Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
раным - Алаш 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Бауырым Дінше!

Хатыңды алдым. Қуанып қалдым. “Шолпанға”, “Темірқазыққа” неге мақала жазбайсың? Сендей білімі бар жазбаса, кім жазады. Не балаларға сабақ беріп, не журнал, газетке мақала жазып, Алашқа қызмет қылсаң, не қазақ тілінде кітап жазбасаң – өзге жол бізге бөгелді ғой. Сүйдім – Ғали-хан».

Бұл хаттың сыртына мынадай түсінктеме беріліпті:

«23/ҮІІ-23 жылы /?/ Рысабайдың ауылында алынған. Тапсырған Мырзағазы. Дінше Әділев”, – деп қолын қойыпты.

Хаттың мазмұнына қарасақ, Дінше Әділев Әлихан Бөкейхановқа бірінші боп хат жолдаған және мынау алмағайып заманда ел үшiн қандай іспен айналысуы керектігін, бұған қандай ақыл қосатындығын және өзінің сол кездегі көңіл-күйін білдірген сияқты. Әлекең оған мәдени саланы нысана ет деген кеңес береді. Әрине, бір ұлттың көсемінің «сүйдім» – дегені ел үшін еңіреген кез-келген азаматқа үлкен құрмет әрі сенім. Тек соған лайық бола білу қажет. Ал оны Дінше ақтай алды ма, жоқ па, оған біз төрелік айта алмаймыз. Мүмкін бойына қуат-күші толған, кей кезде зейінін мінезі жеңіп кететін, қызба қанды жігіттің аласұрып өмір сүруі, көрген тіршілігінің мағнасын іздеуі, өз жанына өзі таныштық бермегені – оның ойсыз адам емес екендігін аңғартады. Ал хатты тапсырған сол кезде Жетісудағы жер бөлісін қайта қаратып, «қазақтардың жерін қазақтарға қайтарған», сөйтіп «Жетісудағы жер мәселесін үлгілі шешкен» Түркістан республикасының жер бөлімінің бастығы Мырзағазы Есполов болуы әбден мүмкін. Өйткені ол сол кезде Әулие-Ата губерниясында жер межесімен айналысып жүргенін Д.Әділев өзінің көрсетіндісінде ескерте кетеді.

3.

Д.Әділев бұдан кейін әдеттегісінше:

«Мен осы арада қара басымды ақтау үшін емес, мен өлімнен қорықпаймын, мәселені ашық айту үшін шағын шегініс жасай кеткім келеді... Мен туралы үкіметтегілер бандиттерше ажалын тапты деуі де мүмкін ғой. Өзіме-өзім қол салсам көргендерім мен білгендерім, қаншама беделді адамдардың ортасында жүргенде ойға түйгендерім, қаншама құпия жайлар өзіммен бірге қоса кетеді... Ажалдан қорықанша ақиқатты айтып өлейін», – деп алып, саяси тақырыпқа көшеді:

Д.Әділев (жалғасы): «Бөкейханов, Ермеков, Байтұрсынов Валидовты бұрыннан білетін. Арнайы бағдарлама туралы әңгіме қозғалған жоқ. Ұйым «Алашорда» үкіметі мен «Алаш» партиясының жарғысы мен платформасын басшылыққа алды. Алашордашылар бұрын ақгвардияшылармен одақтасқан еді. Коммунистердің қолына түсуі мүмкіндігін ескеріп ешқандай жазбаша бағдарлама дайындалған жоқ. Мені: Ташкенттен, оқулық, қағаз алып келеді – деген желеумен Оқу-ағарту комиссариатының мандаты арқылы іссапарға жіберді. Одан арғы іс-әрекетім талқыланған емес. Осы бас қосуда: Сібірде, Ақмолада, Семейде ұйым бөлімшесін құру туралы айтылды. Ермековті, Ғаббасов Халелді, Қозыбағаровты, Тұрлыбаевті ұйымның мүшесі деп санады. Марсеков Семейде ме, Қытайда ма, ол жағын білмедім. Семейден ағайынды Сәтбаевтердің, Асылбек Сейітовтің аты аталды. Ташкентте ұйым туралы баяндап беру тапсырылды және ұйымға Міржақып Дулатов жетекшілік етеді десті».

Валидовпен арадағы хат туралы сұраған тергеушілерге ә.Бөкейханов:

«Уфадағы кеңестен кейін Валидовпен қандай да бір байланыс орнатты дегенді үзілді-кесілді жоққа шығарамын: оған Болғанбаев арқылы сәлемдеме жібергенімді де, немесе басқа бір жолмен одан – Валидовтен хат алғанымды да жоққа шығарамын», – деп қысқа жауап қайрады, тіпті Д.Әділевтің атын да атамады.

Ал А.Байтұрсынов: «Мен оның ағасы Байсейітпен аразбын, араласпаймын. Сондықтан да ағасын жек көріп жүріп, інісіне қалай сеніп сыр айтамын», – дейді.

Мұны Д.Әділевтің өзі де мойындайды.

Д.Әділев (жалғасы): «Мен Болғанбаевтан бұрын Ташкентке жүріп кеттім. Вагон толы адам екен. Мен Сармолдаевпен кездесіп қалдым, оны Әулиеатада тұрған кезінен білетінмін. Орынборға алғаш келгенде ол ешкімді танымайтын. Мен оны ішкі істер комиссариатына жұмысқа орналастырғамын. Ол менімен бірге әйелін Ташкентке қосып жіберді. Ол біздің ұйымның пікірін қолдайтын. Бұқарадағы Орта Азиялық ұйымға бара жатқанымды білді. Соның алдында ол Қожановпен Москваға кетіп бара жатқанда жолығып, оның ұстанған бағытын мақұлдап еді. Қожановпен мен де құшақтасып амандасып, Мәскеуге шығарып салғанбыз. Қасында Сафаров, Төреқұлов, қаржы қызметкері Көшербаев бар екен. Енді олардың осы поезбен Ташкентке қайтып бара жатқанын біліп солардың вагонына келіп сәлем бердім. Біз Орынборда Қожановтардың вагонына тіркелген купеден орын алыппыз. Қожанов ол кезде Түркістан атқару комиссариатының орынбасары болатын. Қожановтың купесінде бір өзбек және Қадіров (Қабылов – ?) отыр екен. Ол кейін ТурЦИК-тің қазақ бөлімін басқарды. Ол ағылшынның бір жазушысының кітабын оқып отырды. Мен ұйымның тапсырмасы бойынша бара жатқан мақсатымды Қожановқа түсіндіріп бердім. Қожанов пен Төреқұлов Москвада жиі кездесіп тұратын. Олар дүбара саясат ұстанатын. Ол Түркістанда түсіп қалды. Мен Ташкентке келіп бірден Қожановтың үйіне түстім. Дулатов қонақүйде тұрады екен. Мен оны Карл Маркс көшесіндегі Оқу-ағарту комиссариатының жанындағы «Ақ жол» газетіне іздеп келдім. Екеуміз көше бойлап қыдырып жүріп барлық жайды баяндадым. Сөйтсем Орынбордан менен бұрын мұнда Ғазымбек Бірімжанов келіпті. Оны Бұқараға жіберіп те қойған екен. Кейін ол Қожановтың оқу комиссиясының шешімімен Германияға оқуға кетті».

Оның бұл мәліметтері жөнінде тергеушіге ауызша берген жауабында М.Дулатов: «Болғанбаев Ташкентке Әділев Мұқышпен бірге келді-ау деймін, кейінгісі әуелі коммунистік партияның қатарына мүшелікке өтіп, содан кейін еріктілердің қатарында қызыл әскерге кіріп, Қиыр Шығыстағы қызыл партизандар отрядының құрамында болған, 1920 жылы Орынборда Ішкі істер халық комиссариатында істеді. Бұл жерге ол Ташкенттен келген болатын, онда не істеді, ол жағын білмеймін... Әділев Ташкентте нақты ештеңемен айналыспады-ау деймін, әйтеуір институттағы студенттерді жиып алып, сөз сөйлеп жүретін. Ол уақытта жастардың біразы оқыған мектептеріне көңілі толмайтын. Содан кейін ол бір жаққа кетті, қайда кеткенінінен хабарсызбын. (Әділев туралы қайталанып сұрақ қойылған): Айттым ғой жаңа, осыдан екі үш жылы бұрын Әділев бір жаққа кетті, қайда кеткенін білмеймін – деп Әділев туралы осыдан басқа ештеңе айта алмаймын”.

Д.Әділев (жалғасы): «Екі үш күннен кейін Болғанбаев та келді. Дулатовтың қонақүйдегі бөлмесінде өткен Ташкенттегі ұйым мәжілісіне Дулатов, Иса Қашқынбаев, Халел Досмұхамедов, Ермеков (– ?), Кәрім Жәленов, Ақмолда Ізтілеуов қатысты. Уәлихан Омаров пен Дулатовтан басқасын бұрын танымайтынмын. Сіз білесіз бе, білмесеңіз айтайын, содан кейін Ташкентте Орта Азиядағы үйлестіруші топ ретінде ашылған ұйымның бас қосуы өтті. Орынбордағылар бұл топтан хабарсыз болатын. Олар орынборлықтардың мақсатын қолдады. Ұйымдастыру шарасы қаралып, әр қаладан сенімді адам тауып, сол қалада шағын топ құру мәселесі талқыланды. Ақмоладан, Семейден бөлімше ашу ұсынылды. Ондағы басты сенгеніміз Ермеков пен Ғаббасов болды. Айтпақшы Петропавл мен Семейде ұйым бұрыннан бар екен», – деп бұдан әрі қарай өзінің Ташкентке екінші рет сапар шеккенін баяндайды.

М.Дулатов: М.Дулатов бұл оқиғаға: “…(Тағы да Д.Әділевтің көрсетіндісіне жүгініп сұрақты нақтылай түседі): Әділевпен кездесіп жүрдім, бірақта біздің арамызда іскерлік мақсаттағы пікіралысулар болған емес. Әділевпен мен көбінесе Ташкенттегі Қазақ университетінің ішінде, оның өзінде кездейсоқ кездесіп қалып жүрдім. Кейде редакцияға соғып кететін. Онымен Кауфманның ескерткіші алдында ұшырасқаным бар, бірақ не туралы сөйлескеніміз есімде жоқ. Әділевпен ТурЦИК-тің жатақханасында кездестім бе, жоқ па, қаперімде қалмапты, мүмкін ғой алайда. Мен Әділевпен “Шолпан” журналын ашу туралы жиналған мәжілісте жүздестім, өзгедей ресми жиналыстар мен жиындарда оны көргенім жоқ... Ташкент қаласында Әділевті ертіп Рысқұловқа жолыққан емеспін”, – деп жауап берді.

Мұның барлығы нақты көрсетіндінің өзі емес, оның алғашқы жаңғырықтары еді. Осыдан кейін Д.Әділев астыртын ұйым мен бамашылар қозғалысы туралы баяндауға ауысады:

Д.Әділев (жалғасы):«Ташкенттегілер Түркістан республикасының құрамындағы Сырдария, Жетісу сияқты қазақ облыстарының мәселесін көтерді. Орталығына Шымкент ыңғайлы десті. Ондағы адамдарға (Кенесарин, т.б. – Т.Ж.) алдын-ала ескертуге келісті. Ол кезде Тынышбаев Ташкентте болмаған сияқты еді, Омаров ол кезде Ташкентте... Кауфман станциясындағы мектепте дәріс беретін. Мамыр айында бұқаралық қызметкерлермен байланыс орнатуға барған Бірімжанов Ташкентке қайтып келді. Ол Валидовтің қозғалысы туралы: сенуге болатын қозғалыс екен – деген мазмұнда мағлұмдама жасады. Валидов: қазақтар қаражаттан қысылмасын. Мүмкіндік туғанда Орынбор мен Ташкенттегі ұйымды қамтамасыз етеміз – депті. Ташкентте менен көрі Болғанбаев Қожановпен, Төреқұловпен жиі пікірлесетін. Бір жолы Болғанбаевқа Қожанов мен туралы: «Ұйымға жас баланы тартқандарың не. Ұйым құрғандарыңды қолдаймын. Бірақ та түрлі себептермен, жауапты қызметте отырғандығымнан да мен одан аулақ жүргенім дұрыс» – депті. Ол ұйымға белсенді түрде қатысқан жоқ. Дулатов қызылдардан қуғын көрген кезде айырылысып қалған үй-ішіне бару үшін Семейге, одан Орынборға, ал біз Бұқараға кетуге дайындалып жаттық. Қожанов оған үшінші класты дербес вагон дайындап берді. Бірінші мақсаты – үй-ішін көру, екінші мақсаты – қайтарда Орынбормен, Семеймен, Ақмоламен байланыс жасау. Бұл мамыр айының аяғы болатын. Күндіз Дулатов – Орынборға, кешке Болғанбаев екеуміз Бұқараға кеттік».

Міне, тағдыр тауқыметіне себепкер болған, А.Юсупов: «Ташкентте түскен суретке келетін болсақ, Дулатовтың Семейге жүруіне, Бірімжановтың Бұқарадан келуіне орай түстік. Суретке түскендер Халел, Жаһанша Досмұхамедовтер, Омаров, Болғанбаев Хайретдин, Жәленов Кәрім, Бірімжанов, Дулатов, бұдан басқа Тынышбаев пен Құралшин болды-ау деймін», – деп түсініктеме берген «қастаншықпағыр» суреттің тарихы осы, ол сурет қазір де сақталған.

Д.Әділев (жалғасы): «Бізге пәтер жайын қарастыру үшін Ізтілеуов алдын-ала Бұқараға жүріп кеткен болатын. Менің жолақымды Оқу-ағарту комиссариаты төледі, Болғанбаевтың кімнің қаражатымен барғанын білмеймін. Мамырдың аяғында Болғанбаев екеуіміз Бұқараға барып әуелі станцияда бір түнеп шықтық. Мен бірден Бұқараның төңкерісшілдер комитетіне бардым. Ізтілеуов екеуміз өздерін коммунистпін деп санайтын Ғарипке (Арифовке - ?) жолығып, Назировке жолығуға тапсырма алдық. Олардың коммунист деген аты ғана. Ғарип бұрын Башкирияда Валидовтің әскерінің қатарында қызмет істеген. Ташкенттіктер оны өз адамымыз деп есептейтін. Біз Бұқараның оңтүстігіндегі жақсы пәтерге орналастық, Ғариптің үйі жақсы қарсы алды. Заки Валидов қаланың сыртында тұрады екен. Оны Болғанбаев бұрыннан танитын. Аулаға кіргенде екеуі ескі таныстардай жылы амандасты. Содан кейін пікір алысу басталды. Ол саяси көсемге ұқсамайтын. Тек көзі өте ойлы екен. Болғанбаев келген мақсатымызды баяндады. Ол қуанып қалды. Болғанбаев араб, түрік тілін білетін, оқымысты адам болғанымен нашар саясаткер еді. Өзінің Орта Азия ұйымына мүше болып, одан кейін шет елге кетуге ұмтылатынын айтып еді. Валидов: Бұл өте қиын іс, – деді. Болғанбаев Англиямен, Парижбен, содан кейін Ауғанстанмен, Түркиямен байланыс жасауға міндетті болды. Тағы бір бас қосатын жерді белгілесіп Ғариптың үйіне қайтып келдік. Екі-үш күннен кейін Болғанбаев Ташкентке қайтып кетті. Бұқарадағы Орталық Азиялық ұйым Валидов арқылы ағылшындармен байланыс жасау керек болғандықтан да соның нәтижесін білу үшін мен Бұқарада қалдым», – дейді.

Тергеушілер өздерінің діттеген жауабына енді жетсе керек. Зады, ОГПУ тергеушiлерi тек қана сұрақ-жауаппен ғана қанағаттанбай, «қылмысты мойындатудың тиiмдi» тәсiлдерiне де жүгiнген. Өйткені Д.Әділевтің жауаптары барған сайын бұлдыр тартып, қарама-қайшы пікірлер білдіре бастайды. Бiресе – алдыңғы берген мағлұматына қарсы шығады, бiресе – мүлдем басқа оқиғаны мазмұндап бередi, үшiншi жолы – алдыңғы екеуiн де мойындайды. Бұл жөнiнде Қазақ ССР Жоғарғы сотының 1988 жылғы 4 қарашадағы мәжiлiсiнде:

«Д.Әдiлев тұтқындалғаннан кейiн ...оның тергеу iсiнде осыдан 8 жыл бұрынғы, яғни, 1921 жылғы бұрынғы алашордашылардың „қылмысты әрекеттерi” туралы күмәндi және қарама-қайшы пiкiрдегi сөздер пайда бола бастады. Әдiловтен бiрнеше рет сұрақ-жауап алынған (iсте ол тергеудiң стенограммасы ғана сақталған) және әр жолы шым-шытырық шатасқан, жүйесiз әрi қарама-қайшы жауаптар берген», – деп (бұдан кейiн 1988 жылғы сот коллегиясының тұжырымынан алынған сөздердi сiлтеме жасамай, тырнақшаға алып беремiз – Т.Ж.) қорытынды жасалған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]