- •1.Шағын комплектілі мектеп туралы түсінік және оның сипаттамасы.
- •2.Шағын комплектілі мектептердің даму тарихы.
- •3.Шағын комплектілі мектептер ерекшелігі.
- •4.Жалпы және жеке шағын комплектілі мектептер ерекшелігі.
- •5.Орта білім беру жүйесі.
- •6.Шағын комплектілі мектептегі бақылау және бағалау түрлері.
- •8. "Мектеп-балабақша" кешеніне сипаттама
- •9. Өзіндік жұмыстың сипаты, мазмұны және міндеттері
- •11. Қазақстандағы шкм-ң дамуы
- •12. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері
- •13.Шкм тиімді тиімсіз ерекшеліктері
- •14.Сабақтарға қойылатын талаптар
- •15.Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік
- •16.Шағын комплектілі мектептегі оқыту әдістемесі
- •17. Бала құқығы туралы қр Білім туралы заңындағы баптар
- •18.Шағын комплектілі мектептегі сынып комплектілеріне біріктіру
- •19.Мектептің жаңа түрлері.
- •20.Шкм мұғалімнің алдындағы педагогикалық мақсат,міндеттері.
- •21. «Даму», «Дамыта оқыту» ұғымдары
- •22.Шағын комплектілі мектеп жұмысын ұйымдастыру.
- •23.Бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты.
- •24.Шағын комплектілі мектептердегі кадр мәселесі
- •25.Мектептегі білім берудің жаңа мазмұны.
- •31. Қашықтан оқыту маңызы ж/е оның шкм қолданылуы
- •32. Оқушылармен жеке жұмыстар
- •33. Оқушылармен фронтальды жұмыстар
- •35. Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері
- •37. ШкМгі өзіндік жұмысты ұйымдастыру ж/е өткізу жолдары
- •38. ШкМгі сабақтар ерекшеліктері
- •39. Өзіндік жұмыстар түрлері
- •40. Модульдік оқыту технологиясы
- •41. Сыныптан тыс жұмыстар түрлері мен міндеттері
- •42. Оқыту әдістерінің түрлері
- •43. Топтық оқыту технологиясы.
- •44. Озат педагогиқалық тәжірибе және инновация.
- •45. Сабақтың дидактикалық және психологиялық құрылымы.
- •46.Мектептің ата-аналармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары.
- •47.Сабақта саналы тәртіпті орнату жолдары.
- •48. Білім беру мазмұны мен міндеттері.
- •49. Шкм ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануы
- •51. Педагогикалық технология
- •52. Ауылмектептерінің қазіргі жағдайы мен білім берудің жаңа үлгісі
- •53. Мектептегі басқару органдарының құрылымы
- •54. Деңгейлеп оқыту технологиясы
- •55. Ойын технологиясы
- •56. Проблемалық оқыту технологиясы
- •57. Сыни-тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы
- •58. Оқу үрдісіндегі пәнаралық байланыстың маңызы.
- •60. Педагогикалық технологиялардың құрылымы.
- •67. Сабақты бақылау және оны талдау жоспары
- •68. Білім берудегі практикалық психология
- •69. Сабақтың тәрбиелік қызметі
- •70. Шкм ресурстық орталықтары(тірек мектептері)
- •71. Шкм сабақты ұйымдастыру
- •72. Оку багдарламалары
- •73.Оқу бағдарламалары оқулықтар оларға қойылатын талаптар.
- •74.Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мазмұны.
- •76.Сабақ түрлері мен құрылымы.
- •77.Оқушыларға үй тапсырмасын орындаудағы нұсқаулар мен талаптар.
- •78.Педагогикалық менеджмент.
- •79. Шкм білімді бақылау мен бағалау
- •80. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеттері
- •81. Қазіргі сабақ құрылымының моделі
- •82. Мұғалім, сынып жетекшісі.
- •83.Педагогикалық шеберлік
- •84. Оқушылардың психологиялық денсаулығы және оқыту процесі.
- •85. БатысҚазақстандағы шагын комплектілі мектептер
- •86. Батыс Қазақстандағы ресурстық орталықтар
- •87. Мұғалімнің психологиялық денсаулығы және оқыту процесіне ықпалы.
- •88. Мектептегі педагогикалық кенес
- •89. Мектеп жұмысын жоспарлау
- •90. Педагогикалық психалогиялық консилиум
2.Шағын комплектілі мектептердің даму тарихы.
Шағын жинақталған мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Толстой, К.Д.Ушинский өмір сүрген кезеңнен басталады.Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы.Алтынсаринның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты ХVIII ғасырдың 60-жылдаында дүниеге келді.Бірқатар ғалымдардың (Т.Тәжібаев, Ә.І. Сембаев, П.А. Жильцов, Г.Ф.Суворова, А.Ө.Мұханбетжанова) зерттеулеріне қарағанда, сол кездерде қазақстан топырағында өмірге келе бастаған орыс-қазақ мектептірінің басым көпшілігі бірнеше бөлімді бір мезгілдебір мұғалім оқытатын шағын жинақталған бастауыш мектептер болған. Осы үлгідегі мектептердің пайда болуы, негізінен, К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, Н.Ф.Бунаков, Ы.Алтынсариндердің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. Бұл ұстаз-ғалымдардың, әсіресе, ауыл мектептеріндегі оқу-тәрбие ісін ұйымдастыруда, яғни ауыл балаларына лайықтап оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда, оларға берілетін білім көлемі мен мазмұнын, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтауға сіңірген еңбектері аса зор болды. Содан бері мұндай мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын жақсарту, мәселесі көптеген ғалымдар мен әдісткерлердің назарынан тыс қалған жоқ. Біздің елімізде де аталған мәселеге әркез көңіл бөлініп, зерттеу жұмыстары жүргізіліп отырады Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау (Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);. осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері (З.Әділғазинов) қарастырылады. Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі. Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар. 2007 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің ішінде 1014 – бастауыш, 979 – негізгі және 2413 – орта мектептер жұмыс жасайды. 2004 жылмен салыстырғанда, ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы білім беретін мектептердің 55,4% құрады. Мұндай мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасатыны белгілі. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6 мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың – негізгі және 364,4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру динамикасы шағын жинақты бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып, орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады. Ы.Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық үлгі жүйесі пайда болды. Ол 1986 жылы 5 болыстық мектеп ашты: Торғайда (Қараторғай мектебі), Николаевскіде (Убалан мектебі) және жетіқара мектебі, Илецкіде (Буртин мектебі). Ал ХХ ғасырдың басында ауылдық жерлерде білім алудың жинақталған мектептер жүйесінің негізі қаланды. Сол кезде ауылдағы алғашқы қазақ мектептерінің көбі шағын жинақты бастауыш мектептер болғаны байқалады. 1916 жылы олардың саны – 727, ондағы оқушы саны –22414 болды. 1920-1921 жылдары шағын жинақты мектептердің саны екі есе өсті. Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау (Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);. осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері (З.Әділғазинов) қарастырылады. Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесін зерттеуге белсене араласқандардың бірі – Ғ.Сүлейменов. Оның 1963 жылы «Қазақстан мектебі журналында «Аз комплектілі бастауыш кластарда сабақ кестесін қалай жасау керек ?», 1965 жылы «Екі комплектілі мектепте оқу процесіне басшылық ету туралы», 1968 жылы Р.Мұраталиевпен бірлесе отырып жазған «Аз комплектілі мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы» мақалалары басылды. Қазақ ССР Оқу министрлігінің 1987 жылы 10 маусымда «Республикадағы шағын комплектілі мектептердің қазіргі жайы және олардың жұмысын жақсарту шаралары жайында» қарары қабылданды. Ал 1975 жылғы 9 желтоқсанда Қазақ ССР Оқу министрлігі Коллегиясының шешімі бойынша ШЖМ үшін орыс, ана тілі, табиғаттану мен математикадан әдістемелік құралдар дайындау Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды. Осы тапсырманы орындау үшін Бастауыш білім беру әдістемесі 1974-78 жж. «ШКМ-тегі оқыту мазмұны мен әдістемесін жетілдіру» атты зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1970-1980 жылдары шағын жинақты бастауыш сыныптағы оқыту әдістемесін зерттеуге белсене кіріскен ғалымдарымыздың бірі – Б.Құлмағанбетова. Ол мақалаларында мұғалімге көмек ретінде әдістемелік нұсқаулар беруді мақсат ете отырып, қазақ тілі сабақтарында өздігінен орындалатын жұмыстардың түрлері мен оны ұйымдастыру жолдарын көрсетуге баса мән береді. 1980 жылы Ш.Әуелбаевтың «Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері» атты еңбегі жарыққа шықты. 1981 жылы басылып шыққан А.Асқарбаева мен Г.М.Храпченковтың «Шағын комплектілі мектептегі оқытудың мазмұны мен әдістері» деп аталатын еңбегінің маңызы аса зор болды. 1970-1980 жылдары жоғарыда аты аталған ғалымдар мен кейбір мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Мектеп» баспасынан бірнеше көрнекі құралдар да жарық көрді. Мысалы: «Ана тілінен тіл дамытуға арналған сюжетті картиналар» (1976), «Аз комплектілі мектептер үшін грамматикалық таблицалар» (1979), «Ана тілінен үлестірмелі картиналар» (1981). Еліміздің тәуелсіздік жолындағы күресі мен оған ие болуы ұрпақ тәрбиесі мәселесін жаңа құндылықтар негізінде ешкімге жалтақтамай, қайта қарауға мүмкіндік берді. Білім және ғылым министрлігінің статистикалық есебі бойынша ШЖМ-де 379319 оқушы дәріс алады, 51796 мұғалім қызмет атқарады. Министрліктің 1997 жылғы «ҚР ШЖМ-гі жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» әдістемелік нұсқау хатында ШЖМ-нің негізгі қызметі көрсетілген. Ол: бастауыш сыныптарда оқушы саны − 40-тан, негізгі мектепте 100-ден, ал орта мектепте 280-нен аспаса, шағын жинақталған мектеп болып есептеледі. Ал, ҚР Үкіметінің № 300. 25.02.2000ж қаулысына сәйкес ауылдық жерлердегі сыныптарда кемінде 5 бала оқыса, бастауыш немесе негізгі ШЖМ, ал кемінде 81 бала оқыса, орта ШЖМ деп аталады. Тәуелсіздік жылдарында толық орта мектептер саны мен шағын жинақталған мектептер саны өзгерді. 1997-2001 жылдары аралығында ШЖМ 3621-4229-ға жетті, оның 2156-сы (50,9 %) қазақ тіліндегі мектептер.
