- •Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері.
- •2) Қазақстандағы тәуелсіздік идеяларының тарихи эволюциясы
- •3) Түркі дәуірінің ойшылдары мен ғалымдарының еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы (Әбу Насыр Ал-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, м.Қашғари, ж.Баласағұни, м.Х.Дулати, қ.Жалайыри)
- •4) Ұлы Жібек жолы және оның орта ғасырдағы түркі халықтарының экономикалық және мәдени өміріндегі маңызы
- •5) Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер және қазақ халқының қалыптасуының кезеңдері. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі
- •6) Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. «Қазақ» этнонимі. Жүздер және олардың жер аумағы
- •7 )Қазақ хандығының құрылуы.
- •8) Н.Ә Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының ұлттық мемлекеттіктің бастауы ретінде бағалануы
- •9)Абылай саяси және мемлекеттік қайраткер
- •10)Қоныс аудару саясаты (XIX ғ. 1870–1880 жж.)
- •7. Қазақ хандығының құрылуы 14-15ғғ. Қахақстан аумағындағы феодалдық мемлекеттердің саяси дамуының заңды нәтижесі
- •8.Н.Ә Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының ұлттық мемлекеттіктің бастауы ретінде бағалануы
- •10.Ішкі ресейден орыс және басқа еуропалық тұрғындарды қазақ жеріне қоныстандыру ісі,экспедициялық зерттеу жұмыстарын жүргізу. Қоныс аударушыларға жасалған қолдау
- •11. 1905 1907 Жж революцияның қазақстандағы қоғамдық саяси өмірге ықпалы
- •12. Уалихановтың ,Құнанбаевтың,Алтынсаринның ағартушылық қызметі
- •13.Қазақтардың ресейдегі бірінші және екінші думаға қатысуы
- •14. Ұлт зиялыларының қалыптасуы,құрамы,қоғамдық қызметі: Бөкейханов,Досмұхамедов,Байтұрсынов,Тынышбаев,Құдайбердіұлы
- •15.Ғасыр басындагы қазақ ағартушылары ерекшеліктері, мақсаты , жеке тұлғалары
- •16.Ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі қазақ газеті айқап журналы
- •17.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. Ұлт азаттық көтеріліс
- •18.Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстан ықпалы
- •19. 1917-1920 Жж Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
- •20. 1917Ж шілдедегі Жалпықазақ съезі мен оның Алаш партиясын құру туралы шешімі. Парияның бағдармаласы
- •21. Қазақстандағы 1917-1940жж мәдениеттің негізгі даму бағыттары. Қазақ кеңес зиялы қауымының қалыптасуы
- •22.Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея,ұлттық мемлекеттік қалыптасу эволюциясы
- •23 Юнеско шешімімен Алаш қозғалысының қолбасшысы ә.Н.Бөкейхановтың 150жылдық мерейтойының атап өтілуі
- •24.Қазан төңкерісі мен Қазақстанның саяси өмірі.Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан
- •25. Қоқан автономиясының құрылуы. М. Шоқайдың қызметі
- •26. Қазақ Аксрның құрылуы, оның құрамыга қазақ жерлерінің бірігуі. Қырғыз акср ның территориялық аймағының жоғарыдан белгіленуі
- •ТарихыӨңдеу
- •ШекарасыӨңдеу
- •Ауданы және ХалқыӨңдеу
- •Қазревком мүшелеріӨңдеу
- •27. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат
- •28.Кіші қазан идеясы жəне оның қатерлі мазмұны.
- •29. Қазақстанды индустрияландыру жолдары мен əдістеріне байланысты теориялық айтыстар
- •30.Ұжымдастыру түрлері, əдістері, ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.
- •31. Ашаршылық 1930шы жылдағы демографияға əсері
- •32. Соғысқа дейінгі қазақ/ң қоғамдық-саяси өмірі. Қазақ кср-нің құрылуы. 1937-38 жж. Жаппай қуғын сүргін
- •1938 – 1940 Жылдардағы шешілмеген проблемалар.
- •Ел басшыларыӨңдеу
- •33) 1930-40 Жж. Қазақстанға күштеп көшіру ксро-ның əкімщіл-əміршіл саясаты екендігін дəлелде
- •35) Ұлы отан соғысының басталуы. Республика өмірін соғыс қажетіне бейімдеу.
- •36) Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдердің ірі шайқастарға қатысуы және жанқияарлық ерліктері
- •37) Кеңес одағының батыры атанған қазақстандықтар
- •38) Соғыс кезінде жеңісті жақындату жолындағы.
- •39. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.
- •44. 1946-1953 Жж. Саяси өмір
- •45. И.Слатиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Партияның хх съезі. Н.Хрущевтің жылымылығы жылдарындағы Қазақстан
- •47. 1945-1965 Қазақстан білімі, ғылымы мен мәдениеті дамуының негізгі бағыттары
- •48. Хх ғ. 70-80 жж. Басындағы республика экономикасы мен қоғамдық-саяси өміріндегі әкімшіл-әміршіл жүйе құбылысының кенңінен өріс алуы және салдары.
- •51.Қазақстандағы қайта құру саясаты
- •52. Қазақстандағы желтоқсан оқиғалары
- •53.Кеңес одағының ыдырауы.Тмд-ның құрылуы.Мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңның қабылдануы.
- •54.Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту. Ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктері мен олардың қайшылықты сипаты.
- •56.Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей ядролық сынақ полигоны(1949-1991)
- •57.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еібегінің маңызы.
- •59.1993Ж 28 қаңтарда қабылданған қр Конституциясының тарихи маңызын ашып көрсетіңіз.
- •60. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы қр конституциясын қабылдау
- •61. Президенттің Қазақстан халқына алғашқы жолдауы «Қазақстан 2030»
- •62. Назарбаевтың « Нұрлы жолы- Қазақстандық даму жолы» негізгі құндылығы және бірегейлігі
- •63. 2008 Жылғы 6 ақпандағы қр президентінің қазақстан халқына «Қазқстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» жолдауының негізгі идеяларын түсінліріңіз
- •64. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» еңбегңндегі негізгі идеяларды ашыңыз
- •65 Астана қаласының Қазақстан Республикасындағы орны мен рөлін ашыңыз
- •66. «Қазақстан 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қр президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
- •67.Н.Назарбаевтын «Қазақстандық жол» еңбегіндегі негізгі идеяны ашыңыз
- •68.Қазақстан Президенті н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары қазақстандық арманға жол»мақаласы
- •69.Президенттің ел халқына жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,бәсекеге қабілетті экономика үшін,бәсекеге қабілетті халық үшін»және оның маңызы
- •70.Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Индустриялдық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы,оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары
- •71.2011 Жылгы 28 ақпандағы қ.Р Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Жеделдетілген экономикалық жаңару үдемелі инновациялық индустрияландыру Бағдарламасының жалғасы».
- •72.»Қазақстан-2020»стратегиялық жоспарының басымдықтары»
- •73.Экспо-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы
- •74.''Нұрлы жол-болашаққа жол''жаңа экономикалық саясаты
- •75.1999-2001Жж қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттереі
- •76.Тәуелсіз Қазақстан спортшыларының жетістіктерінің маңызын ашыңыз
- •77.2005-2010 Жылдардағы қр -ның білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •78.Инновациялық негіздегі жоғары білім беруді дамыту стратегиясының негізгі мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •79.Қакзақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасу міндеттеріне сәйкес ғылымның
- •80.''Нұрлы көш'' бағдарламасының негізгі мазмұнын ашыңыз
- •81.Президенттің «Интелектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның маңызы.Қазіргі білім беру моделі.
- •82.«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесі
- •83.Қр тілдер туралы заңы
- •84.Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы;Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына жиырма қадам»мақаласы
- •86.Президен жанындағы консультативтік және кеңесші орган Қазақстан халқы келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.
- •87.Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі.Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы.
- •88. Президент н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»
- •89. 2004 Жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы» заңы
- •91. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдықи саясаты
- •94 Жаңа Қазақстан-ол ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы дала мұрагері екендігін дәлелдеңіз
- •95.Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің негізгі мазмұнын ашыңыз.
- •96.Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша айту дәстүрінің ,шежіренің ,жазбаша тарихнаманың:м.Х.Дулатидың, қ.Қ.Жалаирдің аса көрнекті еңбектерін ашыңыз
- •Тарихи Рашиди
- •Жылнамалар жинағы[өңдеу]
- •97.Қазақ қоғамындағы батырлар мен билер институтының орнын ашып көрсетіңіз
- •99.Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде қазақ хандғының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және қазақ хандығынң қалыптасуының тарихи алғышарттарын негіздегіз
- •101.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама
23 Юнеско шешімімен Алаш қозғалысының қолбасшысы ә.Н.Бөкейхановтың 150жылдық мерейтойының атап өтілуі
15 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара қазақтың және бүкіл түркі халықтарының көрнекті қоғам және саясат қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы және көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Конференция жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова, Алматы қаласының әкімі Б.Қ. Байбек, Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Н.М. Оразалин, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов және ғылым, білім, мәдениет қайраткерлері қатысты.
Іс-шараның шымылдығын түре отырып ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Әлихан Бөкейхановтың азаматтық ұстанымы мен өмірлік мақсаты Тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру болғандығына ерекше тоқталды. «ХХ ғасырдың басындағы қазақ тарихын зерттеген Оксфорд және Сорбонна университетінің профессорлары Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш қозғалысының қайраткерлері күрескен тарихи кезеңге «Мәдени ренессанс дәуірі» деген баға берген. Әлихан Бөкейханов – Сұлтанмахмұт ақынша айтсақ, «Қазақ үшін жүрек майын шам қылған» Ұлт қайраткері. Кезінде Әлихан Нұрмұхамедұлы: «Алған білімін өз халқының өмірімен бірлестіре алған адам ғана бақытты, оның жиған білімі баянды» деген келелі ой айтқан еді. Олай болса сол білікті білімді орнықтырар еліміздегі көшбасшы білім ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осындай ұлы тойдың басы-қасында болу мәртебесіне ие болып отыр», - деп конференция жұмысына сәттілік тілеп, құттықтау сөз кезегін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызына берді.Гүлшара Абдықалықова өзінің алғы сөзінде көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, журналист және этнограф Әлихан Бөкейханов өзінің бар саналы ғұмырын қазақ халқының азаттығы мен дамуына арнағанын атап өтті. «Ол «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының басшылығына келіп, ұлттық мемлекетті қайта жаңғырту қажеттілігі идеясының негізін қалап, мақсатқа жету жолдары мен негізгі міндеттерді айқындады. Ә.Бөкейханов кезінде қазақтың ұлт ретінде сақталып қалуын, оның ары қарай дамуы мен гүлденуін қамтамасыз ету мақсатындағы іс-әрекеттері ұлттық тарих шежіресіне алтын әріптермен жазылды. Бұл «Алаш» қозғалысы мен оның көшбасшысының ұлт тарихындағы рөлін айқындайды», - деп атап өтті.Конференция барысында «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы мұрасын тарату мен қалың көпшілікке дәріптеуге бағытталған баяндамалар оқылып, еліміздің тәуелсіздік алуына өлшеусіз үлес қосқан қозғалыс көшбасшыларының ерен еңбектері сөз болды. Ғалымдардың пікірінше, Президент алға тартқан «Мәңгiлiк Ел» идеясы «Алаштың» негізгі ұстанымы – қазақ бостандығымен тығыз үндесіп жатыр.Ә. Бөкейханов Абылай хан мен Кенесары ханның мақсаттары мен ұлы істерін ұлт тарихының жаңа ғасырындағы лайықты жалғастырушысы болды. Ол патшалық Ресей уақытында да, кеңес үкіметі кезінде де қазақтардың еркіндігі үшін күресті. Үш рет жазаға тартылып, 1937 жылы ату жазасына кесілді. Тек жарты ғасыр өткеннен кейін ғана жазықсыз жаладан ақталды.Ә.Бөкейхановтың озық ойлы идеялары оны Еуропа мен Азияның көрнекті саяси қайраткерлерімен бір деңгейге қойды. Сондай-ақ бүгінде оның 150 жылдық тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатқандығын атап өту керек.Конференция барысында «Алаш» қозғалысы туралы деректі фильм көрсетіліп, Әлихан Бөкейханов шығармашылығы мен «Алаш» қозғалысы туралы кітап көрмесі мен Мұхамеджан Сералиннің «Айқап» журналының жалғасы болып саналатын басылымның тұсаукесер рәсімі өтті.
