- •Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері.
- •2) Қазақстандағы тәуелсіздік идеяларының тарихи эволюциясы
- •3) Түркі дәуірінің ойшылдары мен ғалымдарының еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы (Әбу Насыр Ал-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, м.Қашғари, ж.Баласағұни, м.Х.Дулати, қ.Жалайыри)
- •4) Ұлы Жібек жолы және оның орта ғасырдағы түркі халықтарының экономикалық және мәдени өміріндегі маңызы
- •5) Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер және қазақ халқының қалыптасуының кезеңдері. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі
- •6) Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. «Қазақ» этнонимі. Жүздер және олардың жер аумағы
- •7 )Қазақ хандығының құрылуы.
- •8) Н.Ә Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының ұлттық мемлекеттіктің бастауы ретінде бағалануы
- •9)Абылай саяси және мемлекеттік қайраткер
- •10)Қоныс аудару саясаты (XIX ғ. 1870–1880 жж.)
- •7. Қазақ хандығының құрылуы 14-15ғғ. Қахақстан аумағындағы феодалдық мемлекеттердің саяси дамуының заңды нәтижесі
- •8.Н.Ә Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының ұлттық мемлекеттіктің бастауы ретінде бағалануы
- •10.Ішкі ресейден орыс және басқа еуропалық тұрғындарды қазақ жеріне қоныстандыру ісі,экспедициялық зерттеу жұмыстарын жүргізу. Қоныс аударушыларға жасалған қолдау
- •11. 1905 1907 Жж революцияның қазақстандағы қоғамдық саяси өмірге ықпалы
- •12. Уалихановтың ,Құнанбаевтың,Алтынсаринның ағартушылық қызметі
- •13.Қазақтардың ресейдегі бірінші және екінші думаға қатысуы
- •14. Ұлт зиялыларының қалыптасуы,құрамы,қоғамдық қызметі: Бөкейханов,Досмұхамедов,Байтұрсынов,Тынышбаев,Құдайбердіұлы
- •15.Ғасыр басындагы қазақ ағартушылары ерекшеліктері, мақсаты , жеке тұлғалары
- •16.Ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі қазақ газеті айқап журналы
- •17.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. Ұлт азаттық көтеріліс
- •18.Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстан ықпалы
- •19. 1917-1920 Жж Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
- •20. 1917Ж шілдедегі Жалпықазақ съезі мен оның Алаш партиясын құру туралы шешімі. Парияның бағдармаласы
- •21. Қазақстандағы 1917-1940жж мәдениеттің негізгі даму бағыттары. Қазақ кеңес зиялы қауымының қалыптасуы
- •22.Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея,ұлттық мемлекеттік қалыптасу эволюциясы
- •23 Юнеско шешімімен Алаш қозғалысының қолбасшысы ә.Н.Бөкейхановтың 150жылдық мерейтойының атап өтілуі
- •24.Қазан төңкерісі мен Қазақстанның саяси өмірі.Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан
- •25. Қоқан автономиясының құрылуы. М. Шоқайдың қызметі
- •26. Қазақ Аксрның құрылуы, оның құрамыга қазақ жерлерінің бірігуі. Қырғыз акср ның территориялық аймағының жоғарыдан белгіленуі
- •ТарихыӨңдеу
- •ШекарасыӨңдеу
- •Ауданы және ХалқыӨңдеу
- •Қазревком мүшелеріӨңдеу
- •27. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат
- •28.Кіші қазан идеясы жəне оның қатерлі мазмұны.
- •29. Қазақстанды индустрияландыру жолдары мен əдістеріне байланысты теориялық айтыстар
- •30.Ұжымдастыру түрлері, əдістері, ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.
- •31. Ашаршылық 1930шы жылдағы демографияға əсері
- •32. Соғысқа дейінгі қазақ/ң қоғамдық-саяси өмірі. Қазақ кср-нің құрылуы. 1937-38 жж. Жаппай қуғын сүргін
- •1938 – 1940 Жылдардағы шешілмеген проблемалар.
- •Ел басшыларыӨңдеу
- •33) 1930-40 Жж. Қазақстанға күштеп көшіру ксро-ның əкімщіл-əміршіл саясаты екендігін дəлелде
- •35) Ұлы отан соғысының басталуы. Республика өмірін соғыс қажетіне бейімдеу.
- •36) Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдердің ірі шайқастарға қатысуы және жанқияарлық ерліктері
- •37) Кеңес одағының батыры атанған қазақстандықтар
- •38) Соғыс кезінде жеңісті жақындату жолындағы.
- •39. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.
- •44. 1946-1953 Жж. Саяси өмір
- •45. И.Слатиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Партияның хх съезі. Н.Хрущевтің жылымылығы жылдарындағы Қазақстан
- •47. 1945-1965 Қазақстан білімі, ғылымы мен мәдениеті дамуының негізгі бағыттары
- •48. Хх ғ. 70-80 жж. Басындағы республика экономикасы мен қоғамдық-саяси өміріндегі әкімшіл-әміршіл жүйе құбылысының кенңінен өріс алуы және салдары.
- •51.Қазақстандағы қайта құру саясаты
- •52. Қазақстандағы желтоқсан оқиғалары
- •53.Кеңес одағының ыдырауы.Тмд-ның құрылуы.Мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңның қабылдануы.
- •54.Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту. Ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктері мен олардың қайшылықты сипаты.
- •56.Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей ядролық сынақ полигоны(1949-1991)
- •57.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еібегінің маңызы.
- •59.1993Ж 28 қаңтарда қабылданған қр Конституциясының тарихи маңызын ашып көрсетіңіз.
- •60. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы қр конституциясын қабылдау
- •61. Президенттің Қазақстан халқына алғашқы жолдауы «Қазақстан 2030»
- •62. Назарбаевтың « Нұрлы жолы- Қазақстандық даму жолы» негізгі құндылығы және бірегейлігі
- •63. 2008 Жылғы 6 ақпандағы қр президентінің қазақстан халқына «Қазқстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» жолдауының негізгі идеяларын түсінліріңіз
- •64. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» еңбегңндегі негізгі идеяларды ашыңыз
- •65 Астана қаласының Қазақстан Республикасындағы орны мен рөлін ашыңыз
- •66. «Қазақстан 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қр президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
- •67.Н.Назарбаевтын «Қазақстандық жол» еңбегіндегі негізгі идеяны ашыңыз
- •68.Қазақстан Президенті н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары қазақстандық арманға жол»мақаласы
- •69.Президенттің ел халқына жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,бәсекеге қабілетті экономика үшін,бәсекеге қабілетті халық үшін»және оның маңызы
- •70.Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Индустриялдық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы,оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары
- •71.2011 Жылгы 28 ақпандағы қ.Р Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Жеделдетілген экономикалық жаңару үдемелі инновациялық индустрияландыру Бағдарламасының жалғасы».
- •72.»Қазақстан-2020»стратегиялық жоспарының басымдықтары»
- •73.Экспо-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы
- •74.''Нұрлы жол-болашаққа жол''жаңа экономикалық саясаты
- •75.1999-2001Жж қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттереі
- •76.Тәуелсіз Қазақстан спортшыларының жетістіктерінің маңызын ашыңыз
- •77.2005-2010 Жылдардағы қр -ның білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •78.Инновациялық негіздегі жоғары білім беруді дамыту стратегиясының негізгі мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •79.Қакзақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасу міндеттеріне сәйкес ғылымның
- •80.''Нұрлы көш'' бағдарламасының негізгі мазмұнын ашыңыз
- •81.Президенттің «Интелектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның маңызы.Қазіргі білім беру моделі.
- •82.«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесі
- •83.Қр тілдер туралы заңы
- •84.Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы;Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына жиырма қадам»мақаласы
- •86.Президен жанындағы консультативтік және кеңесші орган Қазақстан халқы келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.
- •87.Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі.Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы.
- •88. Президент н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»
- •89. 2004 Жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы» заңы
- •91. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдықи саясаты
- •94 Жаңа Қазақстан-ол ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы дала мұрагері екендігін дәлелдеңіз
- •95.Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің негізгі мазмұнын ашыңыз.
- •96.Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша айту дәстүрінің ,шежіренің ,жазбаша тарихнаманың:м.Х.Дулатидың, қ.Қ.Жалаирдің аса көрнекті еңбектерін ашыңыз
- •Тарихи Рашиди
- •Жылнамалар жинағы[өңдеу]
- •97.Қазақ қоғамындағы батырлар мен билер институтының орнын ашып көрсетіңіз
- •99.Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде қазақ хандғының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және қазақ хандығынң қалыптасуының тарихи алғышарттарын негіздегіз
- •101.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама
7. Қазақ хандығының құрылуы 14-15ғғ. Қахақстан аумағындағы феодалдық мемлекеттердің саяси дамуының заңды нәтижесі
Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор. Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады...». Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген тайпалардың ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды. Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастьң оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды. 1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді). 2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің — Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді. 3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру. Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл одақ жоңғар тайшысы Амасанжының Моғолстанға және Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы шабуылдарынан біріге отырып қорғануға мүмкіндік берді. 1468-жылы қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты. Әбілхайыр хан өлгеннен соң өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. Әбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының нығаюына және оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды. Өзбек ұлысының үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың ішкі-сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Әбілхайыр ханмен билікке таласып келген Жошы ұрпақтары - Ахмет хан мен Махмұд хан, батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және Ноғай мырзалармен одақтаса отырып күрес жүргізді. Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза тапты. Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте Қазақ хандары Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті - Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XY-ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты. Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге дәмелі болды. Сыр бойы калалары үшін Қазақ хандары өте қажырлы қайрат жұмсады. Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани Түркістан аймағына келіп, Мұхаммед Мәзит Тарханды паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы — Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.
Қазақ хандығының құрылуы XIV – XV ғғ. Қазақстан аумағында ішкі әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің заңды нәтижелері болып табылды.XV ғ. ортасына қарай біртұтас тұрақты мемлекет қажет екендігі нақты түрде шыңына жетті, ол Қазақстанның қалыптасқан елдігінің этникалық аймағы мен тұрғындарының шаруашылық қызметінің ортақтығын қамтамасыз еткен болар еді.
XIV – XV ғғ. жергілікті халық мемлекеттілігінің дамуы Қазақстанның оңтүстігінде қалаларды, шаруашылықты және егін шаруашылығын біртіндеп қалпына келтіру негізінде, аймақта билік құрған Шыңғыс хан тұқымының қамқорлығымен болса да, жергілікті этникалық негізде феодалдық қарым-қатынастың дамуы жағдайында жүрді. Көптеген тайпаларды зорлықпен біріктірген монғол ұлыстарынан айырмасы — анағұрлым айқынырақ этникалық базаға негізделген мемлекеттілік орнады
Ақ орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай ордасы мемлекеттерінің құрылуы этникалық-біртекті феодалдық мемлекеттердің кейінгі генезисі үшін олардың — қазақ, ноғай, өзбек, ұйғыр елдігіне біршама тығыз бірігуіне жағдай жасады.
Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу және Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) кең байтақ аумағында әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің заңды нәтижелері болып табылды.
XIV — XV ғғ. көшпелі мал шаруашылығы, тұрғылықты егін шаруашылығы, қалалық және сауда-кәсіптік бағыттағы шаруашылық сияқты аралас экономикасы бар салалардың табиғи шоғырлануы негізінде біртұтас экономикалық аймақ құру аймақтың барлық жерін бір саяси құрылымға біріктіру жағдайын тудырды.
Көшпенді және тұрғылықты халықтың экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси байланыстарын нығайту қазақ рулары мен тайпаларының этникалық бірігуіне, елдіктің құрылуының аяқталуына ықпал етті. Осы жағдайлар шын мәнінде қазақ мемлекеттілігін құрудың нақты себептері мен шарттары болып табылды.
Қазақ халқының жіктік бытыраңқылығын, саяси бірікпеушілігін түрлі мемлекеттік бірлестіктерде игеру Жәнібек пен Керей (Гирей) есімдерімен байланысты. Олардың әулеттік мүдделері, басқа Шыңғыс тұқымымен дала билігі үшін шайқасы, текті ақсүйектерден, сондай-ақ қатардағы еңбекші-малшылардан, егіншілерден шыққан болса да, халықтың әлеуметтік топтарының мүдделеріне сәйкес келді. Олар халықтың тәуелсіз мемлекет құруға талпынысын нақты түрде бейнеледі.
Керей мен Жәнібектің ұлыс адамдарымен моғол ханы Есен-Бұғыны билеп алу мақсатында қоныс аудару кезі Хижра бойынша 864 ж. немесе 1459 (1460) ж. сәйкес келеді
Өзбек Ұлысында бөліну неден туды? Керей мен Жәнібектің қоныс аударған кезі, көшпенді өзбектер басшысы Әбілқайырға мемлекетті қалмақтардың ойранынан қалпына келтіруге тура келген жылдарға сай келеді.
Бұл тәртіп салық төлеуге және ондаған міндеткерлік алуға тиісті қарапайым көшпенділерге үлкен ауыртпалық болып түсті. Осының бәрі құзырындағы азаматтардың негізгі бөлігінің күрт наразылығын тудырды және соңғы нәтижесі көптеген мал шаруашылығы қауымының көрші жерлерге қоныс аудару есебінен мемлекет халқының азаюы болды. Осындай, Өзбек Ұлысы ханының саясатына наразы адамдардан тұратын қоғамның басында Орыс хан ұрпақтары – Керей мен Жәнібек тұрды.
Одан әрі оқиға барысы көрсеткендей, Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтанның Моғолстан шегіне кетуі, Өзбек Ұлысында соңында билікті тартып алуды ойластыратын өзінше стратегиялық шегіну болды.
Есен-Бұғы Моғолстанның батыс бөлігін, Есен-Бұғы мен оның ағасы Жүніс иеліктері арасындағы Шу алқабында Қозы-Басы облысына икта ретінде берді. Жүніс ағасын Темір тұқымы Әбу-Саид қолдады [3, 48-б.].
1462 ж. Есен-Бұғы қайтыс болады және оның орнына Жүніс хан бекіді, ол өзінің қызын Жәнібектің ұлына беріп, Кереймен және Жәнібекпен қарым-қатынасын нығайтты. Керей мен Жәнібектің жақтаушылары ретінде «өзбек-қазақтар» немесе тек «қазақтар» есімі бекітілді. Орыс хан ұрпақтары мен Моғолстан шағатайлықтары арасындағы дәстүрлі одақтың басы [1, 324-б.].
Орталық және Оңтүстік Қазақстан халқының сансыз ағылып келуіне, сонымен қатар кейбір жергілікті рулар мен тайпаларды қолдауына байланысты Керей мен Жәнібек өз қамқоршысының — моғол ханының қалауын орындаушылар ретінде ұзаққа бармады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің айқындауы бойынша, «қазақ сұлтандарының билік құра бастауы Хижраның 870 жылынан басталды» [15], бұл 1465/1466 жылдарға сәйкес келеді. Батыс Моғолстан аумағында Шу-Іле алқабында және шектес аудандарда Жәнібек пен Керей тәуелсіз қазақ хандығының негізін құрды.
Қоныс аудару XV ғ. 50-жылдарының ортасынан бастап 60-жылдардың соңына дейін бір жарым он жылдық ішінде жалғасты. Қоныс аудару процесі 1468 ж. Әбілқайыр қайтыс болып, оның мемлекеті күйрегеннен кейін күшейе түсті. Жәнібек пен Керей, Моғолстан аумағы шектерінде өз мемлекетін құрып, айтарлықтай әскери күшке ие болып, Жетісуда берік тыл жасап, Дешті-Қыпшақ билігі үшін, қазақтар қоныстанған барлық аумақтарды біріктіру үшін Әбілқайыр ұрпақтарымен шайқасқа кірісті [4,152-б.].
Қазақ хандығын құру сипаты бойынша күрделі және уақыты бойынша ұзақ көп аспектілі процесс болды, онда саяси процестер этникалық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени процестермен бір мезгілде дамыды.
Жаңа хандықтың құрылуы қарастырылып отырған дәуір үшін қарапайым формула бойынша жүрді, соған сәйкес ғасырдың ортасында мемлекеттер сол немесе басқа әулетпен бірге пайда болып, ыдырады. Керей жасының үлкендігіне қарай бірінші хан болып сайланды (1465 – 1472 ж.ж.). Жәнібек 1472 – 1480 жж. биледі, ол қайтыс болғаннан кейін Керейдің ұлы — Бұрындық сұлтан хан болды (1480 — 1511 жж.).
XVI ғасырдың басында қазақ иеленушілерінің сыртқы саясатының негізгі желісі Сырдария маңындағы қалаларды игеру болды, олардың Қазақ хандығының батыс және оңтүстік-шығыс шеттеріндегі көршілерімен қарым-қатынастары осы арқылы анықталды.
Қазақ хандығының Билеуші басшы топтары Орта Азияның көрші облыстарында саяси оқиғалардың орбитасына барған сайын көбірек тартылды.
Шайбанилықтармен, енді Мауреннахр билеушілерімен күресті жалғастырады.
Мұхаммед Шайбаниге және оның мұрагерлеріне өздері жаулап алған темірліктер мемлекетін, Орта Азияда Шайбанилықтар мемлекеті үшін, осының алдында ұзамай Шайбанидің өзі көшпелі өзбектерімен темірліктер үшін қандай қауіпті болса, осындай қауіп тудыратын өздерінің солтүстік тумаластарынан қорғауға тура келді.
Егер бұрын жошылықтардың екі тармағы мен олардың жақтаушыларының қақтығыстары Өзбек Ұлысында алауыздық тудырса, ал қазір бұл жік-жікке бөлінген тумаластар арасындағы шайқасқа айналды, олардың әрқайсысы белгілі бір аумақта тұрды және белгілі бір мемлекет құрамына енді. Осылайша, XVI ғасырдың басынан бастап Орыс хан мен Әбілқайыр хан ұрпақтары арасындағы өзара қарым-қатынаста жаңа кезең басталады – сахарада біріншілік орын үшін күрестің әулеттік әдісіне саяси-экономикалық әдіс қосылды, олар осы күреске бітіспес сипат береді
Шайбанилықтар Қазақ хандығының күшеюіне және Сырдария маңында қазақ билеушілерінің билігін бекітуге жол бермеуге тырысты.Сырдария маңы және Қаратау аудандары батыс Жетісуда қазақ хандарының иеліктеріне жақын болды. Сырдария маңы қалалары сахара аудандары тұрғындары үшін сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары болды. Олар Қазақстан аумағында бұдан бұрынғы мемлекеттік құрылымның әкімшілік-саяси орталықтары болып табылды. Сырдарияның төменгі және ортаншы ағысындағы жерлер қазақтың көшпенді тайпаларына құнды қыстық жайылым ретінде қажет болды
XV ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сығанақ, Сауран қалалары енді. Сырдария маңы оазистері бөлігінің Қазақ хандығына қосылуы елдерді тұтастай біріктіру бойынша қазақ хандарының жетістік көзі болып табылды.
Қазақстанның ұлттық құқығының қалыптасу тарихы қазақ мемлекеттігінің – Қазақ хандығының пайда болу кезеңіне байланысты. Осы уақытта қазақ қоғамындағы қатынас «адат» қарапайым құқық нормалары арқылы реттелді. Құқықтық (санкцияланған) дәстүр – құқықтың анағұрлым көне түрлерінің бірі. Құқықтық дәстүр – тәртіп ережесі, ол көп рет қайталануына қарай әдетке айналады, ұрпақтан ұрпаққа беріледі және мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қорғалады. Тарихта, рулық құрылыс дәстүрлері өзгеріп, біртіндеп санкцияланған дәстүрлерге көтерілген көптеген оқиғалар белгілі. Рулық құрылыс кезінде ең көп таралған дәстүрлер «талио» принципі болды. «Талиона» принципі (talio, talioni латын тілінен) күшіне қарай қылмысқа тең жаза дегенді білдіреді. Қылмыстық жауапкершіліктің осы принципі әрбір ерте кластық қоғамда болған, сонда жаза келтірілген залалға тура сәйкес келетін (қанға – қан, жанға — жан). Біртіндеп осы дәстүрлер айыппұлға ауысты, ал айыппұл қоғамның топтарға жіктелу шамасына қарай дифференциалданған сипат алды. Белгілі болғандай, қазақ қоғамында дәстүрлер құқықтың негізгі көзі ретінде қызмет етті. «Адат» 1206 ж. Шыңғысхан Онон өзенінің жанында қабылдаған монғолдардың «Ясы» кодификацияланған қарапайым құқығының кейбір нормаларын қабылдаған . «Ясы» – әскери, азаматтық, әкімшілік сияқты жағымды заңдардың, оларды орындамағаны үшін жазалар бекітілетін, жиынтығы болып табылады.
Қазақ хандығы XVI ғ. бірінші ширегінде, әсіресе 1511 – 1518 (1523) жж. билеген Қасым ханның тұсында ең жоғары қуатқа жетті. Нақты түрде ол Бұрындық кезінде де билей бастады.
Жәнібектің ұлы Қасым 1445 ж. шамасында туған. Ол әдет-ғұрпын құрметтеген нағыз дала перзенті ретінде үлкендерге бағынып, Бұрындыққа бас иетін. Ол туралы атақты сұлтандар мен даңқты бахадүрлердің бірі және Бұрындық ханның атты әскерінің жол басшысы ретінде айтты. XVI ғ. басына қарай Қасым сұлтанның билігі нығайды, Қасым хандықтағы нақты билік пен инициатива өзінің қолында екенін көргенмен, көреген саясаткер ретінде ол сақ болды, төзімділікпен күте білді
1510 ж. Мұхаммед Шайбани Қасымның әскерлерінен Сығанақ түбінде тас-талқан соққыға жығылды. Қираған және шашыраңқы өзбектердің қалғандары Самарқандқа қашты. Осы жылдың аяғында Мұхаммед Шайбани Иран шахымен шайқаста Мерв түбінде Қорасанда қаза табады.
Хандықтың екі беделді адамының бақталастығы қуатты сұлтанның жеңісімен және өз беделін жоғалтқан ханды қудалаумен аяқталды. 1511 жылдың күзінен бұрын Бұрындық хан маңайындағылардың тобымен Мауреннахрға кетті. Хандықтағы жоғарғы билік Жәнібек ұрпақтарына көшеді, олардың ішінде бірінші болып Қасым таққа отырды
Касым хан, замандастары Бинаи, Ибн-Рузбихан, Бабур, Мұхаммед Хайдардың айтулары ойынша жылқыларды жақсы көрген, олардың білгірі болған, әскери талантымен, жеке батылдығымен ерекшеленген. Олардың айтқандары негізінде жоғары адамгершілік қасиеттері бар, еліктеуге тұрарлық адам бейнесі құрылады.
Хан заманының ұлттық құқық эволюциясы Қасым хан есімімен байланысты. Халық аңызында, Қасым «Қасым ханның қасқа жолы» заң ережелерінің бірінші жинағын жасаған, бұл метафоралық мәнде тура, басты жолы дегенді білдіреді Нақ өзі қазақтарды бір хандыққа біріктіріп, оны нығайта алды. «Тарих-и Рашиди»-да: «Қасым хан барлық Дешті-Қыпшақты, өз билігіне қаратты, Жошы ханнан кейін ешкім бұлай істей алмаған. Мысалы, оның әскер саны мың-мыңдаған (миллион) адамнан асып кетті. Ақыр соңында, 924 (1518) жылдан кейін ол мәңгілікке кетті» Қасым хан қазақ аумағының ұлан байтақ даласына өзінің үстемдігін бекітті, Жетісудағы билігін нығайтты, батыста оның билігінің астына Ноғай ордасы рулары мен тайпаларының топтары қоныс аударды. Хандық шекаралары батыста Жайық өзені бойымен, оңтүстікте, Сайрам уалаятымен қоса, Сырдарияға дейін кеңейді, солтүстік пен солтүстік-шығыста Ұлытаудан және Балқаш көлінен ары алысқа созылып жатты. Алғаш рет монғолдар жеңісінен кейін Қазақстан аумағында барлық рулар мен тайпалар, оның ішінде Жетісу бір мемлекетке бірікті. Оның тұсында Қазақ мемлекеті туралы батыс елдер де хабардар болды. Қазақ хандығының Мәскеу мемлекетімен елшілік байланыстары басталды.
Қазақ қоғамында XV — XVII ғғ. азаматтық және қылмыстық құқық арасында шектеу болған жоқ. Қылмыс деген ұғым жаман іс, күнә ұғымымен бірігіп кеткен. Қылмыстық құқықта кек алу заңы – қанды кек болды. Көптеген жағдайларда қанды кек құнмен алмастырылды. Кейбір қылмыстар үшін айыппұлдар салынды.
Қасым, Хакназар, Есім және Тәуке хандар Қазақ хандығының ұлт тарихына баға жетпес үлес қосқан көрнекті мемлекеттік қайраткерлері. Қазақ мемлекеттілігінің нығаюы, Қазақ хандығының сыртқы саяси ұстанымын орталық азия аймағында халықаралық қатынастар жүйесінде бекіту олардың есімдерімен байланысты. Халық арасында бүгінгі күнге дейін оларға, қазақтарды біріктіре, мемлекетті қаупсіздендіре және заң мен тәртіптің басымдығын бекіте алған мемлекеттік қайраткерлер ретінде ерекше құрмет сақталған.
