- •«Орынбор р.К.П (большевиктер) комитетіне жолдас Ахмет Байтұрсыновтың мәлімдемесі.
- •1. Адамзаттың барлық езгіге ұшыраған бөлігімен, яғни әлемдік революциямен, әлемдік федерациямен бірге азаттық алғанда ғана, қазақ халқы бақытқа бөленеді.
- •2) Сондай-ақ орталықтың өкілдері мен тұрғындардың арасында өзара сенімнің жоқтығында.
- •1. Ресейдегi ұлттық республикалар мен автономиялардың құрылымын анықтау және ұлттық республикалардың Ресейден бөлiнiп шығу құқының кепiлдiгiн бекiту.
- •3. Қыр елінің мұқтаждығы 3. Кцик пен кснк құрамын сайлағанда
- •4. Кейбір аса мүдделі және 4. Орталық мекемелердегі съездің
- •5. Жергілікті халық өкілдері партия,
- •6. Партия қатарын тазалау жөніндегі
- •Жиналыс төрағасы – м.Әуезов. Хатшысы – ә.Байділдин».
- •1. Қазақ қызметкерлерiн осы жұмысқа тарту және оларды тиiмдi пайдалану, сондай-ақ Түркiстан Республикасына қоныс аударған қазақ қызметкерлерiн керi қайтарудың амалын қарастыру.
- •1. Ауылдардың тiкелей өзiмен араласа отырып, олардың мұқтаждықтарын анықтайтын бұл саладағы мiндеттi атқаратын қызметкерлер жоқ.
- •1. Қазақ қызметкерлерiн осы жұмысқа тарту және олардың күшiн пайдалану туралы Алманов жолдас баяндама жасады.
- •1. Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек көрсетудi ұйымдастыру туралы Әуезов жолдастың баяндамасын тыңдағаннан кейiн жауапты қазақ қызметкерлерiнiң кеңесi мынаны атап өтедi:
- •1. Комиссия ҚазЦик бекiткен ерекше ереже бойынша жұмыс iстейдi және өзiнiң барлық жұмысын Обком мен ҚазЦик арқылы жүргiзедi.
- •1) Патша өкiметi де кезінде ашаршылықпен күреспедi.
- •2) Қазақ даласы мен қазақтар үшiн жұт – табиғат сыйы. Қазақтардың ашаршылыққа етi үйренiп қалған.
- •1921 Жылдың наурыз айының соңындағы мәлiмет.
- •1. Қалай санасаңда Қазақстанда европалық тұрғындар басым (орыстар – 54 %, қазақтар – 46%).
- •2. Қазақстанның ркп(б) ұйымдарындағы қазақтар 6% (568 адам) ғана. Оның үстіне қазақ коммунистері бытыраңқы, дербес қазақ ұйымдары жоқ...
- •1921-1922 Жылдары Орынбор мен Ташкентте кеңес өкiметiн құлату үшiн құрылған астыртын контрреволюциялық ұйымның хаттамалары;
- •23/Х – 27 ж. М. Төлепов».
- •2. Маған тағы да мынадай (тергеушінің ауызекі әңгімесі бойынша, әйтпесе, жазба құжаттарды мен көргемін жоқ) айыптар тағыпты:
- •9.І. 1929 жыл. Қызылорда».
- •25/І-29 жыл Халел Ғаббасов (қолы қойылған)».
- •Протокол
- •1928 Жыл, 17 желтоқсан.
- •Бауырым Дінше!
- •Валидовпен арадағы хат туралы сұраған тергеушілерге ә.Бөкейханов:
- •Жоғарғы сот «тергеудiң стенограммасы ғана сақталған» деп неге ерекше ескертiп отыр?
- •Еліне барған соң Шымбурынның шыңырауының суық суын қанып ішті ме, жоқ па, кім білсін, бірақ байыз таба алмай тағы да жолға шығыпты.
- •Міне, «Алашорда қайраткерлерінің» үстiнен қозғалған „қылмыстың”, яғни, лақап – аңыздың ұзын-ырғасы мен мән-мазмұны осындай.
- •1.Труппаңыздың жобасы (положение).
- •2.Қазақша жасатқан декорацияларыңыздың формасы (описание), киіз қазақ үйінің жасалмасы.
- •3.Осы күнге шейін іштеген театр іштеріңіздің есебін (отчет) бір формасы (копия)
- •1. Кеңес өкiметiн құлату үшiн құпия ұйым құрған.
- •2. Англиямен астыртын байланысып, ағылшын әскерi Қазақстанға басып кiре қалған жағдайда қырда көтерiлiс ұйымдастыруды жоспарлаған.
- •Саналы алаш!
- •«Қымбатты Манаш Қозыбаев!
- •«Құрметті Қорған!
- •5. Дамолла Битілеуов
- •6. Кәрім Жәленов
- •«Қаулы.
- •1929 Жыл, ақпанның 10 күні, Қызылорда қаласы.
- •27 Мамыр (май) 1929 жыл.
- •7. Ғазымбек Бірімжанов
- •8. Ахмед-Сафа Юсупов
- •9. Хайретдин Болғанбаев
- •10. Асқар Дулатов және Басқалар...
- •1. Бұл топты Оспан Бөлтіріков басқарады, оның әкесі бұрын 30 жыл болыс болған, патшаға адал қызмет еткені үшін шен-шекпен алыпты.
- •11. Тілшелер
- •Ардақты Жақа!
- •Шырақ Мадиярым!
- •Қазақ сср Жоғары сотының: «Жүргізілген тергеу жұмыстарының ішінде қарулы көтерілісті дайындағандықтарын дәлелдейтін бірде-бір нақты дерек табылмады», – деген анықтамасына алып-қосар-пікіріміз жоқ.
- •32 Жыл, декабрьдің 31-і.
- •(Қорытындының орнына)
- •Мазмұны
(Қорытындының орнына)
«Алашорда ісіне” қатысты адамдардың кейінгі тағдырлары әрқалай “қалыптасты”. Бірақ олардың барлығы да өз өмірлерін түрмеде аяқтады. Мысалы, Ахмет Байтұрсынов 1930 жылы 4 сәуірде ату жазасына кесіліп, ол жаза он жылға жер аударылумен алмастырылды. Мағжан Жұмабаев пен Ахмет Байтұрсынов Беломор-Каналда айдауда болып, Қызыл Крест қоғамының көмегімен 1934-1935 жылдары Алматыға қайтып оралды. Арада екі жыл өтісімен, 1937 жылы қарашада Ахмет Байтұрсынов НКВД-ның Алматы облыстық басқармасы коллегиясының шешімімен қамаққа алынды. “Қайда апарасыңдар?”, – деген әйелі Бадрисаның сұрағына жылдам қимылдайтын, аласа бойлы қара жігіт: “О дүниеге”, – деп жауап беріпті. “Жылтыр қараның” бұл сөзіне қарағанда, А.Байтұрсыновқа алдын-ала үкім шығарылып қойылған. 25 ноябрь күні “үштіктің” қаулысы қабылданып, екінші рет ату жазасына кесілді.
Он үш күннен кейін, яғни, 1937 жылы 8 желтоқсан күні үкім орындалды. Тағылған айып мынадай:
«Байтұрсынов 1921 жылы Орынбор қаласында Валидовпен байланыс жасап, жасырын контрреволюциялық ұйым ашты, қылмысты жазасын өтеп келгеннен кейін, 1937 жылы Алматы қаласында әшкереленген тағы бір контрреволюциялық Түрік халық партиясының белсенді мүшесі Ғ.Қабдалиевамен байланыс жасағаны үшін айыпталды».
Жоғары соттың А.Байтұрсыновты ақтау туралы анықтамасынан: «Байтұрсынов өзін қылмыстымын деп есептемеді. Қазақ ағарту институтының төрағасы ретінде Совет өкіметінің кейбір шараларының жүзеге асырылуына қарсы пікір айтқанымен, қандай да бір контрреволюциялық партиямен байланыс жасамағанын мәлімдеді. Оның ішінде, қазақ әрпін латын қарпіне көшіру мәселесі жөнінде көзқарас алшақтығы болды.
Бұдан әрі ол мынаны баяндады: 1937 жылы мұның пәтеріне бейтаныс әйел келіп, Жапонияға байланысты қайдағы бір саяси ісі үшін күйеуінің түрмеге қамалғанын хабарлайды. Бұл әйелге: өзінің саяси іспен айналыспайтынын, егер де Жапонияның Совет өкіметімен соғысқысы келсе, оны қазақтардан сұрамайтынын айтады.
Ал Ғ.Қабдалиева өз сөзінде: күйеуі Әбікеевпен бірге қылмысты жауапкершілікке тартылған Қисаевтың ұсынысы бойынша, ақыл-кеңес сұрау үшін Байтұрсыновқа келген. Соңғы адам (Байтұрсынов) оған: ондай істен шеттеп кеткенін, бұл жөнінде ешқандай да жөн-жоба көрсете алмайтынын білдіреді.
Бұдан өзге, Байтұрсынов контрреволюциялық ұйыммен байланыс жасады-мыс дейтіндей дәлелді айғақ жоқ».
Тергеуші адам оны жауапқа тартатындай себеп те іздемеген және ол жөнінде сұрақ-жауап та алмаған. Ғ.Қабдалиева деген азаматша қайдан пайда болды? Шынымен, тағдырдың тезіне ұшырап, жары үшін жанталаса әділдік іздеген әйел ме? Әлде Ахмет Байтұрсыновты арандату үшін қасақана онымен кездесугі барған адам ба? Мұндай күдікті сұрақтардың қойылуы заңды да еді.
Сонымен, мен жоғарғы соттың «ақтау қорытындысы» негізінде мақала жазып, газеттке ұсындым. Алайда, осы мағлұмат жарияланысымен, актриса Римма Қабдалиева маған хабарласып, өзінің осы басылымда айтылған Ғайнижамал Қабдалиеваның қызы екендігін, анасымен жолығуымды өтінді. Жетпістен асқан кейуананың әңгімесін тыңдап отырып, төбе құйқам шымырлады.
Ғайнижамал Қабдалиеваның әңгімесі:
– Мен 1911 жылы Жаркент уезінің Қоңырөлең атты қойнауында дүниеге келдім. Арабша сауат алдым. 1927 жылы комсомолға өттім. 1928 жылы аудандық әйелдер бөлімінің бастығы Бану Әбдірахманованың көмегімен қызметке іліндім. Сонда жүріп аудандық партия комитетінің бірінші секретары Дайыр Әбікеевке тұрмысқа шықтым. Осы жайды сол кездегі ҚазПи-дің оқытушысы Бүркітбаев деген кісі «Социалды Қазақстан» газетіне сықақ етіп жазып, Қабдалидің ерке қызын бірінші хатшы алып отыр» – деп сөкті. Сөйтсем, Дайырға іштей қызғанышты екен. 1929 жылы Дайыр Алматыға шақырылып, Қарғалы шұға комбинатының директоры болып бекітілді. ҚазПИ-ге оқуға түсті. Сонымен қатар Алматы обкомының кадр бөлімінің меңгерушісі қызметін қоса атқарды. Өзімен қатар оқыған Ясыл Боранбаев пен және бір досы жасырын тыңшылық етіп, 1932 жылы 25 декабрьде ұсталды. Ұсталуының себебі мынадай.
Өздеріңіз білесіздер, отыз екінші жылы ашаршылық елді қызыл қырғынға батырып кетті ғой. Мен онда Түрксибтің политтехникумында оқитынмын. Көшенің екі жағында бұралып, ыңырсып жатқан аштарды көрмес үшін басымызды бүркеп өтеміз. Отыз екінші жылдың қысында тіпті қиын болды. Таңертең базардың маңындағы техникумға бара жатқанда аш адамдар қарағашты ыңырси құшақтап тұрады да етпетінен құлайды. Жатып-жатып тағы тұрады. Тағы құлайды. Соларды аттап әзер жүресің. Ол кезде түнгі сағат он екіге дейін жиналыс таусылмайды. Сонда түнде екі-үш кісі көшеде шанамен жүріп, әлгілерді аяқ-қолынан ұстап тұрып машинаға лақтырады. Әлгілер машинаға, не шанаға салғанда бұлардың қайда апара жатқанын біліп, шыңғырып бар даусымен бақырады. Оған кім қарайды. Машинадан қалғандарын арбаға салып, сайға қарай домалатып жібереді. Сонда тірідей ыңырсып жатып, аязға үсіп өледі.
Алматыны аштардан сөйтіп тазалайтын.
Менің күйеуім сол кезде қатты ашынып, өзінің сенетін достарын үйге жиып алды. Мен шай апарып бергенімде оның: «Біз қазақтың бас көтерер азаматымыз. Мына тіршілігіміз қорлық. Не осылармен бірге өлуіміз керек, не оларды құтқарып қалуымыз керек. Ашаршылықтан арашалап алайық» – деген сөзін естіп қалдым. Ол мені көрді де: «Енді өзіміз құйып ішеміз. Және үйге келмей-ақ қой. Өзім іздеп барамын» – деп техникумға қайтарып жіберді. Содан көп ұзамай күйеуім Дайыр Әбікеев ұсталды. Достары сатты.
Голощекин кетіп, Мирзоян келген соң аштарды құтқаратын жасақ құрды. Шатыр тіктірді. Шіркеудің ішіне орналастырды. Қалалық комсомол комитеті бізді соларды күтуге жіберді. Моншаға түсіреміз, киімін тазалаймыз. Сонда қолыңдағы нанды тартып бірден аузына тығады да бірден өліп кетеді. Ал, аш өзегіне түспес үшін там-тұмдап беру қажет. Шыдамдылары тірі қалды. Олар аяқтарын басуға жараған соң әлгілерге жұмыс іздейміз. Оның үстіне Алматыға сүзек ауруы келді.
Менің де қалім нашарлады. «Жаудың әйелі» деп оқудан шығарды. Еш жерге алмады. Ақыры балалар үйіне тәрбиешілікке жіберді. Аш-арық балалар. Күніне қаншасы өліп жатады. Оларды арбаға тиеп, қаланың сыртына апарып лақтырып жатады. Енем бар. Кәрі әжем сол жылы қайтыс болды. Сол кезде жаңа әліппе комитеті құрылып, С.Меңдешев соның бастығы болды. Комитеттің мүшелері: С.Сейфуллин, Т.Шонанов, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов /жауапты хатшы/. Мен С.Меңдешев ағайға барып, өзіне жұмысқа алуын өтіндім. Ол кісі жағдайымды түсініп, іс жүргізуші етіп алды. Ал 1934 жылы педтехникумға оқуға жіберді.
Арада бір жыл өтті. Күйеуім жатқан түрмеге бардым. Ол бір жолдасы арқылы Ахмет Байтұрсыновтың айдаудан қайтып келгенін естіпті де: «Ғайнижамал сол кісіге барып жолықсын. Дүниенің аңғарын бір білсе – сол кісі біледі. Мына жапонның шпионы деген аттан қалай құтыламын. Ақталудың мүмкіндігі бар ма? Және осы өсектің шындығы қайсы, сұрасын. Біз қайтсек құтыламыз?», – деп сәлем айтыпты.
Мен бір үміттің жібін ұстап, сол кісінің үйін қарайладым. Ұяла жүріп осы жайды Ақаңа айттым. Ол кісі менің сөзімді тыңдады да: «Қарағым, мен саясаттан алыстап кеттім. Қазір айналыспаймын. Ал Жапония соғыс ашамын десе – оны қазақтан сұрамайды» – деді салқын түрде.
Әрине, маған күдікпен қарап, сенбеуі де заңды. Сезіктенгені дұрыс екен, 1935 жылы бір күні көшеде келе жатсам НКВД-ның машинасы қасыма тоқтай қалды да, ішінен бір адам шығып, мені бірден ЦК-ға апарып, партиядан шығартты. Ашаршылық кезіндегі белсенді еңбегім үшін партияға өткізген. Техникумнан да қуды. «Үш жылға дейін жұмысқа, оқуға алынбасын», – деген қаулы шығарды.
Енді не істеймін? Қайтіп күн көрем?
Бір күні үйде газет оқып отырсам, қазақ қыздарын НКВД-ның бағында өтетін спорт жарысына шақырыпты. Бала кезімде еркекшора болып ұлдармен қатар тастан-тасқа лақша секіргенім есіме түсті де тәуекелге бел будым. Онда тиісті паек береді. Қымыз да бар екен. Күн үшін жарысқа қатыстым. 36-жылғы Спартакияда да бәйге алдым. Суретім газетке шығып, НКВД біліп қояды екен деп жасырынып жүрдім.
Сол кезде ауылды жерлерге мұғалім дайындайтын курс ашылды дегенді естідім. Бірақ мен олардың сабағына кіріп, елеусіз күйде оқи бердім. «Облоно» жіберді деп мұғалімдерді алдауға да дәтім жетті. Өмір сүру үшін өтірікші де болады екенсің. Емтиханның бір-екеуін тапсырғанда директор біліп қойды. Бірақ ұстаздарым сабаққа ынталы деп, оқыта берді. Соны бітірген соң ҚазПИ-дің тіл-әдебиет факультетіне түстім. Паркте сабақ оқып отырғанымды суретке түсіріп, «Лениншіл жас» газетіне шығарды. Соны НКВД адамдары көріп қойып, мені оқудан шығартты.
Күйеуімнің ежелгі досы Хасен деген журналист 37-жылы маған келіп: «Бір сұрапыл науқан басталды. Сен бізбен бірге Қырғызстанға көшіп бар. Кейін келеміз», – деді. Мен көнбедім. Олар сол жақта аман-есен жүрді. Мен 1937 жылы августе ұсталдым. Талдықорғанда «Сәтжол» жеген жерде әпкемнің үйінде каникульда жүргенімде Мунира деген татар қызы екеуміз пәтерде тұрдық. Ол менің апайымның адресін ұрлап оқыпты. Мақсаты ана үйді өзіне иелікке алмақшы болыпты. Сонымен Панфиловта мені тұтқындап, Алматыға алып келді.
Ендігісі азапты өмір ғой. Күні-түні сұраққа алады. Тергеуден әлің құрып әзер келіп, енді демаламын дегенше тағы шақырады. Сол арада түрмедегі зиялы әйелдер қатты жанашыр болды. Сілем қатып келгенде ыстық шайға қант езіп береді. «Іш, әйтпесе әлің құрып, аштан өлесің», – дейді. Солардың көмегінің арқасында тірі қалдым. Ұрып-соғу, қорлауды басыңа бермесін. Қолыңды қоймасаң соза тартып, періп кеп жібереді. Саусағыңды зорлап бастырады. Жазу мәнеріңді көрейік дейді. Әйтеуір қамалап, есіңнен тандырып, камераға әкеледі. Сондағы әйелдердің қамқорлығының арқасында әл жиясың. Олар өздері басынан кешкен ғой. Бәрін біледі. Екі айдан соң жеке камераға шығарды.
Сонда төрт күн жаттым. Бірде коридордан өзімнің күйеуімнің: «Мен аурумын. Дәрігерге барамын», – деген дауысын жазбай естідім. Бар білгенім – оның тірі екендігі ғана. Бірде әжетханаға күйеуім: «Қарсы бөлмеде кім бар?», – деп жазып кетіпті. Зады ол да менің дауысымнан таныса керек.
Жеті күннен кейін мені алып шықты. Атуға әкетіп бара жатыр екен деп ойладым. Бір жарым метр шашым бар еді. Оны кесті. Сол кезде: «Ең болмағанда тәнімді жабатын еді. Енді көмусіз қаламын-ау. Өмірден не көрдім. Ендігі қызығымды жер көреді-ау», – деп қамыққаным есімде. Сөйтіп келе жатқанда Өзбек /Ташкент/ көшесіндегі түрменің мұнарасын көріп, «Е, жарық дүниемен қоштасуға ерте екен ғой», – деп тәубешілік еттім.
Ой, бұл түрмедегі аз күнімнің азабын өмірі ұмытпаспын. Мені бұзық әйелдердің ішіне қамапты. Пештің үстінен құбыжықтан аумайтын бір әйел шығып, мені әбден мазақ етіп, нанымды тартып алды. Тек бір орыс әйелі «Бері кел», – деп шақырды. Сол паналатты. Бір-бірімізге қорған болдық. Ол бидайы орылған аңыздан аш балаларына масақ тергені үшін ұсталыпты. «Құтқар» деген дауысымды сол естіп, аман алып қалды.
Содан Свердлов облысындағы «Едлагқа» бардық. Сама станциясының төңірегін ағаштан аршыдық. Лозба өзенінен сал ағыздық. Екі рет суға батып кеткенімде шашымнан сүйреп шығарып алды. Латыш Рита Ссальник деген әйел. Соғыс жылдарында бізге капустаның тұқымын ектірді. Мен шөп айыра алмаймын. Агрономымыз мазақтап, нан бергізбей қойды.
Бірде бір атты егістікке алып келді. Жүгіріп барып мініп алдым да, ей, айызымды қандыра шаптым-ау. Бәрі аң-таң. Қайтіп келдім де: «Мен даланың қызымын. Атқа шаба аламын. Ал шөбіңнің түрін танымаймын» – дедім. Сол есімнен кетпейді.
Бізді 1947-жылы босатты. Бірақ бақылауда болдық. Елге барып, сиыр бақтым. Фельдшерлік оқуға жіберді. Қайтіп келген соң тағы да ұстап, жер аударды. Тек 1954 жылы босатты. 1960 жылы ақталдым. Міне, бар көрген «рахатым» осы. Ол азаптың бәрін айтып тауыса аламын ба. Әйтеуір тағдырдың тәлкегінде өтті ғой бар өміріміз.
Ал енді Ахмет Байтұрсыновтың ісіне келер болсақ, ол былай. 1935 жылы жазда Ахмет Байтұрсыновқа жолығып, күйеуімнің сәлемін айтқаным рас. Сотқа да, тергеуге де солай жауап бердім. Егер мен сатқындық істесем, пантюркистік ұйымның адамы болсам, онда мұншама құқайды көрмес едім. Не «қызметім үшін босатар еді», не атуға бұйырар еді. Ал іске тіркелген Қисаев дегенді мен өмірімде естіп-білгем жоқ. Ол қолдан жасалған айып. Күйеуімді Қиыр Шығысқа айдапты. Сол жақта өлді деген қағаз алдым. Ол – Қуаныш Бәрібаев губкомда жүргенде губкомның комсомол комитетінде істеген. Партия жұмысына ауысқан. Негізі –Есік, Түрген – ауылынан. Қыстауы – Белшабдар, жайлауы – Асы. Мені тергеген НКВД-ның адамдары – Оразбақиев ұйғыр, Оразалинов –қазақ жігіті еді.
Міне, Ахмет Байтұрсыновтың ісіне тігілген бір куәнің шындығы осындай. Өзге өтірікті былай қойғанда, бір рет жолыққан адамды кіналау үшін де айғақ керек еді ғой. Халық үшін қылша мойнын талша еткен Әбікеев Дайыр іспетті адал азаматтың жары сатқындық жасамаған. Сталиндік жазалау саясатының жазықсыз жапа шеккен «құрбандықтарының» бірі.
Шындығында да, Ғайнижамал Қабдалиева 1937 жылы Жаркентте жүргенде тұтқындалып, тамыз айында Алматыға алып келеді. Ұрып-соғып, әбден жәбірлеген соң, он жылға соттап, Сібірге жібереді. 1947 жылы шығарады, бірақ 1949 жылы қайтадан қамалып, жер аударылады. Содан І954 жылы бір-ақ бостандыққа шығады. 1960 жылы ғана ақталады. Күйеуі – Әбікеев Дайыр Қиыр Шығыстағы лагерьде қайтыс болады.
Міне, Ахмет Байтұрсыновтың астыртын байланысшысы «пантюркист” ұлтшыл әйелдің тағдыры осындай.
Қазақ ССР Жоғарғы сотының анықтамасы: “Алматы облыстық НКВД үштігінің 1937 жылғы 25 қарашадағы қаулысы бұзылсын және іс-қимылында қылмыстық әрекеттердің жоқтығына байланысты Ахмет Байтұрсыновқа қатысты тергеу ісі тоқтатылсын.
Қазақ ССР Прокурорының наразылығы қанағаттандырылсын.
Председателі – Т. К. Айтмұхамбетов.
Коллегия мүшелері – В. Л. Грабарник. К. Т. Кенжебаев.
Қараша, 1988 жыл”.
Араға елу жыл салып барып ақиқат ашылды. Ал бұл шындықты біз жетпіс жылдан кейін халық назарына ұсынып отырмыз.
Жандары жәннәтта болсын.
Әумин.
(Бірінші кітаптың соңы)
