Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
раным - Алаш 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1. Қалай санасаңда Қазақстанда европалық тұрғындар басым (орыстар – 54 %, қазақтар – 46%).

2. Қазақстанның ркп(б) ұйымдарындағы қазақтар 6% (568 адам) ғана. Оның үстіне қазақ коммунистері бытыраңқы, дербес қазақ ұйымдары жоқ...

Қазақстандағы жағдай мені мынаған сендіреді: партия-кеңес мамандарының бұдан әрі қарай қожырауын тоқтатып, түбірлі өзгеріс жасау үшін тоқырауды тоқтатып, РКП(б) Орталық комитетінің өзі тікелей партиялық режим орнатып, мұндай жағдайдан шығу үшін төтенше шара қолдануға дейін баруы тиіс, төменнен көрсетілетін қарсылыққа қарамастан тоқыраудың тұйығынан шығудың жолын іздестіру керек. Осы бағытта Орталық комитетке мынадай ұсыныс жасаймын:

Қазақ обкомын таратып, бір жыл мерзімге БКП(б) ОК-нің уақытша бюросын құру қажет, оған Қазақстандағы партия құрылысы мен оны ұйымдастыруды аяқтау міндеті тапсырылады.

Тез арада Қазақ республикасының орталығын Шымкент қаласына ауыстыру керек, басқару тұрғысынан алғанда Қазақ республикасын үш: шығыс, батыс және оңтүстік әкімшілік-шаруашылық облыстарына бөлу қажет...».

Ол 1924 жылы 29 желтоқсанда жазылған бұл ұсынысты Түркістан мен Қазақстанның арасындағы межелеу жұмыстары жаңадан жүргізіліп жатқан кезде Сталинге жолдаған. Ал Голощекин мұны 1927 жылы «жаңа пікір» ретінде жариялап, халықтың назарын өзіне аударды. Бұл үш жылдың ішінде ол мәселелердің біразы күшін жойып, біразы ішінара шешіліп, біразы ескіріп кеткен болатын. Қазақ обкомы Қазақ өлкелік орталық партия комитеті боп өзгерді. Астана Қызылордаға, одан Алматыға ауысты. Бірақта Рысқұлов пен Қожановтың арасындағы таласты Голощекин бақталастыққа көтеріп, оған ұлтшылдық сыпат берді. Құжаттарға қарағанда екеуі де бір-бірін оңдырмай сүріндірген. Шындап келсе, мұның астарында талай-талай «шылыққа» малынған қоя жатыр еді (Біз тек тергеуге қатысты пікірлерді ғана іріктеп ұсынғанымызды ескерте кетеміз).

Әрине, тарихи оқиғаларды өрескел бұрмалап айту Қужақ үшін де, Қужақтың нұсқауына бейімделген тергеушілер үшін де пәлендей қиындыққа соққан жоқ. Әрбір әшкерелеуші мақала жарияланған сайын:

«Біз өз жауларымыздың көзін тек күшпен ғана жоймаймыз, керісінше, идеямыз арқылы көбірек жаулап аламыз», – деп «жасасындатып» (М.Әуезов) түсініктеме берді.

Ал «идеологияға негiзделген қоғам... өзiнiң көздегенiмен үйлеспейтiн көзқарастың барлығын «дұшпандық әрекет» (Ясперс) деп бағалады. Бұл жөнiнен алғанда кеңес өкiметi кез-келген тираннан асып түстi.

Мұндай қастандық психологиясын Ясперс «тек қана мойындамауға (отрицание) құрылған өмiр» деп баға бердi. Оның пайымдауынша:

«Өмiрге құштарлықтың негiзi – сенiм екендiгiнен бас тартқан кезден бастап тоңмойын мойынсынбау басталды. Өзiңе-өзiңнiң көңiлiң толмаған сәттен бастап-ақ өзгенi кiнәлайсың, әйтеуiр сенен өзге бiреу кiнәлi болуға тиiстi, соны iздейсiң. Егер түкке түсiнбейтiн кеще кiсi болса, онда бәріне қарсы шығады. Барлық пәле – жаланы әйтеуiр бiр нәрседен – тарихи құрылымнан, толық танылмаған теориялық заңдылықтан көредi: бәрiне кiнәлi – капитализм, либерализм, марксизм, христиан дiнi және тағы да басқа ағымдар, – деп түсiнедi, қарсылық көрсете алмағандардың iшiнде белгiлi бiр топтар болуы мүмкiн, солар соқыртекенiң күйiн кешедi – ақыры бәрiне – еврейлер, немiстер немесе сол сияқты тағы бiр топтар кiнәлi болып шыға келедi».

Сталин де, оның жандайшабы Голощекин де, сондай «ештеңені мойынсұнбайтын тоңмойын», «өзінің көңілі толмағанның бәріне қарсы шығатын», «пәле-жаланы» әуелі «капитализмнен», «имперализмнен», буржуазиядан, либерализмнен, кейіннен ұлтшылдықтан, тап жауынан, интеллигенциядан, ақыр соңында большевиктердің ішінен шыққан халық жауларынан көрген «соқыр текелер» еді. Аймақтағы большевиктер де тура осындай қаскүнем психологияның толыққанды мойынсұнбас можантопайларына айналды.

Тұтас ұлтты қақ жарып, бiрiн-бiрiне қырғызды. Таптық санамен таптатты. Оған аз ұлттарды желiктiрiп, ақыры жерiне жеттi. Ендi өздерi қанқұйлы етiп көзi қанталаған жарымжан ұлт өкiлдерiнiң өзiн мәңгүрттенуген мәжбүр еттi. Басты мақсат: олардың санасындағы дербес ұлт деген ұғымды мүлдем өшiруге кiрiстi.

Голощекиннiң сол жылдардағы жаппай жазалау саясаты тiкелей осындай адамдардың дайындаған әшкерелеушi құжаттары мен баяндамалары, мәлiметтерi мен кеңестерi арқылы жүзеге асты. Соның нәтижесінде бір жылдың ішінде ұлттық интеллигенцияға деген ерекше өшпенділік сезімді қалыптасты.

Қазақ тiлiн бiлмейтiн, астанадағы үкiмет үйiнен аттап шықпаған, қазақ мәдениетi мен тарихынан, ғылымынан, саяси экономикасынан мақұрым шаян Шаяның тiлiне интеллигенттерге қарсы «идеологиялық у» жинап берген осы дәбiрлер едi. Олар:

«Ұлы iс – ұлы құрбандықты қажет етедi», – деген қазақстандық теорияны ойлап тапты.

Сөйтіп, бұрынғы ұлтшыл деген саяси желеу жайына қалды.

Ендi тiкелей ұлттың өзiне шабуылға көштi. Басты мақсат: олардың санасындағы дербес ұлт деген ұғымды мүлдем өшiруге, «ел билеген кемелдердiң» көзiн жою арқылы Ұлттық сананы жоюға шақырды. Саясаттың ағаш Атына теріс мінген Голощекин өзінің «шалған құрбандығына» өзі масаттанып:

«Топшылдарға жағдай жасау пиғылы әлi тоқтаған жоқ, олардың кәрi көсемдерi әлi де тiрi, оларды әлi де жер көтерiп тұр… Енді кез-келген топтың көсемi өлкелiк комитетке қарсы сөйлеп көрсiншi, олар бiр жетiнiң iшiнде жермен-жексен етiлетiн болады», – деп атой салды.

Демек, сол кезде тірі жүрген «қазақтың ұлтшыл-буржуазияшыл интеллигенциясынан» Сталин секем алған, ал Голощекин тікелей қауіптенген.

Сонда большевиктердің қауіптеніп отырған ең басты мәселесі не? Он жылдан кейін де Сталин ұмытпайтындай, әлі де қауіптенетіндей кеңес өкіметі мен «Алашорда» үкіметінің арасында шешілмеген қандай мәселе бар?

Ол – «Россия халықтары праволарының декларациясы» мен тұлғалардың азаматтық ұстанымы болатын. Сол Декларацияға кеңес өкіметі атынан қол қойған Сталин де, «Алашорда» үкіметінің атынан қол қойған «қазақтың ұлтшыл-буржуазиясының өкілі» Ахмет Байтұрсынов та бұл кезде тірі еді. Сталин «федерация мәселесi – демократияның мүддесiн қанағаттандырмайды» деп бас тартты, ал Байтұрсынов бұған мойынсұнбай үкімет құрамынан отставкаға кетті. Голощекин: «олардың кәрi көсемдерi әлi де тiрi, оларды әлi де жер көтерiп тұр», – деп өкіне сес көрсеткен екі «ұлтшыл-буржуазияшыл интеллигенцияның» бірі – А.Байтұрсынов, екіншісі Ә. Бөкейханов еді.

Ал жоғарыда аталған «құрбандықтар», яғни, Голощекин айтқан «әлi де жер басып жүрген ұлтшылардың кәрi көсемдерi» – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Халел Ғаббасов, Халел және Жаhанша Досмұхамедовтер, Мұхамеджан Тынышбаев еді. Олардың кеңес өкiметi мен қазақ ұлтының һас дұшпаны екендiгiн әшкерелеп, жексұрын етiп көрсетудi Ораз Исаев өз мiндетiне алды. Ол сол тұстағы аймақтық комитеттiң Бочагов, Мартыненко, Шафиро, Брайнин iспеттi идеологтары мен тарихшыларына шұғыл түрде тапсырма бердi.

Деректерi бұрмалаған, кей тұстары қасақана қате аударылған, тек қана әшкерелеушi құжаттар ғана жинақталған «Алашорда» атты үш кiтап бiрiнен соң бiрi жарық көрдi. Кiтапты «өңдеп», алғы сөзiн жазған – Ораз Исаевтiң өзi едi. Мұны Бочаговтiң естелiгi толық растайды. Осы үш жинақтағы құжаттар „Алаш” партиясы мен „Алашорда” үкіметінің мүшелеріне басты айыптау айғағы әрі бейресми нұсқау-үкім ретінде басшылыққа алынды.

Тергеу орындары өзiнiң iс-әрекетiнiң бағыт-бағдарын анықтап, тиiстi нұсқау алған соң, ендi қалайда сол айыпты дәлелдеп шығу үшiн жанталасты. Бұл орайда баспасөз басты әшкерелеуші құралға, тыңшылыққа негізделген өкіметтің «құлағы мен көзіне» айналды. Газеттер мен журналдарда, кітапшаларда:

«Ұлтшыл коммунистер мен партияда жоқ ұлтшылдардың:

«ақгвардияшыл казактармен, контрреволюцияшыл генерал Колчактың армиясымен бірігіп кеңес өкiметiне қарсы ашық күрескен тұсындағы мәліметтер,

кейiннен контрреволюциялық армия мен үкiметке кешiрiм жасалғаннан соң да контрреволюциялық ұйымның ұйытқысы болған кезіндегі мағлұматтар;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]