Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Қазақстанның қазіргі заман тарихы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Студенттің өз бетімен игеретін тақырыптары /45 сағат/

№

Тақырыптың аты, негізгі проблемалары және мазмұны

Тапсырма

түрі

Сағат

саны

Әдебиет

тапсырма

берілуі

тексерілуі ж

1

Ленция конспектілерін толықтыру

Қазақстан қазіргі заман тарихы курсына кіріспе.

1.Қазақстан курсының нагізгі мазмұны мен міндеттері.

2.Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу.

3.Тарихи деректермен тарихнамаға шолу.

4.Қазақстан тарихының методологиясы.

Лекцияны толықтыру

10

Н-9

Н-13

Н-14

сабақ

кестесі

бойынша

аттестация

аптасында

2

Семинар жұмыстарына дайындық

КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстан(1985-1991ж.ж.)

1.Қазақстандағы (1985-1991ж.ж.) саяси жағдайлар.

- ЦК КПСС-тің Сәуір пленумы (1985ж.) Жаңа курстың жариялануы.

- Қазақстандағы 1986 ж. желтоқсан оқиғалары.

- 1987-1989 ж.ж. саяси жағдайлар.

- Экологиялық қозғалыстарды саясаттандыру. Биресми қоғамдық қозғалыстар. Бір партиялық жүйеден көппартиялық жүйеге көшу. Қазақстанның саяси партиялары.

- КСРО ыдырауы және ТМД-ның құрылуы.

2. 1985-1991 ж.ж. Қазақстан экономикалық жүйенің дағдарысы.

- Қазақстандағы реформалар.

- 1986-1989 ж.ж. экономикалық рефлрмалар

- 1990-1991 ж.ж. Қазақстанның экономикалық реформалар.

3. Қазақстандағы 80-ж. II-жартысындағы ұлттық демографиялық жағдайлар.

4.1985-1991ж.ж. Қазақстанның экологиялық проблемалар.

- радияциялық ластану.

- табиғи ресурстар кризисі

Семинарға дайындық

20

Н-9

Н-13

Қ-46

Қ-44

Қ-76

сабақ

кестесі

бойынша

3

Студенттердің зерттеу жұмыстары.

1.М.Тынышпаев өмірі мен еңбегі

2.Е.Бекмаханов өмірі мен шығармашылығы.

3.Академик М.Қозыбаевтің Қазақстан тарихына қосқан үлесі.

Реферат

жазу

15

Н-9

Н-4(3

15(3

Қ-57(378

48(236

32(3

57(367

78(3б

сабақ

кестесі

бойынша

аттестация

аптасында

Емтиханға дайындық

4

Барлығы

45

Тарихи терминдер.

Пост – тоталитаризм – коммунизмнен кейінгі дәуір. Мемлекет билік жүргізуге жарамсыз.

Плюрализм – бұқараға рұқсат етілген пікірлердің ашық айтылуы.

Жекешелендіру –жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік нысандарын немесе мемлекеттік акционерлік қоғамдардың акцияларын мемлекеттен сатып алуы.

Инфляция – ақшаның құнсыздануы.

Депозит – банкіге сақтауға берілген салым.

Акция – құнды қағаз, қорлық құндылық.

Президент – президенттік және парламенттік басқару жүйесі бар елдердегі мемлекет басшысы.

Вице – президент - президенттен кейінгі өкілетті кісі.

Заң жобасы – заңның алғашқы мәтіні.

Қайта құру – бұрынғы Кеңестер Одағына 1985 ж. М. Горбачевтың билікке келуіне байланысты пайда болған термин, елдегі саяси әлеуметтік – экономикалық салаларға реформа жүргізу.

Референдум – Конституцияға өзгерістер мен қосымшалар енгізу.

Авторитаризм – (лат. Autoritarisme- негізін қалаушы, жасаушы және auctaritas – пайымдау, пікір, билік, ықпал) – 1) антидемократиялық саяси режим, 2) саяси өкімет билігінің антидемократиялық тұжырымдамасы, 3) қоғамдық санада беделді, атап айтқанда өкімет билігін абсолюттендіру элементтерінің етек алуы.

Агломерация – («aggiomerare» латынша «қосу», «толықтыру» деген сөзден алынған.)

Біртұтас аумақтық өндірістік кешен негізінде пайда болып, ірілі – ұсақты қалашықтар мен ауылдардан құралған қоныстық жүйе.

Агностицизм – ( грек.а- теріске шығару және gnosis – білім) – дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара теріске шығаратын ілім. Терминді ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гекели енгізген. А – нің гносеологиялық негізі мән мен құбылысты ажырату.

Азаматтық – адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді.

Аккультурация – (лат.adcuitura – білім, даму) – белгілі бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы нәтижесінде болатын мәдени өзара ықпал процесі.

Актуальдандыру – (лат.actualis – қарекетшіл)- болмыстың өзгерісін білдіретін ұғым. Осы ұғымда қозғалыстың тек бір жағы ғана: болмыстың, мүмкіндік ахуалынан шындық ахуалына көшуі ғана ашып көрсетіледі.

Акциденция (лат.accidens – кездейсоқтық) – мәндіден, субстанциялықтан өзгеше түрде заттың уақытша, өтпелі, мәнсіз қасиеті. Бұл термін тұңғыш рет Аристотельде кездеседі; схоластикада және XVII-XVIII ғ. Философиясында кең таралды.

Анохронизм (грек.anachmnismos – кері уақыт) – 1) жыл санаудағы уақытқа сәйкессіздік (хронологиялық қателіктер); 2)бір дәуірдің оқиғалары мен сипаттамаларын жаңылыс немесе шартты түрде екінші дәуірге телу.

Антикалық мәдениет (лат.antiguus ежелгі) – ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б.з.д. XII-I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі.

Анторопоморфизм (грек.anthropos адам, тоrphe – форма, пішін) – адамзаттық, халықтық дүниетанымдағы жаратылыс иелерін (құдайды, періштелерді, мал-жан иелерін), табиғаттағы нәрселерді (ғарыштық, геогр.объектілерді, жан-жануарларды, өсімдіктерді, т.б.) адамға ұқсату құбылысы, өнердегі көркемдік әдіс.

Архитектура (сәулет өнері) – қоғамның материалдық, идеялық-эстетикалық қажетін өтейтін ғимараттарды, басқа да мекенжайларды жобалау, салу өнері.

Әлеумет (лат.socium – ортақ)- әлдебір мәнді қарым-қатынастағы адамдардың өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын тұрақты да үлкен қауым.

Әлеуметтік позиция - әлеуметтік құрылымдар, топтар мен ұйымдардың қарамағында және қоғамдық еңбекті бөлу жүйесінде адамның алатын орны.

Билік – адамның, топтың, әртүрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін, идеологияға ықпалының негізінде және ұйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге астын механизм.

Босқындар – қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.

Босқыншылық – қалыптасқан саяси-әлеуметтік, экономикалық және табиғи – климаттық ауыр ахуалдарға, апаттарға байланысты адамдардың атақоныстарынан, тұрғылықты мекендерінен амалсыз босып, ауа көшулері.

Вандализм – Риммен қатыгездік сипатта соғысқан ежелгі германдық вандал тайпаларының атынан қалған., мәдени қиратушылықты сипаттайтын ұғым. 455 ж. Вандалдар Римді жаулап алып, ондағы көптеген құнды өнер ескерткіштерін жойған. Сол себепті вандал деп надан, варвар, мәдени құндылықтарды қиратушы адамды айтады.

Демография – халықты зерттеу, халықтану ғылымы деген ұғымды білдіреді. Оның зерттеу объектісіне халықтың жыныстық, этикалық құрылымы, туу, өлу, қоныс аудару процесінің барысы жатады.

Демографиялық болжам - әлемдегі белгілі бір елдегі, облыстағы, аудандағы Д.б. аумақтардағы халықтың, ұлт пен ұлыстың саны және құрамы туралы болжамдық есеп.

Демографиялық саясат – халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесі.

Дискуссия – топ ішінде шешім қабылдау үрдісін ұйымдастыру әдісі.

Негізгі әдебиеттер:

1.Күзембайұлы А., Абиль Е.А.История Казахстана, Учебник для Вузов. 7-е изд. Перераб. и доп. – СПБ, Саларт, Санкт-Петербург 2004

2. Қозыбаев М. Ақтандықтар ақиқаты: оқу құралы. А, 1992

3.Әбуев Қазақстан тарихының «Ақтаңдақ беттерінен. А, 2004.

4.Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Замана асуы). 1-кітап, А -1998

5.Қозыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски. В двух книгах. Книга первая. А, 2000

6. Қозыбаев М.К.«Өркениет және ұлт». А, 2001

7.Қойгелдиев, Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді.А,1997.