Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШКМ шпор.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
242 Кб
Скачать
☆

74.Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мазмұны.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар – бұл педагогтың оқу қызметінің жобасы. Жыл басында әр мұғалім өзінің оқу жоспарында әр сабақтың мәнін сипаттау арқылы күнтізбелік-тақырыптық жоспарды жасайды. Пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау пән бойынша бағдарлама негізінде құрылады. Ол ӘБ бірінші отырысында қаралуы тиіс, оны хаттамада көрсету, директордың оқу ісі жөніндегі және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарымен келісіуі және мектеп директорымен бекітілуі керек. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 10 қыркүйектен кешіктірілмей тапсырылады. Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың көшірмесі директордың ОІ жөніндегі орынбасарына тапсырылады. 2. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құру міндеттері: - жылдық курста әр тақырыптың орнын және тақырыпта әр сабақтың орнын анықтау; - жылдық курстың жеке сабақтары мен тақырыптарының арасындағы өзара байланысты анықтау; 2. Пән мұғалімінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарының құрылымы: Ø Титулдық беті. Ø Түсінік хат (осы курсты оқуды аяқтағаннан кейін оқушыда қалыптасатын негізгі білік пен дағдылары, оқу жоспарын бағдарламалық және оқу-әдістемелік жағынан жабдықталуы). Ø Оқу пәнін тақырыптық жоспарлау үлгісі. 3. Титул бетін рәсімдеуге талап. Титул бетінің үлгісі: ӘБ отырысында қаралды Хаттама № ----- Басшы МО ----- Т.А.Ә. Келісілді Директордың ОІ жөніндегі орынбасары __________________ Бекітемін № ____ОМ директоры ______________________ Титул бетінде келесі мәлімет болуы тиіс: 1.Мекеме атауы

2. Құжат атауы 3. Пән атауы (оқу жоспарындағы атауға сәйкес болуы тиіс) 4. Сынып. 5. Мұғалімнің Т.А.Ә. 6. Оқу жылы. 4. Түсініктеме хатты рәсімдеуге қойылатын талаптар: Түсінік хатта көрсету қажет: 1. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құруға негіз болған құжат (тар). (Авторлық бағдарлама, әдістемелік құрал, оқулық және т.б.)

75.ШКМ білім беруді ақпараттандыру.

Білім беруді ақпараттандыру. 1997 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арнайы Жарлығымен бекітілген білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы (1997-2002 жж.) қабылданған болатын. XXIғасырдағы білім беру өзінің маңыздылығы бойынша стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алатын және елдің даму деңгейі туралы төрелік айтуы бойынша датиіс капитал. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевБілім және Ғылым министрлігі инновациялық орталығының таныстырылымында Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен танысып жүр. Астана, 2001ж. Білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы мектеп оқушыларын компьютерлік оқытуға, ақпараттық-қатынастық технологиялар (АҚТ) саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерді олардың белсенді игеруіне, Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық-білімдік ортаны жасауға бағытталған. Осының барлығы, ақыр соңында, білім берудің сапасын жаңарту мен арттыруға, мектеп оқушылары мен болашақ кәсіпқойлардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, әлемдік қоғамдағы Қазақстан азаматтарының мәдениаралық және тілдік қатынастары үшін негіздерді жасауға бағытталған болатын. Қазіргі уақытта білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы кең ауқымды сипат алды және білім берудің барлық саласына: кәсіптік мектептерге, коледжілерге, жоо-на, институттарға және кәсіптік кадрлардың біліктіліктерін арттыру курстарына тарады. Ақпараттандырудың негізгі бағыттары: АҚТ-ды оқу процесіне енгізу бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру; компьютерлік техникамен қамтамасыз етушіліктіктің әлемдік көрсеткішіне жету үшін орта білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру; орта білім беру ұйымдарын Ғаламтор желісіне қосу; білім берудің барлық деңгейлерінде арақашықтықтан оқыту технологияларын дайындау және енгізу; аймақтарда білімдік ақпараттық ресурстық орталықтарды және министірліктің білімдік порталын құру; білімдік бағдарламаларға сәйкес орта білім беру ұйымдарын электрондық оқулық басылымдармен жасақтау; мемлекеттік органдардың біртұтас көліктік ортасының базасында портал мен аймақтардың ресурстық орталықтарын біріктіру; мониторингтің (сараптаманың) ақпараттық жүйесін енгізу; білім беру ұйымдарын басқару және талдау. Ақпараттық қатынастық технологияларды оқу процесіне енгізу және білім берудің жай-күйін сараптау мен талдаудың шек келтірмейтін мәліметтерінің негізінде басқарушылық шешімдерді қабылдау есебінен білім беру сапасының деңгейін арттыру.