Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нурлыбекұлы Н - 01 .DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

4.2 Санитарлы техникалық шаралар

Табиғат суын ішуге пайдалану алдында лабораторияда жақсылап тексеру керек. Ол топырақтың — механикалык, физикалық қасиетін тексеру, химиялық қосындыларын зерттеу және тазалық бактериялық лабораториялар. Ауыз сулар ГОСТ 2874-82 шартын орындайтын болу керек. ГОСТ-те су тұтынушыларға жұқпалы ауруларды таратпайтын, химиялық қосындылығы зиянсыз және пайдаланғанда дәмі, иісі, тазалық жағынан күдік туғызбайтын болу керектігі айтылған.

4.3 Скважиналарды пайдаланудағы қауіпсіздік техникасы

Құрылыстың қай түрінде болмасын еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелері бар. Сумен қамтамасыз ету жүйесінде скважиның міндетті қауіпсіздік шаралары қалған су алу ғимараттарына да бірден негіз болады. Ол үшін ғимарат қызметкері қауіпсіздік шараларын білу керек және барлық құралдар, арнайы өрт сөндіру бұрыштарын пайдалану ережелерімен таныс болуы қажет. Жер асты суы кезінде жөндеу жұмыстарына 3 адамнан кем болмайтын бригада құрылады.

Су астына түскенде I көтеру станциясының жұмысы тоқтатылып, басқару қосқыш қасына арнайы ескерту белгілері жазылуы тиіс.

4.4 Сорғыш станцияларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы

Сорғыш станциясы жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін жылыту, желдеткіш жүйелері, жарық толық жеткілікті болу керек. Ауа ылғалдығы 50%-60% температура 18°С-тан төмен болмау қажет. Электр жабдықтары сондай-ақ носостар жермен байланысып тұрады. Ғимарат ішінде схемалар, қызметкерлер тізімі, кезекшілік кестесі, техника қауіпсіздік ережелері, сағат және т.б. заттар ілінеді. Өрт сөндіру жабдықтары, құм арнайы қорғаныш киімдері, алғашқы көмек жағдайына қажетті дәрі-дәрімек қобдишасы болуы міндетті. Әр смендегі кезекші өзіне берілген сағатта тиянақты жұмыс істеуі міндетті. Сорғыштарды қараусыз тастап кетуге немесе бұл іске қатысы жоқ адамға қалдырып кетуге құқы жоқ. [9]

4.5 Су құбыры желісін пайдаланудағы қауіпсіздік техникасы

Су құбыр желісін пайдалану және апатты жөндеу жұмыстарына арнайы бригада құрылады. Бақылау құдықтарында осы мақсаттарға уақытша тоқтату үшін ысырмалар қарастырылған. Байқау құдығының жұмыс бөлігі – 1,5 метрден кем болмайды. Құдық ішінде, сыртында және тағы біреуі сыртында керекті заттарға көмектесетін үш адам болады. Құдыққа түспес бұрын онда газ жоқтығына көз жеткізу керек. Ол үшін арнайы шам болады. Құдық аузындағы қақпақты арнайы темірмен ашып, ішіне түспес бұрын ұзын арнайы темір сыммен ішкі сатылардың беріктігін тексереді. Құдық ішіне түсетін адамның арнайы резеңке етік, қолғап киіп түсуі міндетті. Пломба салынған ысырманы бұл іске жауапты адамның келісімінсіз ашуға болмайды. [4,5]

4.6 Хлораторда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы

Хлоратор ғимаратында арнайы резервтегі баллондар, таразы болады. Баллондар изоляцияланған бөлік бөлмеге тік орналастырылады. Апат жағдайында арнайы сыртқа ашылатын екі есік болады. Жылу және желдеткіш жүйелері міндетті. Жарық жүйесінің кабельдері герметизацияланады. Ғимаратта қорғаныш киімдер, құралдар салынатын шкаф болады. Баллон саны және шығыны журналға жазылады. Барлық құралдардың техникалық жағдайы жылына екі рет тексеруден өтеді. Хлорлау маманы жыл сайын 34 сағаттық арнайы оқу курсына жіберіледі. Емтихан тапсырған, арнайы сертификаты бар маман ғана хлораторда жұмыс істей алады. Таусылған баллондағы қысым 0,5 МПа кем болмауы тиіс. Баллондармен жұмыс істеген кезде соққы құралдарын (балға т.б.) қолдануға болмайды. Хлоратор маңайында ашық отпен жұмыс істеуге, темекі шегуге және т.б. апат болуы мүмкін жұмыстармен айналысуға болмайды. [8]

Қауіпсіздік ережелерін барлық су алу ғимарат мамандары білуі тиіс. Бұл ережелерді бұзған адам арнайы жазаланады не айыппұл салынады. Қызмет орындағы адамдар апат жағдайы орын алса, тез орталыққа хабар беріп, мамандармен бірлесіп апаттың алдын алу шараларына кіріседі. Өз бетінше арынды мұнараның бағын ашып көруге не пломба салынған жерлерді бұзуға құқы жоқ. Өйткені барлық жердегі техникалар арнайы құжаттар толтырылып, уақыттары тіркеліп отырады. Ережелерді бұзған адам заң алдында жауап береді. Айлық көрсеткіштер мен айып төлеуі немесе мерзімді жазасын өтеуге жауапқа тартылуы мүмкін.