Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауап 1-101.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

53.Кеңес одағының ыдырауы.Тмд-ның құрылуы.Мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңның қабылдануы.

1991жылдың желтоқсаны ірі саяси оқиғаларға толы болды.Олардың ең бастысы КСРО-ның ыдырауы еді.Желтоқсанның 8-і күні Минскіде бас қосқан 3 славян мемле-нің басшылары өзара келісіп, 1992 жылғы КСРО-ны құру туралы шарттың өз күшін жойғанын жариялады.Беларусь, Ресей, Украина 1922 жылғы Одақтық шартқа қол қоюшы, яғни КСР Одағының халықаралық субъектісі ретінде және геосаяси ақиқат тұрғысынан өзінің өмірінің өмір сүруін тоқтатқандығын мәлімдейміз деді.Қол қоюшылар дайындаған бұл құжатта КСРО заңдарының күшін жойғандығы, одақтық органдар-ң жұмысын тоқтатқандығы да атап көрсетілді.1991ж 13 желтоқсанда Ашхабадта Орта Азия республикалары мен Қазақс-ң жетекшілері бас қосты. Олар Минскіде қабылданған шешімдерді жақтайтындықтарын білдірді.Осылайша дүниежүзіндегі аса ірі отаршыл империялардың соңғысы-Кеңес Одағы құлады.Соның нәтижесінде АРМЕНИЯ, ӘЗІРБАЙЖАН БЕЛАРУСЬ ГРУЗИЯ ҚАЗАҚСТАН ЛАТВИЯ ЛИТВА МОЛДОВА ӨЗБЕКСТАН ТӘЖІКСТАН УКРАИНА ЭСТОНИЯ мемлекеттері ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жеткізді. ТМД-ның құрылуы. Бұрын КСРО құрамында болған, кейін өздерінің тәуелсіздіктерін жариялаған республикалар- АРМЕНИЯ, ӘЗІРБАЙЖАН, БЕЛАРУСЬ, ҚАЗАҚСТАН , ҚЫРҒЫЗСТАН, РФ ,МОЛДОВА ,ӨЗБЕКСТАН ,ТӘЖІКСТАН, УКРАИНА басшылары Алматыда бас қосты. 21 желтоқсан күні аталған тәуелсіз мемлекеттердің жетекшілері тәуелсіз мемлекеттердің жаңа ұйымын құрғандары туралы хаттамаға қол қойды.Бұл жолы одақ сөзі достастық сөзімен алмастырылды.Алматыдағы кездесудің нәтижесінде ТМД дүние келді. Кеңес Одағы өмір сүруін тоқтатып, ресми құжатта айтылғандай «АРМЕНИЯ, ӘЗІРБАЙЖАН, БЕЛАРУСЬ, ҚАЗАҚСТАН , ҚЫРҒЫЗСТАН, РФ ,МОЛДОВА ,ӨЗБЕКСТАН ,ТӘЖІКСТАН, УКРАИНА РЕСПУБЛИКАЛАРЫ тең құқылы негізде және жоғары дәрежеде Келісуші ретінде ТМД-ғын құрды.» Хаттамаға аталған Республикалардың басшылары қол қойды.

1991 жылдың соңына қарай Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялауға болатын қолайлы жағдай қалыптасты.Дүгниежүзіндегі және бұрынғы КСРО-дағы саяси ахуал 1991 жылғы тамыз бүлігі және оны ұйымдастырушылардың бүлігі оны ұйымдастырушылардың жеңілуі, КСРО ның өмір сүруін тоқтатқандығы ТМД құрылуы осының бәрі Қазақстанның да тәуелсіздігің жариялануын тездетті.1991ж 16 желтоқсанда « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР-ның Конституциялық заңы қабылданды.ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

54.Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту. Ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктері мен олардың қайшылықты сипаты.

Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғаммен мемлекет құрылымындағы күрделіқұбылыс – тіл мәселесі болып табыладыүТіл ұлттық негізгі белгісі ретінде халықтық болмыс-бітімнің сақталуында шешуші рөл атқарды, оның рухани мәдениітінің бір бөлігі болып табылады, сондықтанда тіл өзіне деген құрметті талап етеді. Қазақ тілінде іс жүргізу мәселесін сөз еткенде, тағы да тарихқа тереңірек үңілуге туралы келеді. Бұл мәселе сонау 1920-30 жылдары оңды шешіліп, бірқатар тәжірибе жинақталғаны белгілі жайт. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы мен Халық Комиссарлары Кеңесі сол жылдарда конституциялық нормаларға сәйкес қазақ тілінде іс жүргізудің қалыптасуы мен дамуына жәрдемдесетін бірқатар қаулылар қабылдады: Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1921 жылғы 2 ақпандағы «Қазақ және орыс тілдерін республикалық мемлекеттік мекемелерінде қолдану туралы» декреті, 1923 жылғы 20 қарашадағы «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декреті қазақ тілінде іс жүргізудің алғашқы заңды құжаттары болды. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті КСРО Орталық Атқару Комитеті Ұлттар Кеңесі Төралқасының 1927 жылғы 26 тамыздағы мәжілісінде жасаған «Республика мемлекеттік аппаратын тұрғылықтандыру туралы» баяндамасында қазақ тілінде іс жүргізудің республикадағы жайын әңгімелеп, оны одақтық деңгейде мәселе етіп көтерді. Қазақ тілінде іс жүргізуді республикалық деңгейде дұрыс шешу мәселесі Қазақ өлкелік партия комитетінің 1929 жылы 11-16 желтоқсанда өткен V Пленумында қаралып, қаулы-қарарында ерекше көңіл бөлінді /2/. Алайда, ХХ ғасырдың 20-жылдары ортасынан бастап халықтардың тең құқықтығының принциптері, КСРО-дағы ұлттардың өз мәдениеті мен тілін дамыту құқығы шектеле бастады. Тіл саясаты өрескел бұрмаланып, оның орнына Сталиннің ұлттарды ұлттық рухани қазынасынан айыруды көздейтін «біртұтас кеңес халқын жасау» саясаты орнықты. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті халықтың және Кеңес Одағында, соның ішінде қазіргі Қазақстан Республикасында тұратын ұлттық топтардың мүдделері ескерілмей жүргізілді. Заңсыздық пен зорлық-зомбылық көп ұлтты мәдениетке орасан зор нұқсан келтірді, мұндай келеңсіздікке қарсылық білдірген зиялы азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады, көбісі ату жазасына кесілді. Тіл мәселесінің мемлекеттік деңгейде талқыға түсіп, жұртшылық арасында жаппай саяси тақырыпқа айналуы республика көлемінде қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тануға себеп болды. Осы талаптар мен ұсыныстар нәтижесінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақ ССР-інің Тіл туралы заңын қабылданды.1920-1930 жылдар Қазақстан ғылым-ң қалыптасқан кезеңі болды.Өлкенің тарихы. Этнологиясы экономикасы зерттеле бастады және жаратылыстану ғылымының ірі орталықтары пайда болды. Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылып, оның секциялары-ң жұмысына Асфендияров,Затаевич , Қ.Жұбанов , А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов М.Жолдыбаев және басқа көрнеекті ғалымдар атсалысты.1935 жылы Геология және тарих секторлары құрылы.1932 жылы КСРО ғылым акадмиясын Қазақстанда құру жағдайы жасалды.ХХ басында қазақ әдебиеті жаңа сапалық деңгейге көтерілді.Азғана тарихи уақыт ішінде 200-ге жуық кітап жарық көрді.Орыс жазушыларының шығармалары аударылды.Бұрын соңды қазақ әдебиетінде болмаған жанрлар-романдар повестер новеллалар п.б Кеңес билігінің орнауы коммунистік идеологияға сай көркемөнердің орнығуына жол ашып берді.Орынборда Семейде Оралда Ақмолада және басқа қалаларда клубтар, халық үйлері, драма,театрлар п.б 1926 ж қаңтарда Қызылорда республикада алғашқы қазақ ұлттық театрі ашылды.Алғашқы премьералар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» «Абай» Мүсірепоовтиың «Қозы көрпеш –Баян сұлу» спектакльдерімен ашылды.Қазақ драма театры аз уақыт ішінде маңызаралық жетістіктерге жетті.1937 академиялық драма театры болып қайта құрылды.1933 ж Алматыда ұйғыр музыкалы театрі , 1937 жылы Қызылорда дада корей театрі,Шымкентте өзбек,Петропавлде татар театрі бой көтерді.1935 жылы Қазақ мемлекеттік филормониясы құрылды.Оны композитор Ахмет Жұбанов басқарды.Сонымен қатар опера және балет театрі , Бейнелеу, Кино өнері .Қазақ ұлттық кино өнерінің алғашқы туындыссы «Амангелді» көркем фильмі 1938 «Ленфильм» киностудиясында түсірілді. Партиялық-мемлекеттік құрылым қызметінің 70-80-жж. басындағы өзекті бағыты бұрынғыша ұлтшылдыққа, жершілдіктің көріністеріне және патриархалдық құрылысты дәріптеуге қарсы күрес болды. Өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Өмір сүріп тұрған жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын әдебиет пен өнер шығармаларында бейнелеген интеллигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Мысалы, ақын О.Сүлейменовтың “АзиЯ” деген талантты кітабы осындай қасіретке ұшырады. О.Сүлейменовтың оппоненттері “Молодая гвардия”, “Москва”, “Звезда” және басқа журналдардағы мақалаларында кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмән келтірді. Ол ұлтшылдық, пантюркистік шығарма және орысқа қарсы деп айыпталды. 55.ҚР- ның қазіргі кезеңдегі сыртқы саясаты.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.

Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.