- •«Орынбор р.К.П (большевиктер) комитетіне жолдас Ахмет Байтұрсыновтың мәлімдемесі.
- •1. Адамзаттың барлық езгіге ұшыраған бөлігімен, яғни әлемдік революциямен, әлемдік федерациямен бірге азаттық алғанда ғана, қазақ халқы бақытқа бөленеді.
- •2) Сондай-ақ орталықтың өкілдері мен тұрғындардың арасында өзара сенімнің жоқтығында.
- •1. Ресейдегi ұлттық республикалар мен автономиялардың құрылымын анықтау және ұлттық республикалардың Ресейден бөлiнiп шығу құқының кепiлдiгiн бекiту.
- •3. Қыр елінің мұқтаждығы 3. Кцик пен кснк құрамын сайлағанда
- •4. Кейбір аса мүдделі және 4. Орталық мекемелердегі съездің
- •5. Жергілікті халық өкілдері партия,
- •6. Партия қатарын тазалау жөніндегі
- •Жиналыс төрағасы – м.Әуезов. Хатшысы – ә.Байділдин».
- •1. Қазақ қызметкерлерiн осы жұмысқа тарту және оларды тиiмдi пайдалану, сондай-ақ Түркiстан Республикасына қоныс аударған қазақ қызметкерлерiн керi қайтарудың амалын қарастыру.
- •1. Ауылдардың тiкелей өзiмен араласа отырып, олардың мұқтаждықтарын анықтайтын бұл саладағы мiндеттi атқаратын қызметкерлер жоқ.
- •1. Қазақ қызметкерлерiн осы жұмысқа тарту және олардың күшiн пайдалану туралы Алманов жолдас баяндама жасады.
- •1. Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек көрсетудi ұйымдастыру туралы Әуезов жолдастың баяндамасын тыңдағаннан кейiн жауапты қазақ қызметкерлерiнiң кеңесi мынаны атап өтедi:
- •1. Комиссия ҚазЦик бекiткен ерекше ереже бойынша жұмыс iстейдi және өзiнiң барлық жұмысын Обком мен ҚазЦик арқылы жүргiзедi.
- •1) Патша өкiметi де кезінде ашаршылықпен күреспедi.
- •2) Қазақ даласы мен қазақтар үшiн жұт – табиғат сыйы. Қазақтардың ашаршылыққа етi үйренiп қалған.
- •1921 Жылдың наурыз айының соңындағы мәлiмет.
- •1. Қалай санасаңда Қазақстанда европалық тұрғындар басым (орыстар – 54 %, қазақтар – 46%).
- •2. Қазақстанның ркп(б) ұйымдарындағы қазақтар 6% (568 адам) ғана. Оның үстіне қазақ коммунистері бытыраңқы, дербес қазақ ұйымдары жоқ...
- •1921-1922 Жылдары Орынбор мен Ташкентте кеңес өкiметiн құлату үшiн құрылған астыртын контрреволюциялық ұйымның хаттамалары;
- •23/Х – 27 ж. М. Төлепов».
- •2. Маған тағы да мынадай (тергеушінің ауызекі әңгімесі бойынша, әйтпесе, жазба құжаттарды мен көргемін жоқ) айыптар тағыпты:
- •9.І. 1929 жыл. Қызылорда».
- •25/І-29 жыл Халел Ғаббасов (қолы қойылған)».
- •Протокол
- •1928 Жыл, 17 желтоқсан.
- •Бауырым Дінше!
- •Валидовпен арадағы хат туралы сұраған тергеушілерге ә.Бөкейханов:
- •Жоғарғы сот «тергеудiң стенограммасы ғана сақталған» деп неге ерекше ескертiп отыр?
- •Еліне барған соң Шымбурынның шыңырауының суық суын қанып ішті ме, жоқ па, кім білсін, бірақ байыз таба алмай тағы да жолға шығыпты.
- •Міне, «Алашорда қайраткерлерінің» үстiнен қозғалған „қылмыстың”, яғни, лақап – аңыздың ұзын-ырғасы мен мән-мазмұны осындай.
- •1.Труппаңыздың жобасы (положение).
- •2.Қазақша жасатқан декорацияларыңыздың формасы (описание), киіз қазақ үйінің жасалмасы.
- •3.Осы күнге шейін іштеген театр іштеріңіздің есебін (отчет) бір формасы (копия)
- •1. Кеңес өкiметiн құлату үшiн құпия ұйым құрған.
- •2. Англиямен астыртын байланысып, ағылшын әскерi Қазақстанға басып кiре қалған жағдайда қырда көтерiлiс ұйымдастыруды жоспарлаған.
- •Саналы алаш!
- •«Қымбатты Манаш Қозыбаев!
- •«Құрметті Қорған!
- •5. Дамолла Битілеуов
- •6. Кәрім Жәленов
- •«Қаулы.
- •1929 Жыл, ақпанның 10 күні, Қызылорда қаласы.
- •27 Мамыр (май) 1929 жыл.
- •7. Ғазымбек Бірімжанов
- •8. Ахмед-Сафа Юсупов
- •9. Хайретдин Болғанбаев
- •10. Асқар Дулатов және Басқалар...
- •1. Бұл топты Оспан Бөлтіріков басқарады, оның әкесі бұрын 30 жыл болыс болған, патшаға адал қызмет еткені үшін шен-шекпен алыпты.
- •11. Тілшелер
- •Ардақты Жақа!
- •Шырақ Мадиярым!
- •Қазақ сср Жоғары сотының: «Жүргізілген тергеу жұмыстарының ішінде қарулы көтерілісті дайындағандықтарын дәлелдейтін бірде-бір нақты дерек табылмады», – деген анықтамасына алып-қосар-пікіріміз жоқ.
- •32 Жыл, декабрьдің 31-і.
- •(Қорытындының орнына)
- •Мазмұны
25/І-29 жыл Халел Ғаббасов (қолы қойылған)».
Халел Ғаббасовтың бұл мәлімдемені қысастықпен жазғаны анық танылады. Астарлы кекету де бар. «Алашордашылардың халық үшін кеңес өкіметіне қызмет істейік» деген «идеясының» ұшқыны бар. Тергеу барысында Бас Прокурордың көмекшісі келіп кеткен. Сондай-ақ әділдік дәметіп СССР-дің Бас Прокуроры Крыленкоға да хат жазған.
4.
Осыдан кейін іле-шала, яғни, екі күннен кейін, 1929 жылы 27 қаңтар күні, Қызылорда қаласында үштіктің қаулысы шығып, оны айыпты деп тапқан. Оның соңына:
“Мен өзімді айыптымын деп санамаймын. Х. Ғаббасов”, – деп қол қойған.
Сөйтіп, Халел Ғаббасовтың сұрақ-жауаптары «кеңес өкіметіне қарсы қарулы көтеріліс дайындаған» өзге де 71 адамның ісіне қоса тіркелді. Этаппен Мәскеуге жіберілді. 7-томның 373-бетіндегі:
«17/VІІ – 29 ж. № 1675 Бутырка түрмесінің бастығына. Төмендегі 8 тұтқын айдауылмен жіберіліп отыр. 1. Ташекенов Қаби Кентаевич 2. Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынович 3. Дулатов Міржақып Дулатович 4. Аймауытов Жүсіпбек Аймауытович 5. Исполов Мырзағазы Исполович 6. Бірімжанов Ғазымбек Қорғанбекович 7. Болғанбаев Хайретдин Әбдірахманович 8. Ғаббасов Халел Ахметжанович – айдауылмен апарылсын және бір-бірінен оңаша ұсталсын. ОГПУ- дің әскери бөлімі» ,– деген бұйрық бойынша тұтқындар Мәскеуге жөнелтілді.
Тізімдегі Ташекенов Қаби деген кім? Оны індете алмадық. Араға көп уақыт өткізбей Қазақстанда қалған тұтқындар да Мәскеуге жеткізіледі. Ол туралы ОГПУ-дің әскери бөлімі:
«Бутырка түрмесінде Міржақып Дулатовпен бір камерада жатқан төмендегі тұтқындарды: Байтұрсынов Ахметті, Аймауытов Жүсіпбекті, Исполов Мырзағазыны, Болғанбаев Хайретдинді, Бірімжанов Ғазымбекті, Жұмабаев Мағжанды, Юсупов Ахметсафаны, Байтасов Абдулланы, Омаров Елдесті, Жәлелов Кәрімді, Міржақып Дулатов № 14 үйге ауыстырылғаннан кейін оларды Ғаббасов Халелге және № 54 камерада жатқан Қазақстаннан келген 33 адамға (Әділов және басқалар) жолықпайтындай етіп әр камераға бөліп-бөліп орыналастыруды өтінемін.
ОГПУдің әскери бөлімі – қолы» – деп (7 том, 379- бет) нұсқау берген.
Сөйтіп, алғашқы 41 адам Мәскеуде бас қосты. Осыдан кейін олардың бір-бірін аман-есен көрісуіне тағдыр жазбап еді. Х.Ғаббасовтың түрме бастықтарына жазған мынадай арызы бар:
«Корпусоной жолдасқа! Бұрынғы жатқан №72 камерада, Ақболат жолдаста менің ішкиімдерім (көйлек пен кальцон) қалып қойды. Жуғаннан кейін кептіріп қойғамын. Соны маған беріп жіберуіңізді өтінемін. №4 палатадағы сырқат – Ғаббасов. 3/ҮІІІ – 29 ж.».
Бұған қарағанда Х.Ғаббасовтың түрме лазертіне жатқызылғаны байқалады.Сондай-ақ іске:
«Бутырь түрмесінің комендантына тұтқын Ғаббасовтан өтініш
Осы жылдың 28 қыркүйек күні 20 сомның мөлшерінде менің атыма аударылған бланкінің түбіртегі маған почта арқылы берілді. Оның бір түбіртегі бойынша аударылған ақшаны алдым, ал екінші түбіртек бойынша жіберілген ақшаны алғамын жоқ. Сізден өтінішім, екінші түбіртек бойынша жіберілген 20 теңгенің берілмеуін немен түсіндіресіз, соның себебін түсіндіруіңізді сұраймын. Ғаббасов. 24/Х – 29 ж.», – деген тілше де тіркелген (7 том, 363-бет).
Бұл оның ең соңғы өтініштерінің бірі. ҮІІ томының соңына тіркелген:
«ОГПУ (сот) коллегиясының 1930 жылғы 4 көкек күнгі кеңесінің хаттамасына сәйкес:
№78754 іс бойынша айыпталған Ғаббасов Халелге – ҚЕ 58/2 бабы бойынша» – айып тағылып,...4.Ғаббасов Халел –А Т Ы Л С Ы Н» ,– деп қаулы қабылдаған.
Осымен ОГПУ-дің тергеуі мен соты аяқталған. Арада бір жыл өткен соң “1931 жылы 8 қаңтар күні істі қайта қарау мәселесі тыңдалып, онда:
ОГПУ коллегиясының 4/ІҮ-30 жылғы мына азаматтарға шығарған үкімі: Бірімжанов Ғазымбекке, Есполов Мырзағазыға, Дулатов Міржақыпқа, Байтұрсынов Ахметке шығарылған үкім күшін жойсын”,- деген қаулы қабылданған.
Бұл тізімге, өкінішке орай, Халел Ғаббасов ілінбей қалды. Ол осы істегі ешқандай кешірімге жатпаған, ең жоғары үкім орындалған төрт адамның бірі болды, яғни, атылды.
Х.Ғаббасовтың қарасты үкімнің кешірімге жатпауына қосымша мына үш оқиға әсер етуі мүмкін. Біріншісі: Халелдің туған жездесі Ике Әділев осы үкім шыққан жылдары Шәкәрімнің ұлы Зиятпен, Құнанбайдың немересі Бердеш Әзімбайұлы Тәкежановпен, Мұхтар Әуезовтің немере ағасы Бурахан Әуезовпен, Райымжан Марсековпен бірге қарулы жасақпен Шығыс Түркістанға қоныс аударып кетті. Шыңғыстау мен Шұбартаудағы «ақ сиырдың көтерілісі» Х.Ғаббасовқа қаратылған үкімге кешірім жасалмауына, оны орындатып тынуға белгілі дәрежеде ықпалын тигізді – деу қисынға келетін сияқты.
Тағдырдың жазмышынан озмыш жоқ. Халел Ғаббасов пен Ике Әділевтің құйынды иірімі менің де әкем мен атамды жанай өтіпті. Жұртбайдың інісі Райбай шекараның қарауыл жасағының елубасы боп тұрғанда, Ике Әділев атам Райбайды ықтай қоныстаныпты. Шекараны бойлай жүргенде ылғи да жанасалай қырындап: «Осы шегір көздер мен шегірен былғары кигендерден қорқамын. Ажалым содан болмаса нетті», – деп тайсақтай береді екен. Ике – Райбайдың мергендігіне сүйініп, Райбай – Икенің бұранды мылтығына қызығып жүреді екен. Бір жолы Ике Райбайдың тұңғыш перзанті Жабағыны алдына алып отырып: «Райбай, мергендігіңді сынайын. Анау ағаштың басына мылтығымның қайыс бауын қырынан келтіріп іліп қоямын. Егер сен сол қайыс бауды қырынан қиып түсірсең, мына мылтығымды сыйлаймын», – депті. Райбай өзінің мылтығымен көздеп атқанда, қайыс бауды қиып түсіпті. Уәделескендей Райбайға мылтығымен қосып қолтығын оқ ысып кеткен қоңыр байталды сыйлапты. Бір жолы алыстан келген силы қонақ ретінде Ержан төре Икені қонаққа шақырыпты. Райбай: «Бар ма. Ержан сымпыс адам», – деп ескертеді. Оған Ике: «Төре басымен сатқындыққа бара қоймас. Бүгін бармасам, кейін жұртпен сыйысу қиынға соғады», – депті. Қонақтар жайғасып отыра бергенде үш-төрт солдат кіріп келіп, тапаншаларын кезей қалады. Ике де саптамасының қонышына қолын сап жіберіп, бұл да наганын суырып алады. Екі жақ бір сәт үнсіз арбасыпты. Содан Ике: «Әй, Ержан-ай! Сымпыстығыңды естіп ем, сұмпайлығың да бар екен-ау. Мына елдің обалына қалармын», – деп наганын жерге тастай салыпты. Сол ұсталған мол ұсталып, құрдымға кетті. Жабағы апайымызға берген әлгі байталдың бір құлыны кейін «Райбайдың бәйге қоңыры» атанды. Ал оның тұқымы Қоңыр айғырға біздің де тақымымыз тиіп, қызығын көріп ек. Ақыры оның да қызығын Семейдің қасапханасы көрді. Ал Райбайдың қыздары Жабағы мен Изагүлге, біздің әкеміз Құдакелдіге сол Икенің ата қонысынан топырақ бұйырды.
Кім білсін, бұл да бір тағдырдың ілігі шығар.
Халел Ғаббасовқа ату жазасына кесу туралы үкім шығарыларда Әлихан Бөкейхановтың інісі Смахан Бөкейханов:
«Нұрғали Құлжанұлы наһақ: «Қызылдарға «Алашорданы» жамандайды» – деп Халел Ғаббасұлы, Ахметжан Қозыбағарұлы, Биахмет Сәрсенұлы атқызып тастады. «Нұрғалиды атқыз!»,– деп Әлекең айтқан жоқ. Осындай оқиғалар болды өткен заманда» ,– деп жазған оқиға да қаперге алынуы ықтимал.
Семейдегі құрылтайды қызыл әскердің күшімен таратпақ болған Нұрғалидың оқыс мінезі туралы Х.Ғаббасов өзінің жоғарыдағы көрсетіндісінде атап өткен.
Үшінші, мүмкін ең бастысы, тура осы кезде «Кене», «темір нарком» деп Жамбыл мақтаған Ежов НКВД-ның тізгінін қолға ала бастаған. Ал Халел Ғаббасов «қазақ қызметкерлерінің облыстық төрағасы болып жүрген кезінде» облыстық конференцияда «қазақ қызметкерлерін коммунистік партияға қарсы үгіттеп», С.Сәдуақасовтың ұйымдастыруымен Семейдің губкомын таратуға және Қазақстанға қаратуға қаулы қабылдауға ықпал еткен адамның бірі болатын. Ұрымтал сәтті пайдаланып, Ежовтың «ежелгі кекті» қайыруы да ықтимал. Соңғы жорамал барынша шындыққа жақын.
Әрине, мұның барлығы ебепке себеп қана жайлар. Оны бұдан әрі біз де қазбалап жатпаймыз. Қазақ ССР Жоғары сотының:
«Жүргізілген тергеу жұмыстарының ішінде қарулы көтерілісті дайындағандықтарын дәлелдейтін бірде-бір нақты дерек табылмады», – деген анықтамасына біздің де алып-қосар-пікіріміз жоқ.
Үшінші тарау: «ДАЛА ҚАШҚЫНЫ...»
(Дінмұхамед Әділев)
1.
1927 жылы Қазақстанның астанасы Қызылордадан Алматыға ауысып жатты. Мемлекеттік басқару аппаратының жартысы Сыр бойында, жартысы Алатаудың етегінде еді. Голощекин әкімшіліктің орын ауыстырғанын еппен пайдаланып, жаңа қонысқа бұрынғы «жайсыз» кадрлардан арылып баруды көздеді. Ол ойын жүзеге асырды да.
Ол үшін бүкіл республиканы дүрліктіретіндей және барлық алашордашыларды бір іске көгендеп, әшкерелейтіндей дабыралы «қылмыс» қажет болды. Ә.Бөкейхановтың, Е.Омаровтың, Х.Ғаббасовтың үстінен жүргізілген тергеу күткен нәтижесін бермегеннен кейін күдігі көп, қолға ілінетін «қылымысының ізі» елге әшкере, «оңтайлы нысана» керек болды. Осындай аумалы-төкпелi тұста ебепке себеп дәл келiп, Дiнмұхамед (Дiнше) Әдiлевке:
«Ағасы екеуi бiрiгiп аса ауыр қылмыстар жасады, милиция бастығын өлтiрдi», – деген айып тағылып, Бетпақдаланың Сарысумен шектесетін тұсындағы Дінмұхамед Әділевтің ауылына арнайы жасақ шығарылды.
«Ахмет Байтұрсыновтың...» тергеу ісінің алғашқы бетінен басталатын Дінше Әділевтің көрсетінділері «Алашордашыларға» қатысты барлық томдарда кездеседі және мазмұндары өте ұқсас, әр жазбасында алдыңғы мәліметтеріне толықтырулар мен түзетулер жасаған. Жауаптары тым ұзақ әрі шұбалаңқы. Жазу мәнері де ретсіз, жатық емес. Оқиғалар шашыраңқы, ілгері-кейінді баяндаған. Іске тартылған 71 адамның әр қайсысының ұлтшылдық көзқарасы мен ұйымға қатысы туралы берген мінездемесінің кей тұстарындағы жекелеген сөздер мен ой оралымдары болмаса жиырмадан астам көрсетінділердің барлығы бірін-бірі қайталайды. Мысалы ол өзінің барлық көрсетіндісін:
«Мен осы арада қара басымды ақтау үшін емес, мен өлімнен қорықпаймын, мәселені ашық айту үшін шағын шегініс жасай кеткім келеді», – деген сөзбен бастайды да, өлім мен өмір туралы шағын толғаныс жасап барып негізгі сұраққа көшеді.
Жалпы Дінмұхамед Әділевтің тергеу барысындағы жауаптары негізінде түрмедегі адамның психолгиялық жанталасы мен ашынуы, қасарысуы мен мінезінің сынуы, шындық пен сыр жасырудың арасындағы көрінбейтін қызыл сызықтан қалай аттағаны, бостандықта қасиетті көрінетін құндылықтардың қапаста мәнін жоюы, ұстамдылық пен төзімнің шегі, арбау мен арбалу түйсігі, өмір мен өлімнің арасындағы ант мезгіліндегі сана жанталасы, парасат пен парықтың жігінің ажыратылуы, қысым мен бопсаға шыдауы сияқты құпия құбылыстар туралы жанжүйесіне қатысты зерттеу жүргізуге болады. Әрине, жетіскен тақырып емес. Бірақ та өзін күрес жолына дайындаған, оқ пен оттың арасында өмір сүріп, өлім мен өмірдің шекарасында жанталасқан жандардың жан құпиясы да тылсым бір құбылыс. Д.Әділевтің тергеудегі әр жолғы көрсетінділерінде сондай мінез бар. Тек үш жылдық қысым мен қинаудан, ұстамалы дерттен әбден зықысы шыққан азап иесінің соңғы тергеулердегі жауабынан оның шындық пен қиялдың ара жігін ажырату қабілеті тұмандана бастағаны анық аңғарылады. Және ол өзін ақтайтын қандай да бір дәйекті келтіргеніне қарамастан, оны тек қана ату жазасы күтіп тұрғанын білген. Ең бірінші тергеу көрсетіндісі мен ең соңғы өсиетті көрсетіндісіне дейін бұл көңіл-күй оның құлақ күйіне айналып, үнемі санасында жаңғырып отырған. Мұндағы басты демеуі:
«Барлық жағдай баяндалып болғаннан соң менің соттаушыларым маған: белгілі бір ортаның арасында орнын таппай қаңғып жүрген қайдағы бір қылмыскер немесе бұзық адам ретінде қарамайды деп түсінемін», – деген әлсіз үміт болатын.
Алайда оның бар ішкі сырын қырындысына дейін қалдырмай қырып алған соң, тергеушілер оған «мағынасы жойылған, берері таусылған қаһарман» ретінде қарап, өзге айыпкерлермен бірге Мәскеуге айдауылмен апарудың қажетсіздігін айтып, оны Алматыдағы түрмеде қалдырып кету туралы шешім шығарған. Бірақ ол пікірмен мәскеулік тергеушілер келіспеген. Бутыркаға «шақыртып алған». Ол өзінің «аса мағыналы әрі құпиясы мен хикаясы көп өмір жолын бұдан әрі былай баяндайды:
«Әрине, менің қылмысым ауыр. Бір кезде коммунистердің сапында қолыма қару алып майданда соғыстым (Ол туралы кейін жеке айтамын). Содан кейін контрреволюциялық әрекеттермен айналыстым. Менімен байланысы бар адамдар жауапқа тартылатыны сөзсіз. Енді, міне, түрмеде отырмын. Егерде партия мен үкімет, жауапты қызметкерлер маған үміт артып, кешірім жасаса, тірі қалдырса, онда менен келешекте жаңа өмірге жақсы лепес әкелетін жақсы азамат шығады деп үміттенемін. Мен өзімнің ойымды жазып қалдыруға мүмкіндік бергендерің үшін де ризамын. Өйткені мен бандит ретінде емес, рухани деңгейі жоғары, социалистік қоғам құрылысына белсене араласқан адамдардың санатында жазаға тартылып отырмын».
Алғашқы тергеулерде өзін-өзі өр ұстаған азамат кейін қинау мен ұстамалы дерттің нәтижесінде жасыған. Үш жыл бойы үздіксіз тергеу астында болған Дінше Әділевтің көрсетіндісімен 71 адам тұтқындалып, жауапқа тартылды. Ол, мүмкін, кейін «өз атын тарихта қалдырудың осы жолын таңдағанына» өкінген де шығар. Бірақ ол алғашқы кезеңде өзінің сол көрсетінділерін «тарихи естелік, маңызды құжат» ретінде көрсетіп:
«Осыдан кейін атылып кетсем де өкінбеймін. Өкінетін де ештеңе жоқ. Ана жақ та (алашордашылар – Т.Ж.), мына жақ та (большевиктер – Т.Ж.) бетіме түкіріп отырғанда несіне өкінемін. Екі жақ та мені табалайды. Менің барар жер, басар тауым жоқ. Енді өлімнен қорықпаймын. Өлімнен қорыққан адам мұндай көрсетінді бермес еді. Мен қолымда қару тұрғанда өз еркіммен берілген адаммын. Егер мені өлім жазасына кессе, өлімді қасқайып тұрып қарсы аламын. Қандай азап күтіп тұрса да, маған бәрібір, мен нағыз азаматтар сияқты қайыспай көтеремін», – деп бағалапты.
«Екі жаққа да сүйкімім кетті» деген сөзінен сол көңіл-күй, өкініш анық аңғарылады.
Біз Д.Әділевтің тек 1928-жылдың соңғы күндері мен 1929-жылдың алғашқы айларында берген көрсетінділерін ғана негізге алдық. Ал 1930-1931 жылдардағы айғақтарының ішінен 1930-жылы тамыз бен қыркүйек айларында тұтқындалған Мұхамеджан Тынышбаевтың «қылмыстық тобы» туралы көрсетінділерін аса мұқиятты түрде қарап шығып, шындыққа жанасымы бар-ау деген тұстары ғана іріктеліп пайдаланылды. Өйткені Қазақ ССР жоғары сотының 1988 жылғы сәуір айындағы үкімінде айтылғанындай Д.Әділевтің бұл кездегі көрсетінділері «өте ұшқары, сөйлемдердің өзі өзара байланыспайды, пікір қайшылығы көп, өзін-өзі астыртын ұйымның көсемі ретінде көрсеткен ыңғайда жазылған». Зады түрмеде жатқан бұл жылдары Дінмұхамедтің жүйке ұстамасы асқынып кетсе керек. Тіпті астыртын ұйымның сызбасын да жасаған. Астыртын ұйым жұмысына барынша қанық, патша жандармереясының тұсында «сынақтан» өткен алаш қайраткерлері ондай аңғалдыққа бармағаны анық.
Сондықтан да, қайталап айтамыз, көрсетінділерді сол қалпында пайдалаудың еш мүмкіндігі болмады. Біз Д.Әділевтің түрмедегі көрсетінділерінің бәрін жинақтап, оларды өзара салыстыра отырып бір ыңғайға, бір ізге түсіріп баяндап беруге ұмтылдық. Онсыз айыпталушының қай сөзі шын, қай сөзі жалған, қай оқиғаға нақты кімдер қатысқанын ажырату мүмкін емес. Сонымен қатар әр көрсетіндіде әр түрлі мінездеме берілген, бірде сол оқиғаға тікелей қатысты десе, бірде еш қатысы жоқ деп көрсеткен және жалпы тергеу ісіне қатысы жоқ адамдардың аттарын назардан тыс қалдырдық. Өйткені олардың «не айыпкер, не айыпкер емес» екеніне саралау барысында толық көз жетпеді. Бұл онсыз да шырғалаңға толы істі одан әрі шырма шату етіп жіберуі мүмкін деген күдік келтірді. Алашордашыларға қарсы тергеу ісіндегі басты айыпталушы, басты көрсетуші, «басты куәнің» бірі болғандықтан да оның жазғандарын тұтастай мазмұндап беруге мәжбүр болғанымызды ескерте кетеміз. Біз бұл тарауда тек қана Дінше Әділевтің өмірбаянын өзгелерден аршып аламыз да, оның тұтқындалуына тікелей қатысы бар, өз басынан кешірген қилы-қилы оқиғаларды істегі көрсетінділер бойынша баяндап шығамыз. Д.Әділевтің “мінездемесі” бойынша кезек- кезек тұтқындалған адамдар туралы мәліметті әр тараудың аяғында келтіріп отырамыз. Сонда “түрме тарихы” мен “түрме талқысы” бір желіге түсетін сияқты көрінді. Сондай-ақ кейбір қысқа қайырылған, тергеуші мен жауап берушінің өздеріне ғана мәлім жайлардың астарын қосымша түсініктеме арқылы жеткізуге тырыстық.
Сонымен, 1928 жылы 17 желтоқсан күні Дінмұхамед (Мұқыш та, Дінше де осы адам – Т.Ж.) тұтқынға алынды (Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің архиві, І том, 1 бет):
«Мәңгілік сақталсын. “Қылмысты іс” №... Әділев Д., Дулатов.М., Бірімжанов Ғ., Болғанбаев Х., Битілеуов Д., Байдуллаев.А., Есполов М., Жәленов К. т.б. айыпқа тартылған №… іс.
