- •Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Қарамұрт елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы
- •5В080500-«Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы
- •Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Қарамұрт елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы»
- •Алматы, 2014
- •5В080500-«Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы Дипломдық жобаны /жұмысты/ орындау тапсырмасы
- •Дипломдық жұмысты орындау кестесі
- •Андатпа
- •Аннотация
- •Сумен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайлары және
- •1.2 Құрылыс ауданының инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлары
- •1 Жалпы бөлім
- •1.3 Суалғыштың гидрогеологиялық жағдайлары
- •1.4 Объектінің су қолдануын анықтау
- •1.4.1 Су қолданушылардың құрамы және су қолданудың мөлшері
- •1.4.2 Су қолдану режимі
- •1.4.3 Су қолданушылардың ең жоғарғы су шығындарын анықтау
- •1.5 Су қамтамасыз ету жүйесін және су көзін таңдау
- •1.5.1 Сумен қамтамасыз ету жүйесін таңдау
- •2 Су алғыш құрылғылардың құрылыстары
- •2.2 Су сапасын арттыруға арналған құрылыстар
- •2.3 Су өткізгіштер, таратушы жүйе және ыдыстар
- •2.3.1 Су өткізгіштер
- •2.3.2 Су өткізетін таратқыш жүйелер
- •2.3.4 Таза су резервуарлары
- •2.3.5 Арынды су мұнарасы
- •2.4.1 Жұмысшы сораптарының санын таңдау
- •2.4.2 Жұмысшы сораптың есептеуші арыны мен су шығынын анықтау
- •2.4.3 Жұмысшы сораптың түрі мен маркасын таңдау
- •2.4.4 Өрт сөндіру кезіндегі сораптың арыны мен су беруін анықтайды
- •3 Экономика бөлімі
- •3.1Сумен қамтамасыз ету объектінің құрылыс құнын анықтау
- •3.2 Пайдалану шығындарын анықтау
- •3.2.1 Сумен қамтамасыз ету жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек ақысы
- •3.2.2 Сумен қамтамасыз ету жүйесінде суды тазарту реагенттердің құны
- •3.2.3 Электроэнергияның құны
- •3.2.4 Амортизация және күнделікті жөндеу шығындары
- •3.2.5 Жалпы жылдық пайдалану шығындары
- •3.3 Судың өзіндік құнын анықтау
- •4.1 Кәсіптік қауіпсіздікті басқару және бағалау
- •4.2 Санитарлы техникалық шаралар
- •4.3 Скважиналарды пайдаланудағы қауіпсіздік техникасы
- •4.4 Сорғыш станцияларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •4.5 Су құбыры желісін пайдаланудағы қауіпсіздік техникасы
- •4.6 Хлораторда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •4.7 Электр қауіпсіздігі
- •4.8 Өртке қарсы сақтық шаралары
- •4.9 Объектілердің жұмыс тұрақтылығы негіздері
- •4.10 Объектіні сумен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығы
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Көлемді жоспарлауды шешетін немесе өндірістік қауіпті дәрежелік жобасын топтастыру
- •5.2 Су қорын ластамай, ысырапсыз пайдалану жолдары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
5.1 Көлемді жоспарлауды шешетін немесе өндірістік қауіпті дәрежелік жобасын топтастыру
Өндірістік зиянды заттарға – бензин, ацетон, ксилол, спирттер, бензолды газдар, керосин, эфирлер, толуол, анимин және органикалық заттар, қорғасын, фосфор және улы химикаттар жатады.
Мысалы, өндірісте қолданған суларды пайдалануға болмайды. Өндірісте қолданған суларды өзендерге тастауға рұқсат етілмейді. Оларды алдын-ала тазартады. Су қорларын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі керек. Өндірісте қолданған суларды тазартып, оны қайтадан қолданады. Өндірісте қолдану жағдайларын қарастыру керек.
5.2 Су қорын ластамай, ысырапсыз пайдалану жолдары
Ғылыми негіздер бойынша су күн көзі радиацияларының әсерімен, өзін - өзі тазарту жолымен үнемі жақсарып отырады. Мұның басты агенттері бактериялар, саңырауқұлақтар және балдырлар. Әрине, лас суларды жаңарту үшін оны таза сумен араластыру керек. Таза су түспеген уақытта ешқандай да өзін - өзі тазарту процесі жүрмейтіні белгілі. Күшті ластанған, жаңа ағыс келіп құймайтын суларда өзінен - өзі тазару процесі ешқашанда болмайды. Сол үшін өндірістің технологиялық процестерін жетілдіріп цехтарда, зауыттарда лас суларды тазартатын қондырғы тұрғызу керек. Ластанған суларды механикалық, химиялық, биологиялық жолмен тазартады.
Механикалық жолмен тазарту әдісі – ластанған сулардан әдейі арналған құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге бағытталған. Ол үшін сүзгі, мұнай, май ұстайтын құралдар т.б. пайдаланылады. Бұл әдіспен ластанған судың 60% өндірістік қалдық сулардың 95% - ке дейінін ерімейтін қосындылардан айыруға болады.
Ластанған суларды химиялық жолмен тазарту әдісі - әртүрлі реагенттерді қосу арқылы құрамын жақсартуға бағытталған. Химиялық әдіспен ластанған сулардағы ерімейтін зиянды заттарды 95% ке дейін азайтуға болады.
Ластанған суларды биологиялық тазарту әдісі – биохимиялық процестің көмегімен жүргізіледі. Биологиялық тазарту әдісін пайдалану үшін биологиялық тоғандар пайдаланылады.
Суларды тиімді пайдалан және олардың тазалығын сақтауға елімізде көптеген жағымды тәжірибелер бар. Әрине, көп жылдар бойы суармалы егіншілікпен шұғылданып келе жатқан аудандардың пайдалы істерін пайдалана білген жөн. Мысалға алар болсақ, Сырдария бойындағы елдің біразы күріш егумен шұғылданады. Күріш еккенде суаруға көп еңбек қажет етпейтін, суы өздігінен іркіліп тұратын түбектерді ғана пайдаланады. Күріш еккен жерлердің сапасы төмендей бастасымен – ақ, бірнеше жылға тыңайтып, топырақ құнарын сақтап пайдаланатын болған.
Су байлықтарының табиғаттың басқа байлықтарына қарағанда ерекшеліктері бар. Мысалы, отап кескен орман, жыртылған жер көзге көрініп тұрады да, оның мөлшерін анықтауға болады. Ал енді суға келетін болсақ, ол кездерінде түрлі техникалық жағдайлардың халық қолында болмауы, стихиялық жолмен суды пайдалануы, суару жүйелерінің қарапайым болуы – судың қанша мөлшерде пайдаланылған туралы тиісті мәлімет бере алмайды.
Өнеркәсіптің, құрылыстық дамуы, қала, село жолдарының көптеп алынуы басқа табиғат байлықтары сияқты су байлықтарының сапасын төмендеуіне, оның қорының азаюына әсер етеді. Мысалы, кейбір өзен суларында ауру тудыратын бактериялар, әртүрлі улы және радиоактивті заттар кездеседі. Теңіз суларын бактериологиялық, химиялық және радиоактивтік қоспалар ластайды. Ғылыми – техникалық прогрестің дамуы мен халық санының әсер су көздеріне де елеулі әсерін тигізеді.
Адам баласы дамуының өткен кезеңдерінде тұщы су тапшылығының қазіргі кездегідей қатаң сезінген жоқ. Себебі, ол уақыттарда тұщы су қоры көбінесе ауыз суға, үй тұрмысында, май шаруашылығында ғана пайдаланылды. Ол кезде тұщы суды егін шаруашылығында, өнеркәсіпте пайдалану қазіргідей кең етек алған жоқ. Ал соңғы жылдары тұщы суды халық шаруашылығының кез – келген саласында ысырап пен пайдалану кең етек алып отыр.
Атақты ғылым Мечниковтың теориясына қарағанда әр – бір халықтың, елдің цивилизация, мәдениетке жетуіне басты әсер күшті, мүмкіндік беруші – су байлығы болып саналатын көрінеді. Кеңірек алып қарағанда ең ерте замандағы цивилизациямыздың өзі Нил, Тигр, Ефрат, Ганга, Хуанхэ, Яназы өзендері бойында пайда болған екен. Одан кейін Жерорта теңізі маңайындағы гректермен Римдіктердің цивилизациясы, сонан кейін Американың ашылу дәстүріне байланысты «оксандық» цивилизацияның пайда болғаны белгілі.
Аққан өзен мен көл, бұлақ суларын ешкімнің меншігіне жатпайтын қасиетті дүние санаған әркім өз ыдысына құйып алған суды ғана қажетіне жаратқан. Шөл далада су шығарған, айдалаға құдық қазған қалың елді мал – жанымен шөлден аман алып қалған.
Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар оны жалпы халыққа, тіршілікте, орман - тоғай өсімдіктер дүниесіне ортақ тіршілік беруші деп қараған. Су бермей, судан тарықтыру ең үлкен қылмыс саналған. Сол үшін ата – заманнан бері қазақ үйіндегі су, қымыз, айран да мал бағып отырған жалғыз үй болса да, жолаушыға сусын беріп аттандырады. Осындай тарихи фактілерде еске түсіре отырып, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі қолда бар су қорын сақтай білу оның сапасын төмендетпей.
Еліміздегі тұщы суды таза ұстау, оны ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау мәселелері бүкіл халықтық көкейкесті мәселеге, актуальды проблемаға айналып отыр.
Су балшықтарын сақтау бүкіл халықтық іс екенін ұмытпауымыз керек. Су бірінші қажеттілік және біздің байлығымыз. Халық даналығы «Су ішетін құдығыңа түкірме, кейін одан су ішесің» - дейді. Су байлығынан адам баласына келетін пайда көп, оларды тиімді пайдалану сақтай білу баршамыздың абыройлы борышымыз.
