Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауап 1-101.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

101.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама

ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев 2004ж 13қаңтарда «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлыққа қол қойды. Кейін тағы екі кезеңге созылды 2007-2009жыл жане 2009-2011жылдар.Бағдарлама қабылданғаннан бері төрт жылда тарих пен мәдениеттің 51 ескерткіші қайта жаңғыртылып , Қазақстан амағындағы 39 қалашықта,қоныста,тұрақта,обалар мен қорғандарда археологиялық зерттеулер жүргізілді.Қытайға;Туркияға,Моңғолияға,ресейге,Жапонияға,Египетке,Өзбекстанға,Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып,Қазақстан тарихы,этнографиясы, өнері жөнінде бұрын белгісіз болған 5000 жуық қолжазбалар мен баспалық басылымдар табылды. «Мәдени мұраның» мақсаты:елдің тарихи мәдени мұрасын зерттеу,қалпына келтіру және сақтау ,тарихи дәстүрлерін қайтару, шет елге қазақтанның мәдеи мұрасын үгіттеу.Бағдарламаны жүзеге асыру барысында тарихқа ,археологияға, этнографияға, энциклопедиялық сөздіктерге байланысты 500 аса кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды.Бағдарлама бірнеше бағыттар бойынша жұмыс істейді :ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи мәдени және сәулет ескерткіштерін калпына келтіру;Археологиялық зерттеулер;Қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;Ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.Мұндай үлкен жобаны ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған қазақстан.