игерілетін оқу материалына эмоционалды- құндылықты қатынас қалыптасуы арқасында табиғи байланыс орнайтындығында. Білім берудегі тәрбие компонентінің мұғалімдер мен оқушыларға бірдей дәрежеде қатысты құндылықты басымдықтарын нақтылау қажет: – тұлғаның жалпыадамдық гумандық құндылықтарға бағдарлануы; – демократиялылық және толеранттылық; – космизм және ұлттық идеяның үйлесуі; – тұлғаның маңызды креативті қабілеттіліктерін ашу; – өз шығармашылық әлеуетін елін көркейтуді іске асыру қажеттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің аймақтық аспектісі. Пәнді оқыту процесінде тәрбие қызметін іске асыруда мұғалім ең алдымен сабаққа тәрбие міндеттерін қоюы тиіс. Мұғалімдердің көпшілігіне осы кезең қиындық тудырады. Нақты нені және қалай тәрбиелеу керек? Жеке оқушының 6 және тұтас алғанда сыныптың тәрбие деңгейінің диагностикасы қажет, ол тәрбиенің проблемалы тұстарын бірден байқауға және тәрбие мақсаттарын мақсатты түрде құрылымдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сабақта қозғалатын тұлға қасиеттерін балалармен талқылауға міндетті. Ол баланың процестен шеттетілмегенін, мұғалімнің оған тәрбиеде көмектескісі келетінін және ең бастысы бұл өзіне қажет екенін түсінуі үшін қажет. Бұл жағдайда бала өз қылықтары мен іс-әрекеттерін ойлана талдайды және мұғалімге сабақтың тәрбиелік міндеттерін түзету жеңіл болады.
