- •1.Шағын комплектілі мектеп туралы түсінік және оның сипаттамасы.
- •2.Шағын комплектілі мектептердің даму тарихы.
- •3.Шағын комплектілі мектептер ерекшелігі.
- •4.Жалпы және жеке шағын комплектілі мектептер ерекшелігі.
- •5.Орта білім беру жүйесі.
- •6.Шағын комплектілі мектептегі бақылау және бағалау түрлері.
- •8. "Мектеп-балабақша" кешеніне сипаттама
- •9. Өзіндік жұмыстың сипаты, мазмұны және міндеттері
- •11. Қазақстандағы шкм-ң дамуы
- •12. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері
- •13.Шкм тиімді тиімсіз ерекшеліктері
- •14.Сабақтарға қойылатын талаптар
- •15.Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік
- •16.Шағын комплектілі мектептегі оқыту әдістемесі
- •17. Бала құқығы туралы қр Білім туралы заңындағы баптар
- •18.Шағын комплектілі мектептегі сынып комплектілеріне біріктіру
- •19.Мектептің жаңа түрлері.
- •20.Шкм мұғалімнің алдындағы педагогикалық мақсат,міндеттері.
- •21. «Даму», «Дамыта оқыту» ұғымдары
- •22.Шағын комплектілі мектеп жұмысын ұйымдастыру.
- •23.Бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты.
- •24.Шағын комплектілі мектептердегі кадр мәселесі
- •25.Мектептегі білім берудің жаңа мазмұны.
- •31. Қашықтан оқыту маңызы ж/е оның шкм қолданылуы
- •32. Оқушылармен жеке жұмыстар
- •33. Оқушылармен фронтальды жұмыстар
- •35. Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері
- •37. ШкМгі өзіндік жұмысты ұйымдастыру ж/е өткізу жолдары
- •38. ШкМгі сабақтар ерекшеліктері
- •39. Өзіндік жұмыстар түрлері
- •40. Модульдік оқыту технологиясы
- •41. Сыныптан тыс жұмыстар түрлері мен міндеттері
- •42. Оқыту әдістерінің түрлері
- •43. Топтық оқыту технологиясы.
- •44. Озат педагогиқалық тәжірибе және инновация.
- •45. Сабақтың дидактикалық және психологиялық құрылымы.
- •46.Мектептің ата-аналармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары.
- •47.Сабақта саналы тәртіпті орнату жолдары.
- •48. Білім беру мазмұны мен міндеттері.
- •49. Шкм ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануы
- •51. Педагогикалық технология
- •52. Ауылмектептерінің қазіргі жағдайы мен білім берудің жаңа үлгісі
- •53. Мектептегі басқару органдарының құрылымы
- •54. Деңгейлеп оқыту технологиясы
- •55. Ойын технологиясы
- •56. Проблемалық оқыту технологиясы
- •57. Сыни-тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы
- •58. Оқу үрдісіндегі пәнаралық байланыстың маңызы.
- •60. Педагогикалық технологиялардың құрылымы.
- •67. Сабақты бақылау және оны талдау жоспары
- •68. Білім берудегі практикалық психология
- •69. Сабақтың тәрбиелік қызметі
- •70. Шкм ресурстық орталықтары(тірек мектептері)
- •71. Шкм сабақты ұйымдастыру
- •72. Оку багдарламалары
- •73.Оқу бағдарламалары оқулықтар оларға қойылатын талаптар.
- •74.Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мазмұны.
- •76.Сабақ түрлері мен құрылымы.
- •77.Оқушыларға үй тапсырмасын орындаудағы нұсқаулар мен талаптар.
- •78.Педагогикалық менеджмент.
- •79. Шкм білімді бақылау мен бағалау
- •80. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеттері
- •81. Қазіргі сабақ құрылымының моделі
- •82. Мұғалім, сынып жетекшісі.
- •83.Педагогикалық шеберлік
- •84. Оқушылардың психологиялық денсаулығы және оқыту процесі.
- •85. БатысҚазақстандағы шагын комплектілі мектептер
- •86. Батыс Қазақстандағы ресурстық орталықтар
- •87. Мұғалімнің психологиялық денсаулығы және оқыту процесіне ықпалы.
- •88. Мектептегі педагогикалық кенес
- •89. Мектеп жұмысын жоспарлау
- •90. Педагогикалық психалогиялық консилиум
58. Оқу үрдісіндегі пәнаралық байланыстың маңызы.
Оқу үдерісінде пәнаралық байланыстың маңызы зор, ол байланыс білімді толықтырады. Оқушылардың білімін, «ішкі байланыстарды» реттеу арқылы білім мен біліктілікті бекітеді және қоршаған орта туралы түсінік қалыптастырады.
Бірақ пәнаралық байланыс толық интеграция емес. Оқу үдерісіндегі интеграция оқу үдерісіндегі ерекше жүйе. Яғни жақындастыру, біріктіру, бір жүйеге келтіру. М.Скаткин жалпы білім беретін пәндерге қатысты өзара байланысты, білімнің түрлерін: негізгі ұғымдар мен терминдер, әр түрлі нысандар мен болмыс құбылыстар арасындағы байланыстарды және қатынастарды күнделікті болмыстық және ғылыми фактілер, берілген пәндік саланың құбылыстарын түсіндіру және болжау нысадарымен әдістерінің жиынтығын анықтау жөніндегі ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теориялар, ғылыми және әлеуметтік идеялар, іс-әрекет тәсілдері, таным әдістері және білім беру тарихы, қоғамдағы белгіленген өмірлік құбылыстарға қатысты нормалар жөніндегі білімдер деп қарастырған. Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интеллектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарастарды қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибесімен байланыстырудағы құралдардың бірі-пәнаралық байланыстар. Пәнаралық байланыстар-өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген мәселенің бірі ретінде де қарастырылды. Зерттеулердің нәтижесіне сәйкес пәнаралық байланыстар оқытудың қағидасы және білім берудегі міндетті элементі ретінде де айқындалады. И.Зверев пәнаралық байланыстарды толықтай көлемде жүзеге асыру тәсілдерінің сипатынсыз, олардың білім беру, дамыту және тәрбиелеу функциясының өзара байланыстарын ашпайынша бұл мәселені елестету мүмкін еместігін айтады. Пәнаралық байланыстардың жалпы білім беруін функциялары оқушыларды материя қозғалысын әр түрлі формаларын өзара байланысын көрсететін әлем жөніндегі жалпы білімдер жүйесін қалыптастыруды қарастырады. Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу функциясы оқушыларда диалектикалық, материалистік дүниетанымдық, өнегелік эстетиткалық идеалдарды дамытуда, талдап қорытылған іскерліктер мен дағдыларды, қалыптастыруда жүзеге асырылады. Сондай-ақ пәнаралық байланыстар жастарды тәрбиелеу ісінде жасөспірім тұлғаны қалыптастыру функциясында едәуір мәнге ие. Еңбекке баулу мен ғылым негізінде пәнаралық байланысы мектеп оқушыларының белсенді өмірлік көзқарасы ұстанымында, объективті ақиқат құбылыстарымен фактілерінің ғылыми түсінуде пайда болатын дүниетанымды қалыптастыруға едәуір ықпал етеді. Ол сананың, сезім мен мінез-құлық әрекетінің бірлікті жүзеге асуына мүмкіндік береді. Қазіргі заманға педагогикалық технология пәні мен ғылым негіздері пәндерінің байланысы политехникалық функцияны жүзеге асырады. Қорыта келе қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардағы пәнаралық байланыстың маңызына мыналар жатады: 1. Оқу пәндері арасындағы өзара байланыстың дамуына жағдай туғызады. 2. Ғылыми дүниетанымның қалыптастыруы, білім мазмұнының барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді. 3. Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді. 4. Пәнаралық байланыс педагогикалық әрекеттің ғылыми тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.
59. Оқу-тәрбие процесін инновациялау бүгінгі күннің негізгі мәселесі.
Елбасы Н. « Қазақстан-2030» Республика халқына жолдауына айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңарту мен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын қалыптастыру-өмірдің талабы болып отыр. Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі-қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлрмен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми әдістемелік бағытқа ынталандыру. Жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмістар атқару еліміздегі әң маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер. Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз демекші, бүгінгі бала ертеңгі жаңа әлем. Демек бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тәртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жәрдем беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын мектеп шаңырағы қажет. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Елбасы Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» деп аталатын Назарбаев университетінде оқыған лекциясында білім сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп, білім нәрімен сусындатаын біздің асыл да, ардақты ұстаздарымызға да үлкен міндеттерді жіктегені бәрімізге де мәлім. Ендеше келешекте Қазақстанның ғарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі ұрпақ ертеңгі азамат болғандықтан оқу-тәрбие үдерісін жаңартып, білім сапасын арттыру- оқытушылар құзырындағы өте жауапты іс. 21 ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электронды және телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау. Олардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай, білім алуына, білік сапасын көтеруге тигізетін әсері мол. Жаңа электронды оқулықтардың дүниеге келуімен бірлесетін білім мазмұны да өзгерері сөзсіз. Болашақта әр оқушы компьютерлік технология арқылы интернет, электронды желі, электронды пошта арқылы дүниежүзілік білім әлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді ғылым саласына байланысты озық тәжірибелерді, осы мәселенің шетелдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады. Қоғамды ілгері дамытатын күш білім десек, болашақтың иегері жас ұрпақты саналы да білім етіп тәрбиелеу ұстаздардың қолында. Осы тұрғыда Л.Гумилев атындағы евразия университетінде елбасы Назарбаевтың «иннновациялар мен оқу білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты тақырыпта оқыған лекциясында: «мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін формацияның педагогі қажет»-деген. Қазіргі мұғалім: 1.Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын, 2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш .3 Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын.4 Оқушымен ортақ тіл табыса алатын.5.Білімді шебер іскер болуы тиіс.
