Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауап 1-101.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

8.Н.Ә Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының ұлттық мемлекеттіктің бастауы ретінде бағалануы

«Тарихсыз болашақ жоқ. Ұлы далада күллі Еуразия құрлығын уысына ұстаған талай алып мемлекеттер болды. Алып кеңістікті ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген. Бүгінгі Қазақстан сол бабалардың заңды мұрагері. Адамзат тарихында қазіргі қалыптағы мемлекет үлгісі тек соңғы бірнеше ғасырда ғана пайда болғанын білеміз. Ал бұл кез біздің халқымыздың бостандықтан айрылып, бодандыққа түскен мезетіне тап келді. Көк түріктер мен Алтын орданың айбарын айтпағанда Қазақ хандығы біздің елдігіміздің түп тамыры», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  Сонымен қатар, Елбасы тәуелсіз Қазақстан еліміздің сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырғанын атап өтті. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы сонымен қатар, Қазақтың ұлттық тарихы – теңдессіз тарих екенін, ұлтымыздың тарихы Еуразия құрлығындағы ұлы өркениеттің жылнамасына өшпес таңбасын қалдырғанына да тоқталды. «Тарихи тамырларымыздың бірлігі бізді түркі тілдес халықтармен ешқашан іргесі бөлінбейтін бауырлас етті. Ұлы Түркі елі - қазіргі заманауи мемлекеттер Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Түркия елдерінің ортақ тамыры. Біздің мыңжылдыққа ұласатын шежіреміз бар, мақтаныш тұтатын бабаларымыздың тарихи ерліктері бар. Бөле-жара қарау мүмкін емес, рухани қазынамыз бар. Осының барлығы баршамызға ортақ мұра», - деді Н. Назарбаев. Бұл ретте Елбасы Тәуелсіздікті алу үшін қандай қажыр-қайрат керек болса, оны баянды етіп, ұстап отыру үшін одан да зор қажыр-қайрат керек екенін еске салды.  «Ұланғайыр жері бар, ұлы мұраты бар, елі бар, бабалары жазған ұлы тарихы мен ұрпағы бар, көз тіккен ұлы болашағы бар менің халқым - Ұлы халық. Сол халықтың Тұңғыш басшысы болу бақыты маған тигеніне тәубә деймін», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.  «Табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау біздің ұрпақтың парызы. 21 ғасырдың сын-қатерінен төтеп беріп, ең дамыған елдердің біріне айналу біздің ортақ жауапкершілігіміз. Біз халқымыздың қаһармандық тарихын жасампаздық тарихына ұластырдық. Әлемдегі ең үлкен елу елдің сапына еніп, қазіргі күні ең қуатты отыз елмен иық тіресуге бет алдық. Рухы биік, еңсесі тік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңілік елдің мәртебесі асқақ болуы үшін бізде бәрі де бар. Ендеше, барды бағалап, дамыта білейік», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы. 9. абылай хан саяси және мемлекеттік қайраткер

Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.

1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.

Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33ж. Болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп...» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады.

Абылай жөнінде белгілі тарихшы  Алексей Левшин былай деп жазған: «Өзінің қадір-қасиетін жақсы түсінген ол- Абылай-жұртты ақыл-айласымен, сабырлы салмақтылығымен маңайына топтастыра білді. Жауын сұсымен де  күшімен де сескендіре отыра, ол өз қалауымен біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мәжбүр болғанымен шын мәнінде ешкім де бой ұсынбаған тәуелсіз басшы болды. Қарапайым халықтың Абылайға арқа сүйеп, оны хан көтеріп соңынан ілесуі тегіннен тегін болмаса керек. Оның шын мәнінде елдің қамын ойлаған пиғылы, халықтың бірлігін нығайтуға ұмтылуы қазақ хандарынан бұрын-соңды ешкім көрмеген абырой мен даңққа бөлеген. Өз билігін нығайту жолында күреске әсіресе, жергілікті хандардың, би-сұлтандардың билігін әлсірету үшін Абылай үш жүздің аға билеріне арқа сүйеген. Абылай хандық құрған тұста олардың ішкі және сыртқы саясатқа ықпалы өте күшті болған. Ұлы жүздің аға биі Төле би  Әлібекұлы, Орта жүзді билеген Қазыбек  Келдібекұлы, Кіші жүзден Әйтеке би Байбекұлы-Қазақстанның сол кездегі дарынды мемлекет қайраткерлері.Мысалыға Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет сияқты хандардың үзеңгілес серігі, патша үкіметі мен Орта Азия қазақтарын Ресей құрамына қабылдау жөнінде Абылай жүргізген келіссөздерге делдал болған Қазыбек биді алсақ, ол тек ханның Орта жүзді басқарушы аға биі болып қана қоймай, өз заманының асқан дипломаты бола білген. Оның тікелей ықпалымен Абылай бірте-бірте Ресеймен жақындасу пиғылына ауыса бастаған. Шешендіктің, әділқазылықтың, төреліктің тәсілдерін шебер меңгерген Қазыбекті ұтқыр да, ұшқыр ой иесі болғаны үшін замандастары Қаз дауысты Қазыбек» — деп атаған екен