Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нурлыбекұлы Н - 01 .DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

4.10 Объектіні сумен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығы

- бірнеше сумен жабдыктау жүйелерін немесе бір-бірінен қауіпсіз қашықтықка алшақтатылған тәуелсіз су кездерін пайдалану;

- қорғалған су көздері – жер асты сулары, артезиан скважиналары, грунт сулары;

- зақымдалған ауданды айналып өту бөгеттері мен құрсауланған желілерді құру, су жіберу, суды қысыммен айдайтын мұнараларды айналып өту жолдарын жүргізу;

- суды техникалық мақсатта қайта пайдалану (бұл судың жалпы пайдаланылуын азайтады);

- су көздеріндегі су қоймаларын радиоактивті және бактериологиялық зиянды заттардан сақтау;

- өрт сөндіру гидранттарын ғимарат қираған жағдайда басып қалмайтын жерде орнату керек. [3]

5 Қоршаған ортаны қорғау

Адамдардың және өндірістің табиғатқа, оның ресурстарына ойсыз әсері жер шарының климатының өзгеруіне, дүниежүзілік мұхиттардың ластануына, шөлді-шөлейтті жерлердің кеңеюіне, ормандардың азаюына, қышқылды жаңбырлар мен келетін күкірт және азот оксидінің мыңдаған тонналарының жер бетіне түсуіне әкеліп отыр. Ал олардың жан-жануарлар мен өсімдіктер, су жүйесін жойып жатқандығы белгілі.

Қалалардағы атмосфера ауасының шаңмен, түтінмен, күлмен сол сияқты көміртегінің оксидімен, күкіртті газбен, азоттың оксидімен ластануы болып жатыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасына да тән. Судың ластануы былайша топтайды:

Биологиялық ластану: өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер, син бейімді заттар.

Химиялық ластану: су ортасына әртүрлі химиялық заттармен олардың ерітінділерінің әсері.

Физикалық ластану: жылу-қызу, реактивті заттар.

Қазіргі кезде табиғи сулардың ластану дәрежесі өте қауіпті жағдайға әкеліп отыр. Әсіресе Ертіс өзенінің жағдайы қауіпті. Ол Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарын сумен қамтамасыз етеді. Өзенге жылма-жыл жалпы судың 60%-ке жуық ағын сулары келіп қосылады. Ал осы суларды ластаушы заттар: мыс, цинк, азот т.б.

Жобадағы сумен жабдықтау жүйесінің су көздері ретінде жер асты сулары қабылданды. Жер асты суларын аудан арқылы ағып өтетін арыс өзені қоректендіріп отырады. Жер асты суларын қабылдайтын скважинаны және сумен жабдықтау ғимараттарын қорғау үшін жобада 3 санитарлық аймақтар қарастырылады. Бірінші санитарлық аймақтың шекарасы 30 м кем болмауы керек. Бұл аймақты «қатал» аймақ деп атайды. Екінші аймақта сумен жабдықтау жүйелері қатысы жоқ ғимараттарды салуға шек қойылады. Үшінші аймақта әртүрлі жұқпалы аурулардың таралуын бақылап отырылады.

Бірінші қорғау аймағын биіктігі 2 м кем емес қоршау жасалынады. Бірінші қорғау аймағына мал жаюға, кір жууға және бөтен адамдардың келуіне рұқсат етілмейді. Су көздерін ластанудан қорғау үшін өндірістің зиянды қалдықтарын, іркінді суларын жеке әкетіп тазалау керек.

Азық-түліктің және судың қаншалықты зақымдалғанын арнайы құралдармен анықталады. Радиоактивті зақымдалған суларды, ауаны, азық-түлікті дозиметрлік бақылаудан өткізеді. Сулардың бактериямен ластанғаны жөнінде күдік туған жағдайда санитарлық және ветеринарлық бақылау мекемелерінде лабораторияда тексеріп анализ жасалыну міндетті.